Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ЗЕЙІН TYPЛEPI




Адамдардың зeйін ы р ы қ т ы, ы р ы қ с ы з және ү йр е н ш i к т i болып үшке бөлінеді.

Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз-ақ біздің назарымызды өзше тартады. Мәселен, көшемен кетіп бара жатқан адамның бояулы афишаға көзі түссе, оған мойнын бұрады не милиционердің ысқырығына жалт қарайды. Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түpi әcipece жас балаларда жиі кездеседі Өйткені, балалық дәуірде адамның күрделі ic-әрекетepi (оқу, еңбек т. б.) белгілі жүйеге келе коймайды да осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сырткы әсерге беріліп келеді. Әрине, бұдан бала есейген сон, оның ырыксыз зйіні маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет. Адам өмірінен барлық кезендерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып отырады. Қ ы з ы ғ у — ырықсыз зейінің бұлағы. Өйткені кызықты icкe көңіліміз тез ауады.Мәселен, қызықты оятып оқуға ырықсыз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу — ырықты зейіннің керек етеді. Ырықты зейінде де қызығу орын алуы тиic. Бipaк ырықты зейін де жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді Мұнда адам істен шығатын нәтижеге қызығады, оны орындау үшін күшін жұмсайды. Өйтпесе ic өнбейді, күткен нәтиже шықпайды.

Адамның ырықты зейiнi әрекетін саналы түрде белілі epiк күшің жұмсау арқылы орындалуынан көршеді. Ырықты зейінде белгілі бip мақсат көздеп, объектіге ерекше зер салып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін мынандай ерекшеліктермен сипатталады. Зейіннің eкi түpі де бip-бірінен ешқашан қалмай ілесіп отырады. Ырықты зейін ырықсызға, ырықсыз зейін ырықтыға қарай жиі алмасады. Шындығында, адамның унемі ырықты зейін жағдайында болуы мүмкін де емес. Оқушы алғашқыда жай қызыққан нәрсесіне тікелей зе­йіннің аударады, ал содан кейін сабақтың мақсатына қа­рай тікелей кызық емес басқа материалдарға да зейін қояды. Алғашқы уақытта қызықсыз болып көрінген сабақ кейін балаға түсінікті бола бастайды. Бұл кезде оның ырықсыз зейін сыртқа теуіп, ырықты зейіннің пайда бола бастағаны.

Зейіннің үйреншікті деп аталатын түpi де бар. үйреншікті зейін— адамға табиғи ciңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін. Мәселен, ба­ла оқуға төселсе, бұл оның тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні де уйреншікті бола бастайды Қандай нәрсеге болса да үйреніп, жаттығып алған соң, адамның ic- әрекеті дағдысына айналады. Үйреншікті зейіннің де табиғаты осыған ұқсас. Өйткені, үйреншікті зейін ырықты зейіннен дамып қалыптасады. Зейіннің қай түpi болмасын ic-әрекеттен нәтиже шығаруға бағытталады. Егер адам жұмысқа өздігінен беріліп icтece ырықсыз зейін көрінеді. Біpaқ ұзақ жұмысты тікелей қызығып істей беру де оңай емес. Мұндай жағдайда ырықты зейінге орын беріледі. Ылғи ырықты зейінмен жұмыс icтey де адамды қажытып шаршатады. Сондықтан адам жұмыс­ты зейіннің осы екі түрін қатынастыра отырып, үйреншікті зейінмен icтеуді әдетке айналдыруы қажет.

ЗЕЙІННІҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕР1

Зейін жөнінде әңпме болғанда оның мына төмендегі қасиеттерін еске алады:


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-10; просмотров: 164; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты