Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тапсырма. Берілген сөздерді пайдаланып, әңгіме құрастырыңыз.




1. Мен, алу, ипотекалық несие, жоспарлау, келесі жылы.

2. Ипотекалық несие, өте, нарық жағдайы, қолайлы.

3. Армандаған үй, қол жеткізу, оңай, өте, бұл ыңғайлы.

4. Жас отбасы, жағдай, қазіргі заман, жасау.

 

10-тапсырма. Диалогті оқыңыз, толықтырыңыз.

- Айгүл, сені ипотекалық несиемен үй алды деп естідім. Жаңа үйің құтты болсын!

- Рақмет, .............! Сендерді ...................... сенбі күні қонаққа шақырамын. Келіңдер, күтеміз.

- Жаңа үйіңе қалай баруға болады?

- Біз Әл-Фараби шағын ауданындағы 77-үйде тұрамыз.

 

- Сәлем, Жанар, Қош келдіңдер! Төрлетіңдер!

- О,-о, үйің кең және жайлы екен. Қоныстарың құтты болсын! Мынау біздің шашуымыз.

- Көп рақмет. Жүріңіздер дастарқан басына барайық.

- Барлығы тамаша екен. Құтты болсын!

- Иә, Жанар, шынында да, қуанышымызда шек жоқ, көптен бері армандап жүрген үйге қолымыз жетті-ау. Қазіргі нарық жағдайында біздер сияқты жас отбасының үлкен қалада өмір сүруі оңай емес. Бірақ, «Мемлекеттік тұрғын үй құрылысын іске асыру бағдарламасында» көрсетілген жеңілдіктерді пайдаланып, Халық банкінен ипотекалық несие алдық.

- Бұл ипотеканың ерекшелігі қандай?

- Бұл ипотеканың ерекшелігі................................................................................

- ............................................................................................................................. .

 

26- сабақ

 

Лексикалық тақырып: Маркетинг – бизнес өзегі.

«Макдональдс» корпорациясы

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

 

Маркетинг - (ағылшынша - marketing “нарықты жасау”) өндірістік және сауда істерін басқаруды ұйымдастыру әдісі (метод). Ол XIX – XX ғасырлар аралығында пайда болды. Алғашқы кезде маркетингті тауар өткізуді ұйымдастыру әдісі деп білді. Алайда маркетинг тек қана тауар өткізу ғана емес.

Маркетинг – күрделі ғылым. Маркетингтің мәнін мынадай бір сөзбен сипаттауға болады:

“Не өндірілетін болса, соны өндіру және сату керек”.

Маркетингтің бірнеше атқаратын қасиеті бар. Олар:

· нарықты зерттеу

· жарнаманы пайдалану

· тауар өткізу саясаты

 

 

2 – тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Маркетинг деген ұғымды қалай түсінесіз?

2.Ол әдіс ретінде қашан пайда болды?

3.Маркетинг нені зерттейді?

 

3 – тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

 

4–тапсырма. Мына сөздерді дұрыс орналастырып, сөйлем құраңыз.

 

1.Бірнеше, бар, маркетингтің, қызметі, атқаратын.

2.Ұйымдастыру, маркетингті, әдісі, кезде өткізуді, тауар, деп білді, алғашқы.

3. Күрделі, маркетинг, ғылым.

 

5–тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

 

Макдональдс корпорациясы

 

«Макдональдс» - тез қызмет көрсететін қоғамдық тамақтандыру орны. Негізгі тағамы туралған бифштекс. «Макдональдс» нарық әлемінде аты әйгілі ірі дәмханалар жүйесі. Ұқыпты ойластырылған маркетингілік бағдарлама өзіне бәсекелес фирмаларды басып озуға алып келді (привело).

1955 жылы сүт коктейльдерін дайындайтын 52 жастағы Рей Крок Ричард және Моррис Макдональдтердің жеті мейрамханадан тұратын жүйесімен танысады. Рей Крокка олардың тез қызмет көрсету идеясы ұнағандықтан, ол осы жүйені бұрынғы атауымен қоса 22 млн. долларға сатып алады.

Крок жүйені кеңейту мақсатында «Макдональдс» атауын басқа кәсіпорындардың иелері пайдалану құқын (право), яғни 150 мың долларға лицензиясын сата бастады. Лицензияны сатып алған кәсіпорын қызметкерлері «Макдональдс» фирмасының «Бифштекс университетінде» он күндік курс оқып, «бифштекстану» және майға қуырылған картоп талшықтарын пісіру жөнінде сертификат алып шығады.

«Макдональдс» дәмханаларын жастардың думан орнына айналдырмау мақсаты көзделген. Ол жерде не саз аспаптары, не теледидар жоқ, темекі де сатылмайды. Дәмханаларда өте таза және қызмет көрсету сапасы жоғары деңгейде. «Макдональдс» дәмханалары жанұялардың тамақтану орнына айналған, оны әсіресе, балалар жақсы көреді.

Рей Кроктың маркетингілік стратегиясын үш сөзбен айтуға болады: сапа, қызмет көрсету (сервис) және тазалық.

(Ф.Котлер. «Маркетинг негіздері», 23 б).

 

7 – тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. «Макдональдс» қандай жүйе?

2. «Макдональдс» аталуының себебін білесіз бе?

3. Рей Крок деген кім?

4. Рей Крок неге осы дәмханалар жүйесін сатып алды?

5. «Макдональдс» сияқты дәмханалар жүйелеріне сіздің көзқарасыңыз қандай?

 

8-тапсырма. Керекті жалғауларды жалғаңыз.

1. «Макдональдс» нарық әлемі.... аты әйгілі ірі дәмханалар жүйе.... .

2. «Макдональдс» дәмханалар.... жастар.... думан орны.... айналдырмау мақсаты көзделген.

3. Рей Крок..... олардың тез қызмет көрсету идея..... ұнады.

4. «Макдональдс» өзіне бәсекелес фирмалар..... басып озды.

5. Лицензия... сатып алған кәсіпорын қызметкерлер... «Макдональдс» фирмасы..... «Бифштекс университетінде» он күндік курс оқиды.

 

9-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

 

 

27- сабақ

 

Лексикалық тақырып. Аударыңыздар және мазмұндаңыз.

 

Салықты не үшін төлейміз?

 

Салық дегеніміз – үкіметтің кәсіпорындардан, адамдардан алған төлемі. Үкіметті, әскерді, милицияны ұстау үшін халықтан салық жиналады. Қалай мемлекет пайда болды, салық та дүниеге келді. Салық бірінші рет Қытайда пайда болды. А.Смит салықты «әділетті салық» деп атаған.

Қазір нарықтық экономикада – салық мақсатты болу керек: қай жерге өте қажет, салықтан жиналған қаржыны сол жерге жұмсау керек. А. Смитше айтатын болсақ, салық халықтың өзі үшін десек те болады. Халық салықтың жұмсалуын үкіметтен үнемі сұрап, бақылап отырады.

Салықтың мынадай міндеттері бар:

- қазыналық міндет;

- бөлу міндеті;

- ынталандыру міндеті;

- шектеу міндеті;

- бақылау – бөлу міндеті.

Салық саясаты салық салу саласындағы ресми салық саясаты, ол салық салудың айқындамалық ерекшеліктерін, оларды жүзеге асырудың басты принциптерін, мақсаты мен әдістерін, тиісті ақпараттық және заң шығарушылық базаны айқындайды.

Салық ставкалары процент түрінде белгіленеді. Салық ставкаларының үш түрі бар.

Бірінші түрі – прогрессивтік салық ставкасы. Бұл түрімен көпшілік таныс. Табысыңыз көбейген сайын, салық та көбейеді.

Екінші түрі – пропорционалды салық ставкасы. Пропорционалды салық ставкасының мөлшері табыспен өлшенбейді және оған тәуелді емес.

Үшінші түрі – регрессивтік түрі. Салық ставкасының бұл түрі біздің елдің салық заңдарында қолданылмайды, өте бай мемлекеттерде қолданылады.

Жалпы мемлекеттік салықтарға мыналар жатады:

- заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;

- қосымша құнға салық;

- акциздер;

- құнды қағаздамен жүргізілетін операцияларға салынатын салық.

Жергілікті салықтар:

- жер салығы:

- заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық:

- көлік құралдарына салық:

- жол салықтары.

 

 

2- тапсырма. Орыс тіліндегі баламасын беріңіз:

Жергілікті салық, мемлекеттік бюджет, заңды тұлға, қосымша құнға салынатын салық, шектеу міндеті, бөлу міндеті, жанама салық, төте салық.

 

3 – тапсырма.

1. Мәтінге өзіңізше ат қойыңыз.

2. Мәтінді мағыналық жағынан бөлімге бөліңіз, жоспар құрыңыз.

3. Мәтінді әңгімелеуге қажетті сөздер мен сөз тіркесін жасаңыздар.

 

4- тапсырма. Мына терминдердің қазақша баламасын беріңіз.

 

Подоходный налог, налог на ценные бумаги, отечественное налоговедение, налог с дарений, налог на передачу акции, налог на автотранспортные средства, двойное налогооблажение.

 

 

28-сабақ

Лексикалық тақырып: Меншік және жекешелендіру

 

Сөздерді есте сақтаймыз

Меншік – собственность

Жеке меншік – частная собственность

Ұжымдық – коллективный

Иелік – владение

Кооперативтік меншік – кооперативная собственность

Жекешелендіру – приватизация

Қауымдастық, қоғам - общество

Мұқтаж – запрос, нужда

таңдау – выбор, отбирать

тіркеу – учет, опись, регистрация

ұсыну – предлагать

қабілет – способность

қол ұшын беру – помочь, подать руку помощи

өз еркімен – по своей воле

мүмкіндік беру – дать шанс, возможность

 

 

Меншік және жекешелендіру

 

Меншік дегеніміз – белгілі біреудің өзіне ғана тән иелігі (собственность). Ол адам және қоғаммен бірге пайда болды. Адамзат қоғамының даму тарихында меншіктің ұжымдық , жеке және мемлекеттік түрлері қалыптаса бастады.

Жеке меншік – жеке адамға ғана тән, соған ғана тиісті меншік, мал-мүлік.

Кооперативтік меншік – белгілі бір бірлестікке, ұжымға тән иелік.

Қоғамдық меншік – қоғамға, қауымға тән иелік.

Көптеген әлем елдерінде меншіктің кооперативті түрі жан-жақты дамыған. Алғашқы кооперативтер Дания мен Швецияда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және өткізу бойынша пайда болды.

Қазақстан Республикасы Конституциясында меншіктің мемлекеттік және жеке меншік түрі көрсетілген.

Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру бағдарламасы 1991 жылы қабылданды. 1991 жылы қабылданған жекешелендіру туралы заң жекешелендірудің үш тәсілін қарастырады:

1) еңбек ұжымдарының мекемелерді біртіндеп сатып алуы;

2) аукцион және тендер;

3) жеке жобалы (проектілі) жекешелендіру.

Бір ғана меншіктің түрі болған елде бәсеке болмайды. Сондықтан меншіктің түрі көбірек болса, экономика да жақсырақ болады.

(«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясынан)

 

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

 

1-тапсырма. Мәтіннен мына сұрақтарға жауап іздеңіз.

1. Меншік дегеніміз не?

2. Меншіктің неше түрі бар?

3. ҚР Конституциясында меншіктің қандай түрлері көрсетілген?

4. Кооперативтік меншік дегеніміз не?

5. Кооперативтік меншік қай елде жақсы дамыған?

 

Құптаңыз не құптамаңыз Иә Жоқ
1. Меншік - белгілі біреудің өзіне ғана тән иелігі. 2. Меншіктің бір түрі болған елде бәсеке болады. 3. ҚР-ның жекешелендіру бағдарламасы 1991 жылы қабылданды. 4. ҚР-ның Конституциясында меншіктің бір түрі ғана көрсетілген.    

 

2-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

Приватизация – приобретение у государства гражданами и юридическими лицами объектов государственной собственности или акций государственных, акционерных обществ.

 

3- тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіз

1. Жеке меншік пен мемлекеттік меншіктің айырмашылығы неде?

2. Жекешелендіру тиімді ме?

 

4-тапсырма. Топ болып талқылаңыздар.

1. Жеке меншікке берілген асхана, шаштараз, дүкен, дәріханаларды білесіз бе?

2. Оларды мемлекеттік меншіктегі асхана, шаштараз, дүкен, дәріханалармен салыстырыңыз. Ұтымды, ұтымсыз жақтарын салыстырыңыздар.

 

Ұтымды Ұтымсыз
1. Жеке меншік ұйымдардың адамдарға қызмет көрсетуі жоғары деңгейде. 2. ...................................... 1. Тапқан табыс мемлекеттің емес, жеке кәсіпкердің қалтасына түседі.   2. .......................................

 

3. Өз ісіңізді ашқыңыз келе ме?

 

 

29-сабақ

 

Лексикалық тақырып: Еңбек және еңбек тәртібі

 

 

Сөздерді есте сақтаймыз

 

жұмыс беруші - работодатель

қызметкер - сотрудник, служащий

ынталандыру - стимулировать

жөнге салу - привести в порядок

келісімшарт - договор

өндірістік - производственный

еңбек тәртібі - трудовая дисциплина

көтермелеу - поощрение

тәртіпке шақыру - призывать к порядку

жағымды - положительный

тәжірибе - опыт

 

Еңбек және еңбек тәртібі

 

Еңбек тәртібі – қызметкерлер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек қарым-қатынасын заң арқылы белгілейтін құқықтық категория. Еңбек тәртібі әртүрлі тәсілдер мен амалдар арқылы қамтамасыз етіледі. Мәселен, жұмыстағы жоғарғы жетістігі үшін қызметкерлерге көтермелеу, сондай-ақ еңбек міндеттерін орындамағаны, не тиісті дәрежеде атқара алмағаны үшін тәртіпке шақыру шаралары қолданылуы мүмкін.

Еңбекқорлық – адамның еңбекке ерекше ынталылығынан(желание), ісіне берілгендігі мен жігерінен байқалатын жағымды қасиет. Іске берілген адам барлық уақыты мен күш-жігерін өзінің сүйікті ісіне арнайды. Оған адамның қабілеті, тәжірибесі, білімі, іскерлігі мен дағдысы (привычки) игі ықпал етеді.

 

Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

 

1-тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

 

2-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.

1. Еңбек және еңбек тәртібі дегенді қалай түсінесіз?

2. Еңбектің мәні қандай?

3. Еңбек тәртібінің қандай амалдары бар?

 

 

3-тапсырма. Мәтінге жоспар құрыңыз, жоспар бойынша әңгімелеңіз.

 

4-тапсырма. Мақалдарды жаттап алыңыз. Тәрбиелік мәнін ашыңыз.

1. Еңбек түбі – береке

2. Еңбек етсең, емерсің

3. Еңбексіз рақат жоқ

4. Еңбегі бардың өнбегі бар

5. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

 

5-тапсырма. “Еңбексіз рақат жоқ” тақырыбына әңгіме-сұхбат құрыңыз.

 

 

6-тапсырма. Берілген сөйлемдерді сөйлем түрлеріне ажыратыңыз.

Менің ағам зауытта жұмыс істейді. Іске берілген адам барлық уақыты мен күш-жігерін өзінің сүйікті ісіне арнайды. Көктем келіп, күн жылынды. Күн жылынды, бірақ жер көгерген жоқ.

 

 

7-тапсырма. Танымдық сұрақтар.

1. Еңбекқорлық сөзін қалай түсінесіз?

2. Еңбекқорлыққа ықпал етуші күш не?

3. Еңбекқорлыққа өз басың қалай қарайсың?

 

8-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдердің екінші сыңарын тауып, салалас құрмаласқа айналдырып жазыңыз, содан кейін бірыңғай мүшелі жай сөйлемге айналдырыңыз.

Үлгі: Еңбектің наны тәтті... (Жалқаудың жаны тәтті).

Салалас құрмалас сөйлем: Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

Бірыңғай мүшелі жай сөйлем: Еңбектің наны, жалқаудың жаны тәтті.

1. Еңбек ерлікке жеткізер, ...

2. Еңбек түбі – береке, ...

3. Атаның баласы болма, ...

 

9-тапсырма. “Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді” деген тақырыпқа шығарма жазыңыз.

 

 

30- сабақ

 

1- тапсырма. Лексикалық тақырыпты аударыңыздар және мазмұндаңыз.

 

Құнды қағаздар туралы не білесіз?

 

Құнды қағаздарға акция, облигация, мемлекеттік қазыналық міндеттемелер, вексельдер жатады. Бұл қағаздар бұрынырақта «бағалы қағаздар» деп аталған. Бірақ бағалы деген сөзден гөрі «құнды» деп атаған атағанымыз дұрысырақ. Неге десеңіз бүгінгі құнды қағаздар оның иесіне тек пайда, табыс әкеледі.

Құнды қағаздардың үш түрлі құндылық қасиеті бар, яғни оны сатып ала отырып сіз:

біріншіден, акция иемденуші боласыз;

екіншіден, оны шығарушы кәсіпорынның белгілі бір бөлігіне ие боласыз;

үшіншіден, акцияның екі бағасының айырымы арқылы пайда көресіз.

Бұл соңғы қасиетін таратып айтатын болсақ, бастапқыда акцияны номиналды бағамен сата аласыз, сөйтіп сіз де, оны шығарушы кәсіпорын да пайда көреді.

Құнды қағаздардың екі түрі бар: қарыз түріндегі құнды қағаз және корпоративтік құнды қағаз. Егер құнды қағазды мемлекет шығарған болса, ол мемлекеттік құнды қағаз – қатерсіз құнды қағаз болып табылады.

Сіз мемлекеттік құнды қағаз сатып алсаңыз, пайда табасыз. Бірақ одан аз пайда көресіз. Әйтсе де, сіздің қаржыңызға ешқандай қатер төнбейді, яғни бастапқы акцияңызды жоғалтпайсыз, керісінше, шамалы пайда үлесін аласыз. Корпоративтік құнды қағазға қатер бар, әйтсе де оның пайдасы жоғары. Әр құбылыстың пайдалы жағы да, зиянды жағы да бар десек, нарықтық экономика кезінде құнды қағазды таңдай білу керек. Таңдау – үлкен жұмыс.

Қазақстанда құнды қағаздар нарығы 1991 жылдан бастап пайда бола бастады. Бұл мәселеде мемлекеттік кәсіпорындардың жекешелендірілуі шешуші роль атқарады.

Қазақстан заңдары бойынша Республика аумағында құнды Қағаздардың мынадай түрлеріне рұқсат етіледі: акциялар, облигациялар, депозиттік сертификаттар, вексельдер.

 

2- тапсырма. Құнды қағаздар туралы әңгіме-сұхбаттың мазмұнын айтыңыздар.

 

3 –тапсырма. Мәтіннен сын есімдерді табыңыздар. Олар қандай сын есімдер?

«Құнды» деген сөзге синоним беріңіз.

Мәтінде құнды қағаздардың қандай үш түрлі құндылық касиетін атайды?

 

4- тапсырма: Акция туралы сұхбат құрыңыздар. Пікірлеріңізді айтыңыздар. Бұрынғы одақ кезіндегі облигациялар мен қазіргі құнды қағаздарды салыстырыңыздар.

 

5- тапсырма:

1. Мәтінге өзіңізше ат қойыңыз.

2. Мәтінді мағыналық бөлімдерге бөле отырып, жоспар құрыңыз.

3. Мәтінде аталған акция түрлерін түгел атап шығыңыз.

4. Мәтінді жоспар бойынша әңгімелеңіз.

 

ІІ БӨЛІМ

 

Оқытушының басшылығымен жүргізілетін

студенттің өздік жұмыстарына арналған тапсырмалар

 

 

1-сабақ

 

1-тапсырма. Өлеңді жаттап алыңыз.

 

Төрт ана

(«Өркениеттің адасуы» атты романынан үзінді)

 

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,

Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.

Әр адамда өз анасынан басқа да,

Ғұмырына етер мәңгі астана.

Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері – түп қазығы айбыны,

Туған тілі – мәңгі өнеге айдыны,

Жан байлығы, салт-дәстүрі – тірегі,

Және туған тарихы еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да.

Құдірет жоқ төрт анаға тең келер,

Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.

Өзге ананың ұлылығын танымас,

Төрт анасын менсінбеген пенделер!

Тамырсыздық басы қайда қалмаған.

Төрт анасын сыйламаған халықтың

Ешқашанда бақ-жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы,

Төрт ана үшін болған күрес-күрестердің ұлысы.

 

 

2-сабақ

 

Өлеңді жаттап алыңыз.

Туған елге

(Жұбан Молдағалиев)

 

Қазақстан, сүйікті туған елімсің,

Асық атып, доп қуған,

Асыр салған жерімсің.

 

Бөленіп гүл мен нұрыңа,

Бағыңда ойнап күлгенмін.

Таңыңда сайрап бұлбұлға,

Ән қосып жырлап жүргенмін.

 

Сен есіме түскенде,

Көңілім бұлттан ашылып,

Тасиды жаңа күш менде,

Жабыққаным басылып.

 

 

3-сабақ

1-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

 

Табиғат қорғауды қажет етеді

 

Туған өлкеге, мәдениетке, ауылға немесе қалаға, тілге деген сүйіспеншілік махаббат кішкентайдан өз отбасыңа, туған үйіңе, мектебіңе деген махаббаттан басталады.

Бірте-бірте бұл махаббат туған еліңе, оның тарихына, өткені мен бүгінгісіне, одан соң бүкіл адамзатқа, адам мәдениетіне ұласады.

Адам белгілі қоршаған ортада өмір сүреді. Қоршаған ортаның ластануы адамның денсаулығына кері әсерін тигізеді. Табиғаттың шипалы күші бізге жақсы белгілі. Табиғатты қорғау, қалпына келтіру жұмысымен айналысатын ғылым – экология деп аталады. Бірақ экологияны табиғатты, экологиялық ортаны сақтаумен шектеуге болмайды. Адам баласы үшін бабалар мен олардың өздері жасаған мәдениетті сақтау маңызды. Мәдени ортаның сақталуы – қоршаған ортаны қорғаудан да маңыздырақ. Егер табиғат адамға биологиялық өмір үшін қажет болса, мәдени орта адамның рухани, өнегелік өмірі үшін қажет.

Сонымен, экологияда екі бөлім бар: биологиялық экология және мәдени немесе өнегелік экология. Адам биологиялық заңдардың сақталмауы нәтижесінен өлуі мүмкін, ал адам өнегесін жою мәдени экологияның заңдарының сақталмауынан болады.

 

2-тапсырма. Мәтіннен төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Табиғат ұғымын қалай түсінесіз?

2. Табиғатты қорғау - әр азаматтың парызы деген пікірмен келісесіз бе?

3. Экология қандай ғылым?

4. Экологияның бөлімдерін, атап беріңіз.

 

3-тапсырма. Төменде берілген белгілі адамдардың айтқан сөздерін жаттап алыңыз.

 

1. Біздің республикамыздың интернационалдық жағдайы таң қаларлық. Бізде 120 ұлт өкілдері тұрады. Бұлар 120 этномәдениет таратушылар, кемпірқосақтай түрлі түсті 120 гамма, тамаша хор жасап тұрған 120 аса сүйкімді дауыс.

/Л.Лихачев/

 

2. Балыққа –су, құсқа – ауа, жануарға - орман, дала, тау қажет. Ал адамға Отан керек. Табиғатты қорғау дегеніміз – Отанды қорғау.

/М.Пришвин/

 

3. Адам дүниені ойлап табушы екенін білу керек. Ол жер бетіндегі бақытсыздықтардың бәріне жауапты, оған өмірдегі бар жақсылық тиісті.

/А.М.Горький/

 

4-сабақ

Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.

 

Су - әлемдегі өзекті мәселенің бірі

 

Су туралы көп айтылып та, жазылып та жүр. Қазіргі су проблемасы аса өзекті мәселенің бірі.

Біздің экологияға жауапсыз нәтижесі қаншама теңіз, тұщы суларды бүлдіріп, өзендер мен көлдердің суын уландырып жатыр.

БҰҰ-ның зерттеулеріне қарағанда, 2025 жылы дүние жүзі халықтарының үштен екісі су тапшылығынан зардап шегетін көрінеді.

1992 жылы Рио-де-Жанейрода Англияның БҰҰ-дағы бұрынғы елшісі Гриспин Тикелл бүкіл дүниеде ауыз су - өзекті мәселеге айналып отырғанын ескертіп былай деген болатын: «Мұнай үшін болған соғыстар су үшін болған соғыстардан әлдеқайда артта қалады».

Табиғат – тәңірдің сыйы – суды пайдалану, үнемдеу, тазалығын қорғау мәселесі – адамзат алдындағы, халықаралық ұйымдар алдындағы және БҰҰ-ның алдындағы ең маңызды мәселе.

Табиғат-ананың сыйы - судың да сұрауы бар екенін ұмытпайық.

 

 

5-сабақ

 

1-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

 

RIXOS

Президенттік қонақ үй

 

Президенттік қонақ үйінің ашылу салтанатына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Жаңа нысанды аралап көріп, ризашылық білдірген Президент журналистермен баспасөз маслихатын өткізді: «Астана ел ордасы болғаннан кейін мұнда жоғары дәрежелі меймандар көп келетіні белгілі, - деді Президент. Енді олардың барлығын – ТМД-ның, шет мемлекеттердің басшыларын осында қабылдайтын боламыз. Мұнда кездесулер, қабылдаулар жасауға, конференциялар өткізуге қолайлы жағдай жасалған».

Тоғыз қабатты, аумағы үлкен, ішкі-сыртқы безендірілуі көздің жауын алатын мұндай ғаламат ғимаратты осыншалықты қысқа мерзімде (8 ай) әрі сапалы салып шығу нағыз шеберлердің қолынан келетін шаруа.

Қонақ үйге кірген бойда түрлі пальма ағаштарымен, оңтүстіктің папоротниктерімен, сан алуан гүл шоқтарымен безендірілген, пейіштің бағындай әсер ететін жасыл алаңды көргенде Семирамиданың аспалы бағы осындай-ақ болған шығар деген ойға қаласың. Әлемнің әр шалғайынан келетін қонақтар бұл тамаша бақты көргенде-ақ көтеріңкі көңіл-күйге енетіні сөзсіз. Алғашқы әсердің қашанда маңызы зор. Бұдан кейінгі холдар, арнайы жабдықталған түрлі қызмет бөлмелері, жоғары класты нөмірлер, залдар меймандардың жақсы тынығуына, кездесулер өткізуіне әбден қолайлы.

Еліміздің әлеуетінің артуымен байланысты әлемдік деңгейдегі нысандар қатары молайып келеді. Бұған дейін мұндай бес жұлдызды қонақ үйлер Алматыда, Атырауда бой көтерген болса енді, міне, елордада да ел игілігіне қызмет көрсете бастады.

Тоғыз қабатты қонақ үйде 168 нөмір бар. Әрбір нөмірде кондиционер, сателитті теледидар, теледидар арқылы радио, телефон мини бар, сейф орнатылған. Интернетке қосылу мүмкіндігі жасалған. Қызметтің барлық түрі тәулік брйы көрсетіледі. Екі мейрамханада қазақтың, түріктің, басқа елдердің ұлттық тағамдары дайындалады.

Астанада түрлі форумдарға жиналған қонақтар осындағы 175 орындық мәжіліс залында және 50-100 орындық екі залда кездесулер өткізе алады. Олардың біреуі «шаңырақ» деп аталады. Оның іші киіз үй сияқты ұлттық талғаммен өрнектелген. Ал 500 адамдық би залы мерекелік шараларға арналған.

(«Астана» журналы, 2005 жыл)

 

6-сабақ

 

1-тапсырма. Мәтінді сөздік арқылы аударыңыз.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-10; просмотров: 141; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты