Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Физика заңдарының классификациясы




Физиканың негізгі мақсаты - табиғатта болып жатқан әр түрлі физикалық құбылыстарды зерттеп, оларды өзара байланыстыратын заңдарды ашу. Мысалы, дененің жерге құлап түсуі Жердің оны өзіне тартуына байланысты туындайды. Жылдың төрт мезгілінің (қыс, көктем, жаз, күз) ауысуы Жердің Күнді айнала эллипс бойымен қозғалуы арқылы түсіндіріледі. Бұл мысалда төрт түрлі табиғат құбылыстары (дененің құлауы, Жердің тартуы, жыл мезгілдерінің ауысуы, Жердің Кунді айнала қозғалуы) аталып отыр. Осындай құбылыстардың арасындағы байланыстарды зерттей келе, физикада Ньютон заңдары, астрономияда Кеплер заңдары ашылды. Осылайша табиғат құбылыстары арасындағы байланыстарды табу арқылы физика заңдары ашылады. Физиканың ғылыми тілін игеріп, заңдарын оқып үйрену үшін қолданылатын арнайы сөздерді терминдер деп атайды. Мысалы, жол, жылдамдық, куиі сияқты сөздер физика тілінде жиі қолданылатын терминдер болып табылады. Физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың мағынасын терең ашып беретін арнайы терминдер физикалық ұғымдар деп аталады. Мысалы, физикада материя, дене, зат сияқты ұғымдар жиі қолданылады. Әлемде не бар болса, соның бәрі материя деп аталады. Мысалы, материяға өсімдіктер мен жануарлар, Ай мен Күн, жұлдыздар мен планеталар, сондай-ақ жарық және басқа да сәулелер жатады.

Кеңістікте белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе дене деп аталады. Мысалы, Ай, қасық, өшіргіш, үстел, судың тамшысы денелер болып табылады. Дене белгілі бір заттардан тұрады. Дененің шығу табиғатын және сапалық қасиеттерін сипаттайтын материя түрін зат деп айтады. Мысалы, затқа күміс, су және ауа жатады. Үстел - дене болса, оны құрайтын ағаш - зат. Шеге - дене, шегені құрайтын темір - зат. Ағаш та, темір де дененің сапалық қасиеттерін сипаттайды. Дене бір ғана заттан түзілуі мүмкін. Мысалы, су, оның буы және мүз - бұлардың барлығы да бір ғана заттан тұрады. Алайда, бір тамшы су мен мүз кесегі дене деп қарастырылады да, бу тек зат болып есептеледі. Өйткені будың денеге тән нақты көлемі және пішіні жоқ.Жалпы мағынасы бойынша физика — табиғаттың негізгі (іргелі) қарым-қатынастарын, заңдылықтарын зерттейді. Физика ғылымы ең жалпы және негізгі болатын, затты әлемнің күйін, өзгеруін және құрылымын анықтайтын жаратылыстану бөлімі болып келеді. Кейбір қасиеттер барлық материялдық жүйелер үшін бірдей болады, мысалы, энергияның сақталуы — оларды физикалық заңдылық деп атайды. Кейде физиканы іргелі ғылым деп те атайды, себебі басқа жаратылыстану ғылымдары (биология, геология, химия және т.б.) тек қана заттық жүйелердің, физикалық заңдылықтарға бағынатын, кейбір таптарын ғана сипаттайды. Мысалы, химия молекулалар мен олардан құралған заттегілерді зерттейді. Ал заттегілердің физикалық-химиялық қасиеттері, термодинамика, электромагнетизм және кванттық физика сияқты физика бөлімдері сипаттайтын, атомдар мен молекулалардың физикалық қасиеттерімен анықталады.


12)Симметрия принциптері мен сақталу заңдары (Э.Нётер теоремасы) Сақталу заңдарының ұзын саны он бестен асып жығылады. Тек кез келген өзара әсерлер үшін қолданылатындары ерекше топқа бөлініп қарастырылады. Заңдардың бір бөлігі өзара әсерлердің барлық төрт типін де қолданыла алады, басқаларының әрекет ету облысы шектеулі болады, алайда бұл сақталу заңдарының әрқайсысы өзара әсерлердің көрсетілген типтерінің кемінде біреуіне қатынасында әмбебаптыққа не болады. Мұндай анықтама сақталу заңдары мен өзара әсердің типтері арасындағы өзара байланысты паш етеді.Мұндай өзара байланыстың айқындалуының қазіргі уақытта эвристикалық маңызы бар.Элементарлық яғни кәдімгі бөлшектердің өзара әсерлерімен шартталған барлық өзара айналулары әртүрлі сақталу заңдарына, және де ең алдымен табиғатта орын алатын барлық өзгерістерді анықтайтын материя мен қозғалыстың әмбебап сақталу заңына бағынады. Бұл заң ешбір үдерістерде материя мен қозғалыстың ештеңеден пайда болмайтыны және ғайып болып кетпейтіні туралы айтады: олар жасалмайды және ғайып болмайды. Материяның жекелеген қасиеттерінің сақталу заңдары бұл жалпылама заңның нақтылы өрнегі болып табылады. Ал бұл әбден табиғи, өйткені материя басқаша емес, тек өзінің нақтылы формалары мен қасиеттері арқылы ғана көрініс таба алады. Энергияның, импульстің сақталу заңы мен қозғалу мөлшері моментінің сақталу заңы ең жалпылама заңдарға жатады. Бұл заңдар қозғалыстың сақталуы жалпы заңының нақтылы көріністері болып табылады және әртүрлі қозғалыстың мөлшерлік ғайып болмайтындығын білдіреді.Сақталудың жалпы заңдары қатарына зарядтардың (бариондық, электрлік,лептондық) сақталу заңдары де кіреді, солардың ішінде заряд есебінде сипатталатын массаның да сақталу заңы. Бұл заңдар барлық зарядтардың сақталатын шама екендігін ұйғарады (яғни олар микро - объектілердің күшті, электромагниттік, әлсіз, гравитациялық өзара әсерлерге деген қабілеттілігін сақтайды). Сондықтан да оларды «материалдық нысаналардың өзара әсерлерге деген қабілетінің сақталуы туралы жалпылы ұйғарымды нақтыланды ғылыми қағидалар ретінде қарастыруға болады».


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-10; просмотров: 338; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты