Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Биологиялық ғылымдар саласы




Алматы медицина колледжі

Пән: “Биология” Алматы медицина колледжі
Кредиттер - 2 Жалпы білім
№1 сабақ. Тақырыбы: «Биология т3рш.» 1 курс (1-2 семестр)  
Оқытушы: Найманбаева Г.Б.  

Дәрістің мақсаты:Тірі ағзадағы зат және энергия алмасуларын зерттеудің теориялық негізін білу.

Жоспар:

1.Кіріспе

2.Термодинамиканың негізгі заңдары.

3. Химиялық термодинамикада қолданылатын бастапқы түсініктер.

4.Термодинамиканың тірі жүйелерге қолданылу

Биология-тіршілік туралы ғылым. Ол тірі организмдердің құрылысын, қызметін, өсіп дамуын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын зерттейді. «Биология» деген терминді алғаш рет 1797 жылы неміс ғалымы Т.Руз (1771-1803) енгізген.

Қазіргі биологияны тірі табиғатты және оның құрамдас бөліктерін зерттейтін ғылымдардың жиынтығы деп атауға болады.Себебі биология ғылымының соңғы 30-40 жыл аралығында қарқынды дамуы кейбір биологиялық пәндердің (молекулалық биология, цитогенетика, биофизика,т.б.) жеке-дара ғылым ретінде қалыптасуына мүмкіндік туғызды. Зерттеу нысанына байланысты биология ғылымының салалары өте көп (1сызбанұсқа). Өздеріңе таныс ботаника және зоологияның өсімдіктер мен жануарлардың құрылысын, даму ерекшеліктерін сыртқы ортамен қарым-қатынасын зерттейтінін білесіндер. Цитология, гистология, анатомия ғылымдары жасушалардың, ұлпалардың, органоидтердің құрылысын, қызметін зерттесе, физиология, биохимия ғылымдары организмдер тіршілігіне қажетті жасушада жүретін процестерді зерттейді. Генетика-тірі организмдердің тұқымқуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтарын, ал эмбриология-организмдердің жеке дамуын қарастырады, олардың тарихи дамуын эволюциялықғылым зерттейді. Селекция-өсімдіктердің, жануарлардың, микроорганизмдердің жаңа сорттарын, асыл тұқымдарын, штаммаларын алу және бар сұрыптамаларды жетілдіру туралы ғылым. Систематикағылымы организмдерді жүйелеумен айналысса, экология тірі организмдердің өзін қоршаған ортамен қарым-қатынасының дамуын, көбеюін қарастырады.

Жалпы биология- тірі организмдер дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Бұл заңдылық организмнің әртүрлі құрылым деңгейінде қарастырылады.

Сонымен қатар биологиялық ғылымдар медицинаның, астрономияның, ветеринарияның, биотехнология мен биоинженерияның теориялық негізі болып табылады.

 

 

1-сызбанұсқа

Биологиялық ғылымдар саласы

 
 

 


 

 

 


Бекіту сұрақтары:

1. Биология ғылымы нені зерттейді.

2. Биология ғылымының зерттеу салалары қандай? Мысал келтір.

3. Биология ғылымының дауындағы жетістіктер? Мысал келтір.

СӨЖ тапсырма:

1. Биология ғылымының дамуы.

2. Цитология, гистология, эмбриология ғылымдарының маңызы.

3.Генетика, селекция систематика ғылымдарының маңызы және қолданылуы.

Әдебиеттер:

1) А. Сартаев, М. Гильманов «Биология» 10 сынып, Алматы «Мектеп» баспасы, 2006 ж.

2) Т. Қасымбекова, А. Мұхаметжанов «Жалпы биология» Алматы «Мектеп» баспасы, 2007ж

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-04; просмотров: 663; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты