Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Дәрістің жоспары. 1. Центрге және өске қатысты алгебралық күш моменті




1. Центрге және өске қатысты алгебралық күш моменті

2. Қос күш, оның қасиеттері

Анықтама. Күштің центрге қатысты моменті деп белгілі таңбамен алынған күштің модулі мен центрге дейінгі күш иінің көбейтіндісін айтады.

күштің О нүктесіне қатысты моментінің скаляр шамасын деп белгілейік. Онда анықтама бойынша

,

мұнда Һ - күш иіні (О нүктеден күштің әсер ету сызығына түсірілген перпендикуляр); «+» не «-» таңбасын аларда «оң бұрғы ережесі» қолданылады. Осы ереже бойынша егер күш денені берілген нүктеден сағат тілі айналысына кері бағытта айналдыруға тырысса, онда күш моменті «+» таңбасымен алынады, ал егер күш денені берілген нүктеден сағат тілі айналысымен бағыттас айналдырса, онда күш моменті теріс болады.

Ескерту. Күштің түсу нүктесін оның әсер ету сызығы бойымен жылжытудан күш моменті өзгермейді.

Анықтама. Күштін өске қатысты моменті деп күштін өске перпендикуляр жазықтықтағы проекциясының өс пен жазықтықтың қиылысу нүктесіне қатысты моментін айтады:

«+» не «-» таңбасын аларда «оң бұрғы ережесіне» сүйенеміз.

Анықтама. Қос күштер деп модульдері тең, параллель орналасқан қарама-қарсы бағытталған екі күштерден тұратын күштер жүйесін атайды (6.4 - сурет).

Қос күштердің тең әсерлі күші жоқ, бірақ қос күштер теңдестірілген емес. Күштердің әсер сызықтарының ең қысқа ара қашықтығы қос күштердің иіні деп аталады. Қос күштер әсер ететін жазықтық қос күштердің әсер жазықтығы деп аталады. Денеге әсер ететін бірнеше қос күштер жиынтығы, қос күштер жүйесі деп аталады.

Қос күштердің денеге әсері қос күштердің моментімен сипатталады, ол - ға тең..

Ескерту. 1)Қос күш денені айналысқа келтіруге тырысады, сондықтан қос күшті бір тең әсер етуші күшке келтіруге болмайды; 2) қос күш орналасқан жазықтықты қос күш әсерінің жазықтығы деп аталады; 3) қос күштің әсері оның моментімен анықталады.

Анықтама. Қос күш моменті деп модулі күш пен иін көбейтіндісіне тең, ал бағыты қос күш жазықтығына перпендикуляр болып келетін векторды атаймыз:

Мұнда d – қос күш иіні. Қос күш моменті векторының бағыты анықтауда оң бұрғы ережесі қолданылады. Қос күштердің қасиеттері:

1) қос күштерді денеге әсерін өзгертпестен оның моментінің модулі мен бағытын сақтап, күштерімен иінін өзгертіп өзінің әсер жазықтығында қайда болса да көшіруге болады;

2) қос күштерді күштің модулі мен қос күштердің иінін өзгертіп, бірақ моментінің модулі мен денені айналдыруға тырысатын бағытын сақтап, жазықтықта кез келген орынға және параллель жазықтыққа көшіруге болады;

3) қос күштің моментінің векторы – еркін вектор, сондықтан оны дененің кез келген нүктесіне түсіруге болады.

Қос күштерді қосу туралы теорема.Денеге әсер ететін барлық қос күштердің жиынтығы бір қос күштерге эквивалентті болады, оның векторлық моменті барлық қос күштердің векторлық моменттерінің қосындысына тең.

Статиканың есептерін шешкенде кейде үш күштер теоремасын қолданған ыңғайлы болады. Параллель емес бір жазықтықта жататын үш күштер әсер ететін дене тепе-теңдік жағдайында болса, онда осы үш күштердің әсер сызықтары бір нүктеде қиылысады.

7 дәрісКүштер жүйесін қарапайым түрге келтіру. Пуансо теоремасы

 

Дәрістің мақсаты - статиканың негізгі теоремасын дәлелдеу және кез-келген күштер жүйесінің тепе-теңдік шарттарын құрастыру

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-04; просмотров: 486; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты