Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Кесте шебері




 

Кесте құрудың келесі әдісі — Кесте шебері ішкі программасы арқылы автоматты түрде құру. Құру жолы:

1. Жаңа кесте терезесін ашып (3-сурет), "Кесте шебері" қатарын екі рет шерту (оны және ОК батырмасын шертуге де болады). Программа іске қосылып, оның төрт қадамдық терезесінің бірінші қадам сұхбаттық терезесі көрінеді (13-сурет).

2. Терезеде:

а) "Жеке" не "Жұмыста қолдану" ауыстырып қосқыштарының қажеттісін орнату (әдетте соңғысы орнатылады).

б) "Кесте үлгілері" панелінен кесте типін таңдау (мысалы, "Сотрудники"). Оның өріс атаулары "Өріс үлгілері" панеліне кірістіріліп қойылады.

13-сурет. Кесте шеберініц бірінші сұхбаттық терезесі

 

в) "Өріс үлгілері" панелінен қажетті өpic атауларын "Жаңа кесте өрістері" панеліне көшіру (ол үшін атауды екі рет шертуге, не оны таңдап, көшіру батырмасын шертуге болады).

Мұндағы ескеретін жайт:құрылатын кестенің өріс атаулары "Өріс үлгілері" тізімінде бола бермейді. Ол кезде "Жаңа кесте өрістері" панеліне кез келген атауды көшіріп және оны таңдап, терезенің "Өріске басқа ат қою..." батырмасын шерту керек. Көрінген сұхбаттық терезенің (14-сурет) "Өріс аты" өрісіне қажетті атауды енгізіп, ОК батырмасын шертсе болғаны, т.с.с.

г) терезенің "Одан әрі" батырмасын шерту.

14-сурет. Өріс атауын өзгерту терезесі

 

3. Екінші қадам терезесінде кілтті пайдаланушының анықтауыне кілтті автоматты түрде анықтауауыстырып қосқыштарының бірін орнату. "Кілтті автоматты түрде анықтау" ауыстырып қосқышы орнатылса, Access есептегіш типті кілттік өріс құрып шығады. Бірінші аталған ауыстырып қосқыш орнатылған кезде "Одан әрі" батырмасын басып, кілтті көрінетін қосымша сұхбаттық терезеде анықтау керек.

4. Үшінші қадам терезесінде кестені бұрыннан құрылған кестелермен байланыстыру мүмкіндігі бар. Қажет болса, терезеде көрінген нұсқауларды орындау.

5. Соңғы терезеде үш ауыстырып қосқыш көрінеді (15-сурет). Олардың қажеттісін орнату.

15-сурет. Кесте шеберінің төртінші қадам терезесі

 

"Кесте құрылымын өзгерту" ауыстырып қосқышы орнатылса, Кесте шебері талапқа сай орындай алмаған іс-әрекеттерді орындауға арналған Конструктор режимі іске қосылады.

"Кестеге берілгендерді тікелей енгізу" ауыстырып қосқышы ор-натылған кезде Шебер атау берілген және өріс тақырыптары енгізілген бос кестені экранға шығарады. Кестеге деректерді енгізіп, жаңа кесте құру керек. Оларды редакциялау да мүмкін. Кестенің бір ұяшығына деректер енгізіліп болған соң Еnter пернесі басылуы тиіс.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 133; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты