Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Леуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегiуәкiлеттi органның құзыретi




1.Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның:
1) әлеуметтiк төлемдердi тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдауға;

2) еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге;

3)құжаттардың дұрыстығын тексеруге;

4) әлеуметтiк төлемдердi тағайындауға қажеттi құжаттарды қабылдау және жiберу жөнiндегi талаптарды белгiлеуге құқығы бар.

Өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлгенмiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнеқатысушының және алушының құқықтары менмiндеттерi:

1. Өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының және алушының:

1) осы Заңда көзделген әлеуметтiк қатер жағдайлары басталған кезде Орталық пен оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға әлеуметтiк төлемдер тағайындау үшiн өтiнiш беруге;
2) мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алуына қарамастан, осы Заңда көзделген тәртiппен Қордан әлеуметтiк төлемдердi алуға;

1)төлеушiден, Орталықтан және Қордан әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң және аудару мен есептелуiнiң толықтығы және уақтылы болуы туралы, сондай-ақ әлеуметтiк төлемдердi тағайындау мен алу тәртiбi туралы ақпаратты сұратуға және тегiн алуға;

2)әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган мен өзге де мемлекеттiк органдардың, Орталықтың және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң, Қордың осы Заңда белгiленген әлеуметтiк қамсыздандырудың қосымша нысандарын алуға құқықтарын шектеуге байланысты iс-әрекеттерiне шағымдануға құқығы бар.

2. Өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы және алушы:

1)әлеуметтiк төлемдер тағайындауға қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен табыс етуге;

2)еңбек ету қабiлетiнен айрылған және (немесе) жұмысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлемдер алған кезеңде Орталықтың құрылымдық бөлiмшелерiне өзiмен мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуге шарт жасасқан жинақтаушы зейнетақы қорының өзгергенi туралы хабарлауға;

3) қате төленген сомаларды қайтарып алуға;

4)Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қайта куәландырудан өтуге және қайта куәландырудан өту мерзiмдерiн сақтауға мiндеттi. 1.

Жазатайым жағдай дегеніміз - сақтандырылған адамның денсаулығына залал келтірілген, мүгедек жасаған немесе ажалға алып келген сыртқы механикалық, электрлік, химиялық немесе термикалық әсердің нәтижесінде болған адамның өз еркінен тыс оқыс, күтпеген, аз уақыттың ішінде болған оқиға. Жазатайым жағдайдан сақтандыру мынадай сыртқы факторлардың: жарылыс, күйік, үсу, суға бату, электр тоғының әсері, жай түсу, күн өту, қаскүнемдер мен жануарлардың шабуылы, жыланның, шағатын жәндіктердің шағуы, Сақтандырылушының өзінің немесе қандай да бір заттың оған құлауы, кенеттен тұншығу, тыныс алу органдарына бөтен денелердің кездейсоқ кіруі, улы өсімдіктермен, химиялық заттармен (өнеркәсіптік немесе тұрмыстық), дәрі-дәрмектермен, cапасыз тамақ өнімдерімен кездейсоқ қатты улану, сондай-ақ көлік құралдары жүріп бара жатқан не олар апатқа ұшыраған кезде, машиналарды, тетіктерді, қаруларды және әр түрлі құралдарды пайдалану кезінде алған жарақаттардың әсер етуі жазатайым жағдай болып табылады.

Еңбек міндеттерін атқару кезінде азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы азаматтық істер бойынша сот практикасын қорыту республика соттарының негізінен осы санаттағы істерді материалдық және іс жүргізу заңына сәйкес қарайтынын көрсетті

"Еңбек кодексіне сәйкес, еңбек міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін жұмыс берушінің жауапкершілігі сақтандырылуы тиіс. Егер сақтандыру міндеті жүктелген жұмыс беруші оны жүзеге асырмаса немесе сақтандыру шартын заң актілерінде көзделгенмен салыстырғанда сақтандырылғандардың жағдайын нашарлататындай жағдайда жасаған болса, онда АК 808-бабында көзделгендей, сақтандыру жағдайы басталған кезде жұмыс беруші дұрыс сақтандыру кезінде сақтандыру төлемі қандай талаптарда жүзеге асырылатын болса, сақтандырылғандардың алдында сондай талаптарда жауапты болады. АК 835-бабының 3-тармағына сәйкес, егер сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушының дер кезінде білгендігі дәлелденбесе не бұл жөніндегі мәліметтердің сақтандырушыда болмауы оның сақтандыру төлемі міндеттеріне ықпал етпейтін болса, сақтандыру жағдайының басталғандығы туралы сақтандырушыға хабар бермеу оған сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту құқығын береді.

Жазатайым оқиғаның нәтижесінде қызметкерге келтірілген зиян үшін жұмыс берушінің жауапкершілігінің дәлелдемелері ретінде:

өндірісте еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкеліп соғуы- Н-1 нысандағы акт;

ауыр салдарға немесе қазаға ұшырау кезінде-Арнайы акт;

кәсіби ауру немесе улануға әкеліп соғуы - денсаулық сақтау орны берген Н-1 нысанды акт-танылады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 95; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты