Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Зертханалық сабақ 13.




 

Мақсаты:Адамның висцеральдік рефлекстерімен танысу.

1 жұмыс. Көз-жүрек рефлексi (Данини-Ашнер тәжірибесі)

Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар:секундомер, тәжірибе адамға жасалынады.

Жұмыстың барысы: Алдымен қалыпты жағдайдағы 1 мин. жүрек соғу жылдамдығын анықтайды. Енді зерттеуші тексерілушінің екі көзінің көз алмасын 10 сек. бойы үлкен саусақтарымен басады да жүрек соғысы жылдамдығын қайта санайды. Нәтижесінде жүрек соғысы жылдамдығының азайғанын байқау қиын емес.

Жұмысты қорытындылау: Зерттеу барысын және нәтижелерін дәптерге жазу. Алынған мәліметтер бойынша графикті құрастыру. Данини – Ашнер рефлекстің механизмің түсіндіру.

Ескерту. Көз-жүрек рефлексiоң (пульстің бәсеңдеуi), теріс (көз алмасына саусақтарымен басыу жүрек жұмысың өзгертпейді) және бұрмаланған (минутқа 15-20 соққыларына пульстің жиілеу) болуы мүмкін.

Қалыпты жағдайда бір минутында 8-10 соққыларына пульстiң бәсеңдеуi болу керек. Пульстiң бір минутында 10 соққыларға бәсеңдеуi вегетативтiк жүйке жүйесiнiң парасимпатикалық бөлiмiн қозғыштықтын жоғарылауын көрсетедi, ал пульстiң бір минутында 2-4 соққыларға бәсеңдеуi немесе пульстің жиілеуі – бұрмаланған реакция - вегетативтiк жүйке жүйесiнiң симпатикалық бөлiмiн қозғыштықтын жоғарылауын көрсетедi.

2 жұмыс. Геринг рефлексі (тыныс алу аритмияның симптомы)

Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар:секундомер, тәжірибе адамға жасалынады.

Жұмыстың барысы: Алдымен қалыпты жағдайдағы 1 мин. жүрек соғу жылдамдығын анықтайдыСодан кейін зерттелуші бір қатар терең және үдетiл тыныс алу қозғалыстарды жасайды (жайсыздықтың сезiмiне дейiн). Тәжірибе кезінде пульсті санап және оны қалыпты көрсеткішімен салыстырады. Адамдарын көпшiлiгінде пульстiң саны азаяды. Вегетативтi бұзылыстарында бұл рефлекс кенет күшейеді.

Жұмысты қорытындылау: Зерттеу барысын және нәтижелерін дәптерге жазу. Геринг рефлекстің механизмің түсіндіру.

3 жұмыс. Ортостатикалық рефлекс (Превель рефлексі)

Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар:секундомер, тәжірибе адамға жасалынады.

Жұмыстың барысы: Зерттелушіні кушеткаға жатқызып, оның пульсін санайды. Содан кейін түрегеп тұру сәтте зерттелушінің пульсін санайды. Қалыпты жағдайда пульстің 6-24 рет/мин. жиiленуi байқалады. Пульстің саны минутына 24-тен жоғарыласа – онда симпатикалық жүйке жүйесiнiң тонусының басымдылығын, ал 6-дан төмендесе - онда парасимпатикалық жүйке жүйесiнiң тонусының басымдылығын дәлелдейді.

Жұмысты қорытындылау: Зерттеу барысын және нәтижелерін дәптерге жазу. Превель рефлекстің механизмін түсіндіру.

Зертханалық сабақ 14.

1-жұмыс. Эндокриндік бездердің топографиясы мен анатомиясы.

2-жұмыс. Эндокриндік бездердің микроскопиялық құрылысы.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-04; просмотров: 153; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты