Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Лекция №27 Электрондық пошта. World Wide Web жүйесі.




Дәрістің мақсаты.Электрондық поштамен жұмыс істей білуге үйрету.

Жоспар:

1. Электрондық пошта.

2. Электрондық үкіметтің қалыптасуы.

3. World Wide Web жүйесі.

Кілттік сөздер: электрондық пошта, сайт, телеконференция, Е-үкімет,World Wide Web жүйесі.

Иллюстрациялық материал: слайд, электрондық оқулық.

Internet құрамына түрлі элементтер кіреді, соның ішінде WWW, электрондық пошта, файлдарды жеткізу қызметі және т.б. WWW бүкіләлемдік желісі (World Wide Web – «Бүкіләлемдік тор»), әдетте веб деп аталады, Internet жабдықтары арқылы жеткізілетін құжаттардан тұрады. Web – бұл веб-беттер мен веб-тораптар жиынтығы.

Веб-беттер ақпараттың алуан пішімдерін – мәтін, сызба, дыбыстық және бейне жазбаларды, жан бітірімдерді қамти алады. Web-бетіндегі еренсілтемелер кез келген Internet серверінің кез келген басқа бетіне өтуді қамтамасыз ете алады. Еренсілтемелер ретінде кез келген сөз немесе сурет көрінуі мүмкін. Ерекшеленген таңбалар бойынша өту жүзеге асырыла алатын мәтін еренмәтін деп аталады. Web-беттердегі құжаттардың кеңейтімі әдетте .htm болады. Электрондық пошта қызметі немесе e-mail, пайдаланушыларға мәтіндік хабарламадан және түрлі форматтағы: мәтіндік, сызбалық және т.б. файлдардан тұратын электронды хаттарды жөнелтіп, қабылдап алуға мүмкіндік береді. Файлдарды жеткізу қызметі файлдарды бір компьютерден екіншісіне көшіреді немесе жылжытады. Internet бойынша мәліметтерді жеткізуді басқаратын файлдарды жеткізу протоколы (File Transfer Protocol, FTP) атты арнайы маманданған басқарушы принциптер не протоколдар бар. FTP көмегімен әкімші серверде FTP-сайттарын жасап, интернетті пайдаланушылардың осы қызметпен өзара әрекеттесу тәсілдерін анықтай алады.

Компьютерлік желі кемегімен тек бір қала аумағында ғана емес, дүние жүзі деңгейінде ақпарттарды таратуға болады. Ақпараттардың: хат, есеп, құжат, баяндама, электрондық кесте және т.б. тұрінде берілуі мүмкін. Хабарлар алмасудың мұндай жүйесі электрондық пошта (Е-mail) деп аталады.

Электрондық пошта (Е-таіl) — бұл компьютер желісінде электронды хаттар алмасу жүйесі. Электрондық пошта көп жағынан әдеттегі пошта қызметіне ұқсас. Сіз абоненттерге хатты олардың мекен-жайына жібересіз, ал олар өз кезегінде сіздің мекен-жайға жазады.

Электронды хат құрылымында хат тақырыбы мен мазмұны ерекшеленеді. Тақырыпта хат кімге жазылғандығы, кімнен жіберілгендігі және не жөнінде екендігі жазылады. «кімге» және «кімнен» деген өрістерінде хатты қабылдаушы мен жіберушінің сәйкес электрондық пошта мекен-жайы көрсетіледі. Әр пошта жәшігіне жеке ат беріледі, ол электрондық адрес деп аталады, жәшік құпия сөзбен (парольмен) қорғалады. Электрондық пошта адресі екі бөліктен тұратын анықталған түрде жазылады: Пайдаланушының аты @сервер__аты. Пайдаланушының атын - серверді пайдаланушы пошталық жәшігіне өзі ат береді және оның өзінің ережелері бар. Сервер аты пошталық жәшік орналасқан сервер аты, оны пошталық қызмет көрсету компаниялары анықтайды. Электрондық поштамен жұмыс істеу үшін пошталық бағдарламалар қажет. Ол бағдарламалардың ең көп тарағаны Outlоок Ехsрrеss. Пайдаланушыға қатысы бар барлық пошталық хабарлар төрт: Входящие, Исходящие, Отправленные, Удаленные қапшықтарында сақталады.

Телеконференция - сөз, мәтін және бейне түріндегі ақпаратты тасымалдау мен өндеу негізінде өзгертудің жұмысын ыңғайлы ұйымдастыру мақсатында колданылатын есептеу желісінің арнайы жинақталған қызмет көрсету жиыны.

Телеконференция қандай да бір тақырыпты талқылауға арналады және олардың әрқайсысына Интернет серверінен жеке пошта жәшігі бөлініп қойылады. Тақырып таңдауда конференцияның пошта жәшігіне кіруіне мүмкіндік алу үшін, алдымен қызықтыратын тақырыпқа сәйкес конференцияға кызмет көрсету орнына жазылу /тіркелу/ керек. Оған телеконференцияға қатысушының электронды адресіне барлық қатысушылардың хабарламалары түсе бастайды және Конференция деп аталатын бума құрылады. Конференция схема бойынша жасалады: тақырып, нөмірленген жауап хабарламалар тізбегі. Телеконференция тақырып бойынша берілген кейбір мәтіндерден басталады. Осыдан кейін қатысушылардың әрқайсысы пікірлерін білдіреді және өз репликаларын толықтыра алады. Барлық репликалар келіп түсуіне карай реттеліп орналасады және бірден барлық телеконференция қатысушыларына жіберіледі.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-10; просмотров: 178; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты