Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Батырмалы баржа (конструкциясы, батыру тереңдігі).




Құбырларды дайындауға қажетті материалдар ретінде жұмыс ортаның тасымалдау түріне және бұзылу белсендігіне байланысты күкіртті және тоттанбайтын болат, шойын, мыс, олардың қоспалары, алюминий, титан, әйнекпластик және полиэтилен қолданады. Құбырлардан басқа құбыр жүйесіне әртүрлі құбыр элементтер, кеме арматурасы, жетектер, механизмдер, аппараттар, цистерналар, резервуарлар, автоматика құрылғылары және басқа жабдықтар жатады.

Сурет 47- Құбыр орналастырғыш баржа

Азаматты құрылыста құбыр жүйелерді айдалатын жұмыс ортаның түріне байланысты классификациялайды (топтастырады) және осыған байланысты суқұбырлар, мұнай құбырлар, газқұбырлар, аммиакқұбырлар болып бөлінеді.

Жерден өнімді алғаннан кейін ол теңізден жағаға тасымалдануы керек. Өндіретін жабдықты монтаждаумен қатар құбыр орналастырғыш баржалар және бригадалар платформадан арнайы орынға дейін мұнаймен газды тасымалдау үшін құбырларды орнатумен айналысады ( сурет 47).

Осы баржалардың ұзындығы 150 метрге дейін жетіп, ал ол орналастыратын құбырлар диаметрі 1525 мм-ге дейін жетеді. Негізінен құбырлар ұзындығы 12 метрлі болып, оларды орнату үшін олар бетонмен қапталады. Құбырлар бір-біріне жинау бойымен пісіріледі. Осы желінің бойында пісіретін рындар қатары орналасып, онда жоғары тиімді пісіру машиналарында пісіргіштер жұмыс істейді.

Әрбір келесі құбырды пісіретін аймаққа орналастыру кезінде ол теңіз түбіне баржа кормасы арқылы содан кейін бірнеше жүз миль қашықтықта орналасатын терминалға өтетін құбырдың бөлігі болып келеді. Пісіретін аймақтан құбыр рентгеноскопия аймағына келеді, мұнда әрбір жаңадан пісірілген жері дефекттерге тексеріледі. Егер джефекттер байкалмаса, онда пісірілген жер коррозияға қарсы жапқышпен қапталады.

Құбырдың ұзындығы өскен сайын баржа бірнеше километрге алдыға жылжиды. Баржа орын ауыстырған сайын пісірілген, рентгеноскопиядан өткен, оқшауланған құбырдың жаңа бөлігі арнайы «стингер» деп аталатын еңіс алаңы бойымен төмен суға түсіріледі. Стингер құбырды бірнеше арақашықтықта су астында устап, оны бір белгілі бұрышпен теңіз түбіне бағыттайды.

Құбыр орналастырғыш баржаның қозғалуымен ол өзінің соңына осы заттарды сүйреп, теңіз түбінде траншеяны қазады. Құбыр осы траншеяға түсіп, оның үсті теңіз толқуынан құммен себіліп, әртүрлі заттардан қорғалады. Құбырларды орнату үрдісінде су жүзгіштері стингер мен құбырды үнемі тексереді. Олар теңіз түбіндегі бөгеттерді, құбырдың дұрыс орналасуын және стингердің орнын бақылап отырады. Платформаға құбырды орналастырғаннан кейін су жүзгіштер оны тұраққа жалғап, одан кейін теңіз түбінен палубаға көтерілетін құбыр бөлігіне жалғайды.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-10; просмотров: 119; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты