Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік нұсқау (ӨСӨЖ,СӨЖ, тәжірибелік сабақтар).




Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы экономикалық даму деңгейі,басқа елднрмен халықаралық байланысының нығаюы, әлемдік қауымдастыққа ықпалының артуы біліктілік деңгейі әлемдік стандарттарға сәйкес келетін, өз елінің тарихи құндылықтары тілі мен тарихына, мәдениетіне құрметпен қарап, ғаламдану үдерісінде мемлекетіміздің жедел дамуына үлес қосатын мамандарды даярлаудың қажеттігін тұғызып отыр. Мемлекеттік тілді меңгерген білікті мамандарды қалыпьастыру оқу мазмұнының міндетті құрамдас бөлігі болуы тиіс.

Бұл жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту мәселесін қайта қарап, еліміздің даму леңгейі мен халықаралық стандарт талаптарыга сай құруды талап етеді. Осы уақытқа дейін қазақ тілін оқытуда мектеп пен арнаулы және жоғары оқу орындары арасында сабақтастық болмай, тақырыптық қайталаулар орын алып келді. Ол тіл үйренушінің қызығушылығын азайтты. Сонымен қатар тіл үйренушілердің бір деңгейден екінші деңгейге жоғарылап, ауысып отыруы назардан тыс қалды.

Білім беру жүйесіндегі жүргізіліп жатқан реформаларғасәйкес қазақ тілін өзге тілді аудиторияларда оқыту, коммуникативті-бағдарлы оқыту әдістемесіне негізделуі қажет.

Студенттерді күнделікті қарым –қатынас түрлеріне еркін араласып, өз мамандығы бойынша сұхбаттар жүргізе алуға үйрету. Мамандық саласына қарай жиі кездесетін лексиканы, ғылымитерминдерді, күрделі синтаксистік құрылымдарды қолдануға үйрету. Өз мамандығы бойынша хаттар, баяндамалар, пікірлер, эссе жазуға үйрету, мамандық бойынша мәтіндерді, нұсқауларды оқып, түсінуге үйрету, радио, теледидардан ақпараттар тыңдап, түсінуге машықтандыру.

· күнделікті тұрмыстық және кәсібі сөйлеу жағдаяттарында сұхбат түрлеріне еркін аралып, сөйлесу, әңгімені қолдау дағдыларын қалыптастыру;

· әр түрлі стильде жазылған мәтін түрлерін, өз мамандығына сәйкес еңбектер мен ғылыми зерттеулерді оқып, негізгі ақпараттарды ала білу дағдысын қалыптастыру;

· өзі туралы ақпаратты, түйіндеме, рецензияларды, құттықтау хаттарын жаза білуге дағдыландыру;

· теледидар, радио арқылы берілген ақпараттарды, тіл иесінің табиғи айтылған сөзін, өз мамандығы бойынша сұхбаттарды тусіне білу дағдысын дамыту;

· қазақ тіліндегі кәсиби бағдарлы жаранамаларды, іс-қағаздарды, нұсқауларды оқып, түсіну қабілетін қалыптастыру;

· монолог түрінде берілген мәтіннің жеке мағыналық бөліктері бойынша негізгі ойды, ақпаратты есту тыңдау арқылы түсіне білу дағдысын дамыту;

· аударма, кәсіби бағыттағы түсіндірме сөздіктерді пайдалана білуге үйрету.

· қазақша дұрыс, мәнерлеп сөйлеу машығын қалыптастыру;

· ауызекі сөйлеу стилі, көркем әдеби стиль, публицистикалық, ғылыми стильдердің, сондай-ақ кәсіби тілдің қолданылу жағдайларын айыра білге үйрету;

· белгілі бір кәсіби қатынас саласындағы танымдық-қатысымдық міндетті шешуге керекті ақпаратты тыңдау арқылы түсіне білуге дағдаландыру;

· өз мамандығы бойынша ғылыми мәтіндерге пікір беруге, ғылыми мақала, баяндама жазуға машықтандыру.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-10; просмотров: 89; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты