Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Алтын препараттары




Натрия ауротиомалат(Natrii aurothiomalatum), тауредон. Натрия ауротиомалат қабынуға қарсы және иммуномодилирлеуші әсерге ие. Лимфоциттердің антиген индуцирленген белсенділігін тежеуді туғызады, моноцитарлы және гранулоцитарлы фагоцитозды тежейді, лизосомалды мембрананы тұрақтандырады, иммунологиялық белсенді бөліктердің алмасуымен коллагенді талшықтардың бекітілуі, аутоиммунды үрдісті белсендіреді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ревматоидты және псориазды артрит. Ішке қабылдауға арналған мөлшері аптасына 5-20 мг 1 реттен қабылдауға.

Кері көрсеткіштері. Гемопоэздің бұзылыстары, бауырдың ауыр зақымданулары, ойық жаралы колиттер, қант диабетінің асқынған түрлері, коллагеноздар, жүктілік, емшекпен емізу кезінде.

Жанама әсері.Холестаз, панкреатиттің және энтероколиттің асқануы, тромбоцитопения, лейкопения, апластикалық қаназдық, аллопеция, альвеолит, өкпе фиброзы, қасаң бақақтың жаралануы, шеткі нейропатия, тері қышымасы.

Шығарылу түрі.2, 4 және 10% 0,5 мл ампуладағы көк тамырға қолдануға арналған ерітінді N.10.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Natrii Aurothiomalati 2% - 0,5 ml

D.t.d N. 10 in аmp.

S. Инфузия үшін аптасына 1 рет.

#

Ауранофин(Auranofinum), ауропан. Ауранофин қабынуға қарсы, десенсибилизирлеуші және белгілі иммунодепрессивті әсер көрсетеді. Тіндерден лизосомальды ферменттердің шығуын тежейді және ревмотоидты артриттің барысын баяулатады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ревматоидты және псориатриялық артрит. Ішке қабылдауға арналған мөлшері тамақтан соң тәулігіне 6-9 мг 1-2 реттен.

Кері көрсеткіштері. Қан аурулары, энтероколит, лейкопения, васкулиттер, бауыр, бүйрек және өкпе аурулары, порфирия, жүктілік, емшекпен емізу кезінде.

Жанама әсері.Диспепсиялық бұзылыстар, стоматит, гингивит, фарингит, трахеит, интерстициальды пневмония, колит, гепатит, тромбоцитопения, агронулоцитоз, қаназдық, лейкопения, нефротикалық синдром, аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі.3 мг таблеткалар N. 30, 60, 100.

10.3.2. Жиынақ түзеуші қосылыстар

Пеницилламин(Penicillaminum), купренил. Пеницилламин иммуносупрессивті және жиынтық түзейтін әсерге ие. Мыс, алтын, кобальт, мырыш, кальций, мышьяк, темір, қорғасын, сынап иондарымен хелатты жиынтық түзейді. Пеницилламин иммунды жүейнің әртүрлі бөлімдеріне (лейфоциттердің Т-хелперлік қызметін басу, нейтрофилдердің хемотаксисін тежеу және осы жасушалардың лизосомасынан ферменттердің бөлінуін, макрофагтардың қызметін күшейту) әсер етеді деген жорамалдар бар. Қайтадан синтезделінетін тропоколлаген молекуласы арасындағы қиылысқан байланысты ажырату арқылы коллаген синтезін бұзатын қабілетті бар.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Ауыр металл иондарымен улану, ревматоидты артрит, гепатит, бауыр циррозы, Вильсона-Коновалов ауруы. Ересектерге арналған мөлшері, аш қарынға ішке тәулігіне 150-750 мг, ал балаларға тәулігіне 50-60 мг мөлшерде.

Кері көрсеткіштері. Гемопоэздің бұзылыстары, миастения, бүйрек жетіспеушілігі.

Жанама әсерлері. Диспепсиялық бұзылыстар, артралгия, лимфоаденопатия, алопеция, тиреоидит, қызыл жегі тәрізді синдром, лейкопения, тромбоцитопения, миастения, нефротикалық синдром, тромбофлебит, аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі.150 және 250 мг капсулада N. 40, 50; 250 мг таблеткада N.100.

10.3.3. Безгекке қарсы дәрілер Хлорохин, гидроксихлорохин (Безгекке қарсы дәрілер 2-ші бөлімді қара)

 

11 Тарау. Иммунотропты дәрілер

Иммунды жүйе әдетте қабыну ошағында жұмыс істейді, оған иммунды жасушалар қаннан түседі, қабынудың себептері болатын микробтарды, вирустарды және басқа да агенттерді жояды. Егер иммунды жүйе қалыпты қызмет атқарса, сонымен қатар жедел немесе созылмалы аурулар жақсы болжаммен аяқталып, сауығуға алып келеді. Және керісінше ағзаның иммунитеті әлсіреген кезде ауру созылуы мүмкін, әлде жедел аурулар созылмалы барысқа өтеді.

Бірақ, иммунды жүйе белгілі бір азғырған реакциялар агенттеріне жауап береді - мысалы, оның күшеюі әртүрлі аллергиялық ауруларға және ауыр өтетін аутоиммунды ауруларға алып келеді. Иммунитеттің әлсіреуі кезінде - әртүрлі қатерлі ісіктер дамиды, әлде бұл жағдайларда иммунды жүйе түрлендірілген қатерлі жасушаларды жою қабілетін орындамайды.

Иммунды қорғаудың екі түрін ажыратады: жасушалық иммунитет, онда лейкоциттер белсенді қатысады және гуморальды – онда ағзаның қорғанысына қатысатын қарапайымдардан күрделі молекулалар қатысады: бұл иммуноглобулиндер, комплемент жүйесі, ферменттер, интерферондар, бактериялардың, вирустардың және басқа да бөгде агенттердің белсенділігін басатын ферменттерді баяулатқыштар.

Қазіргі кезде иммунокоррекция әдістерін иммунофармакология қарастырады. Иммунофармакологияның негізгі мақсаты иммунобелсенді (иммунотропты) заттарды қолдана отырып, иммунды жүйенің бұзылған қызметін фармакологиялық реттеу болып табылады. Бұл заттардың әсері иммунды жауапқа қатысатын жасуша қызметін жақсарту. Науқастың иммунды жауабына байланысты клиникада екі модуляциялық жағдай болуы мүмкін, ол иммуносупрессия немесе иммуностимуляция. Осыған байланысты модуляциялық иммунитетті клиникалық жағдайда емдеу барысынды, тиімді иммунотерапия жүргізу қиынға соқтырады. Иммунотерапияның басты мақсаты – науқастың ағзасына қабілетті әсерлерді иммунды жауапқа беттеу. Жоғарыда айтылған жағдайларды ескере отырып, дәрігер иммуносупрессивті және иммунды белсендіруші терапияны жүргізуі қажет, сондықтан барлық иммунды белсендіруші дәрілер иммуносупрессорлар мен иммунды белсендірушілер деп бөлінген.

 

11.1. Иммуносупрессорлы дәрілер

 

Иммуносупрессорлық дәрілер ағзаның иммунды жауабын тежеп, трансплантаттан босап шығу реакциясын алдын алуға, сонымен қатар аллергиялық реакцияларды және аутоиммунды үрдістерді төмендету үшін қолданылады. Орларға жататындар:

1.Цитостатиктер – азатиоприн, циклофосфамид және т.б.

2.Глюкокортикоидтар – преднизолон, дексаметазон және т.б.

3.Антибиотиктер – циклоспорин, таклолимус және т.б.

4.Антиденелердің дәрілері – поликлональды антиденелердің препараттары (иммуноглобулин, антитимоцитарлы - тимоглобулин), ИЛ-2 рецепторларына моноклональды антиденелердің препараттары (даклизумаб).

 

11.1.1. Цитостатикалық дәрілер

Азатиоприн (Azathioprinum), имуран. Азатиоприн - тиол туындысы, гипоксантиннің бәсекелестік антагонисті, химиялық құрылысы және биологиялық әсері жағынан пурин негіздеріне ұқсас; иммунодепрессивті және цитостатикалық әсер көрсетеді. Алмасу реакцияларына қатысып, нуклеин қышқылдарының синтезін тежейді. Иммунодепрессивті әсері лимфоидті тіндердің гипоплазиясымен, Т-лимфоциттер санының төмендеуімен, Ig синтезінің бұзылуымен, қанда атипті фагоциттердің пайда болуымен және жасушалы белгіленген аллергиялық реакциялардың тежелуімен байқалады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Бүйрек трансплантациясы кезіндегі босап шығу реакциясын алдын алу, ревматоидты артрит, созылмалы белсенді гепатит, жүйелі қызыл жегі, дерматомиозит, түйінді периартериит, жүре пайда болған гемолитикалық қаназдық, идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура, гангренозды пиодермия, псориаз, Крон ауруы, өзіндік емес ойық жаралы колит, миастения, көпіршіктену, Рейтер синдромы, сәулелі дерматит, псевдогипертрофиялық миопатия. Трансплантацияны емдеу барысында пероральды "жоғарғы" мөлшерден бастайды 5 мг/дене салмағына (таблеткалар 0,05 №10), қалыпты мөлшер 1-4 мг/дене салмағына/тәулігіне.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, гемопоэздің тежелуі (гипопластикалық және апластикалық қаназдық, лейкопения, лимфопения, тромбоцитопения), бауыр жетіспеушілігі, жүктілік, лактация кезеңі, бала жасы.

Жанама әсерлері. Қан түзу ағзасы жағынан: сүйек ми қан түзілуінің тежелуі, мегалобластты эритропоэз, макроцитоз. Асқорыту жүйесі жағынан: жүрек айнуы, құсу, іштің өтуі, тәбетінің төмендеуі, іште ауырсыну, холестаз, бауыр қызметінің бұзылуы. Аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, миалгия, артралгия, дәрілік қызба.

Шығарылу түрі.50 және 100 мг таблеткалар N.50, 100

Рецепт үлгісі. Rp.: Azathioprini 0,05

D.t.d. N. 10 in tab.

S. 1 таблеткадан күніне 3-4 реттен.

#

Циклофосфамид(2 бөлімді қара. Алкилдеуші заттар. (Бластомаға қарсы дәрілер.). Иммунодепрессивті әсері иммунды жауапқа қатысатын лимфоциттердің (әсіресе В-лимфоциттердің) пролиферациясын тежейді.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 660; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты