Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Амортизация





43. Объектінің жинақталған өзіндік құнымен салыстырғанда бастапқы құны елеулі жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің әрбір компоненті міндетті түрде бөлек амортизациялануға тиіс.
44. Ұйым жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісіне қатысты бастапқы танылған соманы оның елеулі компоненттеріне бөледі және сондай әрбір компонентті бөлек амортизациялайды. Мысалы, ұшақтың фюзеляжы мен двигателін, осы объект өзіндік құнда екендігіне немесе қаржылық жалдау мәні болып табылатындығына қарамастан, бөлек амортизациялауға болады.
45. Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісі елеулі компонентінің пайдалы қызмет мерзімі және соған қатысты қолданылатын амортизациялау әдісі тап сол объектінің пайдалы қызмет мерзімі және оның басқа елеулі компонентін амортизациялау әдісі сияқты болуы мүмкін. Амортизациялық есептеудің мөлшерін анықтаған кезде ондай компоненттерді топтарға біріктіруге болады.
46. Егер ұйым жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің кейбір компоненттерін бөлек амортизациялайтын болса, ол осы объектінің қалған бөлігін де бөлек амортизациялауға тиіс. Объектінің қалған бөлігі жеке-жеке алғанда елеулі маңызы жоқ компоненттерден тұрады. Егер ұйым осы компоненттерге қатысты күтілімдері әр түрлі болса, тұтыну сұлбасын және/немесе оның компоненттерінің пайдалы қызмет мерзімін дәл көрсететіндей объектінің қалған бөлігін амортизациялау үшін жуықтату әдісін қолдану қажеттігі туындауы мүмкін.
47. Ұйым тұтас алғанда объектінің өзіндік құнымен салыстырғанда бастапқы құны елеулі емес объектінің компоненттерін бөлек амортизациялауға құқылы.
48. Әрбір кезең үшін амортизациялық есептеулер, егер олар басқа активтің баланстық құнына қосылмаса ғана, пайдада немесе залалда танылуға тиіс.
49. Кезең ішіндегі амортизациялық есептеулер әдетте пайдада немесе залалда танылады. Бірақ, кейде активте түйінделген экономикалық пайдалар басқа активтерді өндірген кезде жоғалып кетеді. Бұл жағдайда амортизациялық есептеулер басқа активтің бастапқы құнының бір бөлігін құрайды және оның баланстық құнына қосылады. Мысалы, өндірістік жабдықты амортизациялау тауар-материалдық босалқыларды өңдеу жөніндегі шығындарға қосылады (2 IAS қараңыз). Сол сияқты, әзірлеуде пайдаланылатын жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың амортизациясы 38-«Материалдық емес активтер» IAS Халықаралық стандартына сәйкес танылатын материалдық емес активтің бастапқы өзіндік құнына қосылуы мүмкін.

Амортизацияланатын құн және амортизация кезеңі
50. Активті амортизациялау құны міндетті түрде жүйелі негізде оның пайдалы қызмет мерзіміне бөлінуге тиіс.
51. Активтің жойылу құны мен пайдалы қызмет мерзімі міндетті түрде, ең болмағанда, әрбір қаржы жылының соңында қайта қаралуға тиіс, және, егер ағымдағы күтілімдердің алдыңғы бағалардан айырмашылығы болса, 8-«Есеп саясаты, есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер және қателіктер» IAS Халықаралық стандартына сәйкес бұл өзгерістер міндетті түрде есептік бағалаудағы өзгеріс ретінде есепте көрсетілуге тиіс.
52. Амортизация, тіпті егер активтің әділ құны оның баланстық құнынан асып түссе де, активтің жойылу құны оның баланстық құнынан аспаған жағдайда, танылады. Активті жөндеу және оған қызмет көрсету оны амортизациялау қажеттігінен босатпайды.
53. Активтің амортизацияланатын құны оның жоюйылу құны шегерілгеннен кейін анықталады. Іс жүзінде, активтің жойылу құны көбінесе мардымсыз болады, және сондықтан да амортизацияланатын құнды есептеген кезде елеулі рөл атқармайды.
54. Активтің жойылу құны оның баланстық құнына тең немесе одан асып түсетін сомаға дейін ұлғаюы мүмкін. Егер солай болса, осы актив бойынша амортизациялық есептеу, егер бұдан былай оның жойылу құны баланстық құнынан төмен болмаған жағдайда ғана, нөлге тең болады.
55. Активті амортизациялау, ол пайдалану үшін қол жететіндей болған кезде, яғни актив орналасқан жер мен оның жай-күйі ұйым басшылығының ниетіне сәйкес оны пайдалануды қамтамасыз ететін кезде басталады. Активті амортизациялау мына екі күннің ертерегі бойынша тоқтатылады: 5 IFRS сәйкес активті сату үшін арналған ретінде жіктеу (немесе оны сату үшін арналған деп жіктелген шығу тобына енгізу) күні және аталған активті тану тоқтатылған күн. Тиісінше, актив пайдаланудан мүлдем немесе оны белсенді пайдалану тоқтатылса, егер ол толықтай амортизацияланбаған болса, амортизация тоқтатылмайды. Алайда, активті пайдалану негізінде оны амортизациялау әдісін қолданған кезде, актив еш нәрсе өндірмейінше, амортизациялық есептеу нөлге тең болуы мүмкін.

56. Активте түйінделген болашақ экономикалық пайдалар негізінен оны тұтыну арқылы қолданылады. Рас, актив бос тұрып қалған кезде моральдық немесе коммерциялық тұрғыдан ескірген және табиғи тұрғыдан тозған басқа факторлар осы активтен алу мүмкін болатын экономикалық пайданың азаюына жиі әкеп соқтырады. Тиісінше, активтің пайдалы қызмет мерзімін анықтаған кезде төменде келтірілген факторлардың барлығы ескеріледі:
(а) активті болжамды пайдалану. Пайдалану активтің есептік қуатына немесе табиғи өнімділігіне сүйеніп бағаланады;
(b) осы активті пайдаланатын ауысым саны, жөндеу және қызмет көрсету бағдарламасы, сондай-ақ бос тұрып қалу кезеңінде активті сақтау және оған қызмет көрсету сияқты өндірістік факторларға тәуелді болжамды табиғи тозу;
(с) өндірістік процесті өзгерту немесе жетілдіру нәтижесінде, не активті пайдаланып өндірілетін немесе берілетін өнімдерге немесе қызмет көрсетулерге рыноктағы сұраныстың өзгеруі нәтижесінде моральдық немесе коммерциялық жағынан тозу;
(d) жалгерлік мерзімдер сияқты активті пайдалануға заңдық немесе сол сияқты шектеулер.
57. Активтің пайдалы қызмет мерзімі ұйым үшін активтің күтілетін пайдалылығы ескеріліп анықталады. Ұйымның активтерді басқару мәселелеріндегі саясаты белгілі бір уақыт өткен соң немесе активте түйінделген экономикалық пайданың белгілі бір бөлігі тұтынылғаннан кейін активтердің істен шығып қалуын көздеуі мүмкін. Сөйтіп, активтің пайдалы қызмет мерзімі оны экономикалық пайдалану мерзімінен қысқа болуы мүмкін. Активтің пайдалы қызмет мерзімін бағалау ұйымның осындай активтермен жұмыс тәжірибесінің негізінде білікті пайымдау мәні болып табылады.
58. Жер учаскелері мен ғимараттар есепте бөлек көрсетілетін, тіпті олар бірге сатып алынса да, бөлінетін активтер болып табылады. Карьерлер және қоқыс төгуге бөлінген алаңдар сияқты кейбір учаскелерді қоспағанда, жер учаскелерінің шексіз пайдалану мерзімі болады және амортизациялауға жатпайды. Үйлердің пайдалану мерзімі шектеулі, сондықтан олар амортизацияланатын активтер болып табылады. Үй тұрған жер учаскесі құнының ұлғаюы осы үйдің амортизацияланатын құнын анықтауға ықпал етпейді.

59. Егер жер учаскесінің құны бөлшектеуге, объектіні жоюға және осы учаскедегі табиғи ресурстарды қалпына келтіруге арналған шығындарға қосылса, онда жер активі құнының осы бөлігі осындай шығын шегуден пайда алу кезеңінің ішінде амортизацияланады. Кейбір жағдайларда жер учаскесінің пайдалы қызмет мерзімі шектеулі болуы мүмкін, онда ол одан болатын пайданы көрсететін тәсілмен амортизацияланады.

Амортизация есептеу әдісі

60. Амортизация есептеудің пайдаланылатын әдісі ұйымның болашақ экономикалық пайдаларды болжамды тұтыну сұлбасын көрсетуге тиіс.
61. Активке қолданылатын амортизация есептеу әдісі ең болмағанда әрбір қаржы жылының соңында қайта қаралуға тиіс, және, егер активтерде жасалған болашақ экономикалық пайдаларды тұтынудың болжамды сұлбасында елеулі өзгеріс анықталса, бұл әдіс осы өзгерісті көрсету үшін түзетілуге тиіс. Ондай өзгеріс 8 IAS сәйкес бухгалтерлік бағалаудағы өзгеріс ретінде есепте көрсетілуге тиіс.
62. Активтің амортизацияланатын құнын оны пайдалы пайдалану мерзімінің ішінде жүйелі түрде бөлу үшін әр түрлі әдістер пайдаланылуы мүмкін. Бұларға біркелкі есептеу әдісі, азайтылатын қалдық әдісі және өндіріс бірлігінің әдісі жатады. Біркелкі есептеу әдісі, егер бұл жағдайда оны тарату құны өзгермейтін болса, активтің пайдалы қызмет мерзімінің ішінде тұрақты амортизация сомасын есептеу болып табылады. Азайтылатын қалдық әдісі пайдалы қызмет мерзімінің ішінде амортизация есептеу сомасының азаюына алып келеді. Өндірістік бірлік әдісі болжамды пайдалану немесе болжамды өнімділік негізінде амортизация сомасын есептеуден тұрады. Ұйым активте жасалған болашақ экономикалық пайдаларды тұтынудың есептік сұлбасын неғұрлым дәл көрсететін әдісті таңдап алады. Таңдап алынған әдіс, осы болашақ экономикалық пайдаларды тұтынудың есептік сұлбасында өзгеріс болған реттерді қоспағанда, кезеңнен кезеңге жүйелі түрде қолданыла береді.

Құнсыздану
63. Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісі құнының кемігенін анықтау үшін ұйым 36-«Активтердің құнсыздануы» IAS Халықаралық стандартын қолданады. Бұл Стандарт ұйым өз активтерінің баланстық құнын қалай қайта қарайтынын, ол активтің өтелетін сомасын қалай анықтайтынын және ол құнсызданудан болған залалды қалай танитынын немесе қалай өтейтінін түсіндіреді.
64. [жойылған].
Құнсыздануды өтеу
65. Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың құнсыздануына, жоғалуына немесе берілуіне байланысты үшінші тараптарға берілетін өтем, ондай өтемді алуға арналған кезде, міндетті түрде пайдаға немесе залалға қосылуға тиіс.
66. Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардар объектісінің құнсыздануы немесе жоғалуы, үшінші тараптардың өтемге қоятын тиісті талаптары немесе өтемдерді төлеуі, сондай-ақ кез келген келесі сатып алулар немесе алмастыратын активтер салу бөлек экономикалық оқиғалар болып табылады және, төменде айтылғандай, бөлек ескерілуге тиіс:
(а) жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың құнсыздануы 36 IAS Халықаралық стандартына сәйкес танылады;
(b)пайдаланудан шығарылатын немесе шығып қалатын жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтарды тануды тоқтату осы Стандартқа сәйкес жүргізіледі;
(c)жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың құнсыздануына, жоғалуына немесе берілуіне байланысты үшінші тұлғаларға берілетін өтемақы, ол алуға арналған кезде, пайдаға немесе залалға қосылады;
(d) алмастыру ретінде қалпына келтірілген, сатып алынған немесе салынған жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектілерінің бастапқы құны осы Стандартқа сәйкес анықталады.
ТАНУДЫ ТОҚТАТУ
67. Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің баланстық құнын тану мынадай жағдайда міндетті түрде тоқтатылуға тиіс:
(а) шығып қалғаннан кейін; не
(b) оны пайдаланудан немесе шығып қалуынан болашақ экономикалық пайдалар күтілмесе.
68. Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісін танудың тоқтатылуына байланысты туындайтын пайда немесе залал ондай объектіні тану тоқтатылған жағдайда міндетті түрде пайдаға немесе залалға қосылуға тиіс (егер 17 IAS кері жалдап сату кезінде өзгеше талап етпесе). Пайданы кіріс ретінде сыныптауға тиым салынады.
69. Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің шығып қалуы әр түрлі жолдармен жасалуы мүмкін (мысалы, сату, қаржылық жалдау шартын жасау немесе сыйға тарту жолымен). Ондай активтің шығып қалған күнді анықтау үшін ұйым тауарлар сатудан түскен кірісті тануға арналған 18-«Табыс» IAS Халықаралық стандартының өлшемдерін қолданады. 17 IAS кері жалдап сату жолымен істен шығаруға қолданылады.

70. Егер, 7-параграфта баяндалған тану принципіне сәйкес, ұйым жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің баланстық құнында осы объектінің бір бөлігін алмастыру құнын танитын болса, осы алмастырылатын бөлік бөлек амортизацияланған ба, жоқ па, соған қарамастан, ол алмастырылатын бөліктің баланстық құнын тануды тоқтатады. Егер ұйым активтің алмастырылған бөлігінің баланстық құнын анықтай алмайтын болса, ол алмастыру құнын оны сатып алған немесе салған кездегі алмастырылған бөлік құнының көрсеткіші ретінде пайдалануға құқылы.
71. Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісін танудың тоқтатылуына байланысты туындаған пайда немесе залал, шығып қалудан болған таза түсімдер (егер ондайлар бар болса) мен осы объектінің баланстық құны арасындағы айырма ретінде міндетті түрде анықталуға тиіс.
72. Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісі шығып қалғаннан кейін алуға ыңғайласпа беру бастапқыда оның әділ құны бойынша көрсетіледі. Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісі үшін ақы төлеуді кейінге қалдырған ретте алынған ыңғайласпа беру бастапқыда объектінің ақшалай қаражаттар баламасындағы бағамен көрсетіледі. Ыңғайласпа берудің атаулы сомасы мен ақшалай түрдегі баға баламасының арасындағы айырма, алуға өтемнің тиімді кірістілігі ескеріліп, 18 IAS Халықаралық стандартына сәйкес пайыздық кіріс ретінде танылады.
Өз-өзiн бақылау сұрақтары:

1.Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар?
2. Бастапқы шығындар?
3. Келесі шығындар?
4.Бастапқы құнды бағалау?

Ұсынылатын әдебиеттер:

5. Закон Республики Казахстан от 30.11.2000 № 109–II «Об оценочной деятельности в Республике Казахстан» «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам оценочной деятельности» от 09.11.2009 № 197– 4 Альжанова Ф.Г. Рынок технологий в условиях глобализации: институты и механизмы развития Казахстана – Алматы, 2007, - 18 с.

6. Стандартты оценки Республики Казахстан Утвержден приказом Министра юстиции Республики Казахстан

 

 


5 ЛЕКЦИЯ «Зияткерлік меншік объектілері және материалдық емес
активтердің құнын бағалау» бағалау стандарты

Дәрістің мақсаты: «Зияткерлік меншік объектілері және материалдық емес
активтердің құнын бағалау» бағалау стандартыашып көрсету

Негізгі сұрақтары:

1. Жалпы ережелер

2. Табыстық тәсіл әдістері

3. Шығындық тәсіл әдісі

4. Салыстырмалы талдау әдісі


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 122; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты