Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Лекция №16. MS Word мәтіндік редакторы туралы негізгі мәліметтер.




Дәрістің мақсаты: ақпараттарды форматтауға, кестемен және графикамен жұмыс істеуге үйрету.

Жоспар:

1. Мәтіндік редактордың негізгі мүмкіндіктері.

2. Мәтінмен жұмыс істеу.

3. Баспа жүйесімен жұмыс істеу.

Кілттік сөздер:құжаттыформаттау, кестені құру және өзгерту, берілгендердің графиктік түрі.

Иллюстрациялық материал: слайд.

Мәтін - компьютерлік алфавит символдарының кез келген тізбегі. Мәтіндік редактордың көмегімен құрылған, алфавитті - сандық символдардан ғана емес, графикалық объектілерден немесе мәтінді форматтау туралы басқару ақпараттарынан тұратын файлды мәтіндік құжат деп атаймыз.

Компьютерде мәтіндік ақпараттарды өңдеу үшін мәтіндік редактор немесе мәтіндік процессор деп аталатын мәтінді өңдейтін арнайы жүйе қолданылады. Мәтіндік редактор - магниттік дискіде мәтіндік құжатты құруға, өңдеуге, құжаттың форматын өзгертуге, басып шығаруға және т.б. мүмкіндік беретін қолданбалы бағдарлама.

MS Word - мәтіндік кұжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша бағдарламасы. Ол — мәтіндік және графикалық ақпараттарды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторларының бірі. Мәтіндік кұжаттың негізгі элементтері: символ - мәтіндік ақпараттың ең кіші бірлігі; сөз - екі шетінен қызметші символдармен шектелген әріптер мен цифрлардың кез келген тізбегі. Қызметші символдарга - бос жол, нүкте, үтір, сызықша және т.б. жатады. Жол - абзацтың оң және сол шекараларының аралығындағы символдардың кез келген тізбегі. Сөйлем – екі нүктенің аралығындағы сөздердің кез келген тізбегі. Беттің келесідей құрылымдық элементтері бар: негізгі мәтін, жогаргы және төменгі коллонтитул, сілтеме. Беттің негізгі мәтіні - бұл жолдар, абзацтар, кестелер және суреттер. Колонтитул - газеттердің, журналдардың, кітаптардың бетіндегі мәтіннің жоғарғы немесе төменгі жағында орналасқан тақырыптық берілгендер. Сілтеме - бұл беттің немесе мәтіннің сонғы жағында жазылатын нұскау.

МS Word мәтіндік редакторында мәтінді форматтау.

Символдарды форматтауға қаріп параметрлерін, символдар аралығындағы бос орындарды және оларды жолға байланысты жоғары не төмен жылжыту мүмкіндіктерін тағайындау жатады. Қаріптер ұғымына: қаріптің типі, қаріптің өлшемі, сызылымы, түсі және арнайы эффектілері жатады. Қаріптің негізгі параметрлерін (типі, өлшемі, сызылымы) Формат командасының мәзірі, "Форматтау" құрал-саймандар тақтасы, пернелік командалар мен контекстік мәзір жүйелерінің көмегімен тагайындауга болады. Қаріптермен жұмыс істеуге арналған аспаптардың толық жиынтығын "Қаріп" сұхбат терезесі ұсынады.

Қаріптер сызылымының мынадай мүмкіндіктері бар: Әдеттегі, Курсив, Жартылай қарайтылган курсив, Өлшем, Астын сызу. Түс, яғни мәтінді бояйтын мүмкін түстер (Авто, Қара Қызыл, Сары т.б.) тізімі бар, Эффектілер, яғни сызылган, жогаргы индекс, төменгі индекс, жасырын кішірейтілген жазба әріптер.

Кез келген редактордағы сиякты, WORD жүйесінде де абзац дегеніміз мәтіннің абзац символымен (екі Еnter пернесін басу аралығы) шектелгеy бөлігін айтады. Абзацты жеке форматтауға болады, онда мынадай ұғымдарды пайдаланамыз: Шегініс-мәтіннің сол жақ шетінен абзацтың алғашқы жолының басына дейінгі аралық, жәй мәтін жолындағы азат жол, Мәтінді пайдалану мақсатына байланысты туралаудың төрт түрі болады: сол жақ, шетке царай туралау, оң жақ шетке қарай туралау, жол ортасына қарай туралау, екі жақ шетінен туралау. Табуляция — әрбір абзац алдында тұрақты азат жол даярлау үшін және мәтінді бірнеше бағана түрінде кестелеп жазғанда, сол бағаналарға жылдам өту үшін қолданылады. Жол арасындагы интервал — жолдардың ара қашықтығын тағайындайды. Бұдан өзге абзац алдында немесе соңында да қашықтықты тұрақты етіп өзгертіп беру мүмкіндігі бар.

MS Word мәтіндік редакторында кесте құру және өңдеу.

Мәтіндік редактормен жұмыс істегенде реттелген мәліметтер жиі кездеседі. Мұндай мәліметтерді құжатта сақтаудың ең тиімді жолы кесте болып табылады. Сонымен бірге кестені әртүрлі тізім, финанстық мәліметтер және басқа да мәліметтер үшін қолдануға болады. Кесте ақпараттың түсінікті берілуі үшін де колданылады. Кесте — қатар мен бағанада реттелген ақпарат. Кестелердің бағанасы мен жолы қиылысқан жердегі мәлімет сақтайтын төртбұрышты ұя түріндегі негізгі әлемент ұящық деп аталады.

MS Wordкөптеген практикалық есептеулерді орындауға, кестемен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құрылғылардан тұрады. Кестемен жұмыс істеуге арналған командалар кесте құруға және оны түзетуге сонымен бірге кестедегі мәліметтерді өндеуге мүмкіндік береді.

Кесте кұжаттық мәтіннің кез келген жеріне қойыла береді. Кесте мөлшері қағаз парағынан үлкен болуы да мүмкін, сондықтан ол бір немесе бірнеше беттерде орналаса алады. Кесте тақырыптарын әрбір беттің жоғарғы жағына автоматты түрде орналастыруға болады.

Кестені алғаш рет даярлау үшін Кесте-Кестені енгізу командасын немесе стандартгы Құрал-саймандар тақтасының Кестені енгізу батырмасын пайдалану керек. Керекті торлар санын көрсету керек, сонда мәтіннің курсормен керсетілген жерінде кажетті өлшемдегі кесте пайда болады. Кесте даярланған соң, ұсынылған стандартты форматтардың жиынынан бізге қажетті форматты таңдап алу үшін Кесте-Кестені автоформаттау командасын пайдаланған жен. Сонымен қатар, кестеге бағандар мен жолдарды қосуға және алып тастауға болады.

MS Word-тағы формулалар редакторы.

MS Word бағдарламасындағы формулалар редакторының, яғни Місrosoft Equation көмегімен құжат мәтініне математикалық формулалар мен символдар орналастыруға болады. Формулалар редакторының көмегімен жазылатын объектілерге интегралдар, матрицалар, белшектер, түбірлер, көпмүшеліктер және т.б. жатады. Олардың сырт бейнелері принтерден басып шығарылатын кешірмесімен бірдей болады.

Word ортасынан формулалар редакторын іске қосу үшін, енгізу курсорын құжаттың формула кірістірілетін жеріне орналастырып, Кірістіру –Обьект – Місrosoft Equation командаларын орындау керек.

Математикалық символдар шартбелгілері бар теңдеулер редакторы терезесіндегі жоғарғы жол негізінен символдар формуласына енгізуге арналған мәзір болып табылады: мысалы, шексіздік белгісі, вектор символы, т.с.с. таңбалар жиыны. Олардың ішінен қажетті символдарды таңдауға және оларды формула ретінде енгізуге болады. Математикалық символдар функционалдық ұксастығы бойынша жеке топтарға біріктіріліп орналастырылған. Символды кірістіру үшін керекті символ тұрған өріс элементін тышқан курсорымен белгілеп көрсету керек, сонда өріске кіретін символдардың толық тізімі ашылады. Тізімдегі қажетті символды таңдап алып, оны бір рет шертсек, символ мәтіндегі формулалар жолына енгізіледі.

Шаблондар жолы математикалық символдар пиктограммасынан төмен орналасқан. Оның көмегімен мәтінге математикалык қатынастар, амалдар мен интеграл, матрица, жақша ішіндегі өрнектер сияқты күрделі объектілерді және т.б. енгізуге болады.

Формулалар редакторының бағдарламасы формулаларды дайындауға арналған стильдерді пайдаланады. Формулалармен жұмыс істеу барысында: ерекшеленген объектіге басқа типтегі стильді тағайындауға болады. Дайындау стилін өзгерту үшін, символдарды ерекшелеп, Стиль мәзірі командасымен басқа стильді тағайындауға болады; жалпы типтік стиль сипатын өзгерту керек. Бүдан басқа формуладағы символдар арасындағы бос орын енін де реттеуге (мысалы, символ мен оның дәрежесі арасындағы) мүмкіндік бар, сондай-ақ, көп жолды өрнектер терілгенде кейбір жолдарды сол жақ шетке, ал кейбірін оң жақ шетке (ортаға) әйтпесе тендік белгісінің орналасуына байланысты ауыстырып орналастыруға болады; жеке (өзіндік) дайындау тәсілін қолдану, ол үшін алдымен символдарды алдын ала ерекшелейді де, Стиль-Басқа командасын орындайды.

MS Word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері.

Wordбасқа бағдарламалардан графиктерді кірістіруге, сондай-ақ өзінің кескіндерін даярлауға мүмкіндік береді. Құжат ішіне сыртта даярланған графикті орналастыру үшін Кірістіру-Сурет командасын орындап, ішінде сол сурет орналасқан файлдың атын көрсету керек. График түріндегі суреттердің көшірмесн алдымен алмастыру буферіне ауыстырып, соңынан барып оны курсор тұрған орынға буфер арқылы да кірістіруге болады.

Word-та суреттерді қарапайым графикалық элементтерді (түзу сызық, қисық сызық, дөңгелектер, іші боялған, боялмаған көпбұрыштар, мәтінмен толтырылған тіктөртбұрыштар) Word құрамындағы графикалық редактордың көмегімен даярлауға болады. Сызық – Word графикалық редакторының ең қарапайым геометриялық элементі. Сызық сызу үшін экранның төменгі жағындағы Сурет салу Құрал-саймандар тақтасындағы түзу сызық кескіні тұрған батырманы шерту жеткілікті. Эллипсті салу үшін эллипс бейнесі тұрған батырманы шертіп, сосын курсорды бастапқы нүктеге орналастырып, тышканның сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап тұрып, эллипсті қажетті мөлшерге дейін үлкейту керек. Шеңбер суретін салу үшін сурет салу барысында Shift пернесін жібермей ұстап тұру керек, оның да центрін ауыстырмау үшін Сtrlжәне Shift пернелерінің екеуін де жібермей ұстап тұруға болады. Тіктөртбұрышты тұрғызу үшін алдымен оның бейнесі тұрған батырманы шертіп, содан кейін курсорды тіктөртбұрыш төбелерінің біріне сәйкес келетін нүктеге апарып тышқанның сол жақ батырмасын басып, оны жібермей ұстап тұрып Тіктөртбұрышты толық етіп салу керек. Сtrl пернесін басып тұрып Тіктөртбұрыштың центрін белгілі бір орынға бекітуге болады. Ал квадрат суретін салу үшін, салу барысында Shift пернесін басулы күйде ұстап тұру қажет.

Фигураларды бұруға, өлшемін өзгертуге болады. Кез келген сурет бір немесе бірнеше әлементтерден тұратыны белгілі. Осындай бірнеше әлементтерді құрастырып, оларды бір объект ретінде өңдеуге де болады. Бірнеше элементтерден тұратын топты кұру үшін, алдымен оларды ерекшелеу керек, содан кейін Сурет салу Құрал-саймандар тақтасындагы Топтастыру батырмасын басу керек.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-10; просмотров: 468; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты