Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Фармакология тарихы




Тарихи кезендерде дәрі-дәрмектердің жетілуі ғасырдан - ғасырға созылады. Ерте заманда адамдар ауырғанда немесе қатты қиналғанда жануарлар сияқты шөпке, тұзға және т.б. өзін қорғайтын заттарға, яғни олар үшін қалыпты емес нәрселерге жүгінген. Бұл жеуге болатын өсімдіктерді ішкі сезімдері арқылы танып, оны анықтау арқылы белгілеген. Осы арқылы пайдалы емдік өнімдер мен өсімдіктер анықтала басталған. Бұлар шипалы дәрілердің тұңғыш ашылу жолы болып табылады. Одан кейінгі көне замандарда үнді, мысыр, араб елдерінде дәрілерді дайындау құпиялық жолмен ашылған.

Медицинаның атасы Гипократтың (377-460 б.д.б.) кезінде дәрілік заттар туралы ғылым болмаған, тек онда дәрілердің тізімі ғана берілген. Дәрілер жөніндегі ғылым өзінің бастауын Диоскарида кезеңінен бастайды. Ол Гипократтан кейін 500 жыл өткеннен кейін, сол кезеңдегі барлық (400-дей) дәрілердің қасиеттері жөнінде кітап жазып шығарған.

Дәрілердің дамуына Клавдия Галеннің (127-200 ж.б.д.б.) қосқан еңбегі ерекше. Ол дәрілік түрлерді (тұнба, қайнатпа, тұндырма т.б,) жасаған. Осы түрлер әлі күнге дейін галенді дәрілер деп аталады.

Абу-Али-Ибн Сина (Авиценна) медицина саласына өте үлкен үлес қосты (Х ғасырдың аяғы, ХІ ғасырдың басы). Оның еңбегі 5 томнан тұратын “Медицина каноны” деген кітаптар. Оның екінші томы дәрілік заттарды суреттеуге арналған, ал бесінші томы қиын және күрделі дәрілерді жасау мен қолдану жөнінде жазылған. Ол өзінің еңбегінде дәрілік заттардың қасиеттеріне, қатынастық мөлшерге, аурудың түрі мен сипатына қарай қолдануын баяндайды.

ХV ғасырда дәрілік заттарды жеке ғылым ретінде химияны уағыздаушы испандық Филиптус Теофрастус Бобтастус Фон Тонхейм (Парацельс) химиялық көз қараспен түсіндіріп, оның барлық денедегі өзгерістеріне сипаттама берген. Көптеген жаңа қарапайым минералды, негізі сұйық дәрілерді ұсынады. Барлық дәрілер Парацельстің айтуы бойынша, құдайдың берген үлкен күшіне ие. Сондықтан Парацельс оны гомеопатия деп атаған.

ХVІІІ ғасырда немістің химик-фармакологы Самуил Ганиман осы бағытты жалғастырды. Ол 1848 ж. “Гомеопатия” деген кітап жазды. Осы гомеопатия негізі 3 бағытты құрады.

Бірінші бағыты, бір ұқсастықпен байланысты денедегі ауру өзгерісі екінші дәрінің әсерімен пайда болған ұқсастықпен байланысты (сондай ұқсастық дәріні тауып алған жөн дейді).

Екінші бағыты, дәрінің мөлшерін азайта түссе, оның күші көбейе түседі.

Үшінші бағыты, сонымен дәрінің негізгі әсері бір құпия күшпен (гомеопатикалық мөлшер) байланысты 1:10, 1:100, 1:1000, 1:5000 араластырылған аз мөлшерлерімен емдеу.

Қазіргі кезге дейін осы әдіспен көптеген аурулар (мысалы: демікпе, қант диабеті т.б.) емделуде. Бірақ, өкінішке орай дәрігерлердің көбісі бұл ем жолын түсінбейді және оған сенбейді. Көбіне ем қонса да қонбасада дәрінің үлкен мөлшерімен емдейді. Олар дәрінің улылық және жанама әсерлерін ескермейді. Бұны аллопатикалық/дәрінің сырқатқа ұқсастығы жоқ/ мөлшер емі деп атайды (қарама-қарсылық). Гомеопатикалық /дәрінің сырқатқа ұқсастығы бар/ мөлшер емі ұқсастықты (аурудың көрсеткіші) ұқсастықпен (дәрінің ұқсас әсері) емдеу деген мағынаны түсіндіреді. Оқулық бағдармаларда гомеопатикалық ем болмағандықтан, қазіргі күнге дейін ол дамымай отыр, тек жеке халық медициналық тәжірбиеде ғана қолданылады. Сондықтан, әрі қарай тек аллопатикалық дәрілік заттардың даму жолдарын көрсетіп отырамыз.

ХVІІІ ғасырдан бастап, Ресейде фармакологиялық зерттеу және мектептер ашыла басталды. Сондағы ең жақсы көзге көрінетін акушер-гинеколог Максимович-Амбодиктің 1783 жылы басылып шыққан «Врачебное веществословие или описание целительных растений» кітабы. ХІХ ғасырдан бастап, ғылыми фармакологияның дамуына үлесін қосқан көптеген фармакологтар Р.Бухгейму, А.Н.Нелюбин, А.А.Иовский т.б. жатады. Ерекше жұмыстарымен фармакологияға қатысы бар физиология ғалымдары И.М.Сеченовтың (нейротропты дәрілер), И.П.Павловтың (жүрек гликозидтері, қызуды басатын дәрілер), С.П.Боткиннің (кардиотроптық заттар) еңбектері де бар. Ресейлік фармакологияның әкесі деп Н.П.Кравковты (1865-1924) айтуға болады. Бірінші кітабы «Негізгі фармакология» 1904 ж. жарық көрген.

Совет үкіметі кезіндегі фармакология ғалымдарына М.П.Николаевты, Н.В.Лазаревті, С.В.Аничковты, В.В.Закусовты және т.б. жатқызуға болады. Бері келе фармакология пәнінің авторлары М.Д.Машковский (Дәрі-дәрмектер), П.В.Сергеев (Молекулярлық фармакология) В.Г.Кукес (Клиникалық фармакология), Д.А.Харкевич (Фармакология) және т.б. болып табылады.

Қазіргі кездегі егемендік Қазақстанның ең көзге көрінетін фармакология ғылым мамандары академиктер Р.С.Күзденбаева, И.Р.Кұлмағамбетов және профессорлар А.Е.Гуляев, С.К.Жауғашова, Г.М.Пичхадзе, Х.Д.Рахимов, Н.Ж.Орманов, Н.М.Мавлюдова, Т.М.Мажитов және т.б. жатады.

 

3. Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыты

Негізінен дәрі-дәрмектер әр түрлі аурулардан, патологиялық жағдайлардан сақтандыру мен олардан емделу және олардың алдын алу шаралары үшін қолданылатын заттар. Оның маңызды мәселелерінің бірі – жаңа, пайдалы дәрілік заттарды іздену және табу болып саналады. Жаңа дәрілік заттарды ізденуде және сынауда фармакология мамандықтары химиктермен және клиникалық дәрігерлерімен тығыз қарым-қатынаста болады.

Жаңадан дәрілерді жасап шығарудың жолдары:

1) Химиялық жолмен шығатын жасанды дәрілер, яғни бағыттылығы синтездік болып табылады (биогендік белсенді заттар, антиметаболиттер, денедегі өзгеріске ұшырайтын метаболиттік продәрілер және т.б.);

2) Эмперикалық жол (кездейсоқ табылған зат, скрининг арқылы - көптеген заттардың арасынан ізденіс жолымен табу және т.б.);

3) Шикі заттардан ізденіс ретінде алынатын дәрілер (шөптен, жануарлардан және минералдық заттардан);

4) Микробтардан және ұсақ саңырауқұлақтардан (антибиотиктер);

5) Биотехнология арқылы (жасуша және гендік инженерия арқылы).

Осы жолдармен жаңа заттарды алғаннан кейін әрі қарай зерттеу тәсілдері болады:

а) физико-химиялық сипаттамасы;

ә) клиникаға дейінгі зерттеу - фармакологиялық тексеру (фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы);

б) клиникаға дейінгі зерттеу - токсикологиялық тексеру (жедел улану, үстірт асты, созылмалы улану, мұралық өзгеріс, ұрық өзгерісі және қатерлі ісік тексерулері);

в) клиникалық тексеру:

1 сатысы - еріктілерге тексеру;

2 сатысы – бірінші белсенділік мөлшерін тексеру;

3 сатысы – емдік қасиетін тексеру (кездейсоқ бақылау);

4 сатысы – емдік қасиеті - тікелей белгілері бойынша;

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 484; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты