Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жер пайдалану құқығының субъектілері, жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері.




 

Жер учаскелеріндегі жер пайдалану құқығының құқығының субъектілері – бұл жер құқығы қатынастарының субъектілері – жер құқығы қатынастарының қатысушысы болып табылатын және соған сәйкес жер пайдалану құқығы саласында құқықтар мен міндеттерді иеленетін жеке және заңды тұлғалар, мемлекет.

Жер пайдалану құқығы субъектілерін түрлерге бөлу құқық субъектілерін олардың құқықтық жағдайына қарай жекелеген санаттарға бөлуді білдіреді.

ҚР Жер кодексінің 30 – бабына сәйкес жер пайдалану құқығының субъектілері келесі түрлерге бөлінеді:

9) мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілер;

10) ұлттық және шетелдік субъектілер;

11) жеке және заңды тұлғалар;

12) тұрақты және уақытша субъектілер;

13) бастапқы және кейінгі субъектілер;

Жер пайдаланудың бұл түрлеріне ҚР Жер кодексінің 12 – бабында қысқаша сипаттама берілген.

Мемлекеттік жер пайдаланушылар – мемлекеттік республикалық және коммуналдық заңды тұлғалар.

Шетелдік жер пайдаланушылар – бұл шет мемлекет азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, шет мемлекет заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар (шетелдік заңды тұлғалар), шет мемлекеттер, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар.

Ұлттық жер пайдаланушылар – Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының заң(дарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, соның ішінде, шетелдік қатысушылары бар кәсіпорындар.

Мемлекеттік емес жер пайдаланушылар – азаматтар және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар.

Бастапқы жер пайдаланушылар – жер пайдалану құқығын Жер кодексінің 32 – бабында көзделген тәртіппен тікелей мемлекеттен не осы құқықтан айыру тәртібімен басқа да бастапқы жер пайдаланушылардан алған тұлғалар.

Тұрақты жер пайдаланушылар – жер пайдалану құқығының мерзімі шектеусіз сипатта болатын тұлғалар.

ҚР Жер кодексінің 34 - бабында тұрақты жер пайдаланушылардың қатарына тұрақты мемлекеттік жер пайдаланудың келесі субъектілері аталған. Оларға мыналар жатады:

1) кондоминиум объектілеріндегі үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды), үй – жайларды шаруашылық жүргізу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін заңды тұлғалар;

2) ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісін жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінде жер пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

4) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де субъектілер.

Кейінгі жер пайдаланушылар - өзінің бастапқы жер пайдаланушы мәртебесін сақтап қалатын жер пайдаланушыдан кейінгі жер пайдалану туралы шарт негізінде уақытша жер пайдалану құқығын алған тұлғалар.

Жер пайдалану құқығы субъектісінің мәртебесін ҚР жер туралы және басқа да заңдарында көзделген жағдайларда ҚР азаматтарының құқық субъектілігінің жер учаскелеріне қатысты кейінгі құрылымы ретіндегі ерлі – зайыптылар да иеленеді. Мысалы, ҚР Жер кодексінің 60 – бабында ерлі – зайыптылардың жер учаскесіне қатысты ортақ меншігі қарастырылған. Ерлі – зайыптылардың тиесілі жер учаскелеріне меншік құқығының немесе жер пайдалану құқығының құқықтық режимі ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының азаматтық және неке – отбасы заңдарында көзделеген нормаларға сәйкес айқындалады.

Жер пайдалану құқығының субъектілері ретінде жеке меншік құқығы мен ақылы уақытша жер пайдалану құқығын 49 жылға дейін мал шаруашылығын жүргізу үшін (маусымдық жайылымдар) ҚР Жер кодексіне сәйкес уақытша ақысыз жер пайдалану құқығын иеленген Қазақстан Республикасының азаматтары, ал шалғайдағы мал шаруашылығын жүргізу үшін (маусымдық жайылымдар) ҚР Жер кодексіне және ҚР шаруа (фермер) қожалығы туралы заңдарына сәйкес уақытша ақысыз жер пайдалану құқығын иеленген тұлғалар болуы мүмкін (ҚР ЖК 101 – бабы).

Шаруа (фермер) қожалығы – бұл тұлғалардың жеке кәсіпкерлік қызметі ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдаланумен және осы өнімдерді қайта өңдеп, өткізумен тығыз байланыста жүзеге асырылатын отбасылық – еңбек бірлестігі.

Шаруа (фермер) қожалығының субъектілері болып заңды тұлғаны құрмастан кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және заңды тұлғаның белгілерін иеленбеген жеке тұлғалар табылады.

Шаруа (фермер) қожалығының мүшелері ретінде ортақ шаруашылықты бірлесіп жүргізетін ерлі – зайыптылар, балалары, асырандылары балалары, ата – аналары және басқа да жақын туыстары табылады. Шаруа (фермер) қожалығының басшысы болып кез келген әрекет қабілеттігі бар 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы бола алады.

Заңды тұлғаға қайта ұйымдастырылған жағдайда, оған тиесілі жер пайдалану құқығы ҚР азаматтық заңдарының нормаларына және ҚР Жер кодексіне сәйкес құқық мирасқорына көшеді.

Жер пайдаланушылардың құқықтары:

1) жер учаскесін оның нысанынан туындайтын мақсатта пайдалана отырып, жеке дербес жүзеге асыру;

2) ауыл шаруашылығы және өзге де дақылдар мен екпелерді себу мен отырғызуға, өндірілген ауыл шаруашылығы өнімі мен жер учаскесін пайдалану нәтижесінде алынған өзге де өнімге және оның өткізуден түскен табысқа меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басару;

3) жер учаскесі мемлекеттік қажеттіктер үшін алып қойылған жағдайда келтірілген шығынды толық көлемінде өтетіп алу;

4) жерді аймақтарға бөлуді ескере отырып, меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығымен жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкестікте тұрғын үйлер, өндірістік, тұрмыстық және өзге де үйлер салу.

Жер пайдаланушылардың міндеттері:

1) жерді оның нысаналы мақсатына сәйкес, ал уақытша жер пайдалану кезінде – жер учаскесін беру актісіне немесе жалдау шартына сәйкес пайдалануға;

2) санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес өндіріс технологияларын қолдануға, өздері жүзеге асыратын шаруашылық және өзге де қызмет нәтижесінде халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіруге, санитарлық – эпидемиологиялық, радиациялық және экологиялық дағдайдың нашарлауына жол бермеуге;

3) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 140 – бабында көзделген жерді қорғау жөніндегі іс – шараларды жүзеге асыруға;

4) Жер салығын, жер учаскелерін пайдалану төлемақысын және Қазақстан Республикасының заңдары мен шартта көзделген басқа да төлемдерді уақытылы төлеуге.

Жер пайдаланушылар заңдармен, басқа да актілермен және уақытша жер пайдалану шарттарымен көзделген басқа да міндеттерге ие болуы мүмкін.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 346; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты