Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Адреномиметиктер 1 страница




Фенилэфрин (Phenylephrinum), мезатон. Фенилэфрин - α-адренорецепторларға тікелей әсер етеді, адреналинге ұқсас, қан тамырларын тарылтып, қан қысымын ұзақ жоғарылатады, жүректің соғуын жиілетеді, қолқаны кеңейтеді. Қарашықтың кеңеюін және көз қысымының жоғарылауын туғызады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Коллапс, тамырлардың тонусы төмендеумен байланысты гипотензияда, операция кезінде, гипертониялық аурулар кезінде, инфекциялық аурулардағы артериалды қысымды жоғарылату үшін, вазомоторлы және пішенді тұмау кезінде тамырларды тарылту үшін, коньюнктивитте, иритте және басқа да тамырлар жүйесінің тонусы төмендеумен байланысты жағдайларда. Көк тамырға баяу немесе тамшылатып 0,1-0,5 мл 1% ерітіндісін 40 мл глюкозаның 5-20-40% қосып енгізеді.

Кері көрсеткіштері.Гипертониялық ауру, атеросклероз, тамырладың тарылуына бейімділік, брадикардия, ангиоспазмға бейімділік, декомпенсирленген жүрек жеткіліксіздігі, аталық безінің гипертрофиясы, жүктілік және 15 жасқа дейінгі балалар. Гипертиреоз және кәрі адамдарға сақтықпен тағайындау қажет.

Жанама әсерлері. Бас ауыру, қозу, брадикардия, аритмия, жүрек тұсының ауыруы, олигурия, тыныстың тежелуі, дірілдеу және т.б.

Шығарылу түрі.Егуге арналған 1% ерітінді 1 мл ампулада шығарылады, инфизионды ерітіндіге қосып қолданады.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Phenylephrini 1%-1 ml

D.t.d. № 6 in amр.

S. Көк тамырға, тамшы.

#

Нафазолин нитрат (Naphazolini nitras), нафтиазин, санорин. Нафазолин нитраты α – адреномиметикалық әсер көрсетеді және шеткері тамырлардың ұзақ уақыт тарылуын шақырады, қан қысымын жоғарылатады және көз қарашығын кеңейтеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Жедел ринит, поллиноз, синусит, гайморит, мұрыннан қан кетулерді тоқтату, және аллергиялық коньюнктивит кездерінде 0,05% ерітіндісін 1-2 тамшыдан күніне 2-3 реттен қолданады.

Кері көрсеткіштері.Артериалды гипертензия, тахикардия, айқын атеросклероз, қант диабеті, гипертензия.

Жанама әсерлері. Шырышты қабатты тітіркендіру, гиперемия, ұзақ қолданғанда — шырышты қабаттың ісінуі. Жүйелік реакциялар: жүректің айнуы, бастың ауруы, АҚ жоғарлауы, тахикардия.

Шығарылу түрі.0,05 және 0,1% ерітінді тюбик-тамшылатқышта 1,5 мл және 5, 10, 15 және 20 мл флаконда; Санарин – 0,1% эмульсия түрінде 10 мл флаконда.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Naphthyzini nitratis 0,05% - 10 ml

D.S. Мұрын қуысына 1-2 тамшыдан.

#

Ксилометазолин (Xylometazolinum), галазолин, ксилен. Ксилометазолин химиялық құрамы және әсері бойынша нафтизинге ұқсас және жергілікті сіңірілмейді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ринит, ларингит, синусит, гайморит, тұмау, орта отитте және мұрын мен жұтқыншақтың аллергиялық ауруларында қолданады. Ересектерге 1-3 тамшыдан 0,1% ерітіндіні әр мұрын қуысына күніне 3-4 рет тамызады, ал 6 жасқа дейінгі балаларға 1-2 тамшыдан 0,05% ерітіндісін күніне 1-2 рет тағайындайды.

Кері көрсеткіштері.Артериялық гипертензия, тахикардия, айқын атеросклероз, глаукома, атрофиялық ринит, гипертериоз, жүктілік.

Жанама әсерлері.Мұрын және жұтқыншақтың әлсіз ашуы.

Шығарылу түрі.0,05 және 0,1% ерітінді интраназалды енгізуге арналған 10 мл флаконда; 0,05% гель тубада 5 және 10 г және 0,1% - 10 г флаконда шығарылады.

5.1.3. β – адреномиметиктер

Изопреналин (Isoprenalinum), изадрин, изопротеренол. Изопреналин – шеткі тамырлардың тарылуын туғызбастан және артериалды қысымды жоғарлатпастан бронхтардың босансуына ықпал етеді. Оның бұл әсері β – адренорецепторларға әсер етуімен байланысты. Препарат күшті бронхты босататын ықпалға ие, жүректің жиырылуын жиілетеді және күшейтеді, жүрек лақтырысын және миокардтың оттегіге қажеттілігін күшейтеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Бронх демікпесінің ұстамаларын шеттету мен алдын алу үшін, демікпелі және эмфизематоздық бронхит кездерінде, пневмосклерозда және басқа да бронх өткізгіштігі нашарлауымен жүретін жағдайларда қолданылады. 0,5% ерітіндісін ингаляция түрінде тағайындайды немесе 0,005 г. таблеткасын тілдің астына қолданады.

Кері көрсеткіштері.Жүктіліктің бірінші 3 айында.

Жанама әсерлері. Тахикардия, қарыншалардың фибриляциясының қаупі бар экстрасистолияда, лоқсу, қолдың дірілдеуі, ауыз құрғауы.

Шығарылу түрі.5 мг тіл астына арналған таблеткалар.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Isadrini 0,5% - 25 ml

D.S. 5-6 тамшыдан ингалятор арқылы.

#

Сальбутамол (Salbutamolum), вентолин, саламол, сальгим, сальтос. Сальбутамол ұзақ әсер ететін β2 – адреномиметик болып табылады, айрықша бронхты кеңейткіш және токолитикалық әсері бар. Миометрияның тонусын және жиырылу белсенділігін төмендетеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Бронх демікпесі және басқа да тыныс жолдарының аурулары, бронх тарылу жағдайлары, түсік қауіпі, алдын ала босанудың шеттету. Аэрозол түрінде (0,025-0,1 мг/мөлшерде), ерітінді (0,1% ингаляция үшін), капсула мен ұнтақ ротадиск (0,2-0,4 мг-мен күніне 3-4 рет ингаляция жасайды), таблетка (4-8 мг), балалар тәжірибесінде шырын түрінде (0,04%) және 0,1% ерітінді егу үшін ампулада 5 мл.

Кері көрсеткіштері және жанама әсерлері. Миокардиттер, стенокардия, аритмия, бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі, қант диабеті, гипертиреоз, феохромоцитоз.

Жанама әсерлері.Дірілдеу, мазасыздану, бас ауыру, бас айналу, қысқа мерзімді тырысулар, гипокалиемия, аллергиялық реакциялар. Ұрықта тахикардия мен гипогликемия.

Шығарылу түрі.Мөлшерленген аэрозоль 25 және 100 мкг/мөлшер (120, 200 және 400 мөлшер) флаконда; ингаляция арналған 0,1% ерітінді 2,5 мл ампулада және 2,5; 5, 10 және 50 мл флаконда; 2, 4, 6 және 7 мг таблеткалар N. 14, 30, 56, 60; 2 мг капсулада; 0,04% шырын; көктамырға егуге арналған 0,1% ерітінді 5 мл ампулада; инфузионды ерітіндіге арналған 1% концентрат 5 мл ампулада.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Salbutamoli 0,1% - 10 ml

D.S. 1-2 мөлшерді (0,1-0,2 мг) аэрозол тәулігіне 6 реттен артық емес.

#

Фенотерол(Fenoterolum), беротек. Фенотерол таңдамалы β2-адренорецепторларды ынталандырушы болып табылады және бронх тарылуы кезінде айқын таңдамалы, күшті, ұзақ әсер көрсетеді. Сонымен қатар, фенотерол жатырдың бұлшық етіне босансытатын әсер көрсетеді. Акушер тәжірибесінде «Партусистен»атымен шығарылады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Бронх демікпені емдеу және алдын алу шаралары үшін, созылмалы обструктивті бронхит және басқа да бронх тарылуымен жүретін бронх-өкпелік ауруларда (0,1-0,6 мг мөлшерде аэрозоль ретінде немесе 10-30 тамшыда 0,1% ерітіндіні ішке тәулігіне 1-4 рет), ерте босанудың қаупін жою үшін (5 мг мөлшерде ішке әр 2-3 сағат сайын 40 мг тәулігіне немесе көктамырға 0,5 мг 250-300 мл еріткіште минутына 15-20 тамшы жылдамдықпен енгізу).

Кері көрсеткіштері.Жүрек ақауы, аритмия, жүректің ишемиялық ауруы, глаукома, қант диабеті, тиреотоксикоз, жүктілік.

Жанама әсерлері.Бас ауыруы, ашушандық, дірілдеу, тахикардия, аритмия, лоқсу, құсу, тершендік, миалгия, аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі.0,2 мг ингаляцияға арналған капсуладағы ұнтақ; 0,1% ерітінді 20, 40 және 100 мл ингаляцияға арналған флакон-тамшыда; 5 мг таблетка N.10, 20, 50, 100; 0,005% ерітінді 10 мл инфузияға арналған ампулада; мөлшерленген аэрозоль 100 және 200 мкг/мөлшер – 200 және 300 мөлшерде 10, 15 және 20 мл баллонда.

Рецепт үлгісі. Rp.: Fenoteroli 0,2

D.t.d. N. 20 in caps.

S. Ингаляцияға арналған ұнтақ.

#

Партусистен(Partusistenum) β2 - адреномиметикалық зат, токолитикалық және бронхолитикалық әсері бар.

Шығарылу түрі.Таблеткада 5 мг N.10, 50; 0,005% ерітіндісі 10 мл (50мкг/мл) инфузияға арналған ампулада.

Тербуталин (Terbutfllinum) химиялық құрылымы бойынша және фармакологиялық қасиеті бойынша сальбутамолға ұқсас, бронхолитикалық және токолитикалық әсері бар.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Бронхиалды демікпе, обструктивті бронхит, ерте босану қаупі болғанда. Ішке 2,5-5 мг тәулігіне 3-4 реттен тағайындайды; тері астына 0,25 мг; аэрозоль түрінде ингаляцияға 0,25-1,5 мг 4 -ден 24 ретке дейін тәулігіне.

Кері көрсеткіштері.Жүктілік, емшекпен емізу, 12 жасқа дейінгі балаларға.

Жанама әсерлері.Ұйқысыздық, мазасыздық, дірілдеу, тахикардия, аритмия, мидриаз, диспепсиялық бұзылыстар, қуық атониясы, аллергиялық раекциялар.

Шығарылу түрі.2,5 мг таблеткада N.10, 20, 100; 0,05% ерітінді 1 мл ампулада; ұнтақ ретінде 0,5 мг/мөлшер – 200 мөлшерде ингаляцияға арналған; мөлшерленген аэрозоль 0,25 мг/мөлшер – 400 мөлшерде.

Рецепт үлгісі. Rp.: Aerosolum Terbutfllinі 0,00025

D.S. 3 - 4 аэрозольдық мөлшермен күніне 5-6 рет.

#

Добутамин(Dobutaminum), добутрекс. Добутамин β1 – адреномиметик болып табылады және дофаминге ұқсас (катехоламин –дофаминергиялық жүйенің медиаторы) миокардтың β1-адренорецепторларын таңдамалы ынталандырғыш әсер көрсетеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Жүрек қызметінің декомпенсациясы кезінде, кардиогенді және септикалық шок кезінде қысқа мерзімді әсер ететін кардиотониялық зат болып табылады (миокард инфарктісі, кардиомиопатия). Көктамырға минутына 2,5 нан 10 мкг/кг дейін 5% глюкоза ерітіндісінде енгізу қажет

Кері көрсеткіштері.Идиопатиялық гипертрофиялы субаорталды стеноз кезінде.

Жанама әсерлері.Тахикардия, артериялық қан қысымының жоғарылауы, эктопиялық қарыншалық аритмиялар, сонымен қатар лоқсу, бас ауыруы, жүрек тұсының ауыруы.

Шығарылу түрі. 250 мг лиофилизирленген флакондағы ұнтақ; 0,5% ерітінді 50 мл, 1,25% 20 мл ерітінді және инфузияға арналған ампуладағы 2,5% 10 мл ерітінді.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Dobutamini 0,5% - 5 ml

D.t.d. N. 6 in amp.

S. Көктамырға 5% глюкоза ерітіндісімен енгізу қажет.

#

 

5.2. Адренотежегіштер

Адренотежегіштер – шеткері медиаторлы жүйенің адренорецепторларына тікелей тежегіш әсер көрсететін адренергиялық заттар болып табылады.

 

Кесте 5.2.1. Адренотежегіштердің жалпы сипаттамасы

 

Әсер ету ықпалы Қолданылуы Кері көрсеткіші Жанама әсерлері
Адренорецепторларға тежегіш әсер етеді: α1 және α2, β1 және β2 , адренергиялық физиологиялық ықпалдарды тежеуге әкеледі Артериалды гипертензия, гипертониялық криз, геморрагиялық және кардиогенді шок, стенокардия, тахиаритмия, феохромоцитома, глаукома, шеткі қан айналымының бұзылыстары (эндартериит, Рейно ауруы, акроцианоз ж.т.б.), аталық безінің қатерлі емес гиперплазиясы Брадикардия, артериалды гипотензия, Жедел және созылмалы жүрек жетіспеушілігі, атрио- Вентрикулярлы тежелу, бронх демікпесі, атеросклероздың ауыр түрлері, бүйрек және бауыр жетіспеушлігі, жүктілік Басу ауыру, бас айналу, тахикардия, ортостатикалық коллапс, жүрек жетіспеушілігі, бронхоспазм, қышыну мен терінің гиперемиясы, мұрынның шырышты қабаттың ісінуі, жүректің айнуы, құсу, іштің өтуі

 

5.2.1. α - адренотежегіштер

Фентоламин (Phentolaminum) талдамсыз α-адернотежегіштерге жатады, бір мезгілде синапстан кейінгі α1 және синапстың алдындағы α2 адренорецепторларға әсер етеді, ол бұлшық еттің, терінің, шырышты қабақтың қан айналымын жоғарылатып, тарылуларды шеттетеді және шеткі тамырларды кеңейтеді, әсіресе артериолдар мен прекапилярларды және қан қысымын төмендетеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Феохромоцитома кезіндегі гипертензивті кризді шеттетеді, шеткі қан айналым бұзылыстврында (Рейно ауруы, эндартерит, акроциноз, атеросклерозды гангренаның бастапқы сатысында), аяқтың трофикалық жараларын емдеу үшін, жазылмайтын трофикалық жаралар мен үсулерде қолданылады. Ересектерге ішке таблетка түрінде 0,05г және балаларға 0,025 г тәулігіне 3 – 5 рет.

Кері көрсеткіштері.Жүректің және тамырлардың органикалық бұзылыстарында.

Жанама әсерлері. Тахикардия, бас айналуы, терінің қызаруы және қышуы, мұрынның шырышты қабатының ісінуі, кейде лоқсу, құсу және іш өту.

Шығарылу түрі.25 мг таблеткада.

Рецепт үлгісі. Rp.: Phentolamini 0,05

D.t.d. № 6 in tab.

S. 1 таблеткадан күніне 3-4 реттен.

#

Троподифен(Tropodifenum), тропафен. Троподифен әлсіз холинотежегіш қасиеті бар, белсенді α-адренотежегіш болып табылады. Негізінен шеткері тамырларды қатты кеңейтеді және артериялық қан қысымын төмендетеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Шеткі қан айналым бұзылыстарымен байланысты ауруларды емдеу үшін (эндартериит, Рейно ауры, акроцианоз ж.т.б.), аяқтың трофикалық жараларын және жазылмайтын жараларды емдеу үшін, гипертониялық кризді шеттету үшін, феохромоцитоманы диагностика жасау мен емдеу үшін. Тері астына немесе бұлшықетке 1% немесе 2% ерітіндіні 0,5-2 мл-ден күніне 1-3 реттен.

Кері көрсеткіштері және жанама әсерлері. Жүрек пен тамырлардың органикалық өзгерістері кезінде.

Жанама әсерлері.Ортостатикалық коллапстың, тахикардияның дамуы мүмкін, бастың айналуы, терінің қызаруы мен қышынуы, мұрынның шырышты қабатының ісінуі, жүректің ануы мен құсу, іштің өтуі.

Шығарылу түрі. Егуге арналған 20 мг-нан тұратын лиофилизирленген флакондағы ұнтақ .

Рецепт үлгісі. Rp.: Tropapheni 0,02

D.t.d. № 6 in amp.

S. Ампуланың ішіндегісін егу үшін еріту керек.

#

Празозин (Prazosinum) тамырлардың синапстан кейінгі α1 – адренорецепторларына талдамды әсер етеді, осы әсеріне байланысты ол норадреналин медиаторының тамырларды тарылту ықпалын тежейді. Празозин бір мезгілде артерио – мен веналарды кеңейтетін әсер көрскетеді, осыған байланысты жүрекке венозды қанның қайтып келуін шектейді және шеткі қарсыласудың азайтуы арқасында оның жұмысын жеңілдетеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Әртүрлі артериялды гипертензия, шеткі қан айналым бұзылыстары (Рейно ауруы), ерте кезеңдегі аталық безінің аденомасын емдеу. Аз мөлшерін 0,5 мг жатар алдында тағайындайды, содан соң 1 мг-нан күніне 2-3 реттен.

Кері көрсеткіштері.Жүктілік, 12 жасқа дейінгі балалар және бүйрек ауруы.

Жанама әсерлері. «Бірінші мөлшер феномені» дамуы мүмкін – постуралды гипотензия естен тануға дейін, бас айналу, бастың ауыруы, ұйқысыздық, әлсіздік, шаршағыштық, лоқсу, іш өту, іш қату, ауыз құрғауы, кей жағдайларда жүрек соғу жиілігінің жиілеуі мүмкін.

Шығарылу түрі.0,5, 1, 2 және 5 мг таблеткада N. 30, 100.

Рецепт үлгісі. Rp.: Prazosini 0,001

D.t.d. N 10 in tab.

S. 1 таблеткадан ұйықтар алдында.

#

Доксазозин (Doxazosinum), артезин, кардура, тонокардин. Доксазозин таңдамалы α1– адренотежегіштер.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Негізінен артериялды гипертензия, тоқыраулы жүрек жеткіліксіздігі, аталық безінің қатерсіз гиперплазиясы. Ішке 1-8 мг күніне 1 реттен (таблеткалар 1, 2, 4 және 8 мг N10, 20, 30) тәулігіне 8-16 мг-ға дейін қолданады.

Кері көрсеткіштері.Аорталды және митралды қақпақшаның стенозы, бауыр қызметінің бұзылуы, жүктілік.

Жанама әсерлері.Ортостатикалық гипотензия, тахикардия, аритмия, дірілдеу, лоқсу, іштің қатуы, ұйқышылдық.

Шығарылу түрі. 1, 2, 4 және 8 мг таблеткада N. 10, 20, 30.

Пророксон(Proroxanum), пирроксан. Пророксан шеткері және орталықтағы α-адренотежегіш болып табылады, сонымен қатар қышынуға қарсы әсері бар.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Симпатикалық тонустың жоғарылауында (психикалық бұзылыс пен қорқыныш), диэнцефалды және гипертониялық криздерде, морфинді және алкоголды абстиненция, вестбулярлы аппараттың қозуы (теңіз және әуе ауруы, Меньер синдромы), қышыну дерматозы. Ішке 15-45 мг-нан тағайындайды, тері астына және бұлшықетке 20-30 мг-нан күніне 2-3 реттен тағайындайды.

Кері көрсеткіштері.Атеросклероздың ауыр түрлері, стенокардия ұстамасымен жүретін жүректің ишемиялық ауруы, ми қан айналымының бұзылуы, айқын жүрек жеткіліксіздігі.

Жанама әсерлері.Брадикардия, стенокардияны шақыру, стенокардиямен ауыратын науқастардың жүрек тұсының ауыру сезімі күшеюі мүмкін.

Шығарылу түрі. 15 мг таблеткада N.50; 1% 1 мл егуге арналған ампуладағы ерітінді.

Бутироксан(Butyroxanum) шеткері және орталықты α – адренорецепторлар мен орталықты Н-холинорецепторлардың тежегіші болып табылады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Вегетотамырлық дистониялар, артериялды гипертензия, гипертониялық криздер, маскүнемдік пен наркомания кезінде абстенетті синдромды емдеу, қышыну дерматозында (экзема, есекжем, нейродермит). Ішке 10 мг-нан тәулігіне 1-4 рет, тері астына және бұлшықетке 10-20 мг-нан 1-2 мл 1% ерітіндіні тәулігіне 1-2 рет тағайындау қажет.

Кері көрсеткіштері.Артериялды гипотензия, жүрек жеткіліксіздігі, ми қан айналымының бұзылысы, стенокардия, глаукома.

Жанама әсерлері.Артериялды қан қысымының төмендеуі, стенокардия ұстамасының жиіленуі.

Шығарылу түрі.10 мг таблеткада N.50; 1% егуге арналған 1 мл ампуладағы ерітінді.

Теразозин (Terazosinum), корнам, сетегис. Теразозин химиялық құрылымы бойынша празозинге ұқсас және таңдамалы α1 – ұзақ әсерлі адренотежегіштерге жатады. Тамырлардың, аталық бездің және қуықтың синапстан кейінгі α1 – адренорецепторын тежейді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Артериялды гипертензияда, аталық безінің қатерсіз гиперплазиясында және зәр шығарудың бұзылуы. Ішке 5-20 мг-нан күніне 1 рет тағайындайды.

Кері көрсеткіштері.Артериялды гипотензия, жүктілік, емшекпен емізу.

Жанама әсерлері.«Бірінші мөлшердің феномені» - артериялды қан қысымының кенеттен ортостатикалық коллапсқа дейін түсуі, тахикардия, аритмия, шеткері ісінулер, ұйқышылдық, бас ауыруы, бас айналу, лоқсу, құсу, артралгия, миалгия, лейкопения, либидоның төмендеуі, аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі.1, 2, 5 және 10 мг таблеткада N.20, 28.

Тамсулозин(Tamsulosinum), омник. Тамсулозин таңдамалы α1 –адренотежегіш әсер көрсетеді, айрықша аталық бездің, қуық мойынына және уретраның простатикалық бөліміне таңдамалы α1 – адренотежегіш әсер береді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Қатерсізаталық безінің гиперплазиясы, зәр шығаруының қиындауы. Ішке 0,4 мг-нан күніне 1 рет тағайындайды.

Кері көрсеткіштері.Анамнезінде ортостатикалық гипотензия болса, айқын бауыр және бүйрек жетіспеушілігі.

Жанама әсерлері.Ортостатикалық гипотензия, бас айналу, бас ауыру, астения, либидоның төмендеуі.

Шығарылу түрі.0,4 мг таблеткада және капсулада N. 10, 30.

Альфузозин (Alfuzosinum), дальфаз. Альфузозин аталық безінің, уретраның және қуықтың адренорецепорларына айрықша әсер ететін α1– адренотежегіштер.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Негізінен аталық безінің қатерсіз гиперплазиясында зәр шығарудың қиындауы кезінде. Ішке 10 мг-нан тәулігіне 2 реттен тағайындайды.

Кері көрсеткіштері.Анамнезінде ортостатикалық гипотензия болған кезде.

Жанама әсерлері.Диспепсиялық бұзылыстар, тахикардия, ортостатикалық гипотензия, стенокардия симптомының өршуі, аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі.2,5; 5 және 10 мг таблеткада N. 14, 56.

5.2.2. β – адренотежегіштер

Пропранолол(Propranololum), анаприлин, индирал, обзидан. Пропранолол β1 және β2 - адренорецепторларын тежейді. Жүректің β1 адренорецепторларын тежеуге байланысты, ол жүректің жиырылу күші мен жиілігін азайтады, жүрек лақтырысын және миокардтың оттегіге қажеттілігін төмендетеді және біртіндеп қан қысымын төмендетеді. β2 адренорецепторларын тежеу нәтижесінде емнің басында тыныс алу жолдарының бронхтарында және шеткі тамырлардың тонусы жоғарлайды. Пропранолол май тіндерінде липолизді басады, ал қан сары суында триглициридтер деңгейін жоғарылатады, қан сары суында ренин белсенділігін азайтады, бүйрек қан айналымын және шумақ фильтрациясының жылдамдығын төмендетеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Стенокардияның алдын алу шаралары мен емдеу үшін, артериалды гипертензия, суправентрикулярлы тахикардия, экстрасистолия, қарыншалардың жыпылықтауы; диэнцефалды синдроммен ауыратын науқастардағы симпатико-адреналды криз кездерінде; босану барысын қоздыру мен күшейту үшін, сонымен қатар жатыр белсенділігінің жиырылуымен байланысты босанудан кейінгі асқынулардың алдын алу шаралары үшін, ашық бұрышты глаукома кезінде көз қысымын төмендетуде қолданылады. Препаратты әдетте ішке 40-80 мг-нан 3 – 4 реттен тағайындайды, жүрек ырғағын шеттету үшін көк тамырға баяу басында 1 мг-нан, кейін тиімділігіне байланысты 5-10 мг-нан.

Кері көрсеткіштері.Брадикардия, артериялды гипертензия, жедел және созылмалы жүрек жетіспеушілігі, бронх демікпесі, синусты түйіннің әлсіздік синдромы кезінде.

Жанама әсерлері. Бас ауыруы, әлсіздік, ұйқының бұзылуы, брадикардия, бронхоспазм, диспепсия, шеткері қан айналымның және жүрек ішілік өткізгіштіктің бұзылуы, кейде аллергиялық реакциялар мен депрессия көріністері

Шығарылу түрі.10, 40, 80 және 160 мг таблеткада N.10, 20, 50, 100; 80 және 160 капсулада N.5, 100; 0,1% 5 мл ерітінді егуге арналған ампулада және 0,25% 1 мл; 1% ерітінді (көз тамшысы) 1,5 және 5 мл флаконда.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Propranololi 0,25% - 1,5 ml

D.S. Көз тамшысы. 1 тамшыдан күніне 1 – 2 рет.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 174; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты