Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Сөйлесу бөлімі 3 страница




 


 

 

КӨЛДЕНЕҢІНЕН

  1. Повышающий напряжение
  2. Если будет
  3. Обмотка
  4. Трансформаторы
  5. Период
  6. Структура
  7. Понижающий напряжение
  8. Сопротивление
  9. Мощность

 

ТІГІНЕН

  1. Работа
  2. Изолированная
  3. Напряжение
  4. Железо
  5. Другой
  6. Применять
  7. Понижающий напряжение
  8. Тургай
  9. Провод

10.Сила



3- сабақ

Грамматикалық тақырып: Сан есімді қайталау.

Лексикалық тақырып: «Мұнай және газ қорлары».

 

Республиканың жерінде мұнайдың өнеркәсіптік қоры осындай әкімшілік облыстарында бар: Ақтау, Маңғыстау,Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жезқазған және Қызылорда. Қазіргі өндіру қарқыны бойынша есептесе барланған мұнай қоры Қазақстанға 120 жылға, ал ғаз 400 жылға жетеді. Газдың негізгі қорлары Батыс Қазақстанда шоғырланған. Оңтүстік Қазақстанда Жамбыл мен Шымкент облыстарының жерінде орналасқан газ алабы ашылды, барлығы 7 кен орны барланған, меңгеруге болашақтысы Аманкелді кен орны. Қазақстан газ тасымалдау жуйесіне келесі газ құбырлары кіреді: «Орта Азия - Орталық», «Мақат – Солтүстік Кавказ», «Өзен – Жетібай - Ақтау», «Орынбор - Новопеков», «Союз», «Бұхара – Орал», «Газли – Шымкент –Бішкек - Алматы». Солтүстік, Шығыс және Орталық аймақтарда газдандыру мәсілесе әлі шешім таппай тұр. Қазіргі кезде « Қарашығанақ» газын республиканың бұл аймақтарына жеткізу үшін газ құбырларының мүмкіндік жобалары қарастырылуда.

 

ТАПСЫРМАЛАР

1.Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.

 

1. Адамның өмірінде мұнай өнімдерінің алатын орнын атаңдар?

  1. Қай жерде газ пайдаланылады?
  2. Қазақстан газ тасымалдау жүйесіне кіретін газ құбырларын атаңдар?
  3. Қазіргі кезде Қарашығанақ газын тасымалдау үшін не қарастырылуда?
  4. Қазақстанның қай аймақтарында газдандыру мәселесі шешілген?
  5. Қазақстанның қай аймақтарында газдандыру мәселесі әлі шешімін таппаған?
  6. Мұнай өнімдерін атаңдар?
  7. Қазақстанның қай аймағында газ қорлары шоғырланған?
  8. Адамның өмірінде газдың алатын орнын атаңдар?

10.Электр энергетика саласына мұнай және газ қорлары қандай әсер етеді?

 

 

2. Берілген сөз тіркестерін аударыңдар.

Өнеркәсіптік қоры, мұнай қоры, газ алабы ашылды, өндіру қарқыны, газдың негізгі қорлары,әкімшілік облыстар, тасымалдау жүйесі, газ құбырлары, бұл аймақтарына жеткізу үшін, жобалар қарастыруда, қазіргі кезде, Батыс Қазақстанда шоғырланған, 400 жылға жетеді, кен орны, мұнай және газ қорлары.

ГРАММАТИКАЛЫҚ МИНИМУМ

 

Сан есім(Имя числительное) Сан есім – мағыналық, грамматикалық ерекшелігі бар негізгі сөз табының бірі. Заттың санын, ретін, есебін білдіретін сөз табын сан есім дейміз. Сан есімдер қанша? неше? нешеу? нешінші? деген сұрақтарға жауап береді. Сан есімдер құрамына қарай: дара(простые), күрделі(составные) болады. Сан есімнің түрлері:
  1. Есептік сан есім;
  2. Реттік сан есім: - нші/-ншы, -інші/-ыншы;
  3. Жинақтық сан есім: - ау, -еу;
  4. Болжамдық сан есім: -дай/-дей, -тай/-тей
-лап/-леп, -дап/-деп, -тап/-теп -лаған/-леген, -даған/-деген, -таған/-теген;
  1. Топтау сан есім: шығыс септігінің жалғаулары (-нан/-нен, -дан/-ден, -тан/-тен) есептік сан есімдерге қосылу арқылы;
  2. Бөлшектік сан есім: шығыс септігінің жалғаулары (-нан/-нен, -дан/-ден, -тан/-тен) есептік сан есімдерге қосылу арқылы.

 

3. Мәтіннен сан есімдерді көшіріп жазып сөйлем құрастырыңдар. Құрастырылған сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.

 

4. Берілген сан есімдерді қазақ тілінде сөзбен жазыңдар.

 

215; 6580- ый; 32,7; 1/6; 5218360; 257,62; 692; 14290633; 12/35; 62,594


ТЕСТ


1. Қазіргі өндіру қарқыны бойынша есептесе барланған мұнай қоры Қазақстанға неше жылға жетеді?

А) 215;

В) 120;

С) 55;

Д) 35;

Е) 150;

 

2. Қазіргі өндіру қарқыны бойынша есептесе барланған газ қоры Қазақстанға неше жылға жетеді?

А) 300;

В) 514;

С) 400;

Д) 600;

Е) 190;

 

3. Қазақстанның қай жағында газдың негізгі қорлары шоғырланған?

А) солтүстік;

В) оңтүстік;

С) шығыс;

Д) батыс;

Е) жоғарғы;

 

4. Қазақстанның қай жағында газ алабы ашылады?

А) солтүстік;

В) оңтүстік;

С) шығыс;

Д) батыс;

Е) жоғарғы;

 

5. Неше кен орны барланған?

А) 5;

В) 7;

С) 9;

Д) 11;

Е) 1;

 

6. Қазақстан газ тасымалдау жүйесіне кірмейтін газ құбырларын табыңдар?

А) «Өзен - Жетібай – Ақтау»;

В) «Қостанай – Астана – Атырау»;

С) «Союз»;

Д) «Бұхара – Орал»;

Е) «Орта Азия – Орталық»;

 

  1. . Қай аймақтарда газдандыру мәселесі әлі шешім таппай тұр?

А) шығыс;

В) батыс;

С) солтүстік;

Д) орманды;

Е) көлді;

 

  1. Газды не арқылы тасымалдайды?

А) цистерна;

В) құбырлар;

С) шелек;

Д) ауа;

Е) су;

 

  1. Мұнай өнімдерінің қажеттігі неде?

А) тұрмыста;

В) көректенуде;

С) киінуде;

Д) бой өсіруде;

Е) есептеуде;

 

  1. Қазақстанның табиғи байлықтарына кірмейтіндерді атаңдар?

А) мұнай және газ қорлары;

В) су қорлары;

С) орман қорлары;

Д) өркениет;

Е) егістік.



«Мұнай және газ қорлары» тақырыбы бойынша кроссвордты шешіңдер

 

 

                                       
                                   
                                   
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                                       
                                   
                                   
                                   
                                       
                                     
                                     
                                       
                                       
                                       
                                       

 

Көлденеңінен Тігінен

1.Газификация 1.Промышленный

2.Входит 2.Проект

3.Расположен 3.Будущее

4.Проблема 4.Открылся

5.Область 5.Юг

6.Транспортировка 6.Запад

7. Год 7.Земля

8.Основной 8.Руда

9.Север

10. Восток

11.Система

 


4- сабақ

Грамматикалық тақырып: Есімдікті қайталау.

Лексикалық тақырып: «Өртке қарсы ережелер»

 

Өрт шығу қаупін алдын ала болдырмас үшін, оның ең басты ережелерін бұлжытпай орындау қажет. Май құятын жерде темекі тартуға, от жағуға, бөшкеде және бақта майдың бар – жоғын білу мақсатында лаулаған отпен жарық беруге болмайды.

Электр сымдары мен электр жабдықтарының бүтіндігі тексеріліп тұрады, өйткені электр ұшқыны өрт шығуға себепші болуы мүмкін.

Май киіммен отқа жақындауға, ал қыста лаулаған отпен двигательді қыздыруға болмайды.

Астық жинағанда және бастырғанда трактордың түтін шығаратын түтігі ұшқын сөндіргішпен жабдықталып, оның түзіктігі әр үш күн сайын тексеріліп тұрады.

Найзағай жарқылдаған кезде трактор мен автомобильге май құюға, отын мен майды сабан, пішен маясында, бастырылмаған астыққа сақтауға болмайды.

От тұтана бастаған жағдайда дереу майсыз киіммен, брезентпен, киізбен жауып, су құйып, сондай – ақ топырақ немесе құм сеуіп өшіреді. Мұнай өнімдері тұтана бастаған жағдайда өрт сөндіргішпен өшіреді, топырақ, құм себеді, брезент, киіз жабады.

Жанған мұнай өнімдерін сумен өшіруге болмайды.

 

ТАПСЫРМАЛАР

 

1.Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.

 

1.Электр ұшқыны өрт шығуға себепші болуы мүмкіндігінен ненің бүтіндігін тексеріп тұрады?

2. Май құятын жерде не істеуге болмайды?

3. Неліктен лаулаған отпен жарық беруге болмайды?

4. От тұтана бастаған жағдайда қандай іс- әрекет жасау керек?

5. Жанған мұнай өнімдерін неге сумен өшіруге болмайды?

6. Қандай киіммен отқа жақындауға болмайды?

7. Электр сымдары мен электр жабдықтарының бүтіндігін неге тексеріп тұру керек?

8. Май құятын жерде неге темекі тартуға болмайды?

9. Өрт кезінде қандай телефон нөміріне қоңырау соғу керек?

10. Сен өртке қарсы ережелерін білесің бе?

 

2. Берілген сөз тіркестерін аударыңдар.

От тұтана бастаған жағдайда, электр сымдары, киіз жабады, найзағай жарқылдаған кезде, өртке қарсы ережелер, электр жабдықтары, мұнай өнімдері, лаулаған от, бар- жоғын білу, ұшқын сөндіргіш, үш күн сайын, қыздыруға болмайды, темекі тартуға болмайды, отқа жақындауға, электр ұшқыны.

 

ГРАММАТИКАЛЫҚ МИНИМУМ

 

  Есімдік (Местоимение). Зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жұмсалатын сөздерді есімдік деп атайды. Есімдіктердің түрлері: 1. Жіктеу есімдіктері – личные местоимения; 2. Сілтеу есімдіктері – указательные местоимения; 3. Өздік есімдіктері – возвратные местоимения; 4. Жалпылау есімдіктері – определительные местоимения; 5. Сұрау есімдіктері – вопросительные местоимения; 6. Белгісіздік есімдіктері – неопределенные местоимения; 7. Болымсыздық есімдіктері – отрицательные местоимения.

 

  1. Мәтіннен есімдіктерді көшіріп жазыңдар. Олармен сөйлем құрастырыңдар.

 

  1. Берілген есімдіктерді септеңдер.

Өзім, сендер, өздері.

 

  1. Берілген есімдіктерді жіктеңдер.

Мынау, осы, сен.

 

 

ТЕСТ


1. Өрт шығу қаупін болдырмас үшін не істеу керек?

А) жақсы оқу керек;

В) үй тапсырмасын орындау керек;

С) өртке қарсы ережелерін орындау керек;

Д) өртке қарсы ережелерін орындамау керек;

Е) өртке қарсы ережелерін оқымау керек;

2. Май құятын жерде не істеуге болмайды?

А) темекі тартуға, от жағуға;

В) жүгіруге;

С) билеуге;

Д) сөйлеуге;

Е) отыруға;

3. Электр сымдары мен электр жабдықтарының бүтіндігі не үшін тексеріліп тұрады?

А) өрт болмас үшін;

В) өндірістік тескерісі үшін;

С) жаңбыр жаумас үшін;

Д) өнімдер пайда болу үшін;

Е) жабдық жасау үшін;

4. Найзағай жарқылдағанда не істеуге болмайды?

А) автомобиль мен тракторға май құюға;

В) май киіммен жүруге;

С) отқа жақындауға;

Д) отқа қарауға;

Е) майға қарауға;

5. Мұнай өнімдері тұтана бастаған жағдайда не істеу керек?

А) су құю керек;

В) өрт сөндіргішті пайдалану керек;

С) майлы киіммен жабу керек;

Д) топырақ сеппеу керек;

Е) киіз жаппау керек;

6. Жанған мұнай өнімдерін сумен өшіруге болады ма?

А) иә;

В) жоқ;

С)кей-кейде;

Д) әр қашан;

Е) әр дайым;

7. Трактордың түтін шығаратын түтігінің түзіктігін неше күн сайын тексеріп тұрады?

А) апта сайын;

В) ай сайын;

С) әр бес күн сайын;

Д) әр үш күн сайын;

Е) әр он күн сайын;

8. Қыста лаулаған отпен машина двигателін қыздыруға болады ма?

А) жоқ;

В) иә;

С) кей-кейде;

Д) әр қашан;

Е) әр дайым;

9. Бөшкеде және бакта майдың бар-жоғын білу үшін не істеуге болмайды?

А) электр сымдарын тексеруге болмайды;

В) лаулаған отпен жарық беруге болмайды;

С) машинаға май құюға болмайды;

Д) лаулаған отқа қарауға болмайды;

Е) электр шамды жағуға болмайды;

10. Өртке не себеп болмайды?

А) электр ұшқыны;

В) найзағай;

С) жағылған темекі;

Д) жаңбыр;

Е) от.


 

 

«Өртке қарсы ережелер» тақырыбы бойынша кросвордты шешіңдер.

 

                                       
                                       
                                 
                                   
                                     
                                       
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                                 
                                     
                                       
                                   
                                       
                                       
                                       

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-04; просмотров: 60; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты