Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Аспан сферадағы негізгі нүктелер және шеңберлер




Күннің аспан бойымен тәуліктік қозғалысы Жердің өз осінен айналуынан болады. Сонымен күннің тәуліктік қозғалысымен қоса аспан сферасында тағы бір көрінетін қозғалыс түрі бар, ол жердің күнді эллипстік траекториямен айналуы. Жердің өз орбитасымен бір айналып шығуына кеткен уақыт, бір жылға тең.

Осы қозғалыс салдарынан күннің көрінетін қозғалысы аспан сферасында үлкен шеңберді эклиптика деп аталады [2,9,19,25].

5.1-суретте аспан сферадағы негізгі нүктелер және шеңберлер көрсетілген.

5.1-сурет. Аспан сферадағы негізгі нүктелер және шеңберлер

Аспан сферасы – бұл өз бетінше қиялдағы сферасы. Оның центрі шешілетін тапсырмаға байланысты кеңістіктің қандай да бір нүктесімен бірлеседі. Тік сызық аспан сферасының бетін екі нүктеде кесіп өтеді: жоғары Z зенитте және төменгі Z' надирде.

Математикалық көкжиек – аспан сферадағы үлкен шеңбер, оның жазықтықтығы тік сызыққа перпендикуляр. Математикалық көкжиектің N нүктесі солтүстік нүкте, S нүктесі – оңтүстік нүкте деп аталады. NS сызығы – жарты күндік сызық деп аталады.

Аспан экваторы – әлем осіне перпендикуляр үлкен шеңберді атайды. Аспан экваторы математикалық көкжиекпен шығыс E және батыс W нүктелерінде қиылысады.

Аспан меридианы –аспан сферасының үлкен шеңбері, ол Z зенитінен, Р әлем полюсінен, Р' әлемнің оңтүстік полюсінен, Z' надирден өтеді. Әлем осі аспан сферасының Р және Р' нүктелерінде – әлем полюсінде қиылысады.

Эклиптика (гректің ekleipsis – тұтылу), астрономияда – аспан сферасындағы үлкен шеңбер, күн қозғалысының жылдық траекториясы көктемгі және күзгі күн мен түннің теңелуі нүктелерінде аспан экватормен 23°27’ бұрыш астында қиылысады. Эклиптиканы бойлай зодиак шоқжұлдыздарды орналасқан. Былай айтқанда, эклиптика жоқ, ол абстрактілі ұғым.

Жер орбитасының радиусы шамамен 1,5∙108 км-ге тең, оны астрономиялық бірлік ретінде қабылдаған (а.е.) жылына осы мәннен максимал ауытқуы 1,5%-тен аспайды [19,15,24,25].

Жер, өз орбитасымен қозғала, әлем кеңістігінде өз осін айналу бойынша өзгермес теңдігін сақтайды.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 220; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты