Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


жымдық еңбек дауларын шешу тәртібін қарастырыңыз.




Ұжымдық еңбек дауларында бүкіл ұжымның құқықтары, өкілеттіктері мен мүдделері дауланады және қорғалады. Мұндай дауларға бір жағынан – еңбек ұжымы немесе бірнеше ұйымдардың еңбек ұжымдары, екінші жағынан – бір немесе бірнеше ұйымдардың басшылығы қатысады. Ұжымдық еңбек даулары келесі құқықтық қатынастардан туындайды:

а) еңбек ұжымының басшылықпен, соның ішінде, ең жоғарғы басқару органмен арасындағы құқықтық қатынастардан;

б) кәсіптік одақтың басшылықпен арасындағы құқықтық қатынастардан.

Сондықтан, ұжымдық еңбек дауларын еңбек ұжымының басшылықпен арасындағы және кәсіптік одақтың басшылықпен арасындағы еңбекк даулары деп бөлуге болады.

Ұжымдық еңбек дауы – бұл тараптардың арасындағы келесі мәселелерге қатысты туындайтын келіспеушіліктер:

а) еңбектің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын және өндірістік тұрмысты өзгерту немесе еңбектің жаңа жағдайларын белгілеуге қатысты;

б) ұжымдық шартты, кесімді бекітуге немесе өзгертуге қатысты;

в) еңбек туралы заңдардың талаптарының орындалмауына қатысты.

Еңбек даулары өзінің сипаты (пәні) бойынша талап-арыздық және талап-арыз еместік болып бөлінеді. Талап-арыздық еңбек даулары – бұл сотта бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіру туралы тиісті өтініштің (талап-арыздың) негізінде қаралатын даулар. Көп жағдайда, бұлар жеке еңбек даулары болып табылады. Мұны мына жағдаймен түсіндіруге болады, әрбір қызметкер еңбек құқықтары мен міндеттеріне ие, және оларды қорғау жеке тәртіппен жүзеге асырылады. Талап-арыздық емес еңбек даулары – бұл заңдармен немесе еңбек туралы өзге де нормативтік құқықтық актілермен реттелмеген еңбек жағдайын өзгерту немесе еңбектің жаңа жағдайларын белгілеу туралы даулар. Оларды жұмыс беруші және қызметкерлердің тиісті Уәкілетті органы шешеді, яғни, бұл даулар соттан тыс тәртіпте шешіледі. Талап-арыздық емес даулар жеке де, ұжымдық та сипатта болуы мүмкін. Көп жағдайда ұжымдық еңбек даулары талап-арыздық емес сипатқа ие болады және ерекше тәртіпте арнайы комиссиялармен (олар туралы төменде айтылады) қарастырылады.

Азақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында еңбекті қорғауға қатысты қандай мәселелер қарастырылған.

– Мемлекет басшысы өткен жылғы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялаған болатын. Жыл сайын барша қазақстандықтар Елбасы Жолдауын зор үмітпен күтетіні белгілі. Өйткені, саяси салмағы үлкен құжаттарда мемлекеттің дамуы, оның стратегиялық мақсат-міндеттері жан-жақты қамтылады. Дегенмен, бұл Жолдаудың орны бөлек, маңызы ерекше. Себебі, Елбасы Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын анықтап берді. Мемлекет өркендеуінің негізгі құжаты алдымызға үлкен міндеттер жүктеп отыр. Бұл құжаттың басты мақсаты еліміздің әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы болып табылады.

– Елбасы Жолдауы – әрбір қазақстандық үшін қалыптасқан мемлекеттің 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағытын айқындап берген бағдарламалық құжат. Бүгінде еліміз жаңа стратегияның алғышартын қамтамасыз ететін бастапқы міндеттерді іске асыруға кірісіп кетті. Баршаға белгілі, Елбасы өз Жолдауында әлеуметтік салаға баса назар аударды. Себебі, қоғамда әлеуметтік саланың алатын орны ерекше. Бүгінгі таңда үнемі өзгеріп отыратын жаһандық шарттар мен еліміздің индустрияландырудың жаңа кезеңіне өтуіне байланысты әлеуметтік жаңғырту және әлеуметтік саясаттың жаңа үлгісін жасауға деген қажеттілік туындап отыр. Тек, жаңартылған және барынша тиімді саясат қана уақыт талабына жауап бере алады. Әлеуметтік саясатты жаңғырту – біздің басты мақсатымыз. 2050 жылға қарай дамыған мықты мемлекет экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құрумен айқындалады. Осыған орай әлеуметтік және еңбек салаларын ары қарай дамытудың негізгі қағидаты әлеуметтік кепілдіктерді адамдардың дербес жауапкершілігімен үйлестіру болып отыр. Адам мемлекет барлық мәселелерін шешіп бергенше күтіп отырмай, елде жасалып жатқан экономикалық өзгерістерге толық қатысуы керек. Соған қолайлы жағдай туғызуымыз қажет. Бұл – Елбасы Жолдауындағы негізі міндеттің бірі.

Бірінші қадам – қолдағы еңбек ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын арттыру. Осы мақсатта биыл «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына жұмыс берушілердің қатысуын кеңейтетін және қызмет көрсету саласын жақсартуды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мысалы, кәсіби білім алған азаматтардың біліктілігі кейде жұмыс берушінің талабына сәйкес келе бермейді. Енді биылдан бастап бағдарламаға енгізілген өзгерістерге сай, оқытатын азаматты және оның мамандығы мен оқу орнын жұмыс берушінің өзі белгілейтін болады. Бұл ең алдымен жалдамалы қызметкерлерге қатысты. Статистика агенттігімен бірлесіп, азаматтарды өзін-өзі жұмыспен қамтушылар қатарына жатқызу талаптарын айқындау үлгісіне өзгерістер енгізілді. Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың саны 2 миллион 700 адамды құрайды. Жұмыссыздарды оқытудың түпкі мақсаты – оларды жұмысқа орналастыру. Сонымен қатар, жұмыспен қамтуға ерекше мұқтаж мүгедектер, кемтар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар және бала күтіміне байланысты демалыста болған әйелдер үшін өнімді жұмыспен қамтудың қолжетімділігін кеңейту көзделген. Аталған адамдар үшін кәсіптік бағдарлау, кеңес беру, нарықтағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіптік даярлауды ұйымдастыру, оның ішінде мүгедектер қатарынан әлеуметтік қызметкерлер даярлау жоспарланып отыр.

Екінші қадам – жұмыспен қамту деңгейіндегі өңірлік сәйкессіздіктерді азайту, жұмыссыздықты төмендетуге бағытталған еңбек нарығын реттеу тетіктерін жетілдіру. Өткен жылы облыс әкімдерімен бірлесіп, өңірлердің жұмыспен қамту картасын қалыптастыру сынақтан өткізілді. Бұл картада өңірлердегі жұмыспен қамту деңгейі мен құрылымы, еңбек ресурстарының артықшылығы мен тапшылығы, жұмысқа орналастыруға мұқтаж адамдардың контингенті мен өңірлерде жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыспен қамту деңгейін арттыру шаралары қарастырылған. Биыл Елбасы тапсырмасына сәйкес, министрлік тарапынан жаңа дағдарысқа қарсы жол картасы әзірленуде. Ол, әсіресе, ауыл азаматтары үшін қолайлы болмақ. Қазір жол картасының жобасы өңірлерге жолданып, талқылануда.

Үшінші қадам – еңбек өнімділігін арттыруға алғышарт ретінде жұмыс жасындағы адамның еңбек қабілеті төмендемес үшін оған қолайлы жағдай жасау. Өндіріс ошақтарында жыл сайын екі мыңнан астам еңбеккер жарақат алады. Кәсіби дерт көбейіп келеді. Еңбек жағдайы қолайсыз әрі қауіпті жұмыс орындарының үлес салмағы едәуір артуда. Түбегейлі өзгерістер қажет. Сол себепті былтыр министрлік өз жұмысында кәсіпорындардағы жарақат алу мен кәсіби індеттердің деңгейін қадағалауға баса назар аударды. Бұған қоса биылғы бірінші ақпаннан бастап елімізде еңбек заңнамасына негізделген жаппай құқықтық оқыту бағдарламасы жүзеге асуда. Пилоттық режимде жұмыс берушілерді ерікті декларациялау тәжірибесі енгізілуде. Бұл жоба әлеуметтік әріптестермен келісілген. Оның мәні мынада. Жұмыс берушіге декларацияны ерікті түрде тапсыруға құқық беріледі. Бұл декларацияны алған жұмыс беруші үш жыл мерзімінде тиісті ведомствоның бақылау үдерістерінен босатылады. Еңбекшілердің жағдайларын ұдайы жақсартып отыру, экономикалық және қаржылық қызығушылықтарын арттыру үшін оқыс оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру жоспарлануда.

Төртінші қадам – өнімді жұмыспен қамтуға ынталандыру, еңбекақы төлеудегі сәйкессіздіктерді реформалау және жою. Экономикадағы жалпы орташа айлық жалақы өткен жылғы бірінші желтоқсанда 99 мың 280 теңгені құрап, бұрнағы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14,8 пайызға артқан. Ал, Жамбыл облысындағы орташа жалақы 17 пайызға өскен. Алайда, елімізде жалақы төлеу бойынша берешек проблемасы бар. Жалақысына көңілі толмайтындар әлеуметтік шиеленіске дейін баруы мүмкін. Бұл өз кезегінде қоғамдық қауіпсіздікке нұқсан келтіреді. Мемлекет басшысы атап өткендей, қазіргі кезде еңбек дауларын реттеу, алдын алу және ескерту тетіктері дамымай қалған. Осыған орай тиісті жұмыстар қолға алынуда. Аталған проблемаларды мынандай өзгерістермен шешу жоспарлануда. Жалақының ең төменгі мөлшерін кезең-кезеңімен еңбек етуге қабілетті халықтың ең төменгі күнкөріс деңгейіне жақындату. Ұлттық біліктілік жүйесін қалыптастыру. Азаматтық қызметкерлердің еңбекақы төлеу жүйесін реформалау. Осы және өзге де маңызды тетіктерді құрайтын жоба қазір Үкіметке жолданған.

Бесінші қадам – жұмыс істейтін халықты әлеуметтік қамсыздандырудың сәйкес жүйесін ұйымдастыру. Жұмыс беруші қызметкерлеріне міндетті зейнетақы жасына жеткенге дейін зейнетақысының орташа мөлшерін төлеу туралы міндеттеме алған жағдайда зейнетке ерте шығу мүмкіндігі қарастырылуда.

Алтыншы қадам – әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жаңарту. Белсенді әлеуметтік саясат халықтың өмір сүру деңгейін едәуір жақсартуға ықпал етті. Халықаралық сарапшылар Қазақстандағы орташа табысты табысы жоғары елдердің қатарына қосқанын атап өткен жөн. Осыған қарамастан халықтың белгілі бір бөлігі аз қамтылғандардың қатарында қалды. Сондықтан, әлеуметтік көмек көрсету жалғаса бермек. Соңғы екі жылдың өзінде бұл бағдарламаларды қаржыландыруға 80 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалған

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 171; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты