Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Автоформа




 

Автоформа— кестені автоматты түрде форма түрінде көрсетудің қарапайым түрі. Автоформа жазуларын түзетуге және оған жаңа жа-зулар қосуға болады. Автоформа құрудың үш тәсілі бар:

1. әр жазуды бөлек-бөлек бір бағанда көрсету (бағандық автоформа);

2. әр жазуды қалпын сақтап көрсету (таспалық автоформа);

3. әдеттегідей кесте түрінде көрсету (кестелік автоформа).

Олар Жаңа форматерезесі арқылы таңдалады (40-сурет). Терезені ашу үшін ДҚ терезесінен Формалар — Құрукомандасының берілуі тиіс. Оның "Автоформа" қатарларының бірін және кестелер тізімі енгізілген өрістен кесте атауын таңдау керек. Мысалы, Бағандық автоформа және Сессия кестесі таңдалып, ОК батырмасы шертілген кезде әр өрісі жеке қатарда жазылған автоформаның бірінші жазуы көрінеді (41-сурет).

40-сурет. Жаңа форма терезесі

 

Келесі жазуларын экранға шығару үшін терезенің Жазуға өту батырмаларын пайдалану жеткілікті. Формаға жаңа жазу қосу үшін соңғы батырманы ("Жазуға өту" батырмасын) шерту керек. Бос жазу бланкісі көрінеді. Оны толтыру әдеттегідей. Курсорды өpic ішіне орналастырып, берілгендерді редакциялап шығу да мүмкін.

41-сурет. Сессия_Ст кестесі үшін бағандық автоформа

 

Форма жабылған кезде өзгөрістер мен жаңа жазулар негізгі кестеге кірістіріліп қойылады да, форма құрылымын сақтау сұралатын сұхбаттық терезе керінеді. Оның Иә батырмасын шерту керек. Келесі көрінген терезеге форма атын енгізу жеткілікті. Ол ДҚ-ның Форма бөліміне жазылып қойылады.

Кестені таспалық және кестелік режимдерде көру, форма құру, оны өңдеу тәсілдері де бағандық формамен жұмыс істеу тәсілі сияқ-ты. Таспалық және кестелік формалар әдеттегі кесте сияқты көрі-неді, бірақ біріншісінде әр өріс мәні тік төртбұрыш ішіне алынып (42-сурет) және оларға форма режимі орнатылып қойылады.

42-сурет. Сессия кестесі үшін таспалық автоформа

 

Автоформалардың кестеден тағы бір ерекшелігі — Access 97-де оларға автоматты түрде фондық сурет кірістіріп қойылады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 108; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты