Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ж. Дейінгі Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық стратегиясы





2.
Барлық әлеуметтікбәсекеге қабілетті, оның ішіндеэкономикалық шикізаттық емес бағытындағы салаларда жұмыс істейтін экспортқа бағдарланған өндірістер индустриалдық-инновациялық саясаттың басымдықтары болып табылады. Ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттерді шешу мақсатында ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялық өндірістерді дамыту үшін жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлу қажет.

Дамыған елдерде ғылыми-техникалық дамуға мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлінеді. Экономикалық процесс мемлекеттік емес секторға сүйенеді де, компаниялар мемлекеттік, дүниежүзілік деңгейлердегі ғылыми-техникалық прогресстерді өздері қадағалап, дамытып отырады. Мемлекет бұл елдерде ғылыми-техникалық прогрестерді инновациялық қызметті заңды, қардылық, ұйымдастырушы қолдаулар ұсынып отырады.

Экономикалық қатынастардың жалпы жүйесінде инновациялық қызметтің түрлі нәтижелері - өндіріс тиімділігін арттыру, еңбек өнімділігі мен капиталдың өсуі, жоғары технологиялы өнім көлемі – елдің экономикалық қуатын айқындайтын болғандықтан, оған басты рөл беріледі.

Ғылымды дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттары:

- әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі стратегиялық басымдылықтарының бірі ретінде ғылымды айқындау;

- жоғары технологиялар өнімінің экспортына бағдарланған ғылымды көп қажет

ететін, әрі ресурстарды үнемдейтін және экологиялық таза өндірісті құруға бағытталған зерттеулерді дамыту;

- ғылыми жетістіктерді нақты іске асыруға ықпал ететін тетіктер мен ынталандыру

жүйесін құру;

- жаңа жетістіктерді экономиканың қабылдауын жан-жақты ынталандыру және

оларды отандық ғылыми-техникалық әлеуметтің пайдалануы үшін жағдайлар жасау;

- ғылыми зерттеулер жүргізу үшін материалдық базаны нығайту;

- кадр әлеуетін сақтау мен дамыту, ғылыми-технологиялық дамудың басым

бағыттары бойынша жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау мена аттестаттау;

- ғылыми зертеулердің тиімділігі мен сапасын жоғарылату үшін ғылыми

ұйымдарды аттестаттау және тіркеу жүйесін дамыту;

- ғылымның мемлекеттік емес секторын қалыптастыру мен оны қолдаудың

мемлекеттік тетіктерін жасау;

- талантты жас ғалымдарды қолдау;

- грант негізінде ғылыми зерттеулерді қаржыландыру тетіктерін жасау және

жетілдіру;

- Қазақстандық ғылымның халықаралық ғылыми-технологиялық қауымдастыққа интеграциялануын қамтамасыз ету.

Мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат дегеніміз ғылым мен техниканы кешенді дамыту мен олардың нәтижелерін елдің эконоика, білім және мәдениет салаларында пайдалануды қамтамасыз ететін мақсаттар мен шаралардың жүйесі.

Республикадағы нарықтық қатынастарға көші кезеңіндегі осы саясаттың стратегиялық мақсаты экономиканы тиімді дамыту және оның жаңа жағдайға бейімділік деңгейін арттыру, технологиялық артта қалушылықты жеңу және құрылымдық жаңғыртулар жүргізу мақсатында ғылыми-техникалық саланы кешенді дамыту болап табылады.

Ғылыми-техникалық саясатты қалыптастырудың қаиғидаларын айқындайтын ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі кезеңінің айрықша ерекшелігі мыналар болып табылады:

  1. Нарықтық инновациялық тетіктің нарықтық іріктеудің қатаңдығын әлсіретуге

және ғылыми-техникалық қызметтің жалпы тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін мемлекеттік реттеумен үйлесімділігі;

  1. Тұтынудың басымдылығы. Барлық ғылыми-техникалық прогрестің құрамдас

бөліктері түркі тұтынуға бағдарлануы тиіс.

  1. Қоғамдық тұтынуларды мейлінше толық қанағаттандыруды және деңгейін арттыру

қамтамасыз ететін тиімді ресурс үнемдеу.

  1. Әлеуметтік бағдар. Ғылыми-техникалық прогрестің арқасында материалдық

өндіріс саласында білім, денсаулық, мәдениетті жақсартуға мүмкіндік береді.

  1. Есептеу техникаларын, байланыс құралдарын, ұйымдастыру техникаларын кең

пайдалана отырып, экономиканың барлық салаларын ақпараттандыру және бірыңғай ақпараттық инфрақұрылым құру.

  1. Елдің әлеуметтік, экономикалық және техникалық ілгерілеуінің басты шарты

ретінді білім берудің деңгейі мен сапасын арттыру.

  1. Ғылыми-технологиялық және инновациялық саладағы мемлекеттің орны.

Ғылыми-технологиялық саясаттың негізгі тапсырмалары:

- ғылыми-техникалық және инновациялық саланы заңды шаралар негізінде қорғау, қолдау;

- өнеркәсіп пен ғылым арасындағы байланысты күшейту, инновацияларды өнеркәсіпке енгізуді жылдамдату;

- ғылыми-технологиялық даму бағытын реттеу, перспективті, стратегиялы салалардың дамуына жағдай жасау;

- ғылыми-технологиялық зерттеулерде инновациялық процестерді мемлекет тарапынан қаржыландыру жолдары мен формаларын ұйымдастыру, инвестициялар бағыттауды қолдау, ынталандыру;

- ғылым саласындағы білім беру, мамандандыру мәселелерін шешу, жоғарғы оқу орындарын, ғылыми институттарды, лабораторияларды қолдау.

Іс жүзінде ғылыми зерттеулер мен инновациялық процестерді мемлекеттік қолдаудың негізгі кең тараған төрт түрлі әдісі бар:

1. Ғылыми зерттеулерге мемлекеттің тікелей қатысуы. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын ірі лабораториялар қалыптастыру, нәтижелерін ақысыз көпшілікке ұсыну.

2. Қайтарымсыз негізде субсидиялар бөлу.

3. Ғылыми-техникалық зерттеулер мен тәжірибелерге инвестиция бөлген жеке бизнеске салық жеңілдіктерін ұсыну.

4. Ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялы өндірістер құру саласындағы әлеуетті басымдықтар.

Стратегия индустриядан кейінгі дамудың перспективалы бағыттарын ғылыми-техникалық, инновациялық және өндірістік әлеуетті ұлғайтуға бағытталған, ол келешекте қағиаданы бәсекелестік орталықтарды алуға жәрдемдесуге тиіс. Негізгі бағыттары мыналар:

- жоғары технологиялы өндірістер қалыптастыруға, оның ішінде шетелдікке, салааралық та технологиялар трансферттерінің тиімді жүйесін жасауға жәрдемдесу;

- жоғары ғылыми-технологиялық әлеуеті бар ғылыми-техникалық және өнеркәсіптік ұйымдар мен кәсіпорындар желісі бар қалаларда қазіргі заманға ғылыми және инновациялық инфрақұрылымды жасап, оның қазіргі заманғы элементтерінің қасиетін қолдау;

- индустирядан кейінгі экономика тұрғысынан алғанда озық салаларды дамытуға қазіргі ғылыми-техникалық әлеует шамаларын пайдалану;

- ғылыми-техникалық және өндірістік ұйымдар мен кәсіпорындардың инновациялық қызметін ынталандыруға, ғылым мен иннвациялық саалаларына инвестициялар тартуға, өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласына инновациялардың жылдамырақ енуіне бағытталған заң шығару базасын жетілдіру.

Ғылыми-технологиялық саладағы мемлекеттің рөлі өте жоғары болуы тиіс. Мемлекет ғылыми-технологиялық саласында басымды алғы шарттарға бағытталуы тиіс. Қазақстан Республикасында ғылыми-технологиялық саясат туралы тұжырымдама қабылданған. Бұл тұжырымдама 2015 жылға дейінгі ұзақ мерзімді ғылыми даму стратегиясы болып табылады. Бұл тұжырымдамада Қазақстан нарықтық экономика жағдайында жоғары салалы, өндірістің дамуының ғылымға негізделуі қажет екендігі айқындалған. Қазіргі таңда бұл мәселе оңтайлы жолға қойылып келеді.

 

3. Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама Мемлекет басшысының «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс XII съезінде берген тапсырмасын, Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау үшін, сондай-ақ Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асырудың екінші кезеңі болып табылатын Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының түйінді бағыттарына сәйкес әзірленді.

Бағдарлама экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бағдарлама экономиканы әртараптандырудың жүргізіліп отырған саясатының қисынды жалғасы болып табылады, әрі құрамына Индустриялық-инновациялық дамудың 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясының, «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасының, сондай-ақ индустрияландыру саласындағы басқа да бағдарламалық құжаттардың негізгі тәсілдерін біріктірді.

2015 жылға дейінгі кезеңде қазақстандық қамтуды мақсатты дамыту арқылы шағын және орта бизнес, кейінгі қайта бөлу және қайта өңдеу үшін жаңа бизнес-мүмкіндіктерді мультипликациялаумен экономиканың дәстүрлі экспортқа бағдарланған секторларында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үдемелі индустрияландыру саясатының негізгі басымдығы болмақ.

Ірі жобаларды ілгерілетудің бастамашысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы, экономиканың отын-энергетика және металлургия секторларының ірі жүйе құраушы компаниялары, сондай-ақ стратегиялық шетелдік инвесторлар болып табылады.

Экономиканың объективті жағдайына барабар болатын 2015 жылға дейінгі индустрияландыру саясатының траекториясы ресурстық, инфрақұрылымдық, институционалдық және технологиялық шектеулермен ішкі келісушілікте болады. Бағдарламаға енгізілетін экономиканы әртараптандыруды және технологиялық жаңғыртуды ынталандыратын тетіктердің жүйелік сипаты:

- қолайлы макроэкономикалық жағдай жасауды;

- бизнес-ахуалды жақсартуды және инвестициялар ағынын ынталандыруды;

-жаппай технологиялық жаңғыртуды және ұлттық инновациялық жүйені дамытуды;

- адами капитал сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.

Экономиканың басым секторларын дамытуға мемлекет пен бизнес ресурстарын шоғырландыру мемлекет пен бизнес шешімдерін келісудің интерактивті процесімен, мониторингтің қазіргі заманғы ақпараттық жүйелері мен іске асырудың нақты құралдарын пайдаланумен бірге жүреді.

Алдағы кезеңде индустрияландыру саясаты индустриялық-инновациялық процестердің жеделдетушісі болатын «дәстүрлі мамандандыру» салаларын дамыту арқылы басым шикізаттық емес секторды озыңқы дамытуға бағытталған.

Мемлекеттің күш-жігері экономиканың мынадай басым секторларын дамытуға топтастырылады:

- дәстүрлі: мұнай-газ секторы, тау-кен металлургия кешені, шикізат өндірістерін кейіннен аса жоғары қайта бөлулерге ауыстыратын атом және химия өнеркәсібі;

- жер қойнауын пайдаланушылар, ұлттық компаниялар және мемлекет сұранысына негізделген: машина жасау, құрылыс индустриясы, фармацевтика;

- шикізаттық сектормен байланыстырылмаған және экспортқа басым бағдарланған өндірістер: агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл өнеркәсіп, туризм;

- келесі 15-20 жылда әлемдік экономикада үстем рөлге ие болатын «болашақ экономикасының» секторлары: ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, биотехнологиялар, баламалы энергетика, ғарыш қызметі.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 160; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты