Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Лемнің біртектілік принціпі мен инерция принціпінің арасындағы байланысты талдау.




Ғаламщар немесе космосты қазіргі ғылым өзара байланысқан, даму үстіндегі аспан денелерінің жүйесі ретінде қарастырады. Ғаламшар жұлдыздар маңында орналасқан планеталар жүйесін, жұлдыздар мен жұлдыздар жүйесі - галактиканы, галактикалық жүйесі – метагалактикан құрайды.

Ғаламшардағы материя топтасқан космостық денелер қозғалысьін береді, Аралас материя жеқелеген атомдар мен молекулалардан және орасан зор шаңдық бұлттар мен газды-шаңдық тұмандардан тұрады.

Жалпы, Қүн жүйесінің пайда болуы Күннің газ-тозаңды ортадан түзілуімен байланысты. 5 млрд. жылға жуық бұрын Күн пайда болған газ-тозаңды бұлт баяу айналды деп саналады. Сығылуына қарай бұлттық айналуы артты және ол табақ тәрізді пішінге келді. Табақтың орталық бөлігінен Күн, ал сыртқы аймақтарынан ғаламшарлар түзіледі. Бұл сызбанұсқамен жер тобындағы және алып ғаламшарлардың химиялық құрылымдары мен массиларьі анық түсндіріледі. Шынында да, Күннің қызуына қарай жеңіл элементтер (гелий, сутек) сәуле қысымының әсерінен бұлттық орталық аймағын тастап, оның шет жағына кетіп отырды. Сондықтан, жер тобындағы ғаламшарлар жеңіл элементтердің аз қосындысы бар ауыр элементтерден түзілді және өлшемдері шағын болды.

Бұл ғаламтанулық болжам Күн жүйесінің басқа да бірқатар заңдылықтарын, атап айтқанда, оның массасының Күн және барлық ғаламшарлар арасында тарауын ғаламшарлардың Күннен қазіргі қашықтықтарын, олардың айналысын т.б. түсіндіреді. Оған 1944-1949 жылдары академик О.Ю. Шмидт (1891-1956) талдау жасады, кейін оның ізбасарлары ірі қарай дамытты.

Бұл болжам бойынша, ғаламшарлардың түзілуін былай түсіндіреді. Табақ тәрізді газ-тозаңды бұлттағы бөлшектердің өзара соқтығысы нәтижесінде көптеген жиынтықтар пайда болады. Көптеген майда жиынтықтар өзара соқтығыстан күйреді, ал басқалары ірі жиын-тықтарға түсіп жатты, нәтижесінде ол көлемі жағынан улғайды және бірте-бірте ғаламшарлардың бастамасын тудыра отырып, тығыздала берді. Жиынтықтардың соқтығысы кезіндегі жұмсақ соққылар ғаламшар бастамалары орбиталарының дөңгелек дерлік болып қалыптасуына әкеліп соқты. Келе-келе бір-бірінен қашық неғұрлым ірі бастамалар сақталып қалды және айтарлықтай өзаралық тар-тылыс болмады, сондықтан олардың Күн төңірегіндегі орбиталары тұрақтанды. Осы бастамалардан жүздеген млн жыл бойында ірі ғаламшарлар түзілді. Күн және оның ғаламшарлары 5 млрд жыл бүрын түзіле бастаған. Күн жүйесіндегі Айдың, Шолпанның, Марстың физика-лық табиғаты мен процесі жөніндегі біздің түсінігімізді жерден бақылаулар анықтап берді. Әзірге өмірдің, әсіресе саналы өмірдің қайда және қандай болып кездесетінін айту қиын, өйткені анық жалғыз белгілі мысалы - Жердегі өмір. Оның айрықшылығы мен Ғаламдағы басты орны, Жердің Күн жүйесіндегі орны, Күннің Галактикадағы, Галактиканың - басқа галактикалардағы орнынан Ғаламдағы жер өркениетінің қатардағы орнына дейін мегзейді.

Күн жүйесінің пайда болуы туралы теорияларды усынушылар - неміс философы И.Кант және француз математигі П.С.Лаплас. Олар-дың біріккен теорияларын Кант. Лаплас гипотезасы деп атады.

И.Канттың болжамы бойынша, Күн жүйесі мәңгілік емір сүріп келе жатқан жүйе емес. Уақыт бойында тумандықтардың тартылыс күшінің әсерінен жеке аспан денелері пайда болады және олар бір жазықтың бойымен қозғала бастайды және олардың серіктері пайда болды.

Одан 50 жылдай уақыттан кейін П.С.Лаплас ез гипотезасын ұсынды. Лапластың космогониялық гипотезасы бойынша, Күн жүйесі айнала қозғалып тұрған газды түмандықтардан пайда болды.

Күн жүйесінің пайда болуы туралы келесі көзқарастар тобы ағылшын астрофизигі Дж.Х.Джинстің гипотезасынан басталды. Оның болжамы бойынша Күн басқа бір жулдызбен соқтығысқаннан кейін бөлінген газ ағындарынан ғаламшарлар пайда болды. Бірақ, жулдыздар арасындағы орасан үлкен қашықтықты есепке алсақ мундай соқтығысу мүлдем мүмкін емес сияқты. Джинс теориясы бойынша Күн жүйесі өз қурылым заңдылықтарына бағынатыны белгілі бір реттелген жүйе деп қарастырылмайды.

Күн жүйесі пайда болуы туралы қазіргі кездің концепциялары тек цана механикалық емес, электромагниттік күштерді де есепке алуды қажет етеді. Мұндай идеяны ұсынушылар швед астрофизигі Х.Альфвен мен ағылшын астрофизигі Ф.Хойл. Күн жүйесі пайда болуында электромагниттік күштер ерекше рөл атқарғандығы шындыққа жанасымды.

Күн мен ғаламшарлар пайда болған газды булттар электромаг-ниттік күштерге бағынатын иондалған газдардан қуралды. Орасан үлкен газды булттың жинақталуынан Күн пайда болғаннан кейін, одан қалған газдың қалдықтарынан гравитациялық күштің әсерінен ғаламшарлар пайда болды. Оларды магниттік күштің әсерімен Күн әрқилы қашықтықта устап турады. Ең үлкен ғаламшарлар пайда болғаннан кейін осы процесс кішілеу масштабта қайталанады, яғни олар пайда болған газ қалдықтарынан олардың серіктері пайда болды.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-10; просмотров: 127; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты