Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Р даму сатыларындағы ақша-несиелік саясатының ерекшеліктері




1. Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. ҚРҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: үлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.

Ақша-несие саясаты— бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.

Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі Ұлттық банк болып табылады. Ал, ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.

Шаруашылық конъюктурасының жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:

1. Рестрикциялық ақша-несие саясаты;

2. Экспанциондық ақша-несие саясаты.

Рестрикциялық ақша-несие саясаты— екінші денгейлі банктердің несиелік операицялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Экспанциондық ақша-несие саясаты— несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша массасының өсуіне бақылаудың, әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетуде Ұлттық банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде. Заңға сәйкес Ұлттық банк мынадай ақша-иесие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:

• сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу;

• ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу;

• мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сатуы
бойыншаашық нарықтағы операцияларды жүргізу;

• банктерге және үкіметке несиелер беру;

• валюталық нарықта интервенциялау;

• кейбір жағдайларда, несиелік операцияррдың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс жүзінде қолданылып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелері, қысқа мерзімді ноталарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.

Ұлттық банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы мөлшерлемелерді белгілейді:

- ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;

- ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі;

- РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;

- «овернайт» займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;

-күндізгі займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі.
Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі — ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция және күтілетін инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді. Ұлттық банкінің заң актілері, ҚР Президентінің актілері негізінде немесе ҚР ҰБ Басқармасының жеке қаулылары бойынша жүргізілетін заем операциялары бойынша қолданылады.

Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі — ақша нарығының жалпы жағдайына, несиелер бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты белгіленеді және Ұлттық банктің коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу операцияларында қолданылады. Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме жылдық пайыздық мөлшерлеме болып табылады және ол айналыс мерзімі алты айлық вексельдерді қайта есептеуде қолданылады.

РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері — жылдық пайыздық мөлшерлемелер, ішкі қаржы нарығының жағдайына байланысты белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде қолданылады. РЕПО-ның мақсатты мөлшерлемесінен ауытқу жағдайында ақшалай қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен РЕПО нарығындағы сыйақы мөлшерлемелерді реттеу арқылы сыйақы мөлшерлемелердің елеулі ауытқуын болдырмау.

«Овернайт» заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі — Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚР ҰБ-ғы корреспонденттік шоттары бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір түнге берілетін заемдары бойынша қолданылады.

Күндізгі заемдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері — Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚР ҰБ-ғы теңгеде ашқан корреспонденттік шоттары бойынша төлем жүргізуге немесе ақшалай аударымдар жасауға қажетті ақша қаражаттары уақытша болмаған не жетіспеген жағдайларда займдар бойынша қолданылады.

Ақшалай нарықтағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несиелер көлемін реттеуде, банктің өтімділік деңгейін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.

Резервтік талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік талаптар, бір жағынан, сақтандыру институттарының жоқ кезінде, коммерциялық банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликация процесін реттеу қызметтерін атқарады.

Ақша-несие саясатының бүл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген «ҚР коммерциялық - кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы» нүсқауға сәйкес міндетті резерв нормативі 18 - 20% мөлшерінде бекітілген болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп, 6% -ды құрайды. Банктердің резервтерінің артық болуы, яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияңты резервтеудің альтернативтік тәртібіне өтуге, яғни бүл банктердің пруденциалдың нормативтерді орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшерінің төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.

Әлемдік тәжірибеде міндетті резервтердің өте жоғары деңгейде болуы, банк жүйесінің қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін нашарлатып, ал ең төменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.

2. Ақша-кредит саясаты - инфляцияға қарсы күреске, ұлттық валюта бағамын қолдауға және рыноктың қалыпты жағдайда қызмет етуіне бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі. Ақша-кредит саясаты (АКС) - бұл экономикалық жағдаятты «нәзік қалыпқа түсіретін» құрал. Ақша-кредит саясатының негізгі қарастыратын міндеттері, толық жұмыспен қамтамасыз етілуді және инфляцияның болмауымен сипатталатын өндірістің жоғары деңгейіне жетудің экономикалық жүйесіне көмектесу болып табылады

Ақша-кредит саясатының мақсаттары:

- қаржылық рыноктағы теңдестікті колдау, айналымдағы ақша жиынтығын реттеу мен бақылау;

- экономикадағы инфляциялық көріністермен күрес, ұлттық валютаның бағамын реттеу;

- экономикалық кезенді реттеу және жагдаятты теңдестіру;

- экономиканың нақты секторын арзан кредит ресурстарымен қамтамасыз ету.

АКС-ның негізгі мақсаты инфляцияның төмен қарқынын (6-8 пайыз) қолдау болып табылады.

Бұл мақсатқа Ұлттық банкте бар барлық құралдарды пайдалану арқылы ақша базасының деңгейін реттеуді қамтамасыз етумен қол жеткізуге болады.

Ақша-кредит саясаты ақша айналымын реттеу, қайта қаржыландыру мөлшерін белгілеу, валюталық дәлізді белгілеу және т.б. арқылы жургізіледі. Барлық көрсетілген қүралдар экономикаға жанама және жалпы ықпал керсетеді, сондықтан бұл құралдарды қолданудыщ сандық нәтижесі алдын ала баға беруді төтенше қиындатады.

Макроэкономикалық дамуда ақша рөлі Мәселесі үш мак-роэкономикалық көзқарасқа бөлінеді.

Неокласситтық мектеп өзін-өзі реттейтін және өзін-өзі дамытатын рыноктық экономика туралы көзқараспен байланысты экономикалық үдерістерді мемлекеттік реттеудің қажеттігін теріске шығарды, ал ақшаны ЖІӨ, табыстар, инвестициялар, бағалар және т.б. тәрізді көрсеткіштердің тек атаулы көрінісіне қажет сыртқы қабығы ретінде қабылдады. Неоклассикалық мектеп өкілдерінің пікірі бойынша, ұлттық өндірістің көлемі экономикада бар өндірістік ресурстарға тэуелді болғандықтан, олардың серпіні мен ақшаның нақты деңгейіне ықпал жасауы мүмкін емес. Экономикадағы ақша көлемінің өзгерістері тек ішкі бағаның деңгейіне әсер етуі мүмкін.

Мұндай ұстаным, ақшаның атаулы санының үйлесімді өзгерістері тек бағаның абсолюттік деңгейінің үйлесімді өзгерістерін келтіретінін дэлелдеген И. Фишердің теориясында барынша айқын көрінді.

«И. Фишердің айырбас тендеуі» деп аталған теңдеуде байланыс айқын көрінеді.:

М У= Р х (3, мұнда М - айналымдағы ақша кө/іемі;

V - бір ақша бірлігінің айналым жылдамдығы;

Р - тауарлар мен қызметтің орташа бағасы;

0 - жыл ішінде үлттық экономика шеңберінде өндірілген,

тауарлар мен қыгзметтің саны немесе жалпы ұлттық өнімнің

нақты көлемі.

Жоғарыдағылардан қорытындылай отырып, неоклассиктер ақша саясатының тиімсіздігі туралы және барлығынан бұрын, балансталған мемлекеттік бюджет пен балансталған төлем балансы жөнінде пайым жасады.

1929-1933 жж. ұлы тоқырау бұл мектептің көп ережелеріне, оның ішінде, әсіресе рынок экономикасындағы мәжбүрлі жұмыссыздық пен мүмкін дағдарыстарды іс жүзінде шығарып тастаған ережесіне күдік тудырды. Бұл дағдарыстарды тудырған ақшаның сандық теориясының қабілетсіздігін білдірді. Экономиканы реттейтін, бірнеше мемлекеттік шараларды, оның ішінде қаржы реттеуішін қолданатын шаралардыг пайдалану қажет болды.

Кейнсиандық көзқарас. Көрнекі экономист Дж.М. Кейнстің «Жұмыспен қамтамасыз етудің, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы» (1936 ж.) кітабының шығуымен, жалпы макроэкономикалық саясатқа және оның ішінде ақша саясатына көзқараста түбегейлі револөция болды. Дж. Кейнс экономикалық белсенді жағдайға мемлекеттің ықпалы қажет деп есептеді және экономикадағы жиынтықты сұранысты өзгерту үшін қаржы-кредит және бөджет-салык саясатының әдістерін ұсынды.

Кейнсиандық базалық негізделетін негізгі теориялық теңдеу:

Ү= С + 0+1

мұнда Ү - ЖҰӨ-нің атаулы көлемі;

С - тұтыну шығындары;

С? - тауарлар мен қызметке мемлекеттік шығындар;

I - жеке инвестициялар;

ХК - таза экспорт.

Дж. Кейнс шешуші мәнді инвестициялық сұранысқа апарды, өйткені, мулытипликациялық әэсер арқылы инвестициядағы ауытқулар өндіріс жұмыспен қамтамасыз етілуде үлкен өзгерістер экеледі. Инвестиция деңгейі негізінен, пайыздық мөлшерлемеге байланысты: пайыздың мөлшерлемесінің есуі инвестиция деңгейін азайтады, яғни өндіріс және жұмыспен қамтамасыз ету көлемі төмендейді. Өз кезегінде пайыздық мөлшерлеме ақша жиынтығының деңгейімен анықталады: оның өсуі пайыз мөлшерлемесінің азаюына және инвестицияның өсуіне әкеледі және керісінше, азаю пайыз мөлшерлемесінің өсуіне және инвес-тицияның төмендеуіне экеледі. Бұл пайыз мөлшерлемесінің ауытқуы арқылы ақша айна-лымының жағдайы экономикаға тұтастай күшті әсер етеді. Себеп-ті-салдарлы байланыстың тізбегі мынадай: ақша көлемінің өсуі пайыз мөлшерлемесінің төмендеуіне экеледі, Бұл инвестицияның өсуіне келтіреді, яғни табыс және жұмыспен қамтамасыз етудің өсуіне әкеледі, яғни пайыздық мөлшерлеме - бұл ақша айналымы арқылы экономикаға ықпал ететін басты тұтқа.

Кейнс ақшаға сұранысты екі шаманың қызметі ретінде қарастырды - атаулы үлттық табыс және пайыз мөлшерлемесі, өйткені ол ақшаға сұраныс екі әлементті қосады деп есептеді:

1. Трансакциялық сұраныс немесе мэміле үшін ақшаға сұраныс. Ол жоспарланған шыгынға ақша қажет болған жағдайдағы трансакциялықуэжді есепке алады. Трансакциялық сұраныс атаулы ұлттық табыстың деңгейіне тэуелді: оның деңгейі жоғары болған сайын, шығындар деңгейі сонша жоғарылайды және мәмілеге көп ақша қажет болады.

2. Бағалы қағаздарды сатып алу және сатумен байланысты, алыпсатарлық сұраныс. Мұндай сүраныстың болуы адамдар әрбір нақты жагдайда тұтынуға табыстың қандай үлесін бағыттауды, ал қайсы бірін жинақ салымына және бұл жинақты қандай нысанда сақтауды шешетініне байланысты.

Бағалы қағаздар белгілі бір тәуекелі болса да табыс әкеледі, өйткені пайыз мөлшерлемесінің өзгерістері бағалы қағаздар бағамының өзгерістеріне экеледі: пайыз мөлшерлемесі жоғарылаған сайын, баға сонша төмен болады. Мұндай жағдайда, өтемпаздыққа артықшылық беруге жаппай ұмтылу пайда болады. Осыдан алыпсатарлық уәж ақша мен пайыз мөлшерлемесі арасындағы сұраныс шамасынының кері байланы-сын қалыптастырады.

Ақша-кредит реттеуі әдісін пайдалана отырып, мемлекет пайыз мөлшерлемесіне әэсер ете алады, сол арқылы - жұмыспен толық қамтамасыз етуді және экономикалық өсуді қамтамасыз етуді қолдай отырып, инвестиция деңгейіне ықпал ете алады.

Ақшаның сандық монетарлық теориясы. ХХ-ғасырдың 60-жылдарының аяғында барлық айқындалғандардан кейін, кейнсиан теориясының кемшіліктері — оның ішінде: инфляциялық үдерістердің қауіптілігін жете бағаламауы; мемлекеттік шығындардыщ, бөджет тетіктерінің рөлін өсіріп көрсетуі; қаржылан-дырудың жетіспеуінің нақты әсерін артық бағалауы біліне бастады. Бұл экономикадағы ақша рөлін қайта қарауға және монетарлық теорияға оралуға көмектесті. Монетарлық тәрізді экономикалық теорияда белгілі М. Фридмен және оның ізбасарлары, ақшаның қазіргі заманғы сандық теориясын эзірледі. Бұл теорияның басты постулаттары:

• Рыноктық жүйе өзін-өзі реттеу негізіндегі автоматты қабілетке ие, өзін тепе-теңдікке әкеледі. Экономикада пайда болатын қиындықтар сыртқы факторлармен танылады және мемлекетгік органдардың қате әрекеттерінің нәтижесіболып табылады. Рыноктық экономиканың өзінде, жеке шаруашылық табиғатында әуелден негізі қаланған,

беріктіліктің жеткілікті қоры бар.

• «Бірде-бір үкімет рыноктен артық дана бола алмайды»,сондықтан экономикаға мемлекеттік араласуды шектеу қажет.

• Осы айтылғандардың пайдасына дәлелдер: а) тендесуді қалыпқа келтіруге ұмтылатын, стихиялы реттеушінің әрекетін шектеуге мемлекеттік араласу; ә) мемлекеттік араласу қыска мерзімді келешекке бағытталған, ал пайда болған қиындықты шешу үшін уақыт кендігі, уақыт үзақтығы керек және ол тек рыноктың өз күшінен ғана келеді; б) мемлекет сұранысты кұра алады және оны басқарады (мемлекеттік шығындар, салықтар, қарыздар және т.б. арқылы), ол тауар ұсынысын көбейте алады.

• Зерттеулер мен тәжірибелік ұсыныстар ауыртпалығының орталығын ақша-кредит операциясының аймағына көшіру. Ақша өзінің барлық көп бейнелілігімен экономикалық үдерістердің стихиялық реттеушісі бола алады. Сонымен бірге ақша жиынтығының айналасына оның мөлшерлері, өсу қарқыны және ақша айналымының жылдамдығына назар аудару жинақталады.

Қазіргі заманғы ақша теориясы, кейнсиан теориясының әлементтерін, монетарлыкты, «экономика ұсынысының» неоклассикалық теорияларын және т. б. қоса отырып, бара-бара көбірек синтетикалық нысан ала түседі.

3. Ақша-кредит саясатының маңызды міндеттері - ақша жиынтығын реттеу болып табылады. Ақшаны шығаруға монополиялық қүқығы бар, елдің орталық банкі ол үшін соған сәйкес тетіктерді пайдаланады. Орталық банк ЭМР-дің кредиттік құралдарын қолданушы басты инстанция болып табылады. Одан басқа, кредит аясында кредит операцияларына қатыса отырып, оған ықпал етсе де, ақша айналымы мен елдегі жеке несиелік капитал қозғалысын реттемейтін және басқа да мемлекеттік институттар жұмыс істейді.

Ақша жиынтығының құрылымына алты элемент жатады:

■ Ақша жиыны — Бұл тауарлар мен қызметтерге айырбасқа сатушыларлмен қабылданатын, қазіргі заманғы ақшалай қаражаттың жалпы самасы.

Қазіргі уақытта экономикалық талдауда ең көп тараған келесі ақша агрегаттары: МО ақша жиыны, М1, М2, МЗ, М4 .

МО ақша базасы - кәсіпорындардағы кассадағы ақшаны қосқандағы, айналымдағы қолда бар ақшаның саны.

М1 ақша - «тар мағынадағы ақша» - айналымдағы қолда бар ақшаның сомалары МО, оған тұрғындардың жинактары, кәсіпорындардың талап етілмелі және жолдық чектері қосылады.

М2 ақша - М1 ақшалай қаражатының сомалары, ағымдағы айналымға қызмет көрсететін, оған тұрғындар мен кәсіпорындардың мерзімді жинақтары қосылады;

МЗ ақша-«кең мағынадағы ақша» - ақшалай қаражатты өзіне қосатын ақша жиыны, бағалы қағаздарға қызмет көрсететін (облигациялар, сертификаттар, қазыналық міндеттемелер), бюджеттік, қоғамдық үйымдар шотындағы және капитал салымдарын қаржыландыру үшін қаржылар.

М4 ақша - МЗ ақша жиыны, оған банкте сақталатын, ақшалық емес өтемді қаржы қоры қосылады.

Қазір экономикаға қызмет ететін, ақша жиынтығы неден жиналатыны түсінікті болды, айналымдағы ақша санының формула-сын қарастырамыз:

д=Б + Т-К-ӨЖ АЖ

мұнда Б - тауарлар мен қызметтің бағалар сомасы; Т - осы кезеңге келетін төлем сомасы; К - осы кезеңце мерзімі келмеген төлем сомасы;

ӨЖ - өзара жабылатын төлемдердің сомасы; АЖ - ақшалай айналымының жылдамдығы.

Қазіргі заманғы жағдайда экономикасы дамыған елдерде үш негізгі құралдар пайдаланылады, олардың көмегімен Орталық банк қаржы-кредит саласын реттеуді - ашық рыноктагы операцияларды, міндетті резервтердіц мөлшері мен есептік мөлшерін жүзеге асырады.

Ашық рыноктағы операциялар - бұл есептік саясатты кетеру қүралы. Орталық банк бағалы қағаздарды, банк акцептерін және басқа да кредиттік төлемдерді сатады және сатып алады. Ашық рыноктағы операциялардың ерекшелігі, олар рыноктық пайыздық мөлшер бойынша емес, бүрын белгіленген бағам бойынша өткі-зіледі. Пайыздык мөлшер мемлекеттік бағалы қағаздардың мер-зімділігіне байланысты Орталық банкпен сараланымды белгіленеді.

Есептік саясат — бұрын коммерциялық банкпен есептелген векселыдерді қайта есептеу немесе сатып алуға негізделген.

Дисконттық саясаттың мәні - кредиттік институттарды қайта қаржыландыру жағдайының өзгеруімен ақша рыногындағы және капитал рыногындағы жағдайга ықпал етуінде.

Міндетті резервтердің саясаты. Міндетті резервтердің сая-саты экономиканы ақша-кредит реттеуінің қүралы ретінде, ақша рыногына мемлекеттің тікелей экімшілік әдісімен ықпал етуіне катысты. Бұл - Орталық банктің коммерциялық банктердің қолда бар ақша ресурстарының келеміне және олардың кредиттік мүмкіндіктеріне ықпал етуінің тәсілі.

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен, халықаралық банктермен және өзге де қаржы-несие ұйымдарымен қарым-қатынастарда өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді. Қазақстанның Ұлттық Банкі өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіріп отырады, өз қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескереді және егер бұл оның негізгі функцияларын орындау мен ақша-несие және валюта саясатын жүзеге асыруға қайшы келмесе, оны іске асыруға жәрдемдеседі. Ақша-несие саясатын жүргізудегі негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында инфляцияны болдыртпау және теңгенің тұрақтылығын сақтау арқылы бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Осыған байланысты 2007 жылғы 1 шілдеден бастап ақша-несиелік реттеу тетігіне өзгерістер енгізілді. Олар ақша-несие саясатының депозиттік жəне несиелік операциялар, қысқа мерзімді ноталар шығару, репо операциялары сияқты жекелеген операциялардың мерзімдері мен ставкалары бойынша бірегейлендіруді болжанды. Бірегейлендіру нəтижелерін күшейту үшін “овернайт”, “овердрафт” заемдарын беру жəне тікелей репо операцияларын жүргізу уақытша тоқтатылды. Ресми қайта қаржыландыру ставкасының реттеуші қасиетін күшейту үшін Ұлттық Банк ақша нарығының жалпы жай-күйіне, заемдар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейі жəне инфляциялық күтулерге қатысты ресми қайта қаржыландыру ставкасын кезеңмен (тоқсан сайын) қайта қарау жəне белгілеу практикасын ендірді. Қаржы нарығындағы пайыздық ставканы реттеуді күшейту мақсатында қысқа мерзімді ноталардың айналыс мерзімі біршама төмендеді. Банктердің Ұлттық Банктегі депозиттері артық шыққан өтімділікті реттеудің басты құралы болды.

Осы шаралар Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының позициясында есептелген нақты жарияланған пайыздық ставкалар бойынша қысқа мерзімді ақша тарту жəне беру арқылы нарықтық пайыздық ставкалардың дəлізін нақты белгілеуі үшін бағытталған. Ұлттық Банктің ресурстарын тарту жəне орналастыру бойынша ресми ставкалар дəліздің шекарасы болуы тиіс.

Ақша базасы жəне алтынвалюта резервтері бойынша мақсатты көрсеткіштерден инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге біртіндеп өту көп жағдайда Ұлттық Банктің инфляцияны төмендету жөніндегі негізгі мақсатына сəйкес келеді. Сондықтан 2006 жылы инфляциялық таргеттеу қағидаттарына өтуге дайындық жөніндегі жұмыс жалғастырылды. Осы қағидаттар инфляция жөніндегі мақсатты бағдарларды басшылыққа ала отырып, ақша-несие саясатының негізгі өлшемдерінің болжамдарын құруды қолға алды. Ұлттық Банк инфляция бойынша болжамдардың дəл болуын арттыруға, ақша-несие саясаты саласында қолданылатын шаралардың инфляцияға ықпалын бағалауға мүмкіндік беретін ақша-несие саясатының трансмиссиялық тетігінің үлгісін əзірледі.

Трансмиссиялық тетіктің үлгісіне ақша-несие саясаты құралдарының инфляцияға ықпал етуінің мынадай негізгі арналары кіреді: ақша арнасы, пайыздық (кредиттік) арна, валюта арнасы, сыртқы экономикалық арна. Ақша арнасы инфляцияға ақша сұранысын өзгерту арқылы ақша-несиелік реттеу саясатына өзгерістер өткізу барысын сипаттайды.

Пайыздық (кредиттік) арна банкаралық ақша нарығындағы ставкаларды өзгерту жəне заемшылар үшін несиелік ставкаларды инфляцияға өзгерту арқылы пайыздық саясатқа өзгерістер өткізу барысын сипаттайды. Валюта арнасы салыстырмалы бағаларды өзгерту жəне импорттық тауарлардың құнын инфляцияға өзгерту арқылы экономиканың айырбас бағамына өзгерістер өткізу барысын сипаттайды. Сыртқы экономикалық арна бензиннің экспорты мен ішкі бағаларын инфляцияға өзгерту арқылы мұнайдың əлемдік бағасына өзгерістер өткізу барысын сипаттайды.

Трансмиссиялық тетіктің үлгісін құру үшін үлгінің негізіне, егер бұрын бірқатар экономикалық айнымалылар бір-біріне қатысы бойынша нақты функционалдық өзара байланысты көрсетсе, онда осы өзара байланыстар жақын арадағы болашақта қадағалануы мүмкін деген жорамал салынған іс-қимыл түрі таңдалды. Үлгіге 7 теңдеу жəне 20 айнымалы кіреді. Онда теңгенің АҚШ долларына нақты айырбас бағамы, ақша базасының көлемі, ақша массасының көлемі, бір күндік несиелер бойынша банкаралық биржалық ставка, заңды тұлғаларға теңгемен берілген несиелер бойынша ставка, экономикаға кредиттердің көлемі, тоқсандық инфляция эндогендік (түсіндірілетін) айнымалылар болып табылады. Ақша-несие саясатының құралдары: Ұлттық Банктің репо операциялары бойынша ставкасы, айналыстағы қысқа мерзімді ноталардың көлемі, ЕДБ-дің Ұлттық Банктегі депозиттерінің көлемі, Ұлттық Банктің валюта басымдығы, ең төменгі резервтік талаптар экзогендік (ықпал ететін) айнымалылар болып табылады. Ақша-несие саясатының құралдарынан басқа сондай-ақ импорт пен экспорттық көлемі, ЖІӨ, импорттық бағалардың индексі, Қаржы министрлігінің айналыстағы мемлекеттік бағалы қағаздарының көлемі, банктік жүйедегі депозиттердің көлемі, негізгі капиталға инвестициялар, мұнайдың əлемдік бағасы, ел бойынша орташа айлық жалақы экзогендік болып табылады. Трансмиссиялық тетіктің үлгісін құру үшін Ұлттық Банктің жəне Статистика агенттігінің 1996 жылғы 1 тоқсанынан бастап 2005 жылғы 2 тоқсанға дейінгі кезеңдегі нақты тоқсандық деректері пайдаланылды. Трансмиссиялық үлгі бойынша есептеулердің нəтижесі Ақша-несие саясатының 2006-2008 жылдарға арналған негізгі бағыттарын əзірлеу кезінде пайдаланылды.

Қазіргі уақытта елдің ақша-кредит жүйесін жетілдіру үдерісі жалғасуда және оның алдына жаңа ауқымды міндеттер қойылды:

1. Ақша-кредит саясатын инфляциялық таргеттеу (шектеу) қағидаларына көшу жолымен, инфляцияның 3-4 пайыз жылдық шегінде төмен қарқынын қолдау. Мысалы, 2001 жылдың аяғында мақсаггы көрсеткіштерге дейін инфляцияны төмендетудің қайта қаржыландыру мөлшерін 10-11 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік берді. Бұл банктер үшін теңгедегі кредит ресурстарының жылдық қү.-нын 12-15 пайызға дейін төмендетуге және сонымен нақты сектордың кәсіпорындарын кредиттеу мүмкіндігін арггырды.

2. Шетел валютасына теңгенің нақты бағамының өсуін тежеу жолымен әлемдік рынокта қазақстандық тауарлар мен қызметтердің бәсекелестік қабілетін кетеруге бағытталған қолдау. Тұтыну бағасының индексі - инфляция деңгейін сипаттайды, өзінің жеке тұтынуы тұрғындармен сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің бағасының өзгеруін көрсетеді.

Таргеттеу (шектеу)-өнеркәсіптері дамыган елдерде орталық банктер өзінің саясатында ұстанатын, айналым мен кредиттердегі ақша жиынтығының өсуін реттейтін, мақсатты бағыттарды белгілеу.

3. Олардың ресурстық базасының әрі қарай өсуі үшін жағдай жасау және нақты секторды кредиттеуді кеңейту жолымен, банк жүйесі мен сақтандыру рыногының дамуын тұрақты қамсыздандыру.

4. Қаржылық рыноктың қатысушыларының мемлекеттік реттеушілік қызметін Ұлттық банктің қаржылық рыногында барлык қатысушылардың қадағалау қызметін шоғырландыру жолымен жетілдіру.

5. Қазақстанның төлем жүйесін Еуроодақ стандартына жақындатуға ұмтылу және нақты уақыт тәртібіндегі ұлттық жалпы есеп айырысу жүйесіне негізделген, ТМД елдеріндегі жалпы төлем жүйесін құру. Осы міндеттер шеңберінде Ұлттық банк электронды ақшаны ендіру мен дамытуға өзінің күшін жұмылдыруды жоспарлауда.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 164; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты