Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу тәртібін қарастырыңыз.




Еңбек қауіпсiздiгi және еңбекті қорғау саласындағы нормативтердi әзірлеу.

Еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау саласындағы нормативтер ұйымдық техникалық, технологиялық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық, физикалық және қызметкерлердiң еңбек қызметi процесiнде олардың өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған өзге де нормаларды, ережелердi, рәсiмдер мен өлшемдердi белгiлейдi. Еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау саласында салалық нормативтердi әзiрлеудi және бекiтудi тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады. Ұйымдағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi нұсқаулықтарды әзiрлеудi және бекiтудi уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен жұмыс берушi жүзеге асырады.

Мемлекеттiк стандарттардың еңбектi қорғау жөнiндегі ережелер мен нормалардың, санитарлық, құрылыс ережелерi мен нормаларының талаптарына жауап бермейтiн өндiрiстiк ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға, салуға және қайта жаңғыртуға, технологияларды әзірлеу мен пайдалануға, машиналарды, тетiктердi, жабдықтарды және басқа да бұйымдарды құрастыру мен жасап шығаруға жол берiлмейдi. Егер жаңадан салынған немесе қайта жаңғыртылатын өндiрiстік объектілер, өндiрiс құралдары немесе өнiмнің басқа да түрлерi еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау талаптарына, сондай-ақ санитарлық және құрылыс ережелерi мен нормаларының талаптарына сай келмесе, қабылданбайды және пайдалануға берiлмейдi. Өндірістік объектілер уәкілетті орган белгiлеген тәртiпке сәйкес еңбек жағдайлары бойынша мiндеттi түрде мезгiл-мезгiл аттестаттаудан өтуге тиiс. Өндiрiстік мақсатта салынған объектіні пайдалануға қабылдауды қабылдап алу комиссиясы мiндеттi түрде мемлекеттік еңбек инспекторының қатысуымен жүргiзедi.

Еңбек қызметі барысында қызметкерге мынадай іс-әрекеттер жасауға тиым салынады:

1) мемлекеттiк сынақтан, тексеруден, метрологиялық аттестаттаудан өткiзiлмеген, бекiтiлген үлгiге сәйкес келмейтiн өлшеу құралдарын қолдануға;

2) санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтiн тауарларды, материалдарды, шикiзаттарды қолдануға тыйым салынады.

Ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.

Мемлекеттік еңбек инспекторларына мына қызметкерлер жатады:

1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы - Қазақстан Республикасының еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы;

2) мемлекеттік еңбек инспекциясының бас мемлекеттік еңбек инспекторлары - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекциясының лауазымды адамдары;

3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекциясының облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлімшесінің басшысы;

4) мемлекеттік еңбек инспекторлары - мемлекеттік еңбек инспекциясы органының облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары жатады.

3. Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметтік міндеттерін атқару кезінде заңмен қорғалады және Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

4. Мемлекеттік еңбек инспекторына қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтірген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметінің принциптері мен негізгі міндеттері

Мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын сыйлау, сақтау және қорғау, заңдылық, әділдік, тәуелсіздік және жариялылық принциптері негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік еңбек инспекциясының негізгі міндеттері:

ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарау болып табылады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 105; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты