Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жоғары оқу орындары




 

Жоғары оқу орындары – экономиканың, ғылым мен мәдениеттің түрлі салалары үшін жоғары білімді мамандар даярлайтын оқу орындары. Жоғары оқу орындарына академиялар, университеттер, институттар тағы басқалар жатады.

Біздің заманымыздан бұрынғы Африка мен Римде, біздің заманымыздағы 425 жылы Константинопольде ең бірінші оқу орындары ашылған. Өз дәуірі үшін жоғары оқу орны болып саналған философиялық мектептер «университет» деп аталды. Нағыз жоғары оқу орны түріндегі университеттер ХІ-ХІІ ғасырларда Италияда, Англияда (Оксфорд) пайда болды.

1755 жылы М.В.Ломоносовтың ұсынысымен Мәскеу университетінің іргесі қаланды. 1804 жылы Қазан университеті құрылды.

Қазақстандағы Қазан төңкерісіне дейінгі жоғары оқу орындары ретінде Шымкент, Әулиеата, Түркістан, Ақмешіт медреселерін атауға болады. 1919-20 жылдары Орынборда, Ордада, Семейде халық ағарту институттары ашылды. Бұл институттар жоғары білімді мұғалімдер даярлауда зор рөл атқарды.

1920 жылы қарашада Түркістан мемлекеттік университеті (кейінгі Орта Азия университеті) құрылды. Бұл университет Орта Азия мен Қазақстанға маман кадрлар даярлаудың негізгі орталығы болды. 1920 жылы Ордада Бөкей халық ағарту бөлімі Бөкей ағарту институтын құрды.

Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны – 1928 жылы Алматыда ашылған Қазақ педагогика институты (қазіргі Алматы мемлекеттік университеті). Бірінші жылы онда 124 студент, 9 мұғалім болды. Алғашқы оқытушылары қатарында Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин, Құдайберген Жұбанов және тағы басқалар дәріс оқыды.

2001 жылы 5 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 8 жоғары оқу орнына «ұлттық» деп аталатын ерекше мәртебе берілді. Олар: 1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 2.Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 3.Қазақ ұлттық аграрлық университеті және тағы басқалар.

(Қазақстан ұлттық энциклопедиясынан)

 

 

7-сабақ

 

1–тапсырма. Мәтінді сөздікті пайдаланып аударыңыз.

 

Қазақстандағы жеке білім беру туралы

 

Қазақстан Республикасында жоғары білім беру реформасы ескі мектеп жүйесінің бұзылуынан емес, мемлекеттік емес оқу орындарының жаппай өркен жаюынан (дамуынан) басталды. Бұл мәселеге Республикамыздың Конституциясы, жоғары білім беру туралы заң және мемлекеттік саясаттың білім беру саласындағы тұжырымдамасы себепкер болды. Бұл құжаттар жеке білім беру жүйесін құру және дамыту үшін заңды негіз болды.

Кейбір жоғары оқу орындарын жекеге ауыстыру және мемлекеттік емес жаңа жоғары оқу орындарын жекеге ауыстыру және мемлекеттік емес жаңа жоғары оқу орындарын қалыптастыру жоғары мектепті басқарудың құрылымын өзгертіп, білім беру процесін толығымен жаңартуға мүмкіндік берді.

Жеке ЖОО мемлекеттік қолдауға, жоғары білікті мамандарға, педагогикалық элитаға мұқтаж.

Жоғары білім берудің болашағы – мемлекеттік емес жеке мекемелер. Бұған олардың қызметтерінің аздаған тәжірибесі куә. Біздің республикамызда, 50-ге жуық жеке ЖОО бар. Онда 15 мыңнан астам студенттер оқиды.

Жеке ЖОО артықшылығы пәндер мен оқу тәртібінің жүйесі еркін таңдалынады. Жеке ЖОО-ның даусыз жетістігі – оқытушылардың оқыту жүйесіндегі еркіндігі, яғни студенттер қажет деп тапқан пәндерді оқыту.

Айтылғандарды қортыта келіп, мынадай түйін жасауға болады: жеке мемлекеттік емес ЖОО – нарықтың талаптарына жауап беретін жаңа құрылым. Сондықтан да ол қазіргі кезде басты мәселе болып есептеледі.

 

8-сабақ

 

1–тапсырма. Мәтінді сөздікті пайдаланып аударыңыз.

 

Менің мамандығым

 

Мен Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің 1 курсында оқимын. Менің болашақ мамандығым – кәсіпкер-коммерсант. Бұл оқуды бітіргеннен кейін ассортиментті қызмет көрсету және рынокты керекті тауарларға толтыруды, пайда түсіру мақсатымен пайдалы коммерциялық жоғары сапалы қызметті ықыласпен, өз бетімен ұйымдастырушы маман. Шетел тілдерін еркін меңгерген және жақсы оқитын студенттер оқу және дайындалу үшін шетелге жіберіледі. Сондықтан ағылшын тілін меңгеруге талаптанып жүрмін. Бізге тиянақты білім алу үшін маркетинг негіздері, халықаралық маркетинг, тауарлар маркетингі, биржалық істер, кедендік іс, коммерциялық менеджмент, сабақтары терең жүргізіледі. Біздің маркетинг оқу-ғылыми кешені тауар және қызмет көрсетудің маркетингі, коммерциялық кәсіпкерлік, коммерциялық тауартану мамандандырулары бойынша бакалаврлар дайындайды. Болашақта жақсы маман болу үшін тиянақты дайындық керек.

 

 

9-сабақ

 

1–тапсырма. Мәтінді сөздікті пайдаланып аударыңыз.

 

Қалтарыстағы экономика

 

Ресми экономикалық үрдістермен қатарлас жүретін, бірақ мемлекет пен қоғам бақыламайтын мемлекеттік статистикадағы экономикалық үрдістер қалтарыстағы экономикаға жатады (относится).

Қалтарыстағы экономиканы адамдардың жекелеген топтары ұйымдастырады, қалтарыстағы экономика шартты түрде былай бөлінеді: қылмыстық экономика, бүркемелі экономика.

Заңға қарсы және ашық түрде тыйым салынған экономика қылмыстық экономика деп аталады.

Салықтардан жалтару мақсатымен және субъектілердің шынайы табыстарын мағлұмдағысы келмегендіктен бүркемеленетін экономиканы бүркемелі экономика дейді.

 

2-тапсырма. Мәтінді оқып, тақырыпты ашып тұрған сөздерді белгілеңіз.

 

3-тапсырма. Мәтіндегі негізгі тақырыптық сөздерді және сөз тіркестерін көрсетіңіз

 

4-тапсырма. Мәтіннен сұрақтарға жауап іздеңіз.

1. Қалтарыстағы экономика дегеніміз не?

2. Қалтарыстағы экономикаға қандай үрдістер жатады?

3. Қалтарыстағы экономиканы кімдер бақылайды?

4. Қалтарыстағы экономика шартты түрде қалай бөлінеді?

5. Қылмыстық экономика дегеніміз не?

6. Бүркемелі экономика дегеніміз не?

 

5-тапсырма. Бүкіл мәтіннің мазмұнын бір сөйлеммен қорытындылаңыз.

 

6-тапсырма. Төмендегі сөздерге анықтама беріңіздер.

........ тауар, ............. экономика, .......... үрдістер, ........... статистика, ............ баға, ........ қызмет, ............. баға, ............заң.

 

7-тапсырма. Сөздерді бірнеше жағдаятта қолданып, мысалдар келтіріңіз:

қалтарыстағы, қылмыстық, бүркемелі, заңсыз.

 

8-тапсырма. Асқармен әңгімелесіңіз. “Экономика” тақырыбы бойынша (біліміңізге сүйеніп) диалогты жалғастырыңыз.

А.

Асқар: - “Экономика” сөзі қандай мағынаны білдіреді?

Сіз: - ..............................................................................

Асқар: - “Экономика” сөзі қай тілден енген?

Сіз: ................................................................................

 

Сіз: - ...................................................................................?

- Еліміздің экономикасын дамыту үшін, біріншіден, салықтың мөлшерін азайту, екіншіден, өндірісті дамыту, үшіншіден, ұлттық тауарларды экспортқа шығару қажет.

Асқар: - Үй шаруашылығында үнемдеуді қалай ұйымдастыруға болады?

Сіз: - ..........................................................................................................................

Асқар: - Ал еліміздің экономикасын қалай дамытуға болады?

Сіз: - ..........................................................................................................................

Сіз - .........................................................................................................................?

- Отбасы бюджетін кіріс пен шығысты ескере отырып, дұрыс ұйымдастыру қажет.

 

Ә.

Диалогты толықтырыңыз.

 

- Экономиканың дамуына не кедергі келтіріп отыр?

- ...

- Қалтарыстағы экономиканы кімдер ұйымдастырып отыр?

- ...

- Мұндай қылмыстық топтарды қалай жоюға болады?

- ...

Б.

Диалогты жалғастырыңыз.

- Нені үнемдеуге болады?

- Суды, газды, жарықты және ақшаны.

- Уақытты үнемдеу керек дегенді қалай түсінесіз?

- ...

 

В.

Диалогты рөлге бөліп, оқыңыз, толықтырыңыз.

- Нарықтық экономика адамдарды неге үйретуде?

- Нарықтық экономика адамдарды жаппай кәсіпкерлікке үйретуде.

- Қалай ойлайсыз, нарықтық экономика адамның психологиясын қалай өзгертті?

- Ол халықты табыс табуға, пайда түсіруге, ақшаның әрбір тиынын бағалай білуге үйретіп отыр.

- Не арқылы халықтың күш-жігерін, ақыл-ойын еңбекке бағыттауға болады?

- Нарықтық экономика арқылы ғана жұрттың бүкіл күш-жігерін, ой-санасын еңбекке бағыттауға болады?

- ..................................................?

- ................................................. .

 

10-сабақ

«Қазақстандық экономист ғалымдардың ғылымға сіңірген еңбегі» деген тақырыпта баяндама әзірлеңіз (А.Мусинов. Қазақ тілі: Студенттерге арналған оқулық. – Алматы: Қайнар, 1995. 160-171бет)

 

 

11-сабақ

 

1-тапсырма. Мына сұхбатқа назар аударыңыз.

- Жапон кереметін әркім әрқалай түсіндіреді. Оның негізі ішкі үнемдеушілік пен экспорттық жолмен өндірісті өркендетуде жатыр десек қателеспейміз бе?

- Мұның бәрі дұрыс. Үнемдеушілік өз ерекшеліктеріміздің бірі деп есептеледі. Бұл басқа елдерде сирек кездесетін жапон халқына тән ерекшелік. Осы тұрғыда біз дамыған Батыс елдеріне ұқсамаймыз. Үнеммен өмір сүріп, сонымен байи алшған халық екенімізді ешқашан естен шығара алмаймыз. Өндірісте де үнемі соны ескеріп, соған сай заттар шығарамыз. Мысалы, бізде шығарылған мәшинелер аз бензинмен жүреді. Қай салада да үнемдеуді ойлауға мәжбүрміз. Өйткені шикізат шет жақтан келеді. Оны аз қолдана отырып, көп өнім алуға тырысамыз. Жапондықтар көп жұмыс істеп, соған орай көп қаржы тапқанымен, ақшаны аз жұмсауға тырысады. Жалақыларының белгілі бір бөлігін банкке сақтауға әдеттенген. Осының арқасында баюға болатынын бәрі жақсы біледі.

(«Заман-қазақстан». 25.04.1997)

2-тапсырма. Жапон кереметі туралы өзіңіз не білесіз?

 

3-тапсырма. Төменде берілген мақал-мәтелді талдап-түсіндіріңіз, орыс тіліндегі баламасын табыңыздар.

 

Жаман қойшы жайлауын бір күн жейді,

Жақсы қойшы жайлауын мың күн жейді.

 

Сауып ішсең мың күндік,

Сойып жесең бір күндік.

 

Ескі киімді баптағаның,

Жаңа киімді сақтағаның.

 

Ескі киім жаңа киімнің қорғаушысы.

 

Берместің асы піспес.

 

Берместің сылтауы көп.

 

Жақсы арына – құл,

Жаман малына –құл.

 

Сараңның асы піскенше, таудың тасы піседі.

 

 

12-сабақ

Лексикалық тақырып: Ұлттық теңгеміз туралы

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Әрбір елдің тағдырында үлкен тарих, шежіре жатыр. Ал біздің еліміз үшін ХХ ғасырдың маңызы зор. Себебі, еліміз тәуелсіздік алып, сол тәуелсіздіктің белгілеріне ие болдық. Біздің ұлттық бейнемізді, болмысымызды, тарихымызды көрсететін рәміздеріміз бар. Елтаңба, Әнұран, және Туымызбен бірге тағы бір белгі – ұлттық теңгеміз бар. Ұлттық теңге 1993 жылы 15 қарашада дүниеге келді.

Теңгенің авторы болу бақыты қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалилов пен Меңдібай Әлиннің үлесіне тиді. Олар Ұлыбританияның дымқыл ауасын жұтып, үлкен еңбектерінің нәтижесін елге жеткізді.

Адамдардың ішкі сырын білшуге болады, ал теңгедегі 16-ға жуық құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған.

Біз мемлекеттік рәміздерді және ұлттық теңгемізді құрметтейміз. Себебі, теңге – тәуелсіздіктің үлкен бір белгісі, әрі халық үшін ХХ ғасырдағы үлкен жетістік.

(М.Тазабеков. «Егемен Қазақстан»)

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Теңгенің туған күні қашан? Авторлары кімдер?

2. Теңгенің тұрақты болуы неге байланысты деп ойлайсыз?

3. Теңгеде бейнеленген адамдар туралы не деп ойлайсыз?

4. Төмендегі мақалды қалай түсінесіз? Көршіңізбен пікірлесіңіз.

«Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын»

 

 

13 –сабақ

 

Лексикалық тақырып: Нарық

 

1-тапсырма. Мәтінді роқып, аударыңыз.

 

Нарық – бұл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі.

Нарық – бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тауар және қызмет көрсету үрдісіне байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе – ол нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастардың субъектісі - өндірушілер мен тұтынушылар емес, сатушылар мен сатып алушылар деп көрсетілу. Шын мәнінде тауар ақша, нарықтық байланыстар сату-сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде басымдылық айырбас пен айналым саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы керек, себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және оның тауарға айналуын сипаттайды.

 

14-сабақ

 

Лексикалық тақырып: Джордж Сорос – милиардер и филантроп

 

Тапсырма. Мәтінді сөздщік арқылы қазақ тіліне аударыңыз.

 

62-летний американец венгерского происхождения Джордж Сорос заработал 1 млрд долларов на спекуляции против фунта стерлингов на сумму 10 млрд долларов. Эта убийственная операция способствовала унижению правительств, а также девальвации валюты. Сегодня Джордж Сорос широко известен как «человек, который пишет книги по политической философии. Он несентиментальный делатель денег и в то же время либеральный филантроп, который сделал своей миссией спасение Восточной Европы и бывшего Советского Союза. Его огромные доходы получены от группы «Квантум», в которую входят оффшорные инвестиционные фонды и которая действует под управлением находящейся в Нью-Йорке компании «Сорос фонд менеджмент», «Квантум», созданная в 1969 году, как единый фонд с капиталом в 4 млн долларов, с тех пор превратились в четыре фонда, стоимость которых более 7 млрд долларов.

«Кавнттум» - это так называемые хеджерские фонды риска. Они действуют в основном на скрытых, но огромных рынках по фьючерсным и опционным финансовым и товарным сделкам.

 

 

15-сабақ

16-сабақ

 

Лексикалық тақырып: Бәсеке – нарықтық механизмнің басты элементі

 

1-тапсырма. Мәтінді сөздік арқылы аударыңыз.

 

Нарықтық қатынастардың мән-мағынасын байқататын ұғымдардың бірі – бәсеке (латын сөзі конкурро-түйістіру) болып табылады. Жалпы алып қарағанда бәсекені - өндірушілердің бір-бірімен рыноктағы тауар ұсынымы мен бағаны белгілеу жайлы өзара қатынасы ретінде анықтауға болады. Бұл өнөндірушілер арасындағы бәсеке.

Бәсеке нарық субъектісінің тепе-теңдік құқықтағы тауарды пайдалы өткізу үшін өзара экономикалық жарысын көрсетеді немесе қаржыны өте пайдалы жұмсау болып табылады. Бәсекенің болмауы монополизмге алып барады. Сондықтан жеке кәсіпорын, банк, мемлекет өздерінің құқықтарын рынокта өктем жүргізеді. Нарық субъектілері көп болса, бәсеке тиімді жүргізіледі. Себебі бәсеке мен монополия бір-біріне кері ұғымдар.

Бәсеке тәсіліне қарай былай бөлінеді: бағалық және бағалық емес.

Классикалық, бағалық бәсекенің теориясының негізін қалаған А.Смит (ХУІІІ ғасыр). Бағалық бәсекенің негізгі тәсілі – тауарлар бағасын төмендету болып табылады.

Монополиялық немесе баға еместік бәсекелестік теориясының негізін қалаушы американ экономисі Чемберлин Эдвард Гастингс (1899-1967). Баға еместік бәсекелестік еңі алдымен өнім сапасын жақсартуды көздейді. Баға еместік бәсекенің басты қаруы – жарнама, маркетинг құралдары.

 

20-сабақ

 

Лексикалық тақырып: Сауда. Сауда орталығы

 

Сауда – халық шаруашылығының тұтынушыларға тауар өткізу жөніндегі саласы: тауар айналымының формасы, сатып алу, сату жолымен еңбек өнімдерін айырбастау. Өндіріс құрал-жабдықтары материалдық-техникалық жабдықтау жүйесі арқылы өткізіледі. Сауда жүйесіне қоғамдық тамақтандыру саласы да кіреді.

Сауда торабы ұсақ дүкендер мен дүңгіршіктерден тұрады. Республикадағы сауда орталығы ірі екі жүйеге бөлінеді: мемлекеттік сауда және тұтынушылар саудасы (бизнес).

Сауда орталығы – сауда қызметінің бір бөлікке орналасқан, бір-бірімен өзара байланыста болатын кәсіпорындарының біртұтас кешені.

Оның құрамына ірі сауда орындары базар, дүкендер, қоғамдық тамақтандыру орны, жеке меншік дүкендер, халыққа тұрмыстық және басқа да қызмет көрсету мекемелері кіреді. Сауда орындары халыққа неғұрлым қолайлы әрі кешенді қызмет көрсетуге сауда және шағын бизнестік пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Саудакент орталығы – орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Сауда керуен жолының бойына орналасып, саудамен, қолөнерімен айналысты. Саудакент – орта ғасырлық (ХІІІ ғ.) іргесі қаланған қалалардың ішіндегі ең көне тарихы бар қала екендігі белгілі болған.

(Қазақ ССР Энциклопедиясы. 1986 ж.116-бет)

 

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сауда қалай жүргізіледі?

2. Сауда жүйесіне нелер кіреді?

3. Сауда торабына нелер жатады?

4. Сауда орындары туралы не білесіз?

5. Біздің елімізде қандай сауда орындары бар?

 

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазыңыз.

1. «Сатушы не сатса да, ... сатады» (Ж.Баласағұн).

2 .... өз бетінше заттар не ... да, не ... да болмайды, ол тек біздің бағалауымызда ғана солай болады (У.Шекспир).

3. «Білмегенді сұрап үйренген ...,

арланып сұрамаған .......» (Ә.Науаи).

4. «Тамағы ..., жұмысы ...,

Аздырар адам баласын» (Абай).

 

Керекті сөздер: жоқтық, тоқтық, пайдасына, жақсы, жаман, залым, ғалым.

 

21-сабақ

 

Еуропалық төлем одағы

Еуропалық төлем одағы – 1950-1958 жылдары Батыс Еуропаның он жеті елі арасында төлемдерді қамтамасыз ету мақсатымен әрекет еткен төлем жүйесі. Қатысушы елдердің өзара талаптары мен міндеттемелерін есепке алу халықаралық төлемдерді теңестіру жолымен жүзеге асырылатын көп жақты клирингтік жүйе. Еуропалық төлем одағы АҚШ-тың бастамасымен және қолдауымен құрылды. Оның валютасы халықаралық есептік ақша өлшемі – эпунит болды. Еуропалық төлем одағы шеңберіндегі есеп айырысу палатасының рөлін Халықаралық есеп айырысу банкі атқарды. 1958 жылдан бастап Еуропалық валюта келісімі шеңберіндегі төлем жүйесімен ауыстырылды.

(«Қазақстан» энциклопедиясы, Алматы 2001, 458-бет).

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Еуропалық төлем одағы қашан құрылды?

2. Еуропалық төлем одағы қай елдің қолдауымен құрылды?

 

2-тапсырма. Сөйлем мүшесіне талдаңыз.

Бұл ұйым АҚШ-тың бастамасымен және қолдауымен құрылды. Оның валютасы халықаралық есептік ақша өлшемі – эпунит болды.

 

3-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

 

22-сабақ

Лексикалық тақырып: Валюта

 

Тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

Валюта 1. Елдің ақша бірлігіжәне түрлері (алтын, күміс, қағаз). Шетелдік мемлекеттер халықтарының есеп айырысуда пайдаланатын ақшалай белгісі (шетелдік валюта).

Қазіргі кезде көптеген елдерде қағаз валютаға негізделген ақша жүйесі тән сипат. Қағаз ақшалар оны айналыс құралы және төлем құралы функцияларында алмастыратын алтын белгісі болып табылады.

Валюталық белгіленім – қолданыстағы заңдық нормалар мен қалыптасқан тәжірибеге сәйкес шетелдік валюталардың бағамдарын белгілеу. Валюталық белгілеуді (бағамдауды) мемлекеттік (ұлттық) немесе ірі коммерциялық банктер жүргізеді. Әдетте валюталық белгіленім кезінде шетелдік валютаның ақшалай бірлігінің бағамы ұлттық валюта бірлігінің әлдеқанша санымен белгіленеді.

Валюталық бағам – олардың өтімділік қабілеті мен басқа да факторлар арқылы (төлем балансы жағдайына, инфляция деңгейіне қысқы мерзімдік капиталдардың еларалық ауысымы арқылы) белгіленетін әр түрлі елдердің ақша бірліктері арасындағы қатынас.

ЭКЮ дегеніміз – Европалық экономикалық кауымдастыққа мүше елдердің валюталары жиынтығына негізделген европалық валюталық бірлік.

ЕЭҚ шеңберінде біркелкі ақша жүйесіне көшкенде ЭКЮ негізгі валютаға айналады деген болжам бар.

 

23-сабақ

Лексикалық тақырып: Лизинг

Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз және мазмұндаңыз.

Лизинг ( анг.- аренда) – долгосрочная аренда машин, оборудования, транспортных средств, сооружений производственного назначения. Возникший вначале в послевоенной Европе, он получил широкое распространение в отраслях современной экономики в разных странах, поскольку потребности в инвестициях в условиях научно- технического прогресса невозможно удовлетворить с помощью лишь традиционных методов финансирования- использования собственных средств и банковских кредитов. Лизинговые операции, осуществляемые специализированными компаниями и крупными коммерческими банками, дают компаниям возможность получать в пользование необходимое оборудование без значительных единовременных затрат.

Греция, Германия и Бельгия – европейские страны с самыми высокими темпами развития лизинга. К такому выводу пришли авторы исследования , посвященного выявлению целесообразности создания лизинговых компаний.

 

24-сабақ

 

Лексикалық тақырып: Ақша деген не?

 

1-тапсырма. Мәтінді сөздік арқылы аударыңыз.

 

Ақшаның қызметі: құн өлшеуші, бақылау құралы, баға көлемін көрсету құралы, айналыс құралы, қор жинау құралы, қазына жасау құралы, төлем құралы, дүниежүзілік ақша қызметін атқарады.

Көп уақытқа дейін ақшаның рөлін әр түрлі тауарлар атқарды. Алайда біртіндеп өндірістің даму үрдісінде ол алтынға берік орнықты.

Елімізде заңды тәртіппен бекітілген ақша белгілері бар.

Құн өлшемі қызметінде ақша – баға белгілеу құралы. Өнімді бөлуге, айырбас жасауға және тұтынуға қызмет ету үрдістеріне ақша қозғалыс жасап, ақша айналымын құрайды.

Ақша айналымы дегеніміз еңбекке ақы төлеу, тауар өткізу, көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу және басқа да төлемдерді жүзеге асыру барысында ақшаның үздіксіз қозғалысқа келуі. Ақшаның ең басты ерекшелігі де, құнды қасиеті де оның адамдарға қажеттілігінде.

 

2- тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Ақша қандай қызмет атқарады?

2. Ақша деген не?

3. Ақша қандай тауар?

 

3- тапсырма. Мәтіннен мына сұрақтарға жауап табыңыз.

1. Ақша қозғалысы қандай экономикалық терминді қалыптастырады?

2. Ақшаның ерекшелігі неде? Бұл туралы мәтіннің қай бөлігінде берілген?

3. Бірінші абзацта құрал сөзінің тіркескен сөздеріне назар аударып, атап шығыңыздар, орысша баламасын айтыңыздар?

 

4 –тапсырма. Мына терминдерді экономикалық сөздікті пайдаланып, қазақшаға аударыңыз.

 

Денежная единица, денежная масса,денежно – кредитное регулирование, денежно – кредитный кризис, денежное обращение, денежные знаки, денежный начет.

 

 

25-сабақ

 

Лексикалық тақырып: Кредит – несие

 

Кредит (лат. creditum – несие, credo – сенемін, сенім білдіремін) деген мағынаны білдіреді. Несие – белгілі бір мерзім бойы пайдаланып, қайтарылу үшін әдетте, пайыз төлеу шартымен ақшалай немесе тауар түрінде берілетін қарыз.

Экономиканы дамытуда кредиттің рөлі маңызды әрі сан салалы. Тұтыну несиесі халықтың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға септігін тигізеді. Несие негізінен, коммерциялық несие және банк несиесі болып бөлінеді. Айрықша түрі – халықаралық несие.

Коммерциялық несие – сатушы тауарды сатып алушыға төлемін кейінге қалдыра отырып беретін несие. Бұл орайда айналым құралы ретінде вексель жүреді. Мұндағы вексель дегеніміз – несиегерге вексель беруші қарызгерден вексельде көрсетілген ақша сомасын белгіленген мерзімде төлеуді талап ету құқын беретін белгілі бір нысандағы жазбаша борыштық міндеттеме.

Банк несиесінің әмбебаптық сипаты бар. Бұл ретте, банктер, ақша иелері және басқа несие мекемелері несиегерлер болып келеді.

Банк несиесі несиелеу мерзіміне қарай қысқа мерзімді (1 жылға дейінгі мерзімде), орта мерзімді (1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге) болып келеді. Ол қарызгерге тиесілі жылжымайтын мүлік, тауарлар, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтар кепілімен қамтамасыз етілуге тиіс.

 

1-тапсырма. Мәтін бойынша мына сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Несие дегеніміз не?

2. Несие неше түрге бөлінеді?

3. Тұтынушылар өмірінде кредиттің маңызы қандай?

4. Несиенің қандай түрлерін білесіз?

 

2-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

 

 

Тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

 

 

26-сабақ

 

Лексикалық тақырып: Менеджмент

 

Қазақстан Республикасында өтіп жатқан нарықтық экономика реформасы экономиканы қалыптастыру және дамытудың бірден бір маңызды бағыттарының сипаты ретінде менеджмент үлгісін қосады.

Ағылшын тілінің Оксфордтық сөздігі менеджменттің төрт аталымын береді:

1. Адамдардың өзара қатынаста болуының үлгісі, тәсілі;

2. Басқарудың өнері және билік;

3. Әкімшілдік дағдылары және білудің ерекше түрі;

4. Басқару органы, әкімшілік бірлігі.

Менеджменттік қызмет – бұл кәсіпорындарда жұмыс істейтіндердің еңбегіне, ақыл-парасаттарына адамдардың мінез-құлқына сүйене отырып, алдына қойған мақсаттарын іс жүзіне асыруды ұйымдастыру.

Менеджер – ұйымдастыру және басқару жөніндегі шаруашылық дербестігі бар іскер адам, өз ісін егжей-тегжейлі білетін мамандандырылған басшы.

Менеджер, біріншіден, мақсатты белгілейді және осы мақсатқа жету үшін не істеу керектігін анықтайды. Екіншіден, менеджер жұмысты ұйымдастырады. Қойылған мақсатты іске асыру үшін қажеттілікке талдау жасайды. Ол түрлі жұмыстарға жауапты адамдардан өзінің құрамын жасақтайды.

 

1-тапсырма. Мәтінді сөздікті пайдаланып аударыңыз.

 

2–тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ әзірлеңіз.

 

3 – тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

 

 

27- сабақ

Салық реформасы

 

«Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» ҚР Заңының орны ерекше. Бұл заңда, біздің пікірімізше, салық ұғымының аясы белгіленіп, салық салу объектілері анықталады. Мұнда салық жөнінде қандай жеңілдіктер болуы мүмкін екендігін, оларды кімдер беретіндігі, салық органдарының құқықтары мен міндеттері, салық органдарының шешіміне шағым беру қалай екендігі белгіленді.

«Пайдаға салынатын салық» - жаңа салық жүйесіндегі аса маңызды заңдардың бірі. Салыққа байланысты соңғы кездегі жаңалық – «Кәсіпорындардан, бірлестіктер мен ұйымдардан алынатын салық туралы» Заңда ескірілген, яғни өндіріс өсімін ынталандыруға бағытталған жеңілдіктер көзделген.

Бүгінгі таңда пайдаға салынатын салықтың мөлшері 35 % -дан 25 % -ға дейін, коммерциялық және кооперативтік банктер, жинақ банктері мен сақтандыру ұйымдарында 55 % -дан 45% -ға дейін төмендетіледі.

Мемлекеттік салық инспекциясы меншік түрлеріне қарамастан кез-келген кәсіпорынның, кооперативтің, фирманың ішкі қызметтері туралы мәліметтер жинап, тексеріс жүргізе алады.

Салық – экономикамызды дамытудағы реттеуші күш. Салықтың нарықтық экономика кезіндегі ролі мен мәні зор.

 

1-тапсырма. Мәтінді сөздікті пайдаланып, аударыңыз.

2-тапсырма. 3 сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.

 

28-сабақ

 

Лексикалық тақырып:Жекешелендіру саясаты

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Жекешелендіру – меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру үрдісі. Жекешелендіру – күрделі мәселе, ол әсіресе халықтың менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу қиын. Әсіресе жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты талап етеді. Сол сияқты кейбір стратегиялық маңызды салаларда (қару-жарақ, ядролық заттар, тағы басқа өндірістер) не болмаса нарыққа көшіруге әлі толық негіз болмаған жағдайларда (ғылым, білім, мәдениет, өнер т.б. орталықтар) жекешелендіру жүргізілмейді, олар мемлекет меншігінде қала береді.

Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру үрдісі шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар жөнінде заңдар жүйесімен, нормативтік актілер арқылы және мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүргізіледі. Жекешелендіру Қазақстанда үш кезеңмен өтті. Бірінші кезеңде (1991-1992) «кіші» жекешелендіру бағдарламасы бойынша мемлекеттік сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары жаппай сатылды немесе еңбек ұжымдарына берілді.

Екінші кезеңде (1993-1996) жаппай жекешелендіру орта және үлкен кәсіпорындар бойынша жүргізілді, жеке жобалар бойынша 5 өнеркәсіп орындары ақшаға, ал 1700 зауыттар мен фабрикалар инвестициялық купондарға сатылды, 44 ірі кәсіпорындар сенімді басқаруға тапсырылды, оның ішінде 12-сі шет ел инвесторларына берілді.

Үшінші кезеңде (1997 жылдан бастап) жекешелендіру отын-энергетика, көлік, денсаулық, ғылым салаларында өтті. Аталған кезеңдерде Қазақстанда жабық және ашық акционерлік қоғамдар көптеп құрылды.

Жекешелендіру саясаты экономика теориясына және тәжірибеге көп жаңалықтар әкелді.

 

29 –сабақ

 

Лексикалық тақырып: Биржа дегеніміз не?

 

Мәтінді оқимыз.

 

Биржа (лат.bursa - әмиян «кошелек») –тауарларды, құнды қағаздарды көтерме бағамен (оптом) сатуды ұйымдастыру. Сонымен бірге, қаржы-сауда мәселелерін жасау үшін сатушы мен сатып алушылардың жиналатын орны.

Биржалар ХУ-ХУІ ғасырларда пайда бола бастады. Алғашқы биржалар әмбебап (универсальные) сипатта болды.

Мысалы 1608 жылы құрылған Амстердам биржасы осы сипатын қазірге дейін сақтап келеді. Ұсынылатын тауар не қызмет түрлеріне байланысты биржалардың бірнеше түрі бар. Олар: тауар биржасы, валюта биржасы, еңбек биржасы.

Тауар биржасы сапасы жағынан қалыптасқан стандартқа сай келетін белгілі бір тауарды сату не сатып алу үшін ұйымдасқан саудагерлік қауымдастық (ассоциация). Дүниежүзіндегі тауар биржалары:

1.Лондон халықаралық биржасы (мұнай, мазут саудаланады)

2.Токио тауар биржасы (асыл металдар:алтын, күміс т.б. саудаланады)

3.Лондон металл биржасы (мыс, аллюминий т.б. саудаланады)

4.Нью-Йорк тауар биржасы (алтын т.б. )

Еңбек биржасы – жүмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасында делдалдық (посредник) жасайтын мемлекеттік мекеме. Мемлекеттік еңбек биржасының негізгі қызметі - жұмыссыздарды есепке алу, оларға жәрдемақы төлеу т.б.

Валюта биржасы – халықаралық валюталық қатынастардың бір бөлігі. Дүниежүзіндегі ең ірі валюта биржалары Лондон мен Нью – Йоркте. (Қазақстан энциклопедиясынан)

 

 

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

 

1-тапсырма. Мәтінді оқып, таныс емес сөздер мен сөз тіркестерін теріп жазыңыз.

 

2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап іздеңіз.

1. «Биржа» сөзі қандай мағынаны білдіреді?

2. Биржа қандай орын?

3. Алғашқы биржалар қай ғасырларда пайда болды?

4. Алғашқы биржалар қай жерде пайда болды?

5. Биржаның қандай түрлері бар?

6. Әлемдегі ең ірі биржаларды атаңыз.

 

3-тапсырма. Керекті жалғауларды жалғаңыз.

1. Биржа дегеніміз – тауарлар..., құнды қағаздар... көтерме баға... сатуды ұйымдастыру.

2. Ұсынылатын тауар не қызмет түрлері.... байланысты биржалар.... бірнеше түрі бар.

3. Тауар биржа... сапасы жағынан қалыптасқан стандарт.... сай келетін белгілі бір тауар... сату.

4. Биржа – қаржы-сауда мәселелер... жасау үшін сатушы мен сатып алушылар.... жиналатын орны.

 

4-тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.

1. Биржалар ХУ-ХУІ ғасырларда (появились).

2. Алғашқы биржалар (универсального характера) болды.

3. Тауар биржасы белгілі бір тауарды сату не сатып алу үшін ұйымдасқан (торговая ассоциация).

4. Еңбек биржасы – (работник и работадатель) арасында делдалдық қызмет жасайтын мемлекеттік мекеме.

5. Мемлекеттік еңбек биржасының негізгі қызметі - жұмыссыздарға (пособия) төлеу.

 

5-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

 

 

30-сабақ

 

Лексикалық тақырып: Инфляция

Құн заң әрекетімен анықталатын тауар-ақша қатынастарының болуы инфляциялық үрдістерді тудырады. Инфляцияның басты ерекшелігі қоғамдық ұдайы өндірістің барлық факторларына қатысты сан алуан себептерден туады. Инфляцияның өз тарихы бар. 1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болган соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқты. Францияда 1784-1794 жылдары революция кезінде өндірілген қағаз ассигнаттар бір жылда 883 есе құнсызданды.

Инфляция латын сөзі, қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыс жиынтығы. Айналыстағы ақша өлшемдері мөлшерінің бағалардың қосылуынан артып кетіп, осының нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшалардың пайда болуы инфляцияны білдіреді.

Инфляциядан өндіріс көп зардап шегеді, еңбекке деген ынта да бұзылады. Инфляция тауар тапшылығының басты себебі болып тұрып, тауар мен аз тепе-теңдікті белгіленген норма бойынша бөлуге мәжбүр етеді.

 

1-тапсырма. Мәтінді сөздікпен орыс тіліне аударыңыз.

 

2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ әзірлеңіз.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-10; просмотров: 352; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты