Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Процессор – компьютерде ақпаратты өңдеуді іске асыратын негізгі микросхема. 3 страница




Веб-краулер (Webcrawler) –спамды жөнелтуге пайдалану және одан әрі сақтау үшін электрондық поштаның адрестерін іздестіруде Ғалам торды «айналып өтетін» бағдарлама.

Веб-сабақтар – Веб-занятия – телеқатынастық құралдардың және «Ғалам тордың» басқа мүмкіндіктерінің көмегімен қашықтықтан өткізілетін сабақтар, семинарлар, іскерлік ойындар, зертханалық жұмыстар, практикумдар және басқа сабақтардың түрі.

Веб-сайт (Web site) –Бүкіләлемдік өрмектегі дербес веб-беттерден тұратын ұқсас ақпараттардың тобы.

Веб-сайт (Web site)– жергілікті гиперсілтемелермен байланысқан құжаттардың (веб-беттердің) жиынтығы.

Веб-форум – Веб-форум – тиісті бағдарлама орнатылған сайттардың бірінде қалдырылған жазбалардың көмегімен белгілі бір тақырып немесе проблема бойынша WWW-ті пайдаланушылардың істейтін жұмысының түрі. Чат-сабақтардан ерекшелігі – аса ұзақ (бірнеше күн) жұмыс істеу мүмкіндігі және өзара әрекеттің асинхрондық сипаты.

Виртуальдық дәрісханаВиртуальная аудитория –мұғалімнің және оқу процесі әкімінің нұсқауларын алу үшін желілік технологиялардың көмегімен аймақ бойынша таралған студенттерді біріктіру.

Виртуальдық кеңес беру – Виртуальная консультация – берілген тақырып бойынша онлайн тақырыптық талқылауды (кеңес беруді) қамтамасыз ететін қашықтықтан оқыту жүйесінің қызметі.

Виртуальдық сыныпВиртуальный класс – тікелей үйрететін жүйе арқылы әр түрлі бөлмелердегі немесе ғимараттардағы оқушылар тобымен өткізілетін сабақ.

Виртуальдық университет – Виртуальный университет –дәстүрлі оқу мекемелерінің атрибуттары (физикалық ғимараттары, сыныптары, зертханалары, жатақханалары және т.б.) жоқ, әр түрлі буындары (деканаты, кафедрасы және т.б.) географиялық түрде бөлінген, бірақ ауқымды Интернет желісі немесе басқа компьютерлік желі арқылы белсенді және табысты түрде өзара әрекеттесетін білім беру құрылымы; мұндай оқу мекемесінің құрылымы, әдеттегідей, орталық өкілдіктен, аймақтық (территориялық) орталықтардан және аймақтық (территориялық) өкілдіктерден тұрады.

Виртуальдық университет (ВУ) – Виртуальный университет (ВУ)– оқу мақсатындағы қызметтік міндеттің әмбебап жинағы барвиртуальдық өкілеттілігініңжиынтығын қамтитын аймақтық үлестірілген және мамандандырылған ақпараттық білімдік ортаның типтік бағдарламалық кешені.

Виртуальдық шындықВиртуальная реальность – оқып білуге жататын микро немесе макроәлемдерде өтетін процесстер туралы, немесе шынайы әлемдегі басқа күрделі процесстер туралы аудиобейнежүйе жасайтын білім алушының қиялындағы жалған әлем.

Виртуальдық шындық – Виртуальная реальность– өзекті, оқиғалы шындық, уақыттың осы сәтінде шынайы түрде маңызды болып саналатын болмыстың қатпары.

Вирус – «көбеюге» және басқа бағларламаларға «жұғуға» қабілетті арнайы компьютерлік бағдарлама. Ол «жұққан» дискет немесе «жұққан» файл арқылы пайдаланушының рұқсатынсыз компьютерге кіре алады. Вирустардың көпшілігі салмақты зиян келтіруге қабілетті: бағдарламаның жұмыс істеуін баяулатады, мәліметтерді жояды немесе операциялық жүйені істен шығарады.

Вирус (Virus) – өзін көшірмелейтін және компьютерлер мен желілердің жұмыс істеуін бұзатын шағын бағдарлама.

Геоақпараттық технологиялар – Геоинформационные технологии –бірінші кезекте кеңістік талдау әдісін пайдаланатын мәліметтерді ұштастыру мен біріктірудің жоғары деңгейінде автоматтандырылған басқарудың барлық мәселелері қағида түрінде шешілетін геоақпараттық жүйені (ГАЖ) құруға арналған технологиялар.

ГипербайланысГиперсвязь – қандайда бір тәсілмен атап көрсетілген немесе ерекшеленген сөз немесе сөз тіркесі, егерде оған тышқанмен тілдессеңіз басқа блокты, құжатты, гиперортаның бетін, гипермәтінді, WWW ғаламторды, гипермәтіндік жүйені бейнелеуге мүмкіндік береді.

ГипермәтінHypertextгипертекст –өзара байланыс жасайтын кез келген жерге орналасқан құжаттардың арасындағы байланыс. Ерекшеленген сөзде немесе сөз тіркесінде тышқанды шерте отырып, пайдаланушы осы тақырып жарияланған файлдарды тез таба алады.

ГипермәтінГипертекст – бірлестік түрда байланыс жасайтын блоктар түрінде ұсынылған мәтін.

Гипермәтін – Гипертекст– гиперсілтеме көмегімен сондай етіп құрылған мәтін, ол бір мезгілде мәтіндердің мағыналық бірлігі мен жиынын құра отырып, мәтіндердің иерархиялық жүйесіне айналады.

Гипермәтін – Гипертекст (Hypertext) –әр түрлі веб-беттердегі немесе тіпті гиперсілтемелер көмегіменәр түрлі сайттардағыақпараттарды байланыстыру тәсілі.

Гипермәтін – Гипертекст (hypertext) – өзара сілтемелермен (гиперсілтемелермен) байланысқан веб-беттердің жүйесі, сілтемелердің арқасында бір беттен басқа кез келген бетке немесе беттің бір орнынан екінші орнына орын ауыстыруға болады. Сілмемелер сөздерді де, графикалық объектілерді де байланыстыра алады. Гипермәтін «қағаздық» беттердің тізбектей байланысқан жинағы ретіндегі оқулық туралы дәстүрлі түсінікті өзгертеді.

Гипермәтінді жеткізу хаттамасыпротокол передачи гипертекста – HTTP (Hypertext Transport Protocol)–World Wide Web-те пайдаланылатын желелік хаттама.

Гипермәтінді жеткізу хаттамасыпротокол передачи гипертекста (Hypertext Transport Protocol (HTTP))– желідегі материалдарды ұсыну аспабы. Ол материалдардың орналасу орындарына тәуелсіз желінің бір ресурсынан екінші ресурсына өтуге мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Бұл гипермәтіндік құжаттарды жеткізу үшін пайдаланылатын желінің базалық хаттамасы.

Гипермәтінді жеткізу хаттамасы – Протокол передачи гипертекста (Hypertext transfer protocol, HTTP) –Ғаламтор бойынша ақпаратты жөнелту мен алу үшін пайдаланылатын хаттама, немесе ережелер жинағы.

Гипермәтіндік ентаңбалау тілі – (Язык гипертекстовой разметки (Hypertext Markup Language (HTML)) – сөзбе сөз – гипермәтіндерді белгілеу (таңбалау) тілі. Бұл арнайы командалар-тэгтердің көмегімен компьютерлерде құжаттарды браузермен біркелкі бейнелеуге мүмкіндік беретін құжаттарды форматтау ережесі.

Гипермәтіндік ентаңбалау тілі – Язык гипертекстовой разметки (Hypertext Markup Language (HTML)) – "Ғалам тордың" негізгі "тілі". Веб-беттердің көпшілігі html (htm)-форматында әзірленген.

Гипермәтіндік ентаңбалау тілі – Язык гипертекстовой разметки (Hypertext Markup Language (HTML)) – құжаттарды сипаттаудың гипермәтіндік тілі – Web құжаттарын әзірлеу үшін қолданылатын сценарийлер тілі.

Гипермәтіндік ентаңбалау тілі (Язык гипертекстовой разметки (Hypertext markup language, HTML)) –веб-беттерді әзірлеу үшін пайдаланылатын бағдарламалау тілі

Гипермәтіндік жүйеГипертекстовая система – электрондық құжаттардың кітапханасын құруды қамтамасыз ететін құрал.

Гипермедиа (hypermedia) – енжар және белсенді графикалық кескіндері, дыбысты, бейнені, виртуальдық шындықты қамти отырып, web кеңістігінде тұратын мультимедиадағы бар ақпарат.

ГиперортаГиперсреда – бірлестік түрінде бір бірімен байланыс жасайтын, салыстырмалы түрде шағын блок түрінде ақпараттың кез келген түрін ұсынатын технология.

Гиперсілтеме – Гиперссылка– сондай-ақ гипербайланыс, гипер линк немесе жай – линк қолданылады. Бұл берілген мәтіндегі басқа орынға, сайттағы (жергілікті сілтеме) немесе желінің басқа ресурсындағы (ауқымды сілтеме) берілген веб-бетке өтуге арнайы түрде дайындалған нұсқау.

Гиперсілтеме – Гиперссылка– файлдардың немесе бір файлдың үзінділерінің арасындағы байланыс.

Гиперсілтеме – Гиперссылка (Hyperlink) –сізге веб-беттердің арасында орын ауыстыруға мүмкіндік беретін веб-сайттағы сілтеме. Гиперсілтеме әдетте асты сызылған мәтінмен, жиірек көк түспен бейнеленеді.

Гиперсілтеме, гипермәтіндік сілтемеГиперссылка, гипертекстовая ссылка– әдетте түрлі түспен және астын сызумен ерекшеленетін Web-беттердің элементі. Басқа Web-құжатқа немесе сол электрондық құдаттың басқа бөліміне тез өту үшін пайдаланылады

Гипермәтін – Гипертекст (Hypertext) –гиперсілтемелердің көмегімен әр түрлі веб-беттердің немесе тіпті әр түрлі сайттардыңақпараттарын байланыстыру тәсілі.

Гирляндамен тіркеу – Сцепление гирляндой (Daisy chaining) – бірнеше шоғырлағышты жалғастыру түрі.

Графикалық редакторГрафический редактор– графикалық кескіндерді әзірлеу және/немесе редакциялау үшін арналған бағдарлама. Графикалық редакторлардың екі класын жеке қарастырады: растрлық редакторлар және векторлық редакторлар.

Ғалам тор – Всемирная Паутина (World Wide Web, WWW) –веб-браузермен қарап шығу үшін құрылған Интернеттегі беттер мен сайттардың жинағы. Сондай-ақ «Өрмек» немесе веб атауымен белгілі.

Дәріс – Лекция– оқытушының оқу материалын ауызша, монологиялық, жүйелі, бір ізді баяндауы болып табылатын оқыту әдісі, оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі.

Дәрістер конспектісі – Конспект лекций– белгілі бір оқытушы оқитын барлық курстың материалын жинақы формада бейнелейтін оқулық-теориялық басылым (дәрістер тезисі). Дәрістер конспектісі оқу пәнінің мазмұны мен құрылымын қысқаша түрде ашады, онда мысалдар, безендірулер, егжей-тегжейлік, екінші дәрежелі детальдар болмайды.

Дәрістер курсы – Курс лекций – оқу пәнінің мазмұнын толығымен жарыққа шығаратын оқу-теориялық басылым (жеке дәрістердің жиынтығы). Белгілі бір оқытушының материалын бейнелейді.

Дербес компьютерПерсональный компьютер– ақпаратты әзірлеу, сақтау, өңдеу және жеткізу үшін арналған электрондық аспап.

Дидактика (грек. Didaktikos – оқытушылық бойынша (поучительный) білім беру мен оқыту (мақсатын, мазмұнын, оқытудың заңдылықтары мен қағидаларын), сондай-ақ оқыту процесіндегі тәрбиетеориясын дайындайтын педагогиканың бөлімі.

Динамиқалық IP адрес – Динамический IP адрес (Dynamic IP address) –компьютер желіге кірген кезде онлайн сессиясы уақытында әрқашанда тағайындалатын IP адрес.

Дисассемблерассемблер мнемонигі түрінде жұмыс істейтінбағдарламаның машиналық коды болып табылатынқызметтік бағдарлама. Бағдарламаның машиналық кодын баптау және қарап шығу үшін, сондай-ақ жұмыс сітейтін бағдарламаның кодына өзгертулер мен түзетулер енгізу үшін қолданылады.

Дискіні сығымдауСжатие диска– дискіге жазылатын ақпаратты нығыздау. Көлем бірлігіне үлкен ақпарат орналастыруға мүмкіндік береді. Дискіні сығымдау кезінде сығымдалған томның арнайы файлы жасалады да келешкете барлық ақпарат оған буып түйілген түрде жазылады. Ақпаратты буып түю және ашуды арнайы драйвер басқарады. Windows 98 операциялық жүйесінде қатқыл дискіні сығымдау тек FAT 1б файлдық жүйесін пайдаланған кезде ғана мүмкін болады.

Дискіні форматтауФорматирование диска –дискіге ентаңба салу және оған қызметтік ақпаратты жазу. Дискіге мәліметтер жазуға оны дайындаудың қажетті кезеңі болып саналады.

Дистрибутивтік жинақДистрибутивный комплектжинақы-дискілер мен иілгіш дискілер жинағы түрінде жеткізілетін және компьютерге қосымшаларды орнату үшін арналған бастапқы бағдарламалық қапшық.

Дихотомикалық тестілік тапсырмалар – Тестовые задания дихотомические – тестіде дұрыс орындалған кезде 1-балмен, дұрыс орындалмаған кезде 0-балмен бағаланатын тапсырмалар.

ДоменDomain –Интернет-тің ең ірі құрылымдық бірлігі. Әдетте бұл ел немесе басқа үлкен құрылым (мысалы, үкіметтік немесе коммерциялық). Интернетте компьютерлер тобын ұйымдастыруға домендер иерархиясының көмегімен домендер атауының қызметі – DNS мүмкіндік береді.

Домендер атауының жүйесі – DNS (Domain Name System) - система имен доменов -Internet-те пайдаланылатын атаудың үлестірілген қызметі. Мысалы, ftp.novell.de – бұл Novell-дің барлық өніміне бағдарламалық түзетуі бар Алманиядағы Novell серверінің атауы.

Домендік атау (Доменное имя (Domain name)):веб-сайттың барлық ақпараты бар болатын сервердің атауы, мысалы, microsoft.com.

Домендік атаулардың сервері – Сервер доменных имен (Domain Name Server, DNS) – IP адресті домендік атқа және керісінше түрлендіретін сервер.

Доменнің атауыDomain nameимя домена –доменнің өзін және ұйымның бірегей атын қамтитын домендік атаудың толық адресі, мысалы, ssau.ru.

Драйвербағдарламалар мен қосымшалардың жабдықтармен, мысалы, бейнеадаптермен, өзара әрекетін басқаратын қосалқы бағдарлама.

Енгізу-шығарудың базалық жүйесі (BIOS, Basic Input-Output System) – Базовые системы ввода-вывода– әдетте компьютердің тұрақты жадына жалылған бағдарламалар тобы. Программы BIOS бағдарламасы компьютердің бастапқы жүктелуін және кейбір стандарттық құрылғылармен өзара әрекетін басқару үшін арналған.

Жабдықтардың қақтығысуыКонфликт оборудования– аппараттық жасақтаманың бірнеше бірлігінің компьютерлік жүйенің сол бір аппараттық ресурстарын (үзулер желісін, сыртқы порттар адресін, дискіге тура қатынау арналарын) пайдалануға талаптанатын жағдайы.

Жабдықтардың үйлесіміКонфигурация оборудования – компьютерлік жүйенің жабдықтарының құрамы.

Жабық формалы тестілік тапсырмалар(жауапты таңдау нұсқалары бар)– Тестовые задания закрытой формы(с вариантами выбора ответа) – сыналушы бірнеше нұсқадан дұрыс жауапты таңдауы тиіс болатын тестілік тапсырманың түрі, әдетте олардың біреуі дұрыс, ал қалғандары (дистракторлар деп аталатынлары) дұрыс емес болады.

Жағдаяттық міндет – Ситуационная задача – шығармашылыққа жуық модельді таңдауды шешу үшін, талап етілетін түйінді білімдерді пайдаланып белгілі бір іс-әрекетті имитациялайтын модель.

Жалауша– Флажок–сұқбаттық терезені басқару элементі. Белгілі бір параметрді таңдау немесе бас тарту үшін қызмет етеді..

ЖалғанкодПсевдокод– кәдігімгі тіл сөздерінің көмегімен бағдарламаның кодын жазудың формальды емес тәсілі. Мұндай жазбалар ережесінің жеке жүйесін өзі үшін программистің өзі дайындайды.

Жалғастыратын желі – Dial-up linkкоммутируемая линия –бөлінбеген қатынастық арна бойынша Internet-пен қымбат емес байланысты қамтамасыз ететін желі.

Жалғастырғыш – Коммутатор (Switch) – шоғырлағышқа ұқсас орталық жалғастыратын құрылғы. Желіден ақпарат ала отырып, жалғастырғыш оны осы желідегі тағайындалған орынға жөнелтеді.

Жаңалықтар тобы – Newsgroupгруппа новостей– пікір сайыс жүргізу және жаңалықтар алмасу үшін ұйымдастырылғанUSENET-тегі желілік форум – телеконференция.

ЖарлықЯрлык–Windows 95/98 жүйесіндегі таңбашаның алуан түрлілігі. Жарлық, басқа таңбашалардан ерекшелігі, объектіні ұсынбайды, тек оған нұсқайды. Таңбашалардан сондай-ақ солжақ төменгі бұрышында көрсеткінің бар болуымен ерекшеленеді.

Жарнамалық бағдарламалық жасақтама – Рекламное програмное обеспечение (Adware) – бағдарлама жұмыс істеген кезде сіздің экранда қалқып швғатын, жарнаманы демонстрациялайтын бағдарламалық жасақтама.

Жасырын файлСкрытый диск– ол орналасқан каталогты (қапшықты) қарап шығу кезінде үнсіз келісім бойынша бейнеленбейтін файл. Әдетте жасырын файлдар оларды әдейі жою немесе өзгерту мүмкіндіктерін азайту үшін пайдаланылады.

Жедел жадОперативная память– бағдарламалармен жұмыс істеу кезінде динамикалық түрде пайдаланылатын компьютер жадының түрі. Мәліметтерді өңдеу немесе қабылдау/жеткізу кезінде оларды қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді.

Желі – Сеть (Network) –қандайда бір тәсілмен жалғастырылған, адамдар ақпараттар алмаса алатын және жабдықты бірге пайдалана алатын компьютерлер тобы.

Желі бойынша жүріс – Хождение по сети (Surfing the net) –Ғалам торда беттерді парақтау.

Желі ресурсы – Ресурс (resource) сети – пайдалы ақпараты бар кез келген веб-сайт.

Желіаралық өзара әрекетМежсетевое взаимодействие –әр түрлі желілерде орналасқан абоненттік жүйелер мен әкімшілік құрауыштардың өзара әрекеттесу әдістері.

Желіаралық экранFirewall (брандмауэр) – брандмауэр – Интернетке жалғанған ұйымның желісін сыртқы пайдаланушылардың рұқсат етілмеген қатынас құруынан қорғайтын құрал.

Желілік адаптер – Сетевой адаптер (Network Interface Card, NIC) – компьютерді желіге қосатын, компьютердің ішінде орнатылған аппараттық жасақтама.

Желілік бейімдеуіш – Сетевой адаптер (Network Interface Card, NIC) –компьютердің ішіне орналастырылған және оны желіге қосатын аппараттық жасақтама.

Желілік курс – Сетевой курс– қатынас құру жергілікті және ауқымды желі арқылы жүзеге асатын ақпараттық-бағдарламалық жүйе. Желілік курстың негізіне пән саласы мен оны оқып үйренуге арналған аспаптар туралы ақпарат жатады.

Желілік курс модуліМодуль сетевого курса –білімнің әр түрлі деңгейіне межеленген бірнеше баламасы бар желілік курстың аяқталған құрамды бөлігі.

Желілік курс оқырмандарыЧитатели сетевых курсов –оқытудың виртуальдық ортасына (әдеттегідей, электрондық кітапханаға) қатынас құра алатын, бірақ тьютордың кеңесіне және курс бойынша қорытынды аттестацияға құқығы жоқ адам.

Желілік курстың қызметтік толықтығыФункциональная полнота сетевого курса – басқа көздерге қатынас жасамастан қажетті аз білімдерді алуға жарамдылық.

Желілік қызметСетевая служба –пайдаланушы мен қолданбалы процеске Интернет жілісі ұсынатын қызмет түрі.

Желілік операциялық жүйе – Сетевая операционная система (Network Operating System, NOS) –желіде болатын барлық іс-әрекетті басқаратын, ұйымдастыратын және тексеретін бағдарламалық жасақтама.

Желілік технология – Сетевая технология – білім алушыларды оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшінде де, оқытушы мен білім алушылар арасында интерактивтік өзара әрекет үшін де Интернет желісін пайдалануға негізделген технология.

Желілік технологияСетевая технология –ашық/қашықтықтан білім алу процесінде Интернет жілісін пайдалануға негізделетін ақпараттық технология.

Жергілікті желі – LAN - локальная сеть –бір бірінен шамалы қашықтықта орналасқан және өздерінің арасында мәліметтерді жеткізу үшін бір бірімен байланысты компьютерлердің және басқа құрылғылардың тобы.

Жеткізуші – Поставщик – тұтынушыға өнімді жеткізіп (апарып) беруші мекеме (ұйым). Ескерту:Келісім (шарт) жағдайларында жеткізіп беруші мердігер деп атала алады. Жеткізіп беруші, мысалы, өндіруші, көтерме сатушы, шетелге шығарушы, құрастырушы немесе қызмет көрсетушы мекеме бола алады. жеткізіп беруші ішкі де, сыртқы да бола алады.

Жетістіктер тестісі – Тест достижений – біліктердің машықтардың және білімдердің қол жеткізілген деңгейін бағалауға бағытталған тест.

Жинақы-дискКомпакт-диск– лазерлік сәулемен мәліметтерді шығарып оқу үшін арналған және мәліметтері немесе әуені бар оптикалық дискілер түрінің бірі. Мәліметтерді сақтайтын жинақы-дискілерді CD-RОМ дискілері деп те атайды. Компьютерде жинақы дискілрді оқу CD-ROM дискжетегінің көмегімен жүогізіледі. Жинақы-дискіде жаңа жазу мүмкін емес.

Жинақылық (тасымалдаушылық, өзара алмастырушылық) – Мобильность (переносимость, взаимозаменяемость) – жетілдіру немесе аппараттық тұғырды ауыстыру кезінде бағдарламаларды, мәліметтерді тасымалдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін ашық жүйенің қасиеті және осы жүйеге немесе жүйенің аппараттық тұғырына өгерістер енгізу кезінде мамандарды қайта дайындамастан олармен жүмыс істеу мүмкіндігі.

Жоғалған тізбешеПотерянная цепочка– бірде бір бар файл орналастырылмаған дискінің бос аймағы жаңа файлды әзірлеу үшін мүмкін болмайтындығы көрініс табатын дискідегі логикалық қателік.

Жоғары деңгейлі домен – Домен верхнего уровня (Top-level domain, TLD) –веб-сайтта сақталатын, сервердің типін көрсететін домен атауындағы жұрнақ, мысалы, .com – (коммерциялық) немесе .edu (білімдік).

Жөнелту тізімі – Список рассылки – бір хабарды барлық жазылушыға бір мезгілде жөнелту үшін модератор құрастырған e-mail адрестерінің жинағы. Хабарды алушылар да жөнелту тізімінің барлық мүшелері (модератордың сәйкес қондырғылары кезінде) ала алатын хабарды жөнелте алады.

Жұмыс үстеліРабочий стол– дайындау элементінің қызметін орындайтын Windows объектісі. Объектілердің, қапшықтар мен қосымшалардың терезелерінің, сондай-ақ операциялық жүйенің басқа объектілері мен басқару элементтерінің таңбашаларын орналастыру үшін қызмет етеді. .


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 102; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты