Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Дәрістің жоспары. 2. Күштер жүйесін бір центрге келтіру (Пуансо теоремасы)




1. Күштер жүйесі. Күштер жүйесінің бас векторы мен бас моменті

2. Күштер жүйесін бір центрге келтіру (Пуансо теоремасы)

3. Кез-келген күштер жүйесінің тепе-теңдік шарттары

Күштер векторларының кеңістікте орналасуларына қарай күштер жүйесі бірнеше түрге бөлінеді. Жиі кездесетін күштер жүйелері мыналар:

1) параллель күштер жүйесі, мұнда әсер ету сызықтары біріне-бірі тек қана параллель болып келген күштерден құралады.

2) бір нүктеге жинақталатын күштер жүйесі, мұнда әсер ету сызықтары бір нүктені басып өтетін күштерден тұрады.

3) әсер ету сызықтары бір жазықта кез келген бағытта орналасқан күштер жиынын күштердін кез келген жазық жүйесі деп атаймыз. Жазық жүйесінің өзі тағы екіге бөлінеді: параллель күштердің жазық жүйесі, бір нүктеге жинақталатын күштердің жазық жүйесі.

4) кеңістікте кез келген бағытта орналасқан күштер жиынын күштердін кез келген кеңістіктік жүйесі деп атаймыз.

5) денеге тек қос күштер әсер етуі мүмкін. Бір денеге түсірілген барлық қос күштер жиынын қос күштер жүйесі деп атайды.

Анықтама. Жүйедегі барлық күштер векторларынын геометриялық қосындысына тең векторды жүйенің бас векторы деп атайды. Бас векторы - мен белгілесек, бұл айтылған анықтама бойынша: болады.

Анықтама.Күштер жүйесінің О центріне қатысты бас моменті деп ондағы бар күштердің осы центрге қатысты моменттерінің геометриялық қосындысына тең болатын векторды айтады.

Жүйенің О центріне қатысты бас моментін әдетте векторымен белгілейді. Олай болса:

Лемма.Қатты дененің А нүктесінде берілген күш дененің басқа бір В нүктесіне түсірілген дәл өзіндей күшке және бір қос күшке эквивалент. Бұл қос күштің моменті А нүктесіндегі күштің В центріне қатысты алынған моментіне тең болады.

Теорема. Кез келген күштер жүйесін осы жүйенің бас векторына және қорытқы қос күшке келтіруге болады. Қорытқы қос күштің

моменті жүйенің келтіру центріне қатысты бас моментіне тең, яғни

.

Вариньон теоремасы. Егер күштер жүйесінің тең әсер етушісі болса, онда тең әсер ету күштің кез келген бір нүктеге қатысты моменті жүйесіндегі күштердің сол нүктеге қатысты моменттерінің геометриялық қосындысына тең.

Кез келген күштер жүйесі тепе-теңдікте болу үшін оның бас векторы және қандай да болмасын бір нүктеге қатысты алынған бас моменті нөлге тең болуы қажетті және жеткілікті, яғни

.

Кез келген кеңістік күштер жүйесі үшін тепе-теңдік шарттардың саны алтыға тең, (аналитикалық түрі):

Кез келген жазықтық күштер жүйесінің тепе-теңдік шарттары үш түрі бар:

1) 2) (А,В,С нүктелер бір түзудің бойында жатуы мүмкін емес)

3) (l өсі AB кесіндіге перпендикуляр емес)

 

8 дәрісҮйкеліс күші туралы ұғым

Дәрістің мақсаты– үйкеліс туралы айтып беру


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-04; просмотров: 357; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты