Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Адреномиметиктер 6 страница




Шығарылу түрі.0,5 және 1 г егуге арналған сауыттағы ұнтақ.

Рецепт үлгісі. Rp.: Thiopentali-natrii 1,0

D.t.d. N. 6 in amp.

S. 40 мл физ. ерітіндісіне ерітіп, 10-12 мл-ден көк тамырға.

#

Пропанидид(Propanididum). Сомбревин.Пропанидид - әсері өте қысқа (3-5 минут) анестетик. Көк тамырға енгізгеннен кейін наркоздық әсері қозу сатысыз 20-30 секундтан кейін басталады және 3-4 мин созылады.

Қолдану көрсеткіштері. Қысқа және кіріспе наркоз үшін. Көк тамырға тез 5% ерітіндісін (5-10мг/кг) енгізеді; қалжыраған науқастар мен балаларға 2,5% ерітіндісін енгізеді. Хирургиялық наркоз сатысы 3-5 минутқа созылады және тез оянумен жүреді.

Кері көрсеткіштері. Шок, гемолитикалық сарыауру, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылыстарында, жүректің ауыр ауруларында, артериалды гипертония.

Жанама әсерлері. Гиперемия және егілген жердегі көк тамыр бойымен ауырсыну; кейде лоқсу және құсу.

Шығарылу түрі.5% ерітіндісі 10 мл N.5, 10 ампулада.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Propanididi 5%-5ml

D.t.d. N. 6 in amp.

S. Көк тамырға баяу енгізу.

#

 

Пропофол (Propofolum) ингаляциялық емес наркозға арналған дәрі. Көк тамырға енгізген кезде наркоз шамамен 30 сек басталады, айқын қозу белгілерісіз. Профолдың әсерінен туындайтын наркоз, орталық жүйке жүйесіндегі нейрон мембранасындағы липидтерге өзіндік емес әсерімен байланысты, нәтижесінде ионды түтікшелердің жұмысы бұзылады, соның ішінде натрий түтікшелері. Сонымен қатар, профолдың әсерінен бас миының ГАМҚ-ергиялық үрдісі күшейеді. Профолдың ауыруды басатын әсері мүлдем жоқ. Профолдың әсері доғарылғаннан кейін, қызметтің қалпына келуі тез жүреді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Кіріспе наркоз бен жалпы анестезия жағдайын ұстап тұру үшін. Өкпенің жасанды ауамен желдетуі кезінде тыныштандыру ықпалын қамтамасыз ету үшін. Ересек науқастарға кіріспе наркоз үшін көк тамырына әрбір 10 минут сайын орта дене салмағына есептегенде 40 мг-нан клиникалық наркоз белгілері пайда болғанша енгізеді. Көп жағдайда қосынды мөлшері 2-2,5 мг/кг құрайды. 8 жастан үлкен балларға көк тамырына баяу анестезияның клиникалық көріністері байқалғанша енгізеді. Мөлшерін жасына және/немесе дене салмағына қарай реттейді; орта мөлшері 2,5 мг/кг құрайды. Балалар үшін енгізу жылдамдығы 9-15 мг/кг/сағ құрайды. Барабар анестезияны қолдау үшін қажетті жағдайларда, болюсты мөлшер түрінде қайта енгізу мүмкіндіктері жүргізіледі.

Кері көрсеткіштері. Пропофолға анамнезінде аллергиялық реакциялар, 1 айға дейінгі, 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге (өкпенің жасанды ауамен желдетуді жүргізу кезінде тыныштандыратын ықпалды қамтамасыз ету үшін).

Жанама әсерлері. Кіріспе наркоз үшін қолданған кезде артериалды гипотензия, брадикардия, қысқа мерзімді апноэ. Жергілікті реакциялар: тромбоз және флебит.

Шығарылу түрі.1% сулы эмульсия 20 мл ампулада және 20, 50, 100 мл флаконда, сонымен қатар 50 мл шприцта.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Propofoli 1% - 50 ml

D.t.d. N.5

S. Көк тамырға егу ретінде.

#

Кетамин (Ketaminum), калипсол, кеталар – ингаляциялық емес наркозға арналған зат болып табылады. Кетаминді көктамырға бір рет енгізген кезде наркотикалық әсері 30-60 сек кейін пайда болады және 5-10 мин (15 мин) дейін созылады.Кетамин айқын анальгетикалық әсер көрсетеді (2 сағатқа дейін), бірақ бұлшық еттердің босаңсуын аз шақырады. Кетаминді енгізген кезде жұтқыншақтың және жөтел рефлексі, өзіндік барабар өкпелі желденуі сақталады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Кетамин кіріспе және негізгі наркоз үшін қолданылады, бұлшық еттердің босансуын және босансуын қажет етпейтін қысқа хирургиялық араласу кездерінде, ауыру сезімімен жүретін құралдармен және диагностикалық емшаралар кездерінде, науқастарды тасымалдауда, күйік беттерін тазалағанда. Қолдану көрсеткішіне, науқастың жасына, клиникалық жағдайларға, премедикация үшін қолданылуына байланысты бір реттік көктамырға енгізу мөлшері 0,5‑4,5 мг/кг құрайды, бұлшық етке енгізу мөлшері 4-13 мг/кг. Кетаминді бұлшықетке енгізу кезінде 4-8мг/кг мөлшерде әсері 2-4 мин (6-8 мин дейін) және ұзақтығы орташа 12‑25 мин (30-40 мин дейін) созылады.

Кері көрсеткіштері. Бас ми қан айналымы бұзылған науқастарға, артериалды гипертония, стенокардия және жүрек жетіспеушілігінің қалпына келмеу кезінде; эклампсия кезінде кері көрсетілген. Қояншықпен ауыратын балаларға кері көрсетілген.

Жанама әсерлері. Жоғары артериалды қысым, тахикардия, гиперсаливация, наркоздан шығу кезінде психомоторлы қозулар мен елестер, ентігу, тыныстың тежелуі, көктамыр бойы қызару мен ауырсыну.

Шығарылу түрі.1% ерітінді 5 мл ампулада және флаконда 20 мл ерітінді, 5% ерітінді 2 және 10 мл ампулада және 5 және 10 мл флаконда, 10% ерітінді флаконда 10 мл.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Ketamini 1%-5 ml

D.t.d. N 6 in amp.

S. Бұлшықетке және көктамырға егу үшін.

#

Натрия оксибат(Natrii oxybatum), натрия оксибутират. Натрий оксибат – ингаляциялық емес наркоз үшін дәрі, ұйықтататын, тыныштандырушылық, гипоксияға қарсы, орталықты миорелаксациялық, ноотропты және шокқа қарсы әсер етеді. Мида, жүректе, көздің торлы қабатында тіндік алмасу үрдісін белсендіреді, олардың гипоксияға тұрақтылығын жоғарылатады. Миокардтың жиырылу қабілетін, микроциркуляцияны, шумақты фильтрацияны (қан кету кездерінде бүйректің қызметін тұрақтандырады) жақсартады. Үлкен мөлшерде ұйқыны туғызады және жалпы анестезияны (көктамырға енгізгенде 5-7 минуттан кейін) шақырады. Анестезияның хирургиялық сатысы 30-40 мин кейін басталады, жалпы анестезия ұзақтығы 2-4 сағ созылады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Кіші жарақаттарға операция кездерінде көктамырлық анестезияда, кіріспе және негізгі анестезияда, операциялық босанулар кезіндегі анестезияда, босанған әйелдің демалуында акушерлік жалпы анестезияда, ана мен баланың гипоксияға тұрақтылығын жоғарлатуда; ашық бұрышты глаукома кезінде толы қабаттың метаболизмін жақсартуда, невроздар, невроз тәрізді жағдайларда, орталық жүйке жүйесінің улануларында және жарақатты зақымдануларында, ұйқысыздық, нарколепсия. Жалпы анестезия: көктамырға баяу – 50-120 мг/кг (50–100 мл 5% декстроза ерітіндісінде ерітіп, 1-2 мл/мин жылдамдықта енгізу) немесе бір мезгілде 35–40 мг/кг және 4-6 мг/кг тиопентал натриймен қоспасын 1-2 мин барысында; анестезияны ұстап тұру үшін – қосымша 40 мг/кг; Балалардағы кіріспе анестезия үшін — 100 мг/кг (30–50 мл 5% глюкоза ерітіндісінде) 5–10 минут ішінде жиі тамшымен.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, гипокалиемия, миастения, жүктіліктің кешкі токсикоздарында артериалды гипертензия кездерінде.

Жанама әсерлері. Шырынды немесе ерітіндіні ішке қолданғанда күндізгі уақытта шамалы ұйқышылдық туғызады. Жалпы анестезиядан шығу кезінде: қимыл және сөйлеу қозуы, жүректің айнуы, құсу. Көк тамырға тез енгізгенде: тілдің және аяқ-қолдың тырысып тарылуы, тыныстың бұзылуы, кейде тоқтап қалуы болады.

Шығарылу түрі.20% егуге арналған 5 және 10 мл ампуладағы ерітінді N.10, 66,7% ішке қолдануға арналған 37,5 мл концентрат; 5% 400 мл флакондағы шырын.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Natrii oxybutyratis 20%-10 ml

D.t.d. N.6 in amp.

S. Негізгі наркозға егу үшін.

#

Оттегі(Oxygenum). Анестезиологиялық тәжірибиеде оттегі ингаляциялық наркозға арналған заттармен бірге қоспа ретінде кеңінен қолданылады. Оттегімен ингаляция көптеген гипоксиямен жүретін ауруларда қолданылады: тыныс алу жолдарының аурулары кезінде (пневмония, өкпе ісінуі ж.т.б.), жүрек қан-тамырлар жүйесі (жүрек жетіспеушілігі, теждік тамырлардың жетіспеушілігі, коллапс ж.т.б), көмір қышқылымен, көгерткіш қышқылымен, тұншықтырушы заттармен (хлор, фосген ж.т.б.) улануда, гельминтозды емдегенде: аскаридозда сонымен қатар, басқа да тыныс қызметі мен тотығу үрдістерінің бұзылуы кездерінде.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Оттегіні ингаляция үшін 40 - 60% құнарлығын ауамен бірге 4 - 5 л қосып минутына тағайындайды. Көбінесе 95 % оттегі және 5 % көмір қышқыл газымен бірге қоспада (Карбоген) тағайындайды. Емдік мақсатымен оттегіні тері астына енгізуге болады 0,5 - 2,0 л дейін (аз мөлшермен, баяу). Гипербариялық оксигенация (оттегіні жоғары қысыммен қолдану): жүрек пен өкпеге операция кездерінде, өкпенің өзіндік емес созылмалы ауруларында, бронх демікпесінде. Жүрек аритмиясы кезінде, бас миының басқа да тамыр ауруларында, аяқтың ишемиялық және ауыр жарақаттарында, асқынған инфекцияларда ж.т.б.
Кері көрсеткіштері. Өкпеде қуыс болған кездерде оттегімен ингаляцияны қысыммен беруге, бронхплевралды жылан көздері; мұрынның қосалқы қуыстарын сыртқы ортамен қосатын есту түтікшелері мен өзектеріндегі өткізгіштік бұзылғанда; жедел қабыну аурулары, анамнезінде қояншық тәрізді ұстамаларда,
қатерлі ісіктерде; ауыр гипертониялық ауруда; оттегіге жеке жоғары сезімталдықта, ауыр артериалды гипертония.

Жанама әсерлері.Жоғары сезімталдық, құрттардан тазалау кезіндегі кері көрсеткіштерге асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара аурулары жатады, АІЖ ісіктері, құрсақ ішінің жедел қабыну аурулары, жүктіліктің бес айынан жоға кездерде, етеккір кезеңінде.

Шығарылу түрі.Көк түске боялған болаттан жасалған баллондағы газ. Дәріханада арнайы оттегілік жастықшаларда шығарылады.

7.2. Этил спирті

Этил спирті орталық жүйке жүйесіне күйзелту әсерін тигізетін наркотикалық типтегі үйреншікті зат болып саналады, айта кетері ол бәсеңдейтін әсерде күйзелтеді және ол үш негізгі сатыда көрінеді: «қозу» сатысы, кейін наркоз сатысы және үлкен мөлшерде қабылдағанда - агоналды сатысы.

«Қозу» сатысы – бас миындағы тежегіш механизмдерін тежеу нәтижесіне жатады. Бұл кезде эйфория, көңіл күйдің жоғарылауы, адам тым ашылып, көп сөйлейді, адамның тәртібі бірден өзгереді, өзін өзі бақылауы төмендейді, күдіктену, сақтық, сыншылдық өзіне сын баға жасау, барабар баға беру тәрізді мінез-қылығындағы ерекшеліктері жойылады. Көңіл-күйі тұрақсызданады, эмоциялық бейжайлық немесе ашушаңдықтар орын алады. Қанда этил спиртінің құнарлығы жоғарылағанда анальгезия, ұйқышылды, есінен айырылу белгілері туады. Міне наркоз сатысы осылай туады да жылдам арада агоналды сатыға ауысады.

Әсер етунің қысқа аралығы мен қозу сатысының айқын көріністерінің өтуі этил спиртін наркоз заттары ретінде қолдануға негіз бермейді. Алкогольді жиі пайдаланғанда психикалық және физикалық тәуелділік туындалады. Алкогольге жол жабылып тасталғанда маскүнемдік психоз дамиды, осы кезде транквилизаторлар, ноотроптар, нейролептиктер емдік әсер береді. Алкоголге тәуелділікті емдеуді салауатты өмір салтын ұстануға нұсқама беру арқылы психотерапевтер жүргізеді. Дисульфирам көмегімен алкогольге деген кері рефлекс тудыруға болады. Дисульфирам ацетальдегид сатысында этанолдың тотығуын тежейді, ал этанол жинақталуы қорқыныш, үрейлену, жүрек тұсындағы ауырсыну, гипотензия, құсу т.б. сезімдерді тудырады. Созылмалы улану кездерінде невриттер мен полиневриттер дамуы мүмкін.

Этанолдың орташа мөлшері тері тамырларының кеңейуін тудырады, осы кезде гиперемия және жылу сезіну белгілері байқалады. Этил спирті әсерінен тамырлардың кеңею ықпалы тоңу кездерінде тері тамырларының тарылуындағы қалыпты реакциясының алдын алады, осыған орай алкогольді жылыту, қыздыру зат ретінде үсудегі шоктарда, суық ауа-райында, үсікке шалынған кездерде қолдану ұсынылмайды, себебі ол жылудың үдемеленіп, жоғалуына ықпал ететін болады. Ағза суынуының орын алуы ықтимал.

Үлкен мөлшерлемеде алкоголь жүрек қызметін күйзеліске ұшыратады. Этанолдың үлкен мөлшерлерін ұзақ уақыт тұтыну, жүрек бұлшық етінің зақымдалуына әкеліп соғады, бұл өз алдына алкогольдік миокардиопатия тудырады.

Алкогольдік интоксикация кезінде бауырлық миркосомалдық ферменттерін баяулатуы орын алады, ал оны созылмалы тұрғыда тұтыну осы энзимдер белсенділігінің ынталануын тудырады, бұл көптеген дәрілік заттардың, алкогольдің өзінің метаболизмге шалдығу жылдамдығын арттыратын болады. Яғни, майлы дегенерация, алкогольдік гепатит, бауыр циррозы дамуы ықтимал. Бауырдың алкогольдік азғындалуы этанолдың тікелей әсері деп қабылданылуы керек. Әйел адамдар алкоголь әсеріне сезімдірек келеді, бұл генетикалық бейімділігімен түсіндіріледі.

Алкоголь зәр бөлінуін күшейтеді, бұл АДГ (антидиуретикалық гормон) өндірілуінің күйзеліске ұшырауынан, бүйрек түтікшелерінің су реабсорбциясының төмендеуінің салдарынан байқалатын көрініс.

Күші төмен алкоголь ішімдіктері (10% дейінгі) тұз қышқылы секрециясын ынталандырып, тәбетті арттырады. Күштірек ішімдіктер (20% асатын) тұз қышқылы секрециясы мен пепсин белсенділігін күйзеліске ұшыратады. Спирттің күшті құнарлығы (40% және одан жоғары) кілегейлі қабаттарды зақымдайды, кілегейдің қорғаныс гиперсекрециясы мен қалтқы спазмын тудырады.

Медицина тәжірибесінде этил спиртінің резорбтивтік әсері сирек қолданылады, әйтсе де оны көбіне түрлі дәрілік заттардың еріткіші ретінде жиі пайдаланады; 70 % құнарлығы антисептик ретінде және уытсыздандыру үшін қолданылына алады; кейде оны қызба жағдайда қолданылады, өйткені ол теріні сүрткілеп, уқалағанда суыну әсерін береді; керісінше компресс түріндегі спирттік қымтап ораулар қыздыру шара-әрекеті ретінде де қолданылады; спиртті бронх демікпесінің ұстамаларын шеттету барысында көбіктенуді басатын зат ретінде; ойылымдарды болдырмау үшін науқастың терісін сүрту түрінде қолданады. Созылмалы маскүнемдікте көп мән берілуі керек, себебі әлі күнге дейін осы кеселдің тиімді медикаментоздық шарасы жоқ деуге болады. Маскүнемдікті емдеу стационарларда өткізіледі. Басты мақсат этил спиртін тұтынуға жол бермеу, кері пікір қалыптастыру. Егер ем ерте кезеңдері басталса және адамның өзі алкоголдің қанша зиян, машақат әкелетінін түсінген болса алкоголге тәуелділік қайтымды деуге болады. Мұндай күйді өткерудің жалғыз сенімді жолы – науқасты өзінің ауыратындығына иландыру, одан әрі тұтыну тек зиянын тигізетініне сендіру. Психотерапия емнің негізі болып саналады, дегенмен оны міндетті түрде алкоголге деген жиіркеніш сезімін тудыратын дәрілік заттармен нығайтып, отыру керек. Алкоголге деген кері шартты рефлексті ойластыру ертеден басталып келеді. Осы кезде медицинадағы жалғыз тиімді құстыру препараты орталық әсердегі дәрілік зат апоморфин қолданылған.

Қазіргі кезде маскүнемдікті емдеу үшін тетурам жиі қолданылады. Өзінің ағзада баяу жинақталуына байланысты, тетурамды науқастарға бірнеше күн береді. Әдетте, антабусты 500 мг әрекет етуші бастамадағы таблетка түрінде апта бойы күніне 1 реттен тағайындайды. Кейіннен күнделікті 250 мг препаратты қолдану түрінде сүйемелдеу терапиясын өткізеді. Сосын бірнеше аптадан соң науқасқа аздаған алкоголь беріледі, яғни тетурамды аздаған этил спирті мөлшерімен қоса береді. Бұл тетурамның әсер ету механизмі ацетальдегид деңгейінде этил спиртін тотығуын ұстап, тежейтіндігімен байланыстырылатын әрекет. Осы арқылы тетурам алькогольдегдидрогеназа ферментін баяулатады. Тетурамды қабылдау бейнесінде алкогольді тұтынғанда нәтижесінде ұлпаларда ацетальдегид жинақталатын болады, ол ұлпаларға өте жоғары уыттық әсерін тигізетін зат болып саналады. Ацетальдегид әсіресе тамырларға уытты, бұл тамырлардың салдануын тудырады, оның өзіне тән клиникалық белгілері болады. Науқаста 15-20 минут өткен соң "беті күрт қызарады", терісі қып-қызыл түске енеді, барлық тамырлары күрт кеңейеді. Артериалдық қысымы өте күрт төмендейді, тіптен коллапс орын алуы әбден ықтимал. Әлсіздік, тершеңдік, бас айналуы, бас ауыруы, есінен адасу, тахикардия, жүрек маңының ауырсынуы, лоқсу, құсыну белгілері байқалады. Осылайынша науқаста кері шартты рефлекс байқалады. Науқас емнен кейін тіптен аз алкогольдің өзін көтере алмайтынын сезінеді. Бұл алкоголден толығымен бас тартуына түрткі болады.

Этил спирті(Spiritus aethylicus), этанол. Этил спирті түссіз, ұшқыш, жылдам тұтанып, лап етіп жанатын сұйықтық.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Антисептик және уытсыздандырушы зат ретінде, сондай-ақ, тұндырмалар, сығынды дәрілік заттар дайындау үшін қолданылады; сырттай қолдану үшін — ысқылау, компресстер. Сыртқа – теріге мақта тампондарымен, сүрткі қағаздары түрінде, солар арқылы жағады. Компресс үшін (күйіп қалуын болдырмау мақсатында) этанолды 1:1 қатынасында сумен араластыру керек.

Кері көрсеткіштері.Жоғары сезімталдық.

Жанама әсерлері.Орталық жүйке жүйесін тежейді (резорбтивті ықпал).

Шығарылу түрі.95% этил спирті. Құрамында көлемі бойынша 95-96% этил спирті бар спирт пен судың қоспасы. 90% этил спирті. Этил спиртінің 95% (92,7 бөлігі) сумен (7,3 бөлігі) қоспасы. 70% этил спирті. 95% этил спиртінің (67,5 бөлігі) сумен (32,5 бөлігі) қоспасы. 40% этил спирті. 95% этил спиртінің (36 бөлігі) сумен (64 бөлігі) қоспасы.

Рецепт үлгісі. Rp.: Spiritus aethylici 70% – 100 ml

D.S. Операциялық орынды тазалау, қолды жуу үшін.

#

Дисульфирам (Disulfiramum), тетурам, антабус, радотер, эспераль. Дисульфирам алькогольді қабылдаған соң қандағы ацетильдегид құнарлығын жоғарылатып, ацетильдегидрогеназаны тежейді. Ацетальдегидтің жинақталуы науқас үшін ағзадағы ауыр өзгерістерге әкеледі: терінің қызаруы, бет маңы мен дененің төменгі бөлігінде ысыну сезімі, кеуденің қысылу сезімі, тыныс алудың ауырлауы, бастың дыңылдауы (шуыл сезімі), жүрек соғуының жиілеуі, қорқыныш сезімі, кейде қалшылдап тоңып-қалтырау, артериалдық қысым анағұрлым төмендейді. Мұнан соң спирттік ішімдіктердің иісіне және дәміне, татымына кері шартты рефлекс қалыптасады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Созылмалы маскүнемдікті дәрігер-нарколог бақылауында емдеу үшін тәулігіне 0,25-0,5 г стационар тәртібіндегі кесте бойынша.

Кері көрсеткіштері.Эндокриндік аурулар, тәждік тамырлардың және ми тамырларының атеросклерозы, артериалдық гипертония, жүрек-тамыр аурулары, қан түзу мүшелерінің аурулары, туберкулез, бронх демікпесі, асқазанның қанталайтын ойықжарасы, бауыр мен бүйрек аурулары, психикалық аурулар, қояншық, невриттер, мидың инфекциялық аурулары, глаукома, жүктілік, тетурамға идиосинкразия.

Жанама әсерлері. Жүрек-тамыр жүйесінің, шеткері және орталық жүйке жүйесінің қызметтерінің түрлі аурулары, бұзылыстары, асқазан-ішек торабы, аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі.Ішке қабылдау үшін 100, 250 және 500 мг таблеткалар және имплантация үшін 100 мг таблеткалар түрінде; 200 және 400 мг көбіктенетін таблеткалар N.50.

 

Радотер(Radoterum) созылмалы маскүнемдік кезінде имплантациялауға арналған дисульфирамның арнайы дәрілік түрі.

Шығарылу түрі. 100 мг бұлшық етіне имплантациялауға арналған N.10 таблеткалар.

 

Эспераль(Esperalum) созылмалы маскүнемдік кезінде имплантациялауға арналған тетурамның арнайы дәрілік түрі.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Алкогольге тәуелділіктің қайталануын алдын алу шаралары үшін(қосымша зат ретінде). Нарколог дәрігерінің бақылауымен таңертенгі уақытта 500 мг таңертенгі аспен, 24 сағаттық спирттік ішімдікті қабылдамағаннан кейін.

Кері көрсеткіштері.Дисульфирамды қара.

Жанама әсерлері. Дисульфирамды қара.

Шығарылу түрі.500 мг таблеткада N.20.

 

8 Тарау. ГАМҚ (гамма аминомайлы қышқылы) рецепторына әсер ететін дәрілер

1950 жылдары көптеген авторлар сүтқоректілердің бас миында бейтарапты амин қышқылын теңдестірілген, ол құрамы бойынша γ-аминомай қышқылын көрсетеді (ГАМҚ).

Қазіргі уақытта ГАМҚ-ның жүрек-қантамыр жүйесінің реттелуіне, гормондардың түзілуіне, ұйқы үрдісіне, арнайы сенсорлы қызметтерге, қояншық, хорея, Паркинсон ауруының дамуына қатысатыны анықталды. Көптеген авторлар опиаттардың, этанолдың, барбитураттардың және бензодиазепиндердің фармакологиялық әсерлерімен ГАМҚ-ның түзілуі мен зат алмасуының арасындағы параллельдерді анықтаған. Орналасуы бойынша пре- және постсинаптикалық ГАМҚ-рецепторлар болып бөлінеді, сонымен қатар орталықты және шеткері болады.

ГАМҚ құрамында ГАМҚ- рецепторы бар жасуша мембранасының гиперполяризация және деполяризациясын шақыруына қарамастан тежегіш нейромедиатор болып табылады. Осылардың бәрі нейромедиаторлардың босап шығуын тежейді және нейроналды берілудің тежелуіне әкеледі; параллелді жүйке ұштарынан СI¯ шығуын жоғарылатады. ГАМҚ-рецепторларының бөліктері рецепторлы кешеннің құрылымды суббірліктері болып табылады, олардың құрамына бензодиазепиндермен, этанолмен, барбитураттармен, оипаттармен, нейролептиктермен және басқа заттармен жоғары туыстықпен байланысатын компоненттері болады.

ГАМҚ-рецепторлары – тежегіш нейромедиаторлар болып табылады, олар ГАМҚ рецепторларынан тұратын жасушалар мембранасының гиперполяризациясын, сол сияқты деполяризациясын туғызуы мүмкін. Осының барлығы нейромедиаторлардың босап шығуын баяулауына және нейрональды өткізгіштің тежелуіне әкеледі; параллельді жүйке ұштарынан CIˉ шығуының жоғарлауы жүреді. ГАМҚ-рецепторының бөлігі рецептор жиынтығының субъбірлігі болып табылады, оның құрамына сол сияқты компоненттер кіреді, олардың әр қайсысы бензодиазепиндерге, этанолға, барбитураттарға, опиаттарға нейролептиктерге ж.т.б. жоғары ұқсастықпен байланысады.

ГАМҚ-ның рецепторлары ОЖЖ-ның барлық аймақтарында кездеседі және кейбір эффекторлық мүшелерде де. ГАМҚ-рецепторларының әртүрлі фармакологиялық қызметтік сипаттары бар жеке типтері анықталынған. ГАМҚ-рецепторларының биохимилық әдістермен екі түрлі ГАМҚ-байланыстырушы бөлігі ашылған, олар комплементарлы құрылымдағы агонист және антагонистті екі әртүрлі конформацияда болуы мүмкін.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 154; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты