Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Лекция №24. Corol Draw графикалық редакторы




Дәрістің мақсаты: CorelDraw-да жұмыс істеудің негізгі тәсілдерімен танытыру.

Жоспар:

1. Жалпы мағлұматтар. Ортаны баптау.

2. Саймандар тақтасы. «Графика» саймандар тақтасы

3. Бейнені құру, сақтау және баспаға шығару.

Кілттік сөздер:векторлық графика, интерфейс, саймандар тақтасы.

Иллюстрациялық материал: схема, слайд.

CorelDraw программасы векторлық графикасында қолданушы интерфейсіне қатысты эксплуатационды сапасы жоғарғы. Берілген интерфейс келесі қасиеттер жиынын құрайды:

· Эксплуатацияның ыңғайлылығы және қарапайымдылығы;

· Тартымдылығы мен сыртқы түрі;

· Құру (настройка) мүмкіндіктерінің кеңдігі;

Көбінесе, CorelDraw меню командаларымен, жылдамдатқыш пернетақтасымен, құрал саймандар тақтасымен, сонымен қатар программаны құру параметрлері бір-бірінен ерекшеленеді және әртүрлі қолданушы программаның интерфейсімен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Компьютерде шешіліп отырған есептің программасына немесе дизайнеріне қызығушылығына байланысты интерфейстің сол немесе басқа нұсқаулары таңдалады.

Программа экранында басқару батырмалар жиынтығымен қатар, Welcome to CorelDraw (CorelDraw программасына қош келдіңіз) панелінде программаны ашудың алты режимі берілген.

Олар келесі батырмалар:

§ New Graphic (новая графика) жаңа графикалық құжатты құруға арналған.

§ Open Last Edited (соңғы редактірленген құжатты ашу) соңғы өңделінген құжатты ашу.

§ Open Graphic (графиканы ашу) кез-келген файлдағы графиканы ашуға мүмкіндік береді.

§ Template (шаблон) батырма көмегімен New From Template (жаңа шаблон) диалогті терезесі ашылады, жаңа құжат құру мақсатында сол программаның шаблонында әмбебеп шаблон таңдалады.

§ Corel Tutor (Corel Tutor кітабы ) жаңа құжат құруға және CorelDraw программасының электронды кітапшасы жүктелген, Web бейнелеуіш соңғы терезесін ашуда қолданады.

§ What is New? (что нового? ) батырмасы, программаның он бірінші нұсқауында Features overview (функцияның бейнесі) сұхбат терезесі ақпараттарды ашу мүмкіндіктерін береді.

CorelDraw программасының қолданушы интерфейсі жайпақ (плоский) деп аталатын қазіргі заманғы интерфейсі болып табылады. Осыған байланысты қолданушының назарын таңдалынған құрал сайманына, программада керекті құрал сайманынан іздеуін тездетуге және оның қателесу мүмкіндіктерін азайтуға арналған.

CorelDraw программасы Windows 95/98/2000 операциялық жүйесінде жұмыс жасайтындықтан, әрбір қолданушыға белгілі, интерфейс программасы стандартты элементтер жиынынан тұрады.

Программаның жүйелік және (Бүктеу, қайта ашу және жабу) құжат батырмасы;

Программаның және құжаттың жүйелік блогі;

Программаның тақырып жолы;

Құжат атының жолы (оның толық ашылмағанында);

Corel Draw программасының интерфейсі, сонымен қатар сұқбаттық терезеден қосымша құрал саймандар терезесінен және программаның анықтамалық жүйесінен тұрады. Сұқбат терезе команда параметрлерін және жұмыс құрал–саймандарын құруға, сонымен қатар программаның құру параметрлері үшін арналған. Программаның анықтамалық жұмыс режиміне жататын, құрал–саймандар панелінің көмегімен әртүрлі амалдар орындауға болады. Анықтамалық жүйе қолданушыға программамен жұмыс жасауда көмек көрсетеді және оны өз бетінше оқуға мүмкіндік береді.

 

Лекция №25.Жергілікті есептеуіш желілер.

Дәрістің мақсаты. Компьютерлік желілердің негізгі ұғымдарымен танысу.

Жоспар:

1. Компьютерлік желілер.

2. Желі топологиясы.

Кілттік сөздер:желі, топология, кабель, хаттама.

Иллюстрациялық материал: схема, слайд.

Компютерлік желі деп әр-түрлі ресурстарды, мысалы, программаларды, құжаттарды, және принтерларды бірігіп пайдаланатындай етіп, бір-бірімен кабельдің көмегі арқылы қосылған компьютерлер тобын айтады. Компьютерлік желілерді құру үшін арнайы аппараттық және арнайы программалық жабдық қажет. Компьютерлерді желіге олардың ресурстарын бірлесіп пайдалану үшін және ақпаратпен алмасу үшін біріктіреді. Ресурстар 3 түрлі (типті) болады: аппараттық, программалық және ақпараттық. Мысалы, Қатты дискілердің сыйымдылығы ақпараттық ресурс болып табылады.

Программалық ресурсқа мысал, өте күрделі және ұзақ есептеулерді орындау үшін шалғайдағы үлкен ЭЕМ-ға қосылуға және оған есептелінетін тапсырманы жіберуге, соңынан есептеу нәтижесін алуға болады. Алыстағы (удаленный) компьютерларда сақталынатын мәліметтер ақпараттық ресурсты құрайды. Бұған мысал ретінде Интернетті алуға болады.

Орналасқан компьютерлерінен ғана қол жеткізуге болатын ресурстар жергілікті деп аталатын желінің басқа компьютерлеріне де ашық компьютер ресурстары ортақ немесе желілік деп аталады. Жергілікті және ортақ ресурстар түсініктері шартты.Бұл-жергілікті ресурсты ортақ етуге болады және, керісінше, ортақ ресурсқа жергілікті мәртебесін беруге болады деген сөз. Ортақ ресурстар орналасқан компьютер сервер деп аталады. Сервердегі ақпаратқа жол ашатын және осы ресурстар пайдаланылатын компьютерлер клиенттер немесе жұмыс станциялары деп аталады. Есептеу желілері желілік ОЖ-лер басқарумен жұмыс істейді. Негізгі желілік ОЖ-ге Novell Netwone, Windows NT, OS/2 т.б кіреді. Windows95, 98 ОЖ-де құрамдас желілік құралдар бар.

Желілік ОЖ пайдаланушыларға желінің бір компьютерінен басқасына файлдар көшіруге, желінің бір компьютеріде басқасында орналасқан деректерді өңдеуге мүмкіндік береді.

Компьютерлік желілерді қолдану мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:

§ ақпаратты өңдеу процесінің нақты бір компьютерден тәуелсіздігі;

§ ақпараттың сақталу сенімділігінің жоғарылауы;

§ ақпаратты рұқсат етілмеген енуден қоғауды жақсарту;

§ ұйымның бөлімшелері мен қызметкерлері арасында жылдам, қағазсыз ақпарат алмасу мүмкіндігі.

Желі топологиясы - компьютердің бір–біріне қатысты физикалық орналасуы. Желі топологиясы түрлі желілеррді салыстыру және жіктеу әдісін береді. Топологяның типі бар (жұлдызша, сақина және шина). ”Жұлдызша” топологиясы бар желідегі барлық компьютер орталық компьютерлермен немесе концентраторлармен жалғастырылады. Мұндай желідегі екі компьютерлер арасында тікелей қосылу болмайды.

Мұндай жүйе қарапайым және тиімді, деректер пакеттері әр компьютерден концентраторға бағытталған. Концентратор өз кезегінде пакеттерді тиісті жерге жеткізеді.

“Жұлдызша” топологиясының жетістігі компьютерлер мен концентратор арасындағы жекелеген жалғағыштар істен шыққанымен, бүкіл желі жұмыс істей береді. Оның кемшілігі осы негізгі жетістігінен шығады.

“Сақина” топологиясында жалғағыштардың соңғы нүктесі болмайды (міндетті түрде шеңбер емес). Бұндай сақинада бір нүктеден қозғау алған деректер ақыр аяғында желінің басына барады. Осындай ерекшеліктен деректер сақинада барлық уақытта бір бағытта қозғалады.

Сақина топологиясының кемшілігі желінің бір жері істен шықса, бүкіл желі тоқтан қалады және деректер біреулердің желілік компьютері арқылы өтетіндіктен, ақпаратты басқалардың ұстап қалуы болып табылады.

“Шина” топологиясы бір жеткізетін каналды, яғни шина д.а коаксильді кабельді пайдаланады. Барлық компьютерлер “шинаға” тікелей қосылады.

“Шина” топологиясы бар желіде деректер екі бағытта да бірдей жылжиды. Кабель-шинаның екі шетінде арнайы Терминаторлар орнатылған. Желінің бір жерінде қосылудың бұзылуы жұмысты бірден тоқтатады.

Лекция №26.Ауқымды компьютерлік желілер.

Дәрістің мақсаты. Интернет ұғымдарымен және тарихымен таныстыру, желіге қосылуды үйрету.

Жоспар:

1. Интернеттің негізгі ұғымдары.

2. Интернет желісінің тарихы.

3. Internet желісіне қосылу

Кілттік сөздер:Интернет, провайдер, модем, броузер, журнал, чат, ICQ қызметі.

Иллюстрациялық материал: слайд.

Ауқымды компьютерлік (телекоммуникациялық) желі - бұл бір-бірінен қашықта тұрған жеке компьютерлердің және көптеген жергілікті желілердің бірігуі. Қазіргі уақытта 20-дан аса ауқымды желілер (СоmpuServe, Аmerica On Line, МS Network және басқалар) бар, бірақ олардың ең танымалысы – Internet желісі. Internet - миллиондаған компьютерлерді қосатын, көптеген жергілікті, аймақтық және корпоративті желілерді біріктіретін ауқымды компьютер желісі. Немесе Internet — бір-бірімен байланыс арналары және бірегей мәліметтерді беру, қабылдаудың бірыңғай стандарттары мен біріктірілген өзара байланысқан компьютерлер мен компьютер желілерінің жиынтығы. Ол жер шарын қамтитын ауқымды бүкіләлемдік ақпарат жүйесі болып табылатындығын білдіреді.

20-ғасырдың соңында ақпаратты өңдеу, сақтау, беру ерекше орын ала бастайды. Ақпараттарды алыс жерлерге әр түрлі күйде беру үшін (мәтін, сурет, дыбыс) радио, телетайп, телеарна сондай ақ әлдеқашан пайда болған телекс, телефакс, компьютерлік коммуникациялар сияқты әртүрлі техникалық әдістер жасап шығарылған. Қазіргі уақытта ақпаратты дистанционды берудің бұл түрлерін “телекоммуникация” деп атайды. Гректің tele - алыс, қашық және латынның communicatio - қатынас деген сөздерінен шыққан. 60-жылдардың соңында мемлекеттік ұйымдардың компьютерлерді қолдану масштабының өсуіне байланысты барлық мәліметтерді ортақ пайдалану мүмкіндігін кеңейту қажеттігі туды. Осы мәселені шешу мақсатында ARPA (Advanced Research Projects Agency) ұйымы APRANET деп аталатын компьютерлер торабын құрды. Содан кейін ARPA және басқа үкіметтік ұйымдардың бірлесуі арқылы осы торапқа басқа да бір-бірінен үлкен қашықтықта орналасқан ұйымдар да қосылды. Бұл торап та APRANET деп аталды. Кейіннен осы торап Internet-тің бастамасы болды. APRANET торабындағы компьютерлер саны күннен күнге жоғары қарқынмен өсіп отырды. Internet-ке жақындатқан тағы бір қадам 80-жылдарда жасалды. Бұл кезде National Science Foundation (NSF) ұйымы әскери мекемелер мен басқа да ұйымдарға өздерінің суперкомпьютерлерінің ресурстарына кіруге мүмкіндік берген еді. Сөйтіп NSFNET торабы пайда болды. World Wide Web (немесе жай ғана Web) 60-жылдарда жасалған әлемдік компьютерлік торапта Internet-тің қолданылуын ыңғайлатады. Алғашқы кезде Internet-пен жұмыс істеу (сонымен қоса, осы торапқа қосылған компьютерлерден мәлімет алу) қолданушының көптеген командаларды білуін қажет етті.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-10; просмотров: 233; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты