Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Лексика-грамматикалық тапсырмалар. 1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, бірнеше сөйлеммен негізгі ойды білдіріңіз.




 

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, бірнеше сөйлеммен негізгі ойды білдіріңіз.

 

2-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап әзірлеңіз.

1. Университетте қандай факультеттер жұмыс істейді?

2. Ғимарат қайда орналасқан?

3. Ғимаратты сипаттап беріңіз.

4. Университеттің ғылыми бағыты туралы мәлімдеңіз.

 

3-тапсырма. Екі қатардағы сөздерді бір-бірімен байланыстырыңыз, сөз тіркесін құраңыз.

1) шығармашылық 2) пайдалануға 3) ынтымақтастыққа 4) байланыс 5) халықаралық 6) ғылым 7) дүниежүзілік 8) білікті 9) кәсіби машықтанудан 10) кітаптар а) негізделген ә) талапқа б) қызмет в) берілді г) орнатқан ғ) өтеді д) қайраткерлері е) қоры ж) оқу орындары з) мамандар

4-тапсырма. Мына атаулар туралы толық мәлімет дайындаңыз. “Еуразия университеті”, “Хабарлар”, “Парасат”, “Ойшыл”, “Орхон”, “Зеренді”, “Отырар”.

Үлгі:“Отырар кітапханасы” – ең ірі кітапханалардың бірі, онда ғылыми еңбектер мен оқу құралдары жинақталған.

 

5-тапсырма. Сұхбатты жалғастырыңыз.

Тілші: Сіз өз университетіңіз туралы кеңірек әңгімелеп бере аласыз ба?

Студент: Әрине, аса ықыласпен әңгімелесуге дайынмын.

Тілші: .................................

Студент: ................................

 

6-тапсырма. Мәтіндегі таныс емес сөздердің мағынасын анықтаңыз.

Мәтінің соңғы абзацы бойынша мына схеманы толықтырыңыз.

7-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

 

7-сабақ

Білім – байлығымыз.

Білімнің адам өміріндегі рөлі.

 

1 –тапсырма.

Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.

 

«Білімде дүние жарық, білімсіздің күні кәріп» деген бұрынғылар.

Бүгінгі таңда жеке адамның біліміне көңіл бөлмеу – оның ертеңгі күні мәңгілік орташа дәрежеде қалуына әкеліп соғады. Бұлай бүкіл халықтар жөнінде де айтуға болады. Білім ерікті қоғамның ірге тасы болып есептеліп, соның негізінде әрі күшті, әрі сау келешек мемлекеттің негізін қалайды және тұтқасы болады.

Ең алдымен, білуге, білімге ұмтылу жақсы қасиет. Бірақ, қазіргі уақытта білімді жалаң мақсат етіп, соның мәнін түсінбейтіндер де баршылық. И.Гете «Біліп қана қою – аз, сол білгеніңді істе қолдана білуің керек, ниеттану ғана- аз, сол ниетіңді іске асыруың керек» - деген.

Қазіргі заманғы өндіріс салалары, қоғамның рухани өмірі әрбір азаматтан жалпы, политехникалық, компьютерлік білімді ғана талап етіп қоймайды, сонымен қатар арнаулы кәсіби мамандықты, икемділікті қажет етеді. Кәсіптік білім жеке тұлғаның, яғни әрбір адамның жан-жақты дамуының қажеттілігі болып саналады.

Кәсіби білімнің, адамның жеке басының өсіп, дамып отыруы материалдық ынтаның пайда болуына, оның алғы шарттарын жасауға байланысты. Ол алғы шарттардың бірі – мамандардың жалақысының, материалдық жағдайларының дәрежесі. Материалдық ынта – білімді дамытудың, кәсіби шеберлікті арттырудың бірден-бір кепілі.

Сонымен, білім – жеке адамның ғана емес, қоғамның талабы. Білімділік саналықтың қажеттілігі, ал мемлекеттің қуаттылығы да оның әрбір мүшесінің саналылығына байланысты.

 

2 –тапсырма.Түбірлес сөздердің жасалуын айтыңыз, аударыңыз.

Білу –білімді –білімсіз – білімділік.

Ниет – ниеттану.

Қажет – қажеттілік –қажетсіз.

Икем – икемділік – икемсіз.

Кәсіп –кәсіби –кәсіпсіз.

Сана – саналық – санасыз.

 

3 –тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыз.

1. Уақытысында білімге көңіл бөлсең, онда болашағыңның ірге тасын қалайсың.

2. Жастар біздің болашағымыз, сондықтан олар мемлекеттің негізін қалайды.

3. Арнаулы кәсіби мамандық шеберлікті талап етеді.

4. Білімді, саналы азамат болу үшін көп оқу керек.

5. Әрбір адамның өсіп дамуында білімнің атқаратын рөлі зор.

6. Оқығаңды іске асыра білуің керек.

 

4- тапсырма. Мақал- мәтелдерді пайдаланып, жағдаят құрыңыз.

Білімді мыңды жығады,

Білімсіз бірді жығады.

 

Білім дегеніміз – күш.

 

Білімде дүние жарық,

Білімсіздің күні кәріп.

 

5 –тапсырма. Білімнің өмірдегі пайдасы туралы әңгімелеңіз. Мына нақыл сөзді тірек етіп алыңыз.

Білім –бақтың жібермейтін қазығы,

Білімсіз бақ әлдекімнің азығы. (М.Әуезов)

 

6- тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.

Университетте оқу, өзекті мәселе, жаппай білім алу, ақылы оқу, қамтамасыз ету, кәсіби мамандыру, білікті мамандар дайындау.

 

7 –тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.

 

1. Жоғары білім алу үшін .... түсу керек.

2. Студенттер .... 4-5 жыл оқиды.

3. Олар жыл сайын ..., .... тапсырады.

4. Бесінші немесе төртінші курста .... қорғайды.

5. Жоғары оқу орнын бітірген соң ... оқуларын жалғастыра алады.

 


8- сабақ


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 158; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты