Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Кристалды күйдің сипаттамасы. Қасиеттердің анизотроптылығы.




Бұл қасиеттері кристалдардың ішкі құрылысына байланысты.

Біркелкілік – физикалық дененің барлық көлемінде бірдей болу қасиеті. Екі кішкене кристалды заттың бөлігін екі жерден алынса да, бірдей қасиеті болады. Сонымен қатар, көп жағдайларда нақты кристалды заттарда ақаулы жерлері болады.Осыған байланысты абсолютті бірдей қасиет кристалдарда бола бермейді.

Кристалдардың біркелкілігі оның көлемін қарастырғанда көрінеді және ол көлем материалды бөлшектерден әлдеқайда артық болуы керек. Кристалдардың қасиетін қарастырғанда олардың көлемі бөлшектердің көлемінен артық, бірақ кристалдың көлемінен кіші болуы шарт.

Анизотроптылық – біркелкі дененің қасиеттері параллель бағытта бірдей де, параллель емес бағытта бірдей болмауын айтады.

Кристалдардың торлы құрылысы анизатроптығымен байланысты.Параллель бағыттың бойындағы тордың қатарында жатқан бөлшектердің ара қашықтығы бірдей де, параллель емес бағыттағы бөлшектердің ара қашықтығы әр түрлі. Сондықтан, кристалдардың физикалық қасиеттері (қаттылығы, жылу өткізгіштігі, электр тогын өткізуі) тордағы бағытқа байланысты болады.

Кристалдардың жылудан кеңеюі анизатропты, мысалы графиттің вертикаль осінің бойымен ұлғаюы, көлденең өзгеруінен 14 есе үлкен. Кейбір кристалдардың жылулық ұлғаюы осінің бойымен ұзарса, көлденең осі бойынша кішірейуі мүмкін.Бұған мысал кальцийді CaCo3 қыздырғанда ұзындығы бағытты ұзарса, көлденең бағытта қысылады.

Монокристалдардың әртүрлі бағытқа байланысты жылу өткізу қабілеті де әртүрлі. Графиттің жылу өткізгіштігі ұзындық бағыты бойынша 14есе көлденең бағытынан артық.

Анизатроптың механикалық қасиеттерде нақты көрінеді. Қабатталып (қатпарланып) келетін кристалдар құрылысы-слюда, мыс, графит, тальк –қабаттардың бағытымен оңай ажыраса,көлденең оларды сындыру қиынға түседі.

Кристалдардың қаттылығы қабаттарының бағытына байланысты. Бұл мысалы кристалды қатты затпен тырнаса, бір бағытта із жақсы түссе,екінші бағытта нашар түседі.

Кейбір кристалдардың қасиеттері бағытқа қарамай бірдей болады. Осыларға байланысты кристалдардың қасиеттерін қарастырғанда, оларды тек параллель бағыттағы қасиеттерімен салыстыру керек.

Өзінен - өзі қырлану қасиеті – кристалдардың көпқырлы қасиетінің белгілі бір жағдайда болуы. Бұл қасиет тек кристалдарда болады. Әртүрлі бағытта, кристалдың өсу жылдамдығы әртүрлі болғандықтан, олар көпқырлы болып келеді. Кристалдардың өздігінен қырлану қасиеті олардың құрылысына байланысты. Мысалы кристалдардан жонған шарикті (ас тұзынан NaCl)ас тұзының қаныққан ертіндісіне салса, біршама уақыттан кейін, шарикке қырлар пайда болып,ол кубке айналады.

Әдетте металл кристалдары кіші мөлшерлі болып келеді. Сондықтан металлдан жасалған заттар көп кристалдардан тұрады да,бұл құрылысты поликристалды агрегат дейміз.

Өсу жолында кристалдар бір-біріне бөгет жасап, дұрыс форма ала алмайды. Дұрыс формалы кристалл емес кристалл кристалитдеп аталады.

Кристаллографияның эмпириялық заңдылығы. Кристаллдардың геометриялық анықтау әдісі.

Кх кристалдардың құрылысының байланыстарын олардың физико- химиялық қасиеттерін зерттейді. Кристалдардың құрылысының әртүрлі болуы,олардың химиялық құрамынан, атомдармен иондардың мөлшерінен және олардың арасындағы күштерге байланысты.

Нақты кристалды құрылысты есептеу өте ауыр жұмыс. Бірақ кх пәні арқылы көп заттардың құрылысын түсіндіріп,кейбіреуін есептеп, олардың қасиеттерін түсіндіріп, алдын ала болжауға болады.

Кх теоретикалық негізін құруға Федоровтың еңбектері үлкен роль атқарды. Оның 230 кеңістіктегі кристалдар симметриясы,олардың орналасу заңдылығын ренгендік зерттеулер дәлелдеп берді.

Кх-лық заңдылықтар кристаллографиямен шектеліп қоймайды. Кх-ның ілімдері геологиялық бағытта (минералогия, геохимия, кен орындары туралы) пәндерде ғана емес,осы күнгі химияда, металлургияда кеңінен қолданылады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 130; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты