Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Азақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырушыларға тоқталыңыз.




Ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылауды мемлекеттiк еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
Мемлекеттiк еңбек инспекторларына:

1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк еңбек инспекторы - Қазақстан Республикасының еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органының мемлекеттiк еңбек инспекциясының басшысы;
2) мемлекеттiк еңбек инспекциясының бас мемлекеттiк еңбек инспекторлары - еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк еңбек инспекциясының лауазымды адамдары;

3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттiк еңбек инспекторы - еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк еңбек инспекциясының облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлiмшесiнiң басшысы;

4) мемлекеттiк еңбек инспекторлары - мемлекеттiк еңбек инспекциясы органының облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлiмшесiнiң лауазымды адамдары жатады.
Мемлекеттiк еңбек инспекторлары қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде заңмен қорғалады және Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн басшылыққа алады. Мемлекеттiк еңбек инспекторына қызметтiк мiндеттерiн орындауға кедергi келтiрген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.Өңiрлiк қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттiк бақылауды Алматы қаласы өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары Еңбек Кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк еңбек инспекциясының қызметi қызметкерлердiң құқықтары мен бостандықтарын сыйлау, сақтау және қорғау, заңдылық, әдiлдiк, тәуелсiздiк және жариялылық принциптерi негiзiнде жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк еңбек инспекциясының негiзгi мiндеттерi:
-ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ету;
-қауiпсiз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, қызметкерлердiң құқықтары мен бостандықтарын сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мәселелерi бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң өтiнiштерiн, арыздарын және шағымдарын қарау болып табылады.

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк еңбек инспекторларының:
1) еңбек заңнамасының сақталуына тексеру жүргiзу мақсатында ұйымдар мен кәсiпорындарда кедергiсiз болуға;

2) жұмыс берушiлерден өздерiне жүктелген функцияларды орындауға қажеттi құжаттарды, түсiнiктемелердi, ақпаратты сұратуға және алуға;
3) жұмыс берушiлер орындауға мiндеттi нұсқамалар, қорытындылар беруге, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар мен қаулылар толтыруға, әкiмшiлiк жазалар қолдануға;

4)өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша түсiнiктемелер беруге;
5) ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, цехтардың, учаскелердiң, жұмыс орындарының қызметi және жабдықтардың, тетiктердiң пайдаланылуы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сай келмейтiнi анықталған жағдайда, оларды үш күннен аспайтын мерзiмге, көрсетiлген мерзiм iшiнде мiндеттi түрде сотқа талап-арыз бере отырып, тоқтата тұруға (тыйым салуға);
6)жұмыс орындарында белгiленген талаптарға сай келмейтiн арнаулы киiмнiң, арнаулы аяқ киiмнiң және басқа да жеке және ұжымдық қорғану құралдарының берiлуi мен пайдаланылуына тыйым салуға;
7) жұмыс берушiге (оның өкiлiне) хабарлай отырып және тиiстi акт жасау арқылы арнаулы киiм үлгiлерiн, пайдаланылатын немесе өңделетiн материалдар мен заттарды талдау жасау үшiн алуға;
8)өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды белгiленген тәртiппен тергеп-тексеруге;
9) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқудан, нұсқау беруден, бiлiмiн тексеруден өтпеген қызметкерлердi жұмыстан шеттету үшiн жұмыс берушiлер орындауға мiндеттi нұсқамалар беруге;
10)Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу, мемлекеттiк еңбек инспекторларының актiлерiн жұмыс берушiлердiң орындамауы фактiлерi бойынша тиiстi құқық қорғау органдарына және соттарға ақпарат, талап қою және өзге де материалдар жiберуге;

11) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарда көзделген еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi бiлiмдi тексеруге қатысуға;
12) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру кезiнде белгiленетiн айрықша талаптардың орындалуына тексеру жүргiзуге;
13) жұмыс берушiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша iшкi бақылау жүргiзуiнiң толықтығы мен дәйектiлiгiн бақылауды жүзеге асыруға;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары:

1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;

2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының орындалуын тексерудi уақтылы және сапалы жүргiзуге;

3) анықталған еңбек заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнiндегi шараларды қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушiлердi (олардың өкiлдерiн) хабардар етуге, кiнәлi тұлғаларды жауапқа тарту жөнiнде ұсынулар енгiзуге;

4) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелерi бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң өтiнiштерiн уақтылы қарауға;
5) еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын себептер мен мән-жайларды анықтауға, оларды жою және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтiру жөнiнде ұсынымдар беруге;

6) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды және кәсiптiк ауруларды тергеп-тексеруге қатысуға;

7) еңбек заңнамасының бұзылу себептерiн жинауды, талдауды, қорытуды жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы бұзылуының алдын алу жөнiндегi жұмысты күшейтуге бағытталған iс-шараларды әзiрлеу мен қабылдауға қатысуға;

8) мемлекеттiк құпияны, еңбек мiндеттерiн орындауға байланысты өзiне мәлiм болған қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етпеуге;

9) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелерi бойынша түсiндiру жұмысын жүргiзуге;

10) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыру кезiнде азаматтармен және қызметкерлердiң өкiлдерiмен өзара iс-қимыл жасасуға мiндеттi.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібін қарастырыңыз.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 139; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты