Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Азақстан табиғаты




 

Қазақстан табиғаты мейлінше бай әрі алуан болып келеді. Оның оңтүстігі мен шығысы биік тау сілемдерімен көмкеріліп жатса, орталық бөлігі кең жазираға ұласады. Ал батысы Каспий теңізіне барып тірелсе, солтүстігі Сібірмен шектесіп жатыр. Республика кен орындарына бай өлке. Қазақстан жерінде оннан астам ірі су айдыны, жүз елудей кен орны, жүзден астам тас көмір мен қоңыр көмір, онға жуық тақта тас кен орны бар.

Қазақстан климаты негізінен континентік, ауа-райының ерекшелігіне қарай 4 климаттық зона 15 климаттық ауданға бөлінген. Территорияның негізгі бөлігі куаң, шөлейт және шөлді аймақта орналасқанымен республикада су қоры мол. Солтүстік аймақтар көлдерінің саны жағынан елімізде алдыңғы орындардың бірінде.

Қазақстанда Балқаш, Алакөл, Зайсан, Теңіз, Марқакөл, Шалқар сияқты ірі көлдер бар. Республика жерінен Ертіс, Жайық, Сырдария, Іле, Шу, Есіл, Тобыл сияқты ірі өзендер ағады. Территорияның табиғи-климаттық жағдайына Арал, Каспий теңіздерінің тигізер әсері мол.

 


4 - сабақ

Лексикалық тақырып.

 

Қазақстанның экологиялық мәселелері

 

Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі. Қазақстан территориясы кең-байтақ жерді алып жатыр, Батыстан Шығысқа қарай- 2,925 шақырым. Солтүстіктен Онтүстікке қарай 1,600 шақырым. Батыс Сібір жазығы мен Орал тауларының жоталарынан Тянь-Шань таулары мен Қызылқұм шөліне дейін.

Қазақстанның жалпы ауданы (2,7 млн. шаршы шақырым) Франциядан бес есе артық. Бірнеше ландшафтық белдеулер мен белдеу тармақтары бір-бірін алмастырады: орманды дала -6 %, дала 28%, шөлейт 18%, шөлді – 40%.

Қазақстанның Оңтүстік және Шығыс шекараларын биік таулар көмкеріп жатыр. Қазақстан халқы 16 млн.-нан астам адамды құрайды. Қазақстандағы қалыптасқан экологиялық жағдайды қанағаттанарлық деп айта алмаймыз. Қазақстандағы қазіргі кездегі экологиялық мәселелерге байланысты бірнеше экологиялық аймақтарын көрсетуге болады.

А аймағы – Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына маманданған облыстар кіреді. Бұл аймақтағы приоритетті мәселе – табиғи ортаның мұнаймен ластануы.

В аймағына еліміздің шығыс облыстары жатады. ҚР-ның өнеркәсібі жоғары дамыған аймағы. Ірі түсті және қара металлургия, энергетикалық кешен.

Республикамыздағы көптеген қалаларда ластаушы заттардың мөлшері белгіленген нормадан артық .Әсіресе Өскемен, Риддер, Алматы, Шымкент қалаларында бірнеше есе артық. Бұлардың барлығы болашаққа жасап отырған болжау. Адамзат болашаққа бейбітшілікте және таза ғаламшаларда өмір сүруі тиіс.

 

1- тапсырма. Мәтінді аударыңыз және мазмұндаңыз.

 

2- тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

 

1. Экология нені зерттейді?

2. Өздерінің тұратын елді мекендердің қоршаған ортасын ластайтын ошақ-

тарды атаңыздар.

3. Судың, ауаның, топырақтың ластануының зардабы қандай болмақ?

Мысал келтіріңдер.

 

3- тапсырма. Қазақстандағы экология жайлы шығарма жазыңыздар.

 

 


5 –сабақ


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 149; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты