Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Кен өндіруші салалар, ауыл және орман шаруашылығы




Әрі қарай табиғи шикізатты, құрылыс және басқа да материалдарды (25 пайызға жуық) бастапқы қайта өңдеу енеді. Ақыр соңында жаппай өнім өндіретін машина құрылысы салалары (5 пайызға төңірегінде). Ең биікке жақын болған сайын, елдің экономикасында үлесі өте аз, көбірек технологиялык тұйықталған және ғылымды қажетсінетін өндіріс көп болады.

Мұндай жағдай неге қалыптасқанын түсіну үшін, жоспарлы шаруашылықтан мұра болып калған экономика құрылымын қарастырған жөн.

Оның алты сипаттамасын белгілейміз:

1. Өндірістік қүрылымның «қиғаштығы» өндіріс құралдары өндірісінің пайдасына.

2. Көптеген салалардың техникалық және технологиялық мешеулігі.

3. Өндірістік қорлардың тозуының жоғарылығы.

4. Ғаламдық балансталмау.

5. ӘӨК-ге (ВПК) жұмсалатын (кем емес елдің экономикалық әлеуетінің жыл сайын 2/3-нен) үлкен шығындар. Оны ұстауға жыл сайын ҰТ-тың 18-20 пайызы жұмсалды, нәтижесінде көліктік, энергетикалық, ақпараттык, коммуналдық және әлеуметтік құрылымдардың жағдайы кері кетті.

6. АӨК(АПК) құрылымының терең деформациялануы (бүгінде оның көптеген салалары дағдарысқа ұшыраған). Одан басқа, объективті факторлардың ықпалы субъекгивті факторлардың әрекетімен күшейді (басқарудың барлық деңгейінде кәсіптік шеберліктің және құзыреттіліктің төмендігінен), нәтижесінде жаңартпашылдыққа, бәсекелестік күреске және тұтынушылық сұранысты қанағаттандыруға қабілетсіз, шектен тыс ауыртпашылықты құрылым қалыптасты.

Экономиканың қалыптасқан құрылымы көп жағдайда, қаржылық ресурстардың бағытталуына «міндетті». Мысалы, 2002 жылғы 9 айдың ішінде республиканың экономикасына шетел инвестициясының ағымы 3,5 млрд долларды құрады. Сонымен бірге, шетел инвесторларының үлесіне 31,4 пайыз, отандық-60,3 пайыздан келді. Инвестициялар негізінен кен өндіруші салаларға (1,7 млрд долл), жылжымайтын мүлік операцияларына (0,5 млрд долл), көлік және байланыс (0,4 млрд долл) және өңдеуші салаға (90,3 млрд долл) бағытталды. Мұның барлығы - елдегі салалық және аймақтық құрылымдарды өзгерту мен қалыптастыру бойынша үйлесімдікке ықпал етуде, салалық өнімнің әр түрін өндіру арасындағы қатынастарға ықпал етудегі мемлекет іс-әрекетінде кұрылымдық-инвестициялық қайта құру қажеттілігін туындатты. Сонымен бірге, экономиканың құрылымын, оның бәсекелестік қабілетін дамытуға және қазіргі заманғы технологияны қажет-сінетін өндірісті жетілдіру бойынша міндеттер тұрды.

Әртараптандыру ғылымды қажетсінетін, жоғары технологиялық және бәсекелестікке қабілетті өнімдердің пайдасына, қызмет үлестерін көтеруге және соңында құны болатын, тауар өндіруге, ЖІӨ құрылымының өзгерістеріне бағытталуы тиісті. Индустриалдық саясатты әзірлегенде негізгі назар шикізат ресурстарын қайта өңдеуге байланысты салаларды дамытуға, яғни мұнай-химиядағы, металлургиядағы, машине құрылысындағы; тұтыну тауарларын және қүрылыс материалдарын өндірудегі төртінші және бесінші технологиялық қайта жасауды құруға аударылатын болады. Сонымен бірге экспорт және импорт орнын толтыратын, шикізаттық емес бағыттарды құру басты мақсат болып табылады.

Дағдарыс жағдайында үйлесім құрылымына мемлекеттік ықпал етудің барлық әдістері пайдалануы тиісті. Шартты түрде оларды жанама және тікелей деп атауға болады.

Қаржылық және ақшалық реттеудің жанама әдістері өзіне салықтық және кредиттік саясатты қосады.

Салықтық саясат басты назарды салықты жинауға, өтелім саясатына (өтелім мөлшерін белгілеу, өтелім аударымын индекстеу, тездетілген өтелім) бағыттайды. Кредит саясаты - мөлшер есебін, кредитгі шектеу немесе өктемдік беру, мемлекет кепілдігін реттеуге бағытталады. Одан басқа кеден саясаты, бағаны реттеу маңызды рөл атқарады.

Тікелей мемлекеттпік қаржылық реттеу бюджеттік инвестицияны, қаражаттандыруды, субвенцияны және аумақтың дотациясын, сондай-ақ тікелей басқа шараларды бөлуде көрінеді. Мемлекеттік құрылымдық саясатты жүргізу келесі тұжырымдық негізде болуға тисіті:

1. ЖІӨ құрылымы, секторлық құрылым, макроүйлесім мемлекетпен реттелуі, ал, мезо және микроүйлесім таңдаумен реттелуі тиіс. Тұрақтылық, алдын ала болжау және өндіріс өсуін ынталандыруды құру.

2. Сұраныстың көбеюін шетелдік экспорттаушылар емес, отандық өндірушілер пайдалануы үшін, іріктеу қолдампаздығы жүйесі қызметістеуі тиіс.

3. 5-10 жылға даму болжауы мен жоспарын әзірлеу мақсатына сәйкес, басқа макрокөрсеткіштермен бірге құрылымдық та маңызды орын алар еді.

4. Құрылымдық қайта құру түрлерін таңдау: бірінші түрі машина құрылысы мен құрылыстағы инвестициялық кешеннің басымды салалары санатында қарастырылады; екінші түрі бойынша мұнай-газ өндіру басымдылық алады, ал қолдануды - кен өндіру саласындағы ресур сақтайтын технология алады.

Сөйтіп, экономикалық құрылымды өзгерту бойынша мемлекеттік саясат ғылымды қажетсінетін салаларды қаматамасыз етуге (оның ішінде қорғаныс кешені шеңберінде), сондай-ақ қазақстандық экономикадағы оның құрылымындағы секторындағы үлесін елеулі көбейтуге көмектесетін, салалардың дамуына бағытталады.

3.Кез келген елдің экономикалық жағдайы оның өнеркәсібін дамыту деңгейіне тәуелді болады. Елдің өнеркәсіп кешенін дамыту дамыту жағдайы мен серпіні экономикалық тәуелсіздікті нығайту бойынша, ұлттық қауіпсіздікті, халықтың жоғары деңгейде өмір сүруін қамтамасыз ету, экономикалық сауықтыру, өзара тиімді және тең жағдайда әлемдік экономикаға интеграциялау бойынша стратегиялық және тактикалық міндеттерді жетістікпен шешу мүмкіндіктерін анықтайды.

Өнеркәсіп өндірісі ЖІӨ құруда негізгі көзі болып табылады. Тұрақты дамушы экономикада өнеркәсіп үлесі ЖІӨ-нің 40 пайызын құрайды. Бұрынғы СССР кезінде 90-шы жылдардың басында ол ЖІӨ-нің 60 %-ын құраған. Тұрақты экономиканың даму кезеңінде өнеркәсіптік кәсіпорындарда халықтың 40 %-ы еңбекпен қамтылған.

Экономикалық өсудің материалдық-заттық факторларын тиімді пайдалану — оны қамтамасыз етуде негізгі рөлді атқарады. Бірақ, ол факторларды тиімді пайдалану ең алдымен өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру және оның материалдык-техникалык, базасының қалыптасқан жағдайына байланысты. Өйткені өнеркәсіп салаларында жалпыұлттық, өнімнің жартысына жуығы құрылады. Сонымен бірге, өнеркәсіптің материалдық өндіріс саласы ретіндегі басыңқы рөлі - оның халық шаруашылығының басқа салаларын индустриаландырудың шешуші факторы екендігіне де байланысты.

Қазіргі кезде Қазақстан өнеркәсібінің дамуында қандай ерекшеліктер бар? Біріншіден, ол өз дамуында бұрынғы кезде қалыптасқан шикізаттық бағыттан арыла алмауы. Республика экономикасы өндеуші салалардың нашар дамығандығынан көп жағдайларда ұтылып отыр. Сол себептен, республика өнеркәсібі сыртқы және ішкі нарықтарға бәсекелестікті көтере алатын өнім түрлерін ұсына алмайды. Соның салдарынан, осы уақытқа дейін өнеркәсіп салаларының арасында қалыптасқан үйлесімдік сақталып келеді. Екіншіден, республика өнеркәсібінің негізгі қорла-ының (станоктар, жабдықтар, технологиялық желілер) физикалық тозу коэффиценті (0,4-тен 1,7-ге дейін) өте жоғары. Үшіншіден, иңдустриалды еңбекті ұйымдастыруда жіберілген қателіктерге, оның қолайсыздығы мен жағымсыздығына байланысты өнеркәсіптік еңбектің мәртебесі төмендеуде.

Жоғарыда айтылған кемшіліктерге, республиканың өнеркәсіп кәсіпорындарының жүргізілген жекешелендіру шараларының жағымсыз жақтарын да қосуға болады.

Кезінде дағдарыстық жылдардың қиыншылыктарын бастан өткізген алдыңғы катарлы елдердің тәжірибесі өкіметтің дағдарыстық жағдайларда белсенді түрде ықпал еткендігін көруге болады. Кұрылымдык-инвестициялық, фискалдык, монетарлық, монополияға қарсы және баға саясаттарын жүргізу арқылы жалпы экономикалық процестерді басқаруды өз қолына алатынын көрсетеді.

Өнеркәсіп орындарын мемлекет меншігінен алуды және жекешелендіруді жасанды жеделдету мақсатында жүргізілген әкімшілік шаралар, күтілгендей, бағалы және орны толмайтын табиғи-шикізат қорларын шетелге шығарудың жаңа жолдарын ашты. Егер, баяғы Одақ кезіиде орталықтандырылған жоспар бойынша Қазақстаннан мұнайдың 70%, фосфор мен қара металдардың 45%-га жуығы, темір рудасының жартысынан жоғары бөлігі, синтетикалық каучуктың 90% жөне түрлі-тусті металдардың 40%-ға жуығы сыртқа шығарылған болса, казіргі кезде респуб-ликаға тиімсіз көптеген бірлескен кәсіпорындардың әрекетіне, жекешелендірілген кәсіпорындардың "коммерциялық құпиясын" сақтауга байланысты ол өнімдердің сыртқа шығарылған көлемдерін дұрыс анықтау қиын болып отыр.

Экономиканың маңызды саласы ретінде өнеркәсіптің жетекші рөлі барлық қалған салалар мен қоғамдық өндіріс сферасын индустриализациялаудың шешуші факторы ретінде жүреді, сондай ақ оның техника-технологиялық деңгейін, ғылыми-техникалық базаның жағдайы мен ішкі салалық және салааралық кешенді анықтайды. Сонымен қатар, өнеркәсіп бұл сферадағы өндіріс көлеміне белсенді ықпал етеді, ұлттың ЖІӨ құруды анықтауда, мемлекет бюджетін қалыптастыруда, жұмыс күшін еңбекпен қамту деңгейін, халықтың сапалы өмір сүру деңгейін қалыптастыруды анықтайды. Демек, мемлекеттің ең басты міндеті отандық өнеркәсіпті саөтау, дамыту және қолдау көрсету. Осыған орай ұлтымыздың экономикалық өмірінде мемлекеттік экономикалық саясатта өнеркәсіпті дамыту ең басымды саланың бірі болуы қажет.

Шынында, ұлттық өнеркәсіп мынаны қамтамасыз ету керек: біріншіден, әртүрлі тауарлар мен қызмет көрсету түріне негізгі ішкі қажеттілік; екіншіден, импортпен белсенді түрде бәсекелесу; үшіншіден, экспортқа бәсекеге қабілетті өнім шығару. Ол үшін келешектегі сұранысқа сәйкес өнеркәсіпті дамытуда тиімді бағыттарды қалыптастыруға қабілетті және нарықтық бәсекеге төтеп бере алатын тауарларға деген сұраныс пен ұсынысты мұқият талдау жүргізу қажет. Нарықтық факторлар өнеркәсіпті дамытудың бағыты б.т. Сондықтан, келешектегі өнеркәсіптің құрылымн анықтауда келесідей әсер ететін факторларды есепке алу қажет:

- тауар нарығында тауар мен қызмет көрсету түріне қажеттілік;

- әлемдік нарыққа бәсекегеқабілетті тауарлардың шығу мүмкіндігі;

- өнеркәсіптің технологиялық мамандануы;

- бәсекеге қабілетті өнім өндірісі үшін өнеркәсіпті дамытуда кәсіпорындардың, мемлекеттің, коммерциялық құрылымның инвестициялық мүмкіндіктері.

Өнеркәсіптің қызмет етуінің соңғы нәтижесі нарықтың тауар айырбас сферасында көрінісін табады және өндірістік, ұдайы өндірістік пен мемлекеттің әлеуметтік міндетін шешуді жүзеге асырады.

Сондықтан, өнеркәсіп шеңберіндегі экономикалық саясат ішкі және сыртқы нарықта өнеркәсіп өнімін сатуды ұлғайтуда өнеркәсіп кешенін тиімді көтеруді қамтамасыз ету керек. Ал бұл өз кезегінде, құрылған технологиялық база мен нарықтың қажеттілігіне сәйкес өнеркәсіптің тиімді тауармен мамандануы негізінде жетістікке жеткен және өндірілетін құрылымына байланысты болып келеді.

Өнеркәсіп саясатының мәні өнеркәсіпті реформалауда мемлекеттің және оның басқарушылық органдарының мақсатты бағыттағы жұмысы үшін жағдай жасау және қолайлы режимді құру, бәсекеге қабілетті өнім өндірісі мақсатында оның салалық құрылымын оптимизациялау және еліміздің ұлттық мүддесін есепке ала отырып, оның әлемдік экономикаға интеграциясы болып табылады.

Өнеркәсіп саясаты мемлекеттік сектордағы өндірістің дамуын, оның өз бетінше жұмыс істеуін анықтайды, сонымен қатар ұлттық экономиканың ұзақ мерзімдік мүддесін бейнелейтін бағыттағы басқалай меншік формадағы өнеркәсіптің негізгі секторларын дамытуға қабілетті. Ол әртүрлі мемлекеттік реттеудің қаржы-экономикалық, заңды-құқықтық және ұйымдық формасы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Әлемдік тәжірибе өнеркәсіп саясатының белгілі қағдаларын дайындады. Оған жататындар:

- ұлттық экономиканың сапалы өзгеріске жету мақсаттылығы;

- өнеркәсіп өндірісінің әлемдің критерияларға бағытталуы;

- өнеркәсіп өндірісінің басымды салалары мен сфераларын анықтау;

- өндірілген өнеркәсіп өніміне сұраныс көлемі мен рентабельділігі;

- өнеркәсіп саясатының барлық құраушы элементтерінің өзара байланыстылығы;

- сыртқы экономикалық қызметпен байланысы;

- өнеркәсіп потенциалына арқа сүйеу;

- билік буындары, ведомтсволар, кәсіпорындар арасында өнеркәсіп саясатын жүзеге асыруда атқаратын қызметін бөлу.

Қазақстанда өнеркәсіпті қайта құру жағдайы – бұл ұзақ мерзімді және кезеңдік процесс б.т. Сондықтан, өнеркәсіп саясатын қалыптастыруда болған жағдайды есепке алу қажет: елдің және аймақтың мамандануы, оның техника-технологиялық қалауы, шаруашылық байланысы, өнеркәсіп кәсіпорындарының типтері мен мөлшері. Бұл жағдайлар өнеркәсіптің қайта құрылу процесін ұзартады. Сондықтан, өнеркәсіп саясатының мақсаты стратегиялық, орта мерзімді және ағымдағы деп бөліп қарастырылады.

Өнеркәсіп саясатының стратегиялық мақсаты - бұл ҚР-да аграралы – шикізатқа мамандануы және жоғары техника-технологиялық кәсіпорындардың тиімді олигополиялық нарықтық құрылымын қалыптастыру мен өндірушілер арасында бәсмекелік механизмінің болуы.

Өнеркәсіп саясатының орта мерзімді мақсаты – бұл экономиканың индустриалды базасын құрылымдық және технологиялық қайта құру мен кеңейтілген ұдайы өндірісін қайта калпына келтіру. Оның негізгі бағыттары:

- өндірістік аппаратты жаңалау және қайта жасау;

- технологиялық циклді аяқтайтын және соңғы тұтыну өнімін шығарушы өндірісті құру;

- экономикалық қауіпсіздік көзқарасы бойынша импорттық тиімсіздігіне импортты айырбастайтын өнім мен технологияны меңгере білу;

- өнеркәсіптің тиімді экспорттық потенциалын дамыту.

Тактикалық мақсат – бұл экономиканы тұрақтандыру мен дағдарысты болдырмау болып табылады. Ол үшін ішкі өндіріспен қанған тұтынушылық нарыққа жағдай құру қажет, кәсіпкерлік белсенділікті кеңейту үшін стимулын құру; шағын орта бизнесті қолдау; еліміздің қаржылық мәселесін бірлесе шешу.

4.Мемлекеттің құрылымдық саясатын іске асырудың негізін инвестициялық – құрылыс кешені құрайды. Қазіргі инвестициялық саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыру үрдісінде:

Біріншіден, инвестициялық қорларды тек қана экономиканың құрылымдық өзгерістерінің ғана емес, сонымен қатар республиканың экономикалық тәуелсіздігінің негізі болып саналатын халық шаруашылығының басыңқы бағыттарын дамытуға жұмылдыруда болып отыр.

Екіншіден, осы саясаты жүзеге асыру механизмі күрделі қаржы көздерінің жүйесі әр түрлі салалардың, әрі кәсіпорындардың өз қаржыларын пайдалануды ынталандыру артықшылықпен жүргізілетінін қамтамасыз ететіндей құрылған дұрыс. Осындай механизм шетелдік технологиялық инвестицияларды тартуды ынталандыру үшін де қажет.

Үшіншіден, халық шаруашылығы салаларының өндірістік қорларын тезірек жаңартуға мүмкіндік беретін жеделдетілген амортизациялық саясатын іс жүзінде жүзеге асыру керек.

Төртіншіден, басыңқы салалар мен өндірістерді қаржыландыру республиканың экспорттық потенциалының көлемі мен тиімділігін жоғарылату мақсатында жүргізілуі тиіс.

Құрылыс кешенінің дамуын жүзеге асыруда мемлекеттің атқаратын рөлі мынадай үрдістерді жүргізген жөн:

- нормативтік – құқықтық базасын құру;

- экономикалық индикаторлар құрамын, мемлекеттік реттеу механизмдерін (салық және несие мөлшерлемесінің деңгейін, бағаны т.б.) белгілеу.

Сонымен қатар, мемлекет республиканың ішкі құрылыс нарығын қорғау шараларын жүзеге асырады. Олардың қатарына шетелдік фирмалармен қатар қазақстандық құрылыс-монтаж ұйымдарының (мердігерлердің) міндетті түрде қатысуымен өткізілетін құрылыс тендерлерін жүйелі түрде ұйымдастыру, жекелеген құрылыс материалдарын экспорттау-импорттау барысында лицензиялық, кедендік реттеулерді қолдану, республика аумағында құрылыс жұмыстарын жүргізу жөнінде шетелдік фирмалармен жасалған келісімдердің міндетті шарты ретінде қазақстандық мамандандырылған жұмысшы кадрларды пайдалануды жүргізу шаралары жатады.

Құрылыстық сауда-тендерлерді ұйымдастырудың негізгі қағидалары келесілер болып табылады:

- мердігерлік конкурс пен сауда-тендердің таңдап алынған түрі инвестордың инвестициялық – құрылыс қызметіне және мүмкіндіктеріне сай болуы;

- үміткер – мердігерлердің меншік түрі мен шаруашылық жүргізу нысандарына, қайда орналасқанына қарамастан, оларға тең құқық беру;

- мердігерлік конкурстың міндетті шарттарын орындамағаны үшін үміткерлердің жауапкершілігін қамтамасыз ету.

Нарық қатынастарының кеңеюі жағдайында инвестициялық-құрылыс кешенінің дамуын реттеуде мемлекет тарапынан құрылатын тендерлік және мемлекеттік сараптау комитетері де жоғары рөл атқарады. Егер олардың алғашқысы конкурстар және мердігерлік тендерлерге қатысушылардың ұсыныстарын дұрыс бағалауға мүмкіндік беретін барлық факторларды ескеретін болса, ал мемлекеттік сараптау жүйесі мемлекет үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрғысынан осы ұсыныстар жобасының үстінен бақылау жүргізеді.

Қазақстанда соңғы жылдары өндірістік қорлардың белсенді бөлігін құруға жұмсалған шығындардың үлесі өскені байқалады. Яғни күрделі қаржының өте үлкен бөлігі аяқталмаған құрылыс көлемінің жоғары болуына байланысты, құрылыс-монтаж жұмыстарының үлесіне тиеді. Сондықтан, барлық қаржыландыру көздері есебінен құрылған күрделі қаржыны ертеректе басталған құрылыстарды, әсіресе өндірістік маңыздырақ жақтарына жұмсауда.

Инвестициялық-құрылыс кешенінің дамуын реттеуде мемлекет иелегінде қаржылық реттеудің несиелік, салықтық тетіктерінің де бар екенін, әсіресе олардың ынталандыру қызметін ұйымдастыру қажет.

Жалпы экономикалық мемлекеттік басқару органдарының осы кешеннің тиімді дамуын қамтамасыз етуде келесідей міндеттерді орындау керек:

- инвестициялық-құрылымдық саясатты қалыптастыру жөнінде тиісті басқару органдарына ұсыныстарды әзірлеу;

- кешенді бағдарламаларды дайындау және оны жүзеге асыру;

- күрделі қаржының көлемі мен құрылымын және мемлекеттік инвестициялардың көлемін анықтау;

- инвестициялық қызметті реттеу;

республика және оның аймақтары бойынша инвестициялық қызметтің ағымдағы жағдайын және нәтижелерін талдау.

Өнеркәсіп саясатында үлкен мән өнеркәсіпті қолдауда заң шығару жүйесіне беріледі. Мұнда өндірісті, инвестициялық пен инновациялық қызметті дамытуда жалпы және мақсатты ынталандыру шаралары бөлінеді. Жалпы шаралар барлық өнеркәсіп кәсіпорындарына таратылады, ал мақсатты шаралар өнеркәсіп саясаты арқылы ішкі тұтынушылар үшін жеке тауар өндірушілерге жекелеп өзгереді.

Жалпы шаралардың ішіндегі тиімдісі келесідей:

1. салық жүйесі арқылы өнеркәсіпті ынталандыру механизмін дайындау, бәсекеге қабілетті өнім өндірісі үшін салық жеңілдіктерінде мүлік салығынан босату;

2. амортизациялық қорды мақсатты пайдалануды бақылау;

3. кәсіпорындардың меншікті инвестициясын ынталандыру;

4. өнеркәсіпті инвестициялауда несиені ұсыну шарттарын өзгерту.

Мақсатты немесе селективті шаралар тек нақты кәсіпорындарға қолданылады. Осы шараны қолданатын кәсіпорындарды таңдауда оның жиынтық тиімділігін анықтайтын сәйкес критериялармен басқарылады. Бұл кәсіпорындардың келешектегі тауармен мамандануы секілді, инвестицияның тиімділігі секілді критериялары болуы мүмкін.

Мақсатты шаралар арасындағы кеңінен тарағандар:

- өнеркәсіп өндірісінің борышын реструктуризациялау бойынша шаралар;

- салықтық демалыс немесе салықтық несие қолдану есебінен айналым құралын толтыру;

- мемлекеттік инвестициялық бағдарламаға кіретін, жұмысты жүргізу үшін жеңілдетілген инвестиция және несие ұсыну;

- отандық және шетелдік инвесторларға мемлекеттік кепілдік ұсыну.

Нақты кәсіпорындарды осы шаралармен қолдау таңдалатын критерияларға сәйкес және күтілетін нәтижені мұқият маркетингалық талдау жасау арқылы ішінен таңдаумен жүзеге асырылады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 132; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты