Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Хромопротеиндер (ХП) - құрылысы, өкілдері, маңызы.




Тақырыбы: Биохимияға кіріспе. Күрделі белоктар: хромо-, гликопротеиндер.

Мақсаты:Студенттерді биохимия ғылымымен таныстыру. Хромо- және гликопроетиндерге сипаттама беру.

 

ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

Биохимияға кіріспе

Биохимия – тірі организмнің химиялық құрамы мен ішкі метаболиттер қатысуымен жүретін химиялық үрдістерді оқытатын ғылым..Биохимия дәрігерге ауру және сау ағзадағы өтіп жатқан химиялық үрдістер туралы мәлімет береді, метаболитттер мен ферменттердің көрсеткіштерін диагностика және бақылауда қолдануға мүмкіндік береді.

Хромопротеиндер (ХП) - құрылысы, өкілдері, маңызы.

ХП– боялған белоктар (chroma – бояу), жай белоктан және простетикалық топтан тұрады. Простетикалық тобы металл немесе витаминдер есебінен боялған заттар болып табылады. Гемопротеиндер бірнеше кластарға бөлінеді.Гемоглобин жай белок глобин және 4 гемнен (простетикалық топ) тұрады, эритроциттердің негізгі белогы.Негізгі ролі оттекті өкпеден тіндерге (оксигенация) және көмір қышқыл газын тіндерден өкпеге тасымалдау. Гемоглобин буферлі жүйе түзіп қанның қышқыл-сілті балансын тұрақты ұстап тұруға қатысады. (гем құрылысы суретте көрсетілген).

Гемопротеиндердің екінші өкілі–миоглобин 1 гем және 1 п/п ( 153 амин қышқылынан тұрады) тізбектен тұрады. Миоглобин гемі құрылысы жағынан гемоглобин гемімен бірдей. Миоглобиннің ролі миокардта және бұлшық етте оттекті оксигемоглобиннен тыныс алу ферменттеріне тасымалдау .Гемоглобиннің физиологиялық және патологиялық туындылары болады (окси- және карбгемаглобин, карбокси- және метгемоглобин).

Гликопротеиндер (ГП) (glycos – тәтті) –простетикалық тобы ретінде көмірсулар және оның туындылары (D-галактоза, D-манноза, D-глюкоза, L-фукоза, N-ацетилглюкозамин, N-ацетилгалактоза, сиал қышқылы, арабиноза, нейрамин қышқылы, ксилоза)болатын күрделі белоктар.

Нағыз ГП80-90% белоктан, 10-20% простетикалық топтан тұрады. Простетикалық топ жүйесіз полисахаридтер: гексозаминдер, фукоза, арабиноза, ксилоза, галактоза және манноза, нейрамин и сиал қышқылдарынан тұрады. Өкілдері: иммуноглобулиндер, муциндер, сиалопротеидтер, кейбір гормондар (ФСГ, ТТГ), гормондардың рецепторы, кейбір ферменттер (холинэстераза), қан тобын анықтайтын белоктар, протромбин, тасымалдаушы белоктар (транскортин, гаптоглобин, церулоплазмин) және т.б.

Протеогликандар. 2-10% белоктан және 90-98% простетикалық топтан тұрады.Олардың простетикалық тобы жүйелі көмірсулар (ретімен қайталанатын), гликозамингликандар (ГАГ) деп аталады. ГАГ ретімен қайталанатын дисахаридтер, құрамында урон қышқылдары мен ацетилгексозаминдер болады.

ГАГ ағзада маңызды биологиялық роль атқарады: 1) ағзалар мен тіндерге катиондардың тасымалдануы, байланысуы және таралуына , оссификацияға; 2) су мен онда еритін заттар үшін мембрана өткізгіштігін қамтамасыз етіп, тіндерге судың таралуына; 3) диффузия үрдістерінің реттелуіне қатысады.

ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫ МАТЕРИАЛДАР:

1. Презентация (слайдтар)

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Плешкова С.М., Абитаева С.А. и др. «Белоктар, белоктар биосинтезі, молекулалық генетиканың негіздері», Алматы, 2000 ж.

2. Сайпіл У., Плешкова С.М., Абитаева С.А. «Ферменттер. Энергия алмасуы. Витаминдер.», Алматы, 2001 ж.

3. Абитаева С.А. «Биохимияның кейбір тараулары», Алматы, 2004 ж.

4. Плешкова С.М., Өмірзақова К.К., Абитаева С.А. «Заттар алмасуы және оның реттелуі», Алматы, 2006.

5.Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж.

6. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.

7. Е.С.Северин «Биохимия», 2008

8. Т.Т.Березов, Б.Ф.Коровкин «Биологическая химия», 2004 г.

9. НиколаевА.Я. «Биологическая химия» - М., 2007

 

Қосымша әдебиеттер:

1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

2.Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.

3. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана, 2003 ж.

4. Плешкова С.М., т.б. Биохимия пәнінен студенттердің жеке дайындығына арналған тесттік сұрақтар. – Алматы, 2007 ж.

5. Т.Ш.Шарманов, С.М.Плешкова «Метаболические основы питания с курсом общей

биохимии», Алматы, 1998 г.

6. С.Тапбергенов «Медицинская биохимия», Астана, 2001 г.

7. В.Дж.Маршал «Клиническая биохимия», 2000 г.

8. Б.Гринстейн, А.Гринстейн «Наглядная биохимия», 2000 г.

9. Д.Г.Кнорре, С.Д.Мызина «Биологическая химия», Москва, 1998 г.

10. Р.Марри, Д.Греннер «Биохимия человека», I-II том, 1993 г.

11. А.Ш.Зайчик, Л.Г.Чурилов «Основы патохимии», Москва, 2001 г.

12. Н.Р. Аблаев Биохимия в схемах и рисунках, Алматы 2005 г.

13. Биохимия. Краткий курс с упражнениями и задачами. Под ред. проф. Е.С. Северина, А.Я. Николаева, М., 2002 г.

14. З.С.Сеитов «Биохимия», Алматы, 2001 г

ҚОРЫТЫНДЫ СҰРАҚТАРЫ (КЕРІ БАЙЛАНЫС):

1. Белоктар дегеніміз не?

2. Жай белоктар күрделі белоктардан айырмашылығы.

3. Гемоглобин, миоглобин, құрылысы, ролі.

4. Гликопротеиндер, құрылысы, жіктелуі.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 817; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты