Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауға тоқталыңыз.




Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 851 Қаулысы бойынша осы Ереже Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының ІІІ тармақшасына сәйкес әзірленді және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру мен жүргізудің тәртібін белгілейді. Мемлекеттік бақылау жүргізудің мақсаты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Мемлекеттік бақылау мемлекеттік еңбек инспекторының жұмыс берушінің немесе қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындауына тексеру (бұдан әрі - тексерулер) жүргізуі жолымен жүзеге асырылады.

Тексерулер жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлінеді:

1. жоспарлы - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган немесе оның аумақтық бөлімшесі жоспарлаған, алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақыт аралықтары ескеріліп жүргізілетін тексеру. Жоспарлы тексеру еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау мәселелері жөніндегі басқа да бақылаушы органдармен және қызметкерлердің өкілдерімен бірлесе отырып, кешенді түрде де жүргізілуі мүмкін.

Егер Қазақстан Республикасының зандарында өзгеше көзделмесе, бір жеке немесе заңды тұлғаға қатысты жоспарлы тексеру жылына бір реттен асырылмай, ал шағын кәсіпкерпік субъектілеріне қатысты - үш жылда бір реттен жиі емес өткізілуі тиіс. Жекелеген ұйымдарда немесе экономиканың тиісті салалары ұйымдарында кешенді тексеру жүргізу қажеттілігін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтаудың қалыптасқан жай-күйін немесе өндірістік жарақаттанушылық деңгейін ескере отырып айқындайды және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне тиісті тапсырмалар жібереді. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері тапсырмалардың негізінде, сондай-ақ ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуы жөніндегі талдау нәтижелеріне сәйқес тиісті айға, тоқсанға, жарты жылдыққа және бір жылға арналған тексеру жүргізу жоспарын жасайды.

2. жоспардан тыс тексерулер - жеке немесе заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуы туралы өтініш білдірген, сондай-ақ мемлекеттік еңбек инспекторы қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқық бұзушылықтарды дереу жоюды талап ететін фактілерді анықтаған немесе осындай құқық бұзушылықтар белгілерінің болуын куәландыратын немесе өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеруді жүргізу кезінде анықталған құжаттармен және өзге де дәлелдемелермен расталатын өзге ақпарат алған жағдайларда жүргізіледі.

Мемлекеттік еңбек инспекторы жоспардан тыс тексеру немесе өндірістегі жазатайым оқиғаға тексеру жүргізген жағдайда, жоспарлы тексерулер тексеру жүргізу жоспарын бекіткен лауазымды адаммен келісім бойынша басқа мерзімге ауыстырылады. Анонимдік өтініштер жоспардан тыс тексеру жүргізуге негіз болып табылмайды.

Тексерудің ұзақтығы он күнтізбелік күннен аспауға тиіс. Ерекше айларда, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған кезде, сондай-ақ тексеру көлемі ауқымды болған кезде мемлекеттік еңбек инспекциясының немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысы (немесе оның орнындағы адам) тексеру жүргізу мерзімін оқшауланған құрылымдық бөлімшесі жоқ занды тұлға үшін жиырма күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге, ал оқшауланған құрылымдық бөлімшесі бар тұлға үшін отыз күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге ұзартуы мүмкін.

Тексеруді жүргізу мерзімін есептеу жұмыс берушіге құжаттарды ұсыну туралы талаптың берілу және олардың мемлекеттік еңбек инспекторына ұсынылу сәттері аралығындағы уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.

Мемлекеттік еңбек инспекторы тексеруді бастар алдында жұмыс берушіге мынадай құжаттарды табыс етеді:

· Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелуге тиіс жоспарлы тексеруді тағайындау туралы актіні;

· қызметтік куәлігін;

· қажет болған кезде құзыретті органның режимдік объектілерге баруға рұқсатын табыс етеді.

Мемлекеттік еңбек инспекторына қызметтік міндеттерін атқаруға кедергі жасайтын тұлғалар Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес жауаптылықта болады. Мемлекеттік еңбек инслекторлары жүргізген жоспардан тыс тексерулер белгіленген тәртіппен ай сайын (айына бір рет) құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі органдарда есептік тіркелуге тиіс. Мемлекеттік еңбек инспекторларының өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру, сондай-ақ осындай жағдайларды туғызған себептерді жою жөніндөгі іс-шаралардың орындалуын бақылау аясында өткізілетін тексерулері Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңнамасына сәйкес тіркелуге және есепке алынуға жатпайды. Жүргізілген тексеру мен оның нәтижелері туралы ақпарат жұмыс берушінің тексеру актілерін есепке алу кітабына енгізіледі.

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын бұзушылықтардың анықталуына қарай мемлекеттік еңбек инспекторы мынадай актілер шығарады (нұсқама):

1) нұсқама:

· еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама;

· жарақаттану қаупі бар және авариялық жағдайлардың туындауын болғызбау үшін өндірістік объектілер мен жабдықтардағы, сондай-ақ өндірістік процестердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу туралы нұсқама;

· жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындары мен жабдықтардың пайдаланылуына және тұтас алғанда ұйым қызметіне тыйым салу (оны тоқтата тұру) туралы нұсқама шығарады. Бұл ретте ұйым қызметіне тыйым салу (оны тоқтата тұру) туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданылады. Жұмыс беруші бұзушылықтарды үш күн өткенге дейін жойған жағдайда, осы актіні жасаған мемлекеттік еңбек инспекторы немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы ұйымның қызметіне тыйым салу (оны тоқтата тұру) туралы актінің күшін жояды;

2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама:

3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы:

4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығарады.

Мемлекеттік еңбек инспекторының актілері жұмыс берушілер мен лауазымды адамдардың тексеруді жүзеге асыру барысында белгілі болған (анықталған) еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтарына ықпал етудің құқықтық шаралары болып табылады. Актілер екі данада жасалады, оның біреуі қолы қойғызылып, жұмыс берушіге тапсырылады. Жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік еңбек инспекторының актілерін орындауға міндетті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құзыреті.

Қазақстан Республикасының Үкiметi:

1) еңбек қауіпсіздігі және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгі бағыттарын әзiрлейдi және оның iске асырылуын қамтамасыз етедi;

2) еңбек қауіпсіздігі және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік бағдарламаны әзiрлеудi және оның орындалуын ұйымдастырады;

3) еңбек қауіпсiздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды ұйымдастырудың және жүргiзудің тәртібін белгілейді;

4) еңбек қауіпсіздігі және еңбектi қорғау саласында деректер банкiн құра отырып ақпарат берудiң және мемлекеттiк статистика жүргізудiң тәртiбiн айқындайды;

5) еңбек қауіпсiздiгі және еңбектi қорғау проблемалары бойынша зерттеулер жүргізудi қамтамасыз етедi.

Уәкілетті органның құзыреті.

Уәкiлеттi орган:

1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырады;

2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша зерттеу бағдарламаларын әзірлейді;

3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде мониторинг өткізеді;

4) басқа мемлекеттік органдармен, сондай-ақ қызметкерлердің және жұмыс берушілердің өкiлдерiмен еңбек қауiпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету салаcында үйлестірудi және өзара iс-қимылды жүзеге асырады;

5) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау cаласындағы салааралық нормативтік құқықтық актілерін әзiрлейдi және бекітеді;

6) мемлекеттік еңбек инспекторларын оқытуды және аттестаттауды жүргізеді;

7) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздігі және еңбекті қорғау туралы заңдарының сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады;

8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өндiрiстегi жазатайым оқиғаларға дер кезiнде және объективті тергеу жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асырады;

9) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

10) еңбектің физиологиялық негізделген нормаларын әзірлейдi және олардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

11) қызметкерлердi жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, сондай-ақ санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен, емдеу-алдын алу құралдарымен жұмыс берушiлердiң қаражаты есебiнен қамтамасыз етудiң тәртiбiн белгiлейдi;

12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды орындайды.

Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің құзыретi.

Аумақтық бөлімшелер:

1) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздiгі және еңбектi қорғау туралы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

2) өндiрiстiк жарақаттанудың, кәсiби аурудың себептерiне талдау жүргізедi және олардың алдын алу жөнiнде ұсыныстар әзірлейді;

3) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен тергейді;

4) уәкiлетті орган бeкіткeн ережелерге сәйкес ұйымдағы еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жауапты басшылар мен адамдардың еңбек қауiпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерi бойынша біліміне тексеру жүргізеді;

5) өндірістік мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау жөнiндегі комиссияның құрамына қатысады;

6) қызметкерлердiң, жұмыс берушілердің және олардың өкілдерiнiң еңбек қауіпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi өтініштерiн қарайды;

7) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау нормативтерiн жетiлдiру мәселелерi бойынша кәсіподақтармен және жұмыс берушiлердің бiрлестіктерiмен өзара iс-қимыл жасайды;

8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 147; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты