Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тапсырма. · Берілген нұсқа бойынша бағдарлама құру;




· Берілген нұсқа бойынша бағдарлама құру;

· Зертханалық жұмысқа қорытынды жасау;

· Бақылау сұрақтарына жауап беру.

1.3 Теориялық негіздердің сипаттамасы

SIMATIC S7-300 бағдарламалық бақылағышы модульдік құрастыруға ие. Мұндағы модульдер орталық (CPU қасында орналасқан), тармақталған (басқару объектісінің қасында орналасқан) бола алады.

1. Бақылағыштар автоматтандыру жүйесінде жұмыстың логикасын қамтамасыз ететін ке-келген автоматтық машинаның рөлін атқарады. Яғни берілген сигналды түрлендіру, параметрлеу, қолданбалы бағдарламаларды өңдеудегі ақпараттық негізін құрау қызметін атқарады.

2. Step7 бағдарламалық пакетінде жобаның құрылуы алдымен орындалатын жұмысқа байланысты бақылағышты таңдаудан басталады. Таңдалған бақылағыштың конфигурациясын орындаймыз, яғни келесі компоненттерді сәйкесінше орналастырамыз:

· Тұрғы (Racks) – модульді орналастыру және бір-бірімен байланыстыру үшін;

· Электрқорек (PS) – ішкі ішкі құрылғыларға электр қуатын беруді қамтамасыз етеді;

· Орталық үрдісші құрылғы (CPU) – қолданушы бағдарламасын сақтайды және өңдейді;

· Интерфейстік модуль (IM) – тұрғының басқа тұрғымен байланысын қамтамасыз етеді;

· Сигналдық модуль (SM) – ішкі деңгей сигналына жүйелік сигналды бейімдейді;

· Комуникативтік процессор (CP) – қосалқы желімен байланысын құрады.

3. Қолданбалы бағдарламаларды қолдану үшін Step7 базалық пакеті келесі бағдарламалау тілдері үшін бағдарлама редакторына ие. LAD (ladder logic немесе ladder diagram – контактілі жоспар; релелі логика диаграммаларына ұқсас көрініс; көпқадамды сұлба), FBD (function block diagram – функционалды блогтар диаграммасы немесе функционалды жоспар) және STL (statement list – операторлар тізімі; ассемблер тәрізді бағдарламалау тілі). LAD және FBD тілдерінде бағдарламалау кітапханасындағы блогтарлы енгізу және олардың кірістері шығыстарына сәйкес адрестерді орнату жолымен жүзеге асады.

4. «Scale» блогы сигналды сандық түрде енгізуді жүзеге асырады. Оның кірістері мен шығыстарының тағайындалуы:

· IN – масштабталатын шаманың кіріс сигналы;

· HI_LIM – калибрленетін шаманың жоғары шегі;

· L0_LIM – калибрленетін шаманың төменгі шегі;

· BIPOLAR – сигналдың полярлығын беретін кіріс (0-униполярлы, 1-биполярлы);

· RET_VAL – орындалу кезінде қате болмаса 0 қайтарады;

· OUT – масштабталған шығыс.

CPU мен оның жадысының әртүрлі аймақтары қолданушы бағдарламаларды өңдеу үшін ақпараттық негізін құрайды.

 

1-сурет. CPU жадысының аймақтары

 

6. Бағдарламаның әр бөлігі тәуелсіз және технологиялық немесе функционалдық базиске ие болуы керек. Бағдарламаның бұл бөліктері «блок» деп аталады. Блок өзіндік функционалдылығымен, құрылымымен шешілетін есебімен анықталатын бағдарламаның бөлігі.

Step7 есептің әртүрлілігіне байланысты әртүрлі блоктар типін ұсынады:

· Қолданушы блоктары (user blocks) – қолданушы бағдарламасы мен қолданушы деректерінен тұрады.

· Жүйелік блоктар (system blocks) – жүйелік бағдарламалар мен жүйелік деректерден тұрады.

· Стандартты блоктар (standard blocks) – алдын-ала құрылған тәуелсіз қолдануға дайын блоктар.

1.4 Жұмыстың орындалу тәртібі

1. Ең алдымен SIMATIC Manager бағдарламасын іске қосамыз.

2. Жаңа жоба жазамыз

3. Hardware ашып, берілген стенд бойынша терезеге RACK – ні таңдаймыз. Оның бірінші жолына PS элементін таңдап аламыз; екінші жолына CPU элементін орнатамыз; төртіншісінде CP элементі таңдап аламыз.

4. OB1 блогын ашамыз.

5. Сәйкес нұсқа бойынша тапсырманы орындау;

6. Символдық кестені толтыру

2-сурет. Симводық кесте

 

7. X=(A+B)*C функциясын жүзеге асыратын бағдарламаны құрамыз. Ол үшін алдымен Converter бөлігінен I_DI (бүтін санды фиксирленген нүктелі санға түрлендіретін блок) ,DI_R (фиксирленген нүктелі санды нақты санға айналдыратын блок) элементін таңдаймыз. Кейін функцияға сәйкес математикалық амалдарды орындаймыз.

3-сурет. X=(A+B)*C функциясын жүзеге асыратын бағдарламаның құрылуы

 

Libraries/Standart Library/TI-S Converting Blocks бөлігінен FC105 SCALE convert таңдаймыз. Айнымалылар енгіземіз (A,B,C).

4-сурет. Айнымалылар енгізу

 

Әрқайсысын real-ға түрлендіреміз. X=(A+B)*C функциясын жүзеге асыратын бағдарламаны құрамыз.

5-сурет. Жоғарыдағы функцияны жүзеге асыратын бағдаралама

1.5 Бастапқы мәліметтердің нұсқалары

вариант №1

вариант №2

вариант №3

вариант №4

1.6 Бақылау сұрақтары

 


ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №9

Тақырыбы: Жылжыту командаларын пайдалану

1.1 Жұмыстың мақсаты

Жылжыту командаларын пайдалану арқылы бағдарламаны құру әдістерін және редакторлеуді игеру.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-10; просмотров: 108; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты