Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Р әлеуметтік саясаттың ерекшеліктері




1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілік факторларын қарастырғанда әлеуметтік өріске ерекше көңіл бөліну қажет, өйткені оның салаларының даму мәселелері нарықтық қатынастар шеңберінде шешіле алмайды және Қазақстан Республикасы Конституциясы ережелеріне сәйкес мемлекеттің арнайы саясат жүргізуін талап етеді. Осы салаға байланысты бұл ережелер бойынша Қазақстан Рсепубликасының әрбір азаматының бостандық пен жұмыс жағдайына, әлеуметтік қорғауға, тұрғын үйге қол салмауға кепілденген ақысыз, тегін медициналық көмек алуға, кепілденген тегін орта білім алуға, мемлекет істерін басқаруға қатысуына құқығы бар.

Жұмыспен қамтылу ұлттық экономиканың және ел халқының жағдайының маңызды мінездемелерінің бірі болып табылады. Қоғам мүшелерінің неғұрлым жұмыс процесіне толық тартылуы мен олардың еңбегі барынша толық пайдалануына ЖҰӨ көлемі және халықтың табысы, төлем қабілеті сұранысын қанағаттандыру дәрежесі тәуелді боады. Сондықтанда толық және тиімджі жұмыспен қамтылу кез-келген мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Жұмыспен қамтылу дегеніміз- жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағатандырумен байланысты және табыс алып келетін халықтың қоғамдық пайдалы еңбегі.

Қызмет түрлерін ел халқының күнделікті өмірін, оның тұтастығы мен қауіпсіздігін, қоғамдық өндірістің үздіксіздігі сияқты белгілі бір ерекшіліктері бойынша топтастыруға болады. Аталған белгілері бойынша жұмыспен қамтылғандарды үш топқа бөлуге болады:

1.Экономикадағы төленетін қызметте қамтылғандар. Олар қоғамның негізгі байлығын құрайды. Атқарған қызметтерінен алған табыстарының арқасында олар өздерін дамытуға, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметтің басқада сфераларын дамытуды қамтамасыз етеді.

2.Ұлттық армияда қызмет атқаратындар. Олар тікелей ақшалай табысч алып келмейтін қызметпен айналысады. Бірақ мемлекеттің қауіпсіздігін сақтау, халықтың бейбітшілік жағдайда еңбек етуіне жағдай құру үшін маңызды функцияларды орындайды.

3.Өндірістен қол үзіп оқитындар. Бұл жұмысқа жарамды халықтың табиғи жолмен шығатындардың орнын толтыру үшін резерв

Саны жағынан ең көп және өндіруші топ - бұл жұмыспен қамтылғандар тобы. Экономикалық процестерге қатынасу мінездемесі бойынша олар өз кезегінде 3 топқа бөлінеді:

1) Жалдамалы жұмысшылар. Бұл топқа - өз жұмыс күшін сатумен байланысты жұмыс істейтін адамдар жатады.

2) Жұмыс берушілер. Бұл залықтың неғұрлым белсенді бөлігі – жұыс берушілер- өзінің кәсіпкерлік мүмкіндіктерін іске асыратын жек меншік иелері, кәсіпкерлер жатады.

3) Өз-өздерін жұмыспен қамтамасыз етушілер. Аталған катергорияға өз есебінен жұмыс істейтін, жалдамалы жұмыс күшін папайдаланбайтын өндірістік кооператив мүшелері жатады.

Мемелекеттік маңызды міндеті келесі қағидаларды ұстана отырып, жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу:

  1. еңбек еркіндігі, еңбекее деген өз мүмкіндіктерін еркін иемдену. Әрбір адам өз қызмет ету ортасын таңдай алады, еңбекее күштеу болмауы керек;
  2. мемлекеттің еңбек құқығын іске асыру үшін бірдей алғы шарттар құру бойынша жауапкершілігі;
  3. ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету;
  4. аймақтық, ұлттық-этникалық, салалық ерекшіліктер мен жұмысшы күшіне қажеттілікті есепке алу;
  5. жұмыспен қамтамасыз ету мәселесіне кешенді көзқарас.

2. Еңбек нарығы жалпы түрде жұмыс күшін жалдау және ұсыну мен байланысты қоғамдық қатынастар жүйесін көрсетеді, яғни оны сату мен сатып алу. Еңбек нарығында екі жақ өзара бірігіп қызмет етеді: жұмыс күшінің иесі - сатушылар және жұмыс берушілер- сатып алушылар.Бұл жерде еңбекті құндық бағалау жүреді, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс қалыптастырылады. Сату мен сатып алу объектісі болып саналатын тауар – адамның жұмыс күші, оның жұмысқа деген қабілеті.Еңбек нарығындағы жұмыс күшін сатушы мен сатып алушының арасындағы өзара қатынас заңды формада- келісім-шарт түрінде жүргізіледі және еңбек заңында көрініс алады.

Нарықтық қатынастар жүйесіндегі еңбек нарығы және басқада капитал нарығы, тауарлар нарығы, инвестициялар нарығы сияқты өндірістік ресурстар нарығы белгілі бір жүйенің бөлігі болып табылады және ондағы жүріп жататын процестерден бөлінбейді.

Еңбек нарығының жағдайы басқа да нарықтардың жағдайымен, барлық экономикалық жүйесінің даму денгейімен өзара тығыз байланысты. Еңбек нарығының шекаралары жұмыс күшіне сұраныстың жиынтығы мен оның ұсынудың жалпы көлеміне байланысты, яғни еңбек нарығы субъектілерінің құрамына жұмыс іздеушілер мен бірге ақы төленетін жұмысы бар адамдар кіреді.

П.Самуэльсонның ойы бойынша қоғамдағы еңбек ұсынысының жиынтығы төмендегі факторлармен анықталады:

- халықтың жалпы санымен;

- .жалпы халықтың санындағы өздерін жұмыспен қамтамасыз ететіндердің үлесі;

- апта және жыл бойында жұмысшының істеген орташа жұмыс уақыты;

- жұмысшы жұмсаған еңбектің саны, сапасы.

Еңбек нарығы тиімді қызмет жасайды, егер төмендегі жағдайлар орындалса :

- әртүрлі меншік формалары экономикалық база болып саналатын жұмысшы мен жұмыс берушінің жеке және экономикалық еркіндігі;

- жұмыс берушінің жұмысшылардың саны және сапасы, жұмысқа қабылдау мен жұмыстан шығару туралы сұрақтарды шешудегі құқығы;

- еңбек ақының өсуі үшін шектеулердің болуы;

- жұмыс күшінің еркін жылжуы.

Еңбек нарығының классикалық анықтамасы бойынша еңбек нарығынды еркін қызмет арқаратын жұсы күшін сатуышлар мен сатып алушылар қызмет атқарады, бірақ олар жұмыс күші бағасына айтарлықтай әсер ете алмайды. Бірақта қазіргі нарық жағдайында еңбек нарығы жетілмеген нарық болып табылады.

Еңбек нарығындағы мемлекеттің ролі ұлттық экономикадағы сияқты біркелкі емес. Бір жағынан оның еңбек нарығына белсенді араласуы нарықтық механизмнің құртып, еңбекке ынталандыру, кепілді еңбек ақы сияқты жағымсыз зардаптарды тудырады. Екінші жағынан мемлекет жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру процесіне араласа отырып, жалдамалы жұмысшыларға жұмысты және жұмыс күнінің ұзақтығын таңдау варианттарын ұсынады, бос уақытын табысты пайдалануға мүмкіндік береді.

Еңбек нарығы дегеніміз - бұл жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар арасындағы қақтығыс болатын арена. Бұл субъектілердің позициясы бірдей емес, көбіне сатушылар сатып алушылар алдында дәрменсіз болады. Сондықтан да еңбек нарығындағы субъектілер арасындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу қажет, себебі онда жүріп жатқан процестердің тек қана экономикалық емес, сонымен бірге әлеуметтік, саяси, моралды-психлогиялық маңызы бар. Жұмыспен қамтамасыз ету мен еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің бағыттары мен әдістері әртүрлі және елдегі нақты экономикалық жағдаймен, мәселенің өткірлігімен анықталады. Олардың ішінде кең тарағандардың қатарына келесілер жатады :

  1. Жаңа жұмыс орындарын құру. Оған әртүрлі жолдармен қол жеткізуге болады: болашағы бар, тиімді жұмы орындарын құратын жұмыс берушілерді ынталандыру; қайтадан құрылып жатқан жұмыс орындарын арнайы қызметтермен қаржыландыру.
  2. Кіші бизнесті дамыту және қолдау. Жеке еңбек қызметі, копперативтер мен фермерлік шаруашылықтар сияқты сфераларда жұмыс істейтіндердің көп бөлігі жұмыспен қамтылғаны белгілі.

3.Кадрларды кәсіби дайындау және қайта дайындау көлемін кеңейту. Бұл бірден екі міндетті шешуге мүмкіндік береді: жұмыс күші ұсынысын төмендетуге және өзгермелі экономика жағдайында жұмысшыларды жаппай қайта дайындауды қамтамасыз етеді.

4.Қоғамдық еңбекті ұйымдастыру. Бұл жұмыссыздықтың өткір формаларымен қамтылған жұмыссыздар үшін бағытталған. Қоғамдық жұмыстар жоғарғы біліктілікті талап етпейді және толық емес жұмыс күніне созылады, себебі қалған бос уақытта жұмыс іздеуге мүмкіндік тудырады.

4.ҚР еңбек жағдайы елдегі жалпы экономикалық жағдаймен анықталады. Экономиканың өтпелі жағдайы еңбек нарығына әсерін тигізеді-ол қалыптасу екезеңінде боады, онда қажетті компоненттердің көбісі болмайды, инфрақұрылым жеткілікті дамымаған.

Қазақстанның еңбек нарығына тән белгілер ретінде төмендегі процестерді келтіруге болады:

1.Материалды өндіріс ортасындағы жұмыс күшін қайта бөлістіру.

2.Сала ішінде жұмыс істейтіндерді бөлуде құрылымдық өзгерістер жүрді. Бұл қайта бөлулер отын-энергетика кешені, түсті және қара металлургия пайдасына жүрді.

3.Ауылды жерлерде халық санының табиғи өсімінің жоғары болуы жағдайында аулы білікті мамандарға тапшылықты сезінді, бұл өз кезегінде әртүрлі себептермен ауыл жастарының қалаға көшуіне әсерін тигізді.

4.Республиканың аймақтары бойынша жұмыспен қамтамасыз етудің бірдей болмауы. Мамандар аймақтар бойынша жұмыспен қамтамасыз етілудің бірнеше денгейлерін бөліп көрсетеді: жоғарғы, орта және төменгі денгей

5.Екінші және бейресми жұмыспен қамтамасыз етілудің өсуі. Жұмысшылардың кейбір бөліктерінің өмір денгейінің төмендеуі екінші жұмысты іздеп, төменгі табыстың орнын толтыруға мүмкіндік тудырды.

 

3. Қазақстанда жүргізіліп жатқан қайта құрулар әлеуметтік бейімделген нарықтық экономиканы құруға бағытталған. Бұл мақсатқа жетуді қамтамасыз етуші ең негізгі факторлардың бірі елдегі еңбек потенциалын тиімді пайдалану болып табылады. Соңғы кездерге дейін объективтік және субъективтік жағдайлардың қысымымен еңбек потенциалын пайдалану мәселелері жұмысбастылықтың сақталуына, жұмыссыздық көлемін шектеуге және жұмыссыздарға жәрдем ұйымдастыруға алып барды. Құрылымдық қайта құру міндеттерін шешу, жұмысшы күшінің ішкі өндірістік қорларын босату, еңбек өнімділігін көтеру және қоғамның еңбек потенциалын тұтас тиімдірек пайдалану іс жүзінде артқы жоспарға ығыстырылды.

Жұмысбастылық туралы қазақстандық заңға сәйкес, жұмысбастылықтың мемлекеттік саясаты маманданған дайындықты қамтамасыз ету, босатылған азаматтардың мамандығын көтеру және қайта дайындау, жаппай ұзақ мерзімді жұмыссыздықты тоқтату, мемлекеттік қызмет жұмысбастылығының тиімділігін көтеру және еңбек нарығында азаматтарды әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етуге бағытталған басқа шараларды жүзеге асыру арқылы толық, өнімді және еркін сайланған жұмысбастылыққа көмек берумен қорытындалады.

Барлық басқару деңгейіндегі жұмысбастылықтың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру формасы республикалық, облыстық және жергілікті (қалалық, аудандық) бағдарламалар болып табылады.

Қазіргі заманғы шарттарда қазақстандық қоғамда жұмысбастылық стратегиясының бастапқы постулаты халықтың жұмысбастылық деңгейін белгілі шекке дейін көтеру және сақтау болуы керек, бір мезгілде ортақ жұмысшы күшін кәсіпорыннан босатуға тосқауыл болмай.

Қазіргі заманғы еңбек нарығы – бұл кәіспкерлер мен жұмысшылардың қарсы тұру саласы болғанымен, екі жақтың ымырасы мен келісімдері: мемлекеттің делдалдық рөліндегі жұмысшы күштерін сатушылар мен сатып алушылар.

Еңбек нарығындағы саясат жақын кезеңде мыналарға бағытталатын болады:

• халық жұмысбастылығының салалық құрылымындағы үдемелі алға басуларды қамтамасыз етуге;

• экономикалық белсенді халықты жаңа еңбек қатынастарына қайта бейімдеуге;

• жұмысшы күші мен жұмыс орындары санының ұсынысының баланстылығына жету;

• жергілікті еңбек нарығындағы жаппай жұмыссыздықты ескерту;

• жаңа жұмыс орындарын жасау және бұрыннан бар жұмысшы орындарының тиімділігін көтеру;

• кадрларды оқыту, қайта оқыту, қайта дайындау арқылы және кадрлардың кәсіпшілігін көтеру арқылы кадрлық потенциалды дамыту;

• ҚР Үкіметінің жұмысбастылық мәселелерін шешу бойынша әрекеттерінің маңызды интегралданған бағыттарына мыналар жатады:

• қолдағы бар жұмыс орындарын толығырақ пайдалануға жағдай жасаушы инвестициялық және салық саясатының баланстығын жүргізу арқылы жұмыс орындарының тапшылығын жеңу, шағын кәсіпорындарды дамыту, дәстүрлі жұмысбастылықтың перспективалы дамушы салалары ретінде күрделі жұмсауларды бағыттау;

• шағын және орта бизнес кәсіпкерлігін, жеке кәсіпкерлік іс-әрекеттерін дамытуға экономикалық жағдай жасау, ең алдымен, еңбек нарығында шиеленісті жағдайлары бар аймақтарда;

• экономиканың мемлекеттік емес секторындағы жұмысбастылық қарқындарын үйлестіру, осы салада еңбек заңдылығын қадағалауға мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

• еңбек нарығында шиеленісті жағдайлары бар аймақтарда жұмысбастылықты тұрақтандыру бойынша арнайы бағдарламалар жасау;

• тіршілік деңгейін жүйелі тұрақтандыру, халықты адрестік әлеуметтік қолдауды күшейту, соның ішінде халықтың жеке әлеуметтік топтарында болатын жұмысқа мұқтаждықты төмендетуге бағытталған қолдауды күшейту;

• жұмысшы күшінің жоғары сапасын қалыптастырудың ең үдемелі құралы ретінде үздіксіз білім беру жүйесін одан әрі дамыту;

• еңбек шарттарын, жалақыны және жұмыс уақытын пайдалануды қоса отырып, жұмыс ортасының сапасын жақсарту;

• халықтың мемлекеттік қызмет жұмысбастылығы арқылы жүзеге асырылатын және жұмыссыздықты тоқтатуға және жұмысы жоқ адамдарды белсенді жұмысқа қайтаруға бағытталған бағдарламалық қызмет тиімділігін көтеру және дамыту.

Еңбек нарығындағы тұрақтандыру жалпы мемлекеттік көлемде жұмысбастылықты реттеуге тәсілді өзгертуді талап етеді. Бұл міндет қаржылық тұрақтандырумен және өндіріс деңгейін тұрақтандырумен қатар, шаруашылық саясатының ең жоғары приоритеттерінің құрамына кіргізілуі керек.

Еңбек нарығын мемлекеттік реттеуді көп деңгейлі процес ретінде қарастыру дұрыс. Қорытындыланған түрде процес иерархиясын үш деңгей түрінде көрсетуге болады: макродеңгей, аймақтық деңгей және микродеңгей. Мародеңгейде заң және атқару үкіметтерінің жоғарғы ұйымдары келесі негізгі міндеттерді шешуге шақырылған:

1.Қаржылық-несиелік, құрылымдық, инвестициялық, сыртқы экономикалық саясаттардың еңбек нарығын реттеу мақсаттарының жүйесімен келісуі. Бұл міндетке мемлекеттік тапсырыстар мен өнімдерді сатып алулар туралы шешім қабылдау сұрақтары, ең бірінші кезекте, инфрақұрылымдық, әлеуметтік және экологиялық мақсаттардағы; мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар, дотациялар, субвенциялар, несиелер және халықтық жеңілдіктер – приоритетті салаларда өндірісті қолдау мен дамытуға бағытталған – туралы шешімдер қабылдау сұрақтары жатады. Жұмысбастылық мүддесіндегі сыртқы экономикалық байланыстарды реттеу – ерекше міндет.

2. Әлеуметтік, демографиялық, миграциялық саясаттардың еңбек нарығын реттеу приоритеттерімен және мақсаттарымен келісімі. Бұл одақтың міндеттері қатарына маманданған кадрлардың шетелге кетуін барынша азайту, иммиграцияның қажетсіз формаларын шектеу, тіркелген қашқындар мен ықтиярсыз көшкіндердің жұмысқа шектеу, тіркелген қашқындар мен ықтиярсыз көшкіндердің жұмысқа тұруына көмектесу, осы тақырыпта еңбек құны ретінде қарстырылатын табыстарды реттеу кіреді.

3. Жұмыс істемейтін халықты жұмысқа тұрғызу және әлеуметтік қолдау саясаты. Оның міндеттерінің қатарына еңбек пен әлеуметтік қорғау Министрлігін ұйымдық дамыту кіреді, соның ішінде басқа құрылымдардың жұмысбастылық қызметтері де бар. Бұл блоктың негізгі еңбек және әлеуметтік қорғау (жұмысбастылық қызметі) Министрлігінің еңбек нарығына саясаты болып табылады.

Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу аймақтық деңгейде негізінен сондай бағыттарда жүзеге асырылуы керек. Аймақтағы реттеу субъектілері соған сәйкес заң және атқару өкіметінің ұйымдары болып табылады. Еңбек нарығын реттеудің құраушы элементтерінің тізімі жалпы мемлекеттік деңгейге қарағанда, ендігі аймақтық деңгейде. Жоғарыда аталған реттеу бағыттарының бір бөлігі республикалық деңгейде басымырақ жүзеге асырылады: негізінен демографиялық саясат осындай, жоғары экономикалық саясаттың көптеген аспектілері де республикалық деңгейде реттеледі. Қаржылық-несиелік саясаттың негізгі бағыттары да елеулі дәрежеде республикалық деңгейде реттеледі. Осыған қарамастан, аймақтар еңбек нарығын реттеуді негізгі приоритеттер қатарына енгізуі керек және өзінің міндеттері мен мүмкіндіктері шеңберінде (республикалық ұйымдармен уәкілдікті шектеу) үйлесімді бюджеттік және бюджеттен тыс қорлардың кірістерін, трансферттік төлемдерді реттеуі керек және тіршілік деңгейі – аймақтағы жұмысшы күштерін ұсыну деңгейі арқылы халықтың демографиялық сапасын (ауру-сырқауды, жарақаттанушылықты, маскүнемдікті және, қорытындысында, еңбекке қабілетті халықтың өлім-жітімін төмендету), реттеу, миграциялық процестері реттеу. Аймақтық деңгейде еңбек нарығының мүддесінде тұрғын үй, тасымал және өндірістік құрылыс, тасымал, байланыс, экологиялық, әлеуметтік және басқа мұқтаждықтар үшін барлық меншіктілік түріндегі кәсіпорындардың өнімін мемлекеттік сатып алулар, приоритетті салалардағы өндірісті дамыту мен қолдауға бағытталған салықтық жеңілдіктерді, несиелерді, дотацияларды кәсіпорындарға берулердің жүзеге асырылуы мүмкін.

Аймақтардағы жұмыс істемейтін халықты жұмысқа орналастыру және әлеуметтік қолдау саясаттың міндеттері тұтас алғанда, республикалық деңгейдегі міндеттердей. Бұл блоктың міндеттері елеулі дәрежеде еңбек туралы аймақтық ұйымдармен аймақтық жұмысбастылық қорының есебінен орындалатындықтан, ал оның құрамында жұмыс берушілердің міндетті сақтандыру жарналарының сомасының 70%-тейі тұратындықтан, аймақтардың рөлі орталық өкімет ұйымдарына қарағанда, бұл жерде кеңірек болады. Аймақтық деңгейдегі бұл блоктың міндеттерінің қатарына жұмысшы күшін дайындау және қайта дайындау жүйесін дамыту (бірініші кезекте оның жұмыс істемейтін бөлігін), мәліметтік қамтамасыз ету құрылымдарын жетілдіру, жұмысбастылық орталықтарын лайықталған жайлармен және дайындалған кадрлармен қамтамасыз ету; тіркеу, жұмысқа орналастыру, жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау және қашқындар мен еріксіз көшкіндерді еңбек нарығында қолдау, шектелген еңбек қабілетті адамдарды, ұзақ уақыт жұмыссыз болғандарды, әйелдерді, жастарды және жасөспірімдерді және басқа кейбір топтарды еңбек нарығында қолдау тиімділігін көтеру. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру сұрақтары да аймақтық деңгейде шешіле алады.

Еңбек нарығын микро-деңгейде реттеу заңды және басқа нормативтік реттеуді, кәсіпорындардың, мекемелердің, жеке тіркелген және тіркелмеген кәсіпкерлер мен үй шаруашылықтарының еңбек нарығындағы бет алысына жағдай жасауды, салықтық, қаржылық реттеуді кіргізеді.

Еңбек нарығында мемлекет алдында тұрған келесі негізгі міндеттерді бөліп шығаруға болады: біріншіден, еңбек сұранысы мен ұсынысының және оның белсенді бөлігі мен запас бөлігінің арасындағы арақатыстың, бір жағынан халықтың жалпы санының қажетті өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететіндей, екінші жағынан, еңбекке тиімді стимулы сақталатындай деңгейіне жету. Екіншіден, үйлесімді маманданған-салалық, кәсіпкершілік-білім беру және географиялық жұмылдырудың еңбек қорларын қалыптастыру, бұл барлық нарықтық экономиканың тиімділігін көтеру үшін алдын-ала жағдайлар жасайды. Үшіншіден, еңбек бөлудің халықаралық жүйесіне Қазақстанның интегралдануы қажеттігі, бұл өндіріс, ғылым мен техника, басқару ұйымдары салаларындағы белсенді халықаралық бәсекелестікті болжайды.

Еңбек нарығында мемлекет жұмыскерлерді дамыту мен тұтынудың сандық және сапалық аспектілеріне мақсатқа сәйкес әсер етудің, оларды өндірістің қазіргі деңгейіне мамандықты дайындаудың үлкенірек үйлестігіне жетудің шаралар жүйесін жүзеге асырды.

Мемлекетпен еңбек нарығын реттеу процесі нарықтық механизмнің теріс сәттерін азайтатын, жете түсінілген және жоспарлы әрекеттерді ұйғарады. Бұл Қазақстанда жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы қатынастар жүйесінде әрдайым мемлекет болатынымен қамтамасыз етілген, ол да, өз кезегінде, ірі жұмыс беруші болып табылады. Соның ішінде, мемлекеттік секторда еңбекке қабілетті халықтың елеулі бөлігі жұмыс істейді, мемлекет жалға алу шарттарын және мемлекеттік емес сектордағы жұмысшыларды жұмыстан шығаруды реттейді, бұдан басқа, мемлекет пен халық арасындағы жұмысқа тұру, оқу, ауысу, әлеуметтік қамтамасыз ету туралы қатынастар бар. Еңбек қорларын ұдайы өндіру мен пайдалануға әсер ету ерекше мекемелер (министрліктер мен ведомстволар) арқылы жүреді, оларға реттеу қызметтері мен тексеру құқығын орындау билігі берілген және, бұдан басқа, белгілі қаржылық және материалдық қорларға билік етеді.

 

4. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – мемлекеттік реттеу қызметінің маңызды бір бағыты болып табылады. Әлеуметтік мәселелерді реттеу ең алдымен әлеуметтік саясатты қажет етеді. Әлеуметтік саясат – бұл барлық азаматтардың жан-жақты дамуы, тұрмыс жағдайы, әл-ауқатын жоғары деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Әлеуметтік саясаттың маңыздылығы жұмыс күшін ұдайы өндіру процесіне, еңбек өнімділігін арттыруға, еңбек ресурсының білім және мамандық деңгейін көтеруге, өндіргіш күштердің ғылыми техникалық деңгейіне, қоғамның мәдени және рухани өміріне байланысты анықталады. Әлеуметтік саясат адамдардың ауыруға шалдығу деңгейін төмендететіп өндірістегі экономикалық шығындарды қысқартады. Қоғамдық тамақтану, мектепке дейінгі білім беру сияқты әлеуметтік салалар халықтың басым бөлігін үй шаруашылығы салаларынан босатып, қоғамдық өндірістегі жұмысбастылықты көтеруге мүмкіндік туғызады. Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты - қоғам мүшелерінің материалдық, мәдени және рухани қажеттіліктерін қамтамассыз ету.

Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаттары:

Ø Қоғамдық қатынасты үйлесімді дамыту, халықтың әр түлі топтарының мүдделері мен қажеттіліктерін қоғамның мүддесімен келістіру, қоғамдық саяси жүйені тұрақтандыру.

Ø Халықтың материалдық тұрмыс жағдайын көтеруге жағдайлар жасау, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандыру, әлеуметтік мүдделерді теңестіру.

Ø Халықты әлеуметтік қорғау мен мемлекеттік кепілдік беретін әлеуметтік экономикалық құқықты қамтамассыз ету. Оның ішінде халықтың табысы аз, тұрмыс жағдайлары төмен бөлігіне қолдау көрсету.

Ø Қоғамдағы еңбекпен қамтамасыз етуге ықпал ету.

Ø Қоғамдағы қылмыс деңгейін төмендету.

Ø Әлеуметтік салаларды (білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, тұрмыстық

үй т.б. ) дамыту.

Ø Еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамассыз ету.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 192; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты