Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Сваймен бекітілген тұрақты теңіз платформаларына (ТТП) сипаттама беріңдер.




Свайлармен бекітілген ТСП – свайлар арқылы теңіз түбіне бекітілген тіректі бөліктен және технологиялық қондырғылармен қамтылған жоғарғы жабдықтардан тұратын гидротехнологиялық құрылым.

Тіректі бөлік немесе бірнеше блоктардан пирамида түрінде немесе тікбұрышты паралелепипед сияқты болып орындалады. Решеткалардың стержендері (сырықтары) металл құбырлы элементтерден жасалады. Тіректер блоктарының саны белгілі ауданда жұмыстың сенімділігі және қауіпсіздігімен, технико-экономикалық негіздермен және зауыттағы жүккөтергіш, транспортты құрылғылармен (ТСП-ның тіректі бөлігін дайындағыш)болуымен анықталады. Свайларды платформа тіректерін бекіту бетондау аппаратымен орындалады.

Сурет 19 а,б,в –даКаспий теңізінде қолданатын ТСП сұлбалары келтірілген.Төменде теңіз стационарлы платформаның қысқаша техникалық берілгендері көрсетілген. Мұнда платформа бір-бірінен 31 м арақашықтықта орналасатын екі тіректі блоктардан, үшпалубты жоғарғы құрылымдардан, оның ішіне кіретін 14 модулдардан: екі мұнара астындағы, әрқайсысы 450 т болатын пайдалану қондырғысы бар алты төменгі палубаларәрқайсысы 600 т бұрғылау қондырғысы бар жоғарғы палубаның алты модулі.

Осы платформа ұңғыларды екі бұрғылау қондырғыларымен бұрғылауды қамтамасызететін технологиялық және қосымша жабдықтар, жүйелер, инструменттер және материалдардан тұрады. Сонымен қатар, платформа блоктын тұрғын орындарымен, тікұшақ алаңымен, арнайы крандармен қамтылған.

Платформадан 12 ұңғыларды бұрғылау қарастырылған.

Жобадағы өлшем, мм:

өндірістік алаңның.......................................71х50

тіректі блоктың............................................16х49

Салмағы, мың.т:

платформаның ..............................................12,1

тіректі блоктың..............................................2,04

Тіректі блоктар теңіз түбіне свайлармен бекітіледі. Тіректі блоктарда модулдары сәйкес технологиялық, қосымша жабдықтармен және жүйелермен қамтылған үшпалубты құрылым орнатылады.

Теңіз мұнайгаз кен орындарын құрылымдармен қамтуға кететін шығын жалпы барлық күрделі қаржының 50% құрайтыны белгілі. Сонда жеке мұнайгазкәсіптік платформалардың құны 1-2 млрд долларды құрайды деп санауға болады.

Мысалы, қазіргі кезде Солтүстік теңіздің Троллькен орнында пайдаланатын тереңсулы гравитациялық платформа 1 млрд доллармен бағаланады. Ал тереңсулы магистралды құбырды орналастыруға кететін шығын бір километрға 2-3 млн долларды құрайды.

Шельфті меңгеруде әрбір жаңа кезең пайда болатын жаңа проблемеларды шешуге өмірге жаңа шешімдерді қабылдауды талап етеді.Шельфті меңгерудің тұтас техникалық құралдар спектрі өңделген, оны таңдау технологиялық, геологиялық, гидрометеоррологиялық, экономикалық , саясат жағдайларының жиынтыгымен анықталады.

Сурет 20-да ұңғыларды бұрғылау, барлау және мұнай газды өндіруге қажетті әртүрлі техникалық құрылымдыр көрсетілген.

Жаңа техниканы және теңіз мұнай газ құрылымдарды құру аумағында жұмыс істейтін инженерлік компаниялардан «Браун энд Рут», «Мак-Дермот», «Кверенр», «Аккер» және т.б. жоғарғы орындарды алуда.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-10; просмотров: 146; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты