Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тарихи құбылысы




Қоғам–ол,адамдардың өзара еңбек жасауының одағын айтады.Қоғам-саналы адамдардың бiр мүдденi, бiр мақсатты орындау үшiн саналы түрде өзара бiрiгуiн айтады. Қоғама екi шартты элементтен тұрады:1.мүдде-мақсаттың қалыптасуы; 2.саналы адамдардың саналы түрде бiрiгуi.

Азаматтық қоғам-ол, мемлекеттiк құрлымнан тыс қалыптасатын әлеуметтiк- экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Азаматтық қоғам-мемлекетке тәуелдi емес, дербес, ашық, жария қоғам. Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасу ерекешелiктерi мынадан тұрады:

Кеңестiк мейлiнше мемлекеттендiрiлген күйден шығу, қоғам мен мемлекеттiң арақатынасын тәуелсiз-дербестiкте дамыту. ҚР Конституциясыфның 23-бабында ҚР азаматтары өз еркiмен бiрлесу бостандығына құқығы бар.Қоғамдық бiрлестiктердiң қызметi заңмен реттеледi. ҚР Конституциясында көрсетiлгендей елiмiзде азаматтық қоғам қалыптастырылып, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтiк мемлекет құру бағыттары көрсетiлген. Осы бағыт мемлекетiмiздiң ең күрделi, ең жауапты мүдде-мақсаты болып табылады.

Саяси жүйе қоғамның объективтiк даму процесiнде қалыптасып, өмiрге келедi. Саяси жүйенiң негiзгi мiндетi экономикалық, рухани, мәдени базиске сәйкес қоғамдық билiктiң мазмұнын анықтап,сол билiктi орнату, дамыту, нығайту. Қоғам өзгерсе, саяси жүйе де өзгередi. Қоғамда бiр мүдде-мақсат болады. Соған сәйкес қоғамдық билiк қалыптасады.Қоғамдық билiктi реттеп, басқаратын қоғамның саяси жүйесi болады. Қоғамдық билiктiң түрлерi: саяси билiк, мемлекеттiк билiк, ұжымдық билiк т.б. iрi-ұсақ билiктер. Саяси жүйе мемлекетпен бiрiгiп қоғамның бағдарламасын, мүдде-мақсатын анықтап, оның бағыттарын, орындау механизiмiн белгiлеп, мiндеттi нұсқау, бұйрықты берiп, iске асыруын бақылап отырады. Демократиядегенiмiз-ол, қарапайым көпшiлiк халықтың мемлекеттiк билiктi жүргiзуге тiкелей немесе уәкiлдерi арқылы қатысуын айтады. Демократияның тарихи даму кезеңдерiң мынадан тұрады:

-Ежелгi Грекиядағы Солон мен Клисфеннiң реформасы;

-Ежелгi Римде Сервия Туллидiң патриция мен плебейлердiң әлеуметттiк-саяси мүдделерiн теңестiруi;

-ХҮIII-ХIХ ғасырлардағы Англиядағы, Франциядағы буржуазиялы-демократиялық революциясы;

-Алғашқы пайда болған демократиялық мемлекеттер: Англия, Бельгия,Исландия;

-демокртиялық әдiстерi жаңа қалыптасып келе жатқан мемлекеттер: ҚР,Оңтүстiк Корея, т.б. Мемлекеттiң сыртқы нысаны үш элементтен тұрады: мемлекеттi басқарк нысаны; мемлекеттiк құрылымның нысаны; саяси режим. Мысалы: ҚР-президенттiк тұтас республика, демократиялық жүйесi қалыптасып жатқан дәрежеде. Германияда (1933) президенттiк республика,федереция,фашистiк жүйе.Англия-тұтас парламенттiк монархия,либералдық-демократиялық жүйе. АҚШ-федеративтiк президенттiк республика,демократиялық жүйе.Араб халифаты-теократиялық құрама монархия, дiни саяси жүйе.

 

ҚОРТЫНДЫ:


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 123; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты