Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Сөйлесу бөлімі 1 страница




2- сабақ

Грамматикалық тақырып: Зат есімді қайталау.

Лексикалық тақырып: «Қазақстан энергетикасының жалпы сипаттамасы».

Қазақстан егеменді ел ретінде даму барысында экономикалық өзгерістердің әр түрлі сатыларынан өтіп келеді. Басты мақсат - нарықтық қатынастарды қалыптастыру. Осы қиын жолда едәуір жетістіктер де бар. Ұлттық валюта тұрақтанды, өркениетті сауда жөнделуде, ол бастапқы кезде орын алған жабайы баспа – бас тауар алмасуды ығыстыруда. Республика дүниежүзілік нарыққа шықты және дүниежүзілік экономикалық қауымдастыққа интеграциялануда.

Халықтың көз қарасы өзгеруде. Жұрт бизнеске ұмтылып, өз істерін ашып күн көрістерін ойластыруда. Нарық кісілерді еңбектенуге ынталандырады.

Қазақстанның табиғи қорлары: ең алдымен, оның отын - энергетикалық қорлары және техникалық, интеллектуалдық мүмкіндігі – ұлттық дәулеті.

Халықтың өмір сапасын арттыруда отын – энергетикалық кешен ерекше орын алады және республиканың жалпы экономикасын жаңғыртудың негізі болады. Осыған байланысты 1993 жылы Республика Президентінің тапсырмасы бойынша «Қазақстан Республикасының электр энергетика бағдарламасының тұжырымдамасы» жасалды, ол электр энергетика саласындағы негізгі даму мен басқару құрылымдарын өзгерту бағыттарын анықтады.

Сол кезде өз ерекшеліктері бойынша электр энергетика жаңа экономикалық жағдайда істеуге ең дайын болған сала.

 

ТАПСЫРМАЛАР

1.Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.

 

  1. Қазақстан не істеу барысында экономикалық өзгерістерден өтіп келеді?
  2. Ұлттық валютамен не болды?
  3. Қандай сауда жөнделуде?
  4. Жұрт неліктен бизнеске ұмтылуда?
  5. Қалай нарық кісілерді еңбектенуге ынталандырады?
  6. Отын-энергетикалық кешен қандай орын алады?
  7. Республиканың жалпы экономикасын жаңғыртудың негізі болып не саналады?
  8. Қазақстан Республика Президентінің тапсырмасы бойынша не жасалды?
  9. Неліктен электр энергетика жаңа экономикалық жағдайда істеуге ең дайын болған сала?
  10. Қазақстан егеменді ел ретінде қандай сатыларынан өтіп келді?
  11. Қай жылы Президенттің тапсырмасы бойынша электр энергетика туралы тұжырымдама жасалды?
  12. Қазақстан егеменді ел ретінде қандай сатыларынан өтіп келді?
  13. Қазақстанның басты мақсаты қандай?
  14. Осы қиын жолда қандай жетістіктер бар?
  15. Халықтың қөз қарасы қалай өзгерді?

 

2.Берілген сөз тіркестерін аударыңдар.

Егеменді ел, тауар алмасу, ұлттық дәулеті, ұлттық валюта, күн көрістерін ойластыру, еңбектенуге ынталандыру, табиғи қорлар, бизнеске ұмтылу, экономикалық жағдай, электр энергетика, экономикалық өзгерістер, өз ерекшеліктері бойынша, осыған байланысты, сапасын арттыру, отын- энергетикалық кешен.

 

ГРАММАТИКАЛЫҚ МИНИМУМ

 

Зат есім (Имя существительное)

Зат есім –кім?, не?, кімдер?, нелер? деген сұрақтарға жауап береді.

 

Сөз құрамы – состав слова.

Сөз түрлі бөлшектерден құралады. Ол бөлшектер сөз құрамы деп аталады. Сөз құрамындағы әр бөлшектің өзіне лайықты мағынасы мен қызметі бар.

Основы слов представляют собой звуковой комплекс с определенным значением.

Слово состоит из: корня- суффикса- окончания.

түбір- жұрнақ- жалғау

Қазақ тілінде жалғаудың 4 түрі бар:

Көптік жалғау;

Тәуелдік жалғау;

Жіктік жалғау;

Септік жалғау.

Сөз құрамын белгілеу үлгісі (Образец разбора слов по составу):

- сөз түбірі

- жұрнақ

- көптік жалғау

- жіктік жалғау: I, II, III жақтар; жекеше, көпше түрлері.

- тәуелдік жалғау: I, II, III жақтар; жекеше, көпше түрлері.

- септік жалғау:


 

 


Септіктер Падежи Сұраулар Вопросы Жалғаулар Окончания
  1. Атау септік
Именительный  
  1. Ілік септік
Родительный  
  1. Барыс
Дательный  
  1. Табыс
Винительный  
  1. Жатыс
Местный  
  1. Шығыс
Исходный  
  1. Көмектес
Творительный Орудийный  
Кім? Не? Кто? Что?   Кімнің? Ненің? Чей? Чья? Чего? От чего?   Кімге? Неге? Кому? Чему?   Кімді? Нені? Кого? Что?   Кімде? Неде? У кого? Где?   Кімнен? Неден? От кого? От чего?   Кіммен? Немен? Кем? Чем? ОО Нет   -ның/-нің, - дың/-дің, -тың/-тің   -ға/-ге, -қа/-ке, -а/-е, -на/-не     -ны/-ні, -ды/-ді, -ты/-ті, -н   -да/-де, -та/-те, -нда/-нде     -нан/-нен, -дан/-ден, -тан/-тен   -мен, -пен, -бен


 

МЫСАЛЫ:

Оқушыларды: оқушы- сөз түбірі, - лар- көптік жалғау, - ың- жіктік жалғау, - ды- табыс септігінің жалғауы.

(- ларың- жіктік жалғау, II жақ, көпше түрі.)

 

 

  1. Мәтіннен зат есімдерді тауып, көшіріп жазып, сөз құрамын анықтаңдар.

 

  1. Берілген зат есімдерді септеңдер.

Жұрт, жетістіктер, энергетика.

 

ТЕСТ

 


1.Қазақстан қандай ел?

А) егеменді;

В) солтүстік;

С) оңтүстік;

Д) қалалық;

Е) жерлік;

 

2. Қазақстан даму барысында қандай өзгерістерден өтіп келеді?

А) физикалық;

В) ғарыштық;

С) ардагерлік;

Д) егеменді;

Е) экономикалық;

 

3. Кімнің көзқарасы өзгеруде?

А) табиғаттың;

В) ғылымның;

С) ардагердің;

Д) халықтың;

Е) жұмыстың;

 

4. Жұрт неменеге ұмтылуда?

А) тамаққа;

В) бизнеске;

С) тарихқа;

Д) ғылымға;

Е) сабаққа;

 

5. Өз істерін неліктен ашуға талпынады?

А) киінуге,

В) ұшуға,

С) күн көруге;

Д) жатуға;

Е) жазуға;

 

 

6. Кісілерді еңбектенуге не ынталандырады?

А) нарық;

В) дүкен;

С) жер;

Д) су;

Е) ауа райы;

 

7. Қазақстанның басты мақсаты деп нені санауға болады?

А) жол тазарту;

В) тамақ пісіру;

С) ғылыми еңбек жазу;

Д) нарықтық қатынастарды қалыптастыру;

Е) киім тігу;

 

8. Республика қандай нарыққа шықты?

А) адамгершілік;

В) дуниежүзілік;

С) табиғи;

Д) жергілікті;

Е) ғылыми;

 

9. Қазақстанның ұлттық дәүлеті деп нені санайды?

А) табиғи қорларын;

В) шекарасын;

С) ғылымды;

Д) оқушыларын;

Е) мұғалімдерін;

 

10. Қай сала экономиқалық жағдайда істеуге ең дайын болған?

А) темір жол;

В) өнеркәсіп;

С) электроэнергетика;

Д) ауылшаруашылық;

Е) кәсіпорын.


 

 


«Қазақстан энергетикасының жалпы сипаттамасы» тақырыбы бойынша кроссвордты шешіңдер

                                       
                                   
                                     
                                 
                                       
                                   
                                       
                                     
                                       
                               
                                     
                                       
                                       
                                     
                                     
                                   
                                       
                                     
                                     
                                       

 

Көлденеңінен Тігінен

1. Энергетика 1. Казахстан

2. Народ 2. Торговля

3. Народ 3. Достижения

4. Комплекс 4. Рынок

5. Человек 5. Богатство

6. Особое 6. Место

7. Качество 7. Топливо

8. Отрасль 8. Запасы

9. Жизнь 9. Самый

10.Направление 10.Суверенный

 


3-сабақ

Грамматикалық тақырып: Үстеуді қайталау.

Лексикалық тақырып: «Электр энергетикасының қалыптасу кезеңдері».

Қазақстан энергетикасының даму жолы алты негізгі кезеңдерге бөлінеді.

Бірінші кезең 20-шы жылдарды қамтиды. Ірі кәсіпорындар (Орталық Қазақстанда Қарсақпай мыс балқыту зауыты және басқалар, Шығыс Қазақстанда Глубоковск мыс балқыту зауыты және басқалар) үшін электр стансалар салынды. 1928 жылы Лениногорске жақын орналасқан Жоғары Харнуз СЭС-ы (су электр стансасы) іске қосылды.

Екінші кезеңде (30-шы жылдары) Қазақстан өнеркәсібі күшті дамыды. Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарымен бірге сол уақыт бойынша қуатты электр стансалар да салынды. Осы жылдары Қарағанды ОЭС (Орталық электр станса, 1932 ж.) Шымкент қорғасын зауытының ОЭС (1934 ж.), Семей ет комбинатының ЖЭО (Жылу электр орталығы, 1934 ж.), Ақтөбе химкомбинатыныңЖЭО (1935 ж.), Алға қаласында іске қосылды.

Бұлардың бәрі зауыт электр стансалары.

1935 жылы жалпы қызмет ететін Алматы ОЭС-сы салынып бітті. 1937 жылы сол жылдар үшін ең қуатты қондырғылары бар Балқаш ЖЭО-ның істей бастауы белгілі уақиға болды. Сол жылы екінші маңызды уақиға болды: Шығыс Қазақстанда Ілбе СЭС-сы пайдалануға берілді және оны жібергеннен кейін Қазақстанда бірінші энергожүйе (қазір Алтай жүйесі) пайда болды.

Үшінші кезең соғыс жылдарын қамтиды. Өте қиын жағдайда 1942 ж. сол кездегі ірі жылу электр станса Қарағанды МАЭС-1 (Мемлекеттык аудандық электр станса) – Қазақстанда бірінші аудандық электр станса, Ақтөбе ЖЭО-ғы тапсырылды. 1943 ж. Петропавл ЖЭО-1, 1944 ж. Текелі ЖЭО-1 және Шымкент ЖЭО-1 істей бастады. 1944 ж. Алматыда каскадтың бірінші СЭС-ы іске қосылды.

Төртінші кезең: 1946-1960 жылдарды қамтиды. 1952 ж. Өскемен СЭС- ы (Ертіс өзенінде) жіберілді, 1960 ж. Бұқтырма СЭС-ның бірінші кезегі іске қосылды. 1959 ж. Алматы СЭС-лар каскады салынып бітті. Сонымен қатар жылу электр стансалары қарқынды түрде дамыды. Олардың ең ірілерін ғана атаймыз. 1947 ж. Өскемен ЖЭО. Онда Қазақстанда бірінші рет жоғары қысымды жабдықтар қондырылды. 1952 ж. Жезқазан ЖЭО және Жамбыл ЖЭО-3, 1956 ж. Лениногор ЖЭО және т.б. іске қосылды. Ірі электр стансаларды салумен бірге электр жеткізу желілерін(ЭЖЖ) салу дами бастады. Желілер тек Қазақстан ішінде ғана емес республикадан шығарып та салынды: Өскемен – Рубцовск, Ақтөбе – Орск, Шымкент – Ташкент, Сарбай – Троицк және басқалары.

 

ТАПСЫРМАЛАР

 

1. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.

 

1. Қай жылы жалпы қызмет ететін Алматы ОЭС-сы салынып бітті?

2. Қай жылы Лениногорскке жақын орналасқан жоғарғы Харнуз СЭЗ- ы ( су электростанциясы ) іске қосылды?

3. 1928 жылы Лениногорскке жақын орналасқан не іске қосылды?

4. 1935 жылы жалпы қызмет ететін қандай ОЭС-сы салынып бітті?

5. Қашан Петропавл ЖЭО іске қосылды?

6. Қай кезең соғыс жылдарын қамтиды?

7. Қай жылы Алматы СЭЗ-лар каскады салынып бітті?

8. Не үшін Шымкент ОЭС (1934ж) іске қосылды?

9. Қандай желілер тек Қазақстан ішінде ғана емес республикадан тыс шығарып салынған?

10. Қазақстан энергетиқасының даму жолының қандай кезеңдерін білесіңдер?

 

 

2.Берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударындар.

Энергетиканың даму жолы, жібергеннен кейін, белгілі уақиға, іске қосу, сол кезде, жеткізу желілер, жылу электр стансасы, электр жабдықтар, төртінші кезең, электр қондырғылары, бірінші рет, дами бастады, ішінде ғана емес, және басқалар, бұлардың бәрі, сол жылдар үшін, ең қуатты.

 

ГРАММАТИКАЛЫҚ МИНИМУМ

Үстеу – Наречие Қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі белгісін, атап айтқанда, сынын, мезгілін, мекенін, мөлшерін, күй-жайын білдіріп, қалай? қашан? қайда? қайдан? – деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді үстеу деп атайды. Үстеу – самостоятельная, неизменяемая часть речи, обозначающая признак действия или признак качества предмета. Үстеу сөздерін морфологиялық құрылысы мен құрамы жағынан екі топқа бөлуге болады: 1) негізгі үстеулер – основные наречия; 2) туынды үстеулер – производные наречия. Үстеулердің мағынасына қарай түрлері. Виды наречий по значению.
  1. Мезгіл үстеулер – наречия времени;
  2. Мекен үстеулер – наречия места;
  3. Мөлшер үстеулер – количественные наречия;
  4. Сын (я бейне) үстеулер – наречия образа действия;
  5. Күшейту (я ұлғайту) үстеулері – наречия усиления;
  6. Мақсат үстеулері – наречия цели;
  7. Себеп-салдар үстеулері – наречия причины;
  8. Топтасу (я бөлу) үстеулері – наречия группировки.

 

 

3.Мына үстеулерді екі топқа (түбір, туынды) бөліңдер, орыс тіліне аударындар.

Төмен, кейін, дұрыс, әдейі, қазақша, орысша, меніңше, сеніңше, жылдам, алға, артқа, осында, жақында, күндей, адамша, жазда, қыста, бүгін, ертең, былтыр, тым, аса, қырынан, соншама.

 

4.Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңдар.

Енді, кешке, жақсы.

 

5.Бірінші, екінші абзацтағы сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.

 

ТЕСТ


1. Қазақстан энергетикасының даму жолы неше негізгі кезеңдерге бөлінеді?

А) бес;

В) алты;

С) тоғыз;

Д) сегіз;

Е) жеті;

 

2. Екінші кезең қай жылдарды қамтиды?

А) 20;

В) 40;

С) 50;

Д) 30;

Е) 60;

 

3. Төртінші кезең қай жылдарды қамтиды?

А) 1962-1982;

В) 1935-1945;

С) 1963-1971;

Д) 1925-1935;

Е) 1946-1960;

 

4. Қазақстанда бірінші энергожүйе қашан пайда болды?

А) 1937 жылы;

В) 1941 жылы;

С) 1952 жылы;

Д) 1928 жылы;

Е) 1961 жылы;

 

5. Бірінші кезең нешінші жылдарды камтиды?

А) 20;

В) 40;

С) 50;

Д) 30;

Е) 60;

 

6. Қай жылдарын үшінші кезең қамтиды?

А) 1962-1982;

В) 1941-1945;

С) 1963-1971;

Д) 1925-1935;

Е) 1946-1960;

 

7. ЖЭО қалай оқылады?

А) жабық электр орталығы;

В) жаңа электр орталығы;

С) жылу электр орталығы;

Д) жақсы электр орталығы;

Е) жақын электр орталығы;

 

8. СЭС қалай оқылады?

А) суық электр станса;

В) солтүстік электр станса;

С) салқын электр станса;

Д) социалистік электр станса;

Е) су электр станса;

 

9.ОЭС қалай оқылады?

А) оңтүстік электр станса;

В) орталық электр станса;

С) Орал электр станса;

Д) Орск электр станса;

Е) Орынбор электр станса;

 

10.1937 жылы қайда ең қуатты қондырғылары орналасқан?

А) Балқаш ЖЭО;

В) Ақтөбе ЖЭО;

С) Алға ЖЭО;

Д) Қарағанды ЖЭО;

Е) Харнуз ЖЭО.


 

«Электр энергетикасының қалыптысу кезеңдері» тақырыбы бойынша кроссвордты шешіңдер .

 

                                       
                                           
                                             
                                           
                                           
                                             
                                             
                                           
                                           
                                             
                                             
 
 

                                         
                                           
                                         
                                           
                                             
                                         
                                             
                                             
                                           
                                             
                                             
                                           
                                             
                                             

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-04; просмотров: 92; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты