Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Status praesens




Ауру тарихы

Науқас:Махатков Владимир Григорьевич (63жаста)

Клиникалық диагноз: Жедел ми қан айналым бұзылысы ишемиялық тип бойынша вертебро-базилярлы бассейнде. Артериялдық гипертензия 3 қауіп 4.

 

Орындаған: Кенетаева Ж.К.

5-034 топ ЖМФ

Тексерген: Омарова Ш.К.

 

Қарағанды 2015 ж

Паспорттық бөлім

· Науқастың аты-жөні: Махатков Владимир Григорьевич.

· Туған күні, айы, жылы:13.04.1951 (63 жаста)

· Ұлты: Орыс

· Жынысы:ер

· Мекен-жайы: Қарағанды қаласы, пр Республика 4-222

· Жұмыс орны:зейнеткер

· Стационарға түскен күні: 27.02.2015ж. сағ.16:00

· Стационарға кім жіберді: Жедел жәрдеммен

· Жолдаған ұйымның диагнозы: Жедел ми қан айналым бұзылысы ишемиялық тип бойынша вертебро-базилярлы бассейнде.

· Түскен кездегі диагнозы: Жедел ми қан айналым бұзылысы ишемиялық тип бойынша вертебро-базилярлы бассейнде.

· Клиникалық диагнозы:Жедел ми қан айналым бұзылысы ишемиялық тип бойынша вертебро-базилярлы бассейнде.Артериялдық гипертензия 3 қауіп 4.

 

 

Түскен кездегі шағымдары

Науқас көру қабілетінің нашарлауына, бас ауруына, шүйде аймағындағы ауырсыну, тепе - теңдіктің бұзылысы, жүрек айнуына,есте сақтау қабілетің бұзылысына, құлақта шуылына, бас айналу мен АҚ жоғарылауына шағымданады.

 

Аnamnesis morbi

Науқас артериалды гипертензиямен 10 жылдан бері ауырады,артериалды гипертензияның максимальды жоғарлауы 200/110мм.с.б. АҚ-ның 120-140\80мм.с.б.сандарға адаптацияланған. Үнемі гипотензивті препараттар қабылдайды: Лозап+,Моноприл,Верапамил Көру қабілетінің нашарлауы бірнеше ай бұрын байқалған. Бүгін түстен кейін басының шүйде аймағының ауырсынумен көру қабілеті кенеттен нашарлап кеткен. Жедел жәрдем шақырған. Артериялық қан қысымы 150/100 мм.с.б дейін көтерілген. Көмек көрсетіліп, шұғыл түрде ОМО жеткізілді.

 

Anamnesis vitae

Науқас Қарағанды қаласында дүниеге келген. Отбасында 2 бала. Ақыл-ойы мен физикалық дамуы жасына сай. Балалық және жасөспірімдік шақтары ерекшеліксіз өткен. Білімі орташа.

Отбасы анамнезі: Отбасын құрған, 2 баласы бар.

Басынан өткізген аурулары: Туберкулез, Боткин және венерологиялық ауруларды теріске шығарады. ЖМҚБ сол жақ ортаңғы ми артериясы бассейнде (СОМАБ) (2010 жылы),ЖМҚБ ВББ. (10. 2014жылы), артериялық гипертензия

Жарақаттар мен сынықтар болмаған.

Әлеуметтік жағдайы жақсы, жылы, жарық пәтерде тұрады. Тамақтануы толық ретті, үйлесімді.

Аллергологиялық анамнез:тыныш

Отбасында тұқым қуалайтын аурулары жоқ.

Зиянды әдеттері : жоқ.

 

 

Status praesens

Науқастың жалпы жағдайы орташа ауыр дәрежеде, жалпы милық және неврологиялық симптоматикаға байланысты. Есі анық. Төсектегі қалпы белсенді. Тамақтануы қалыпты. Дене конституциясы - нормостениялық.

Тері жамылғысы таза,құрғақ, тері тургоры қалыпты. Ошақты пигментация, қан құйылу ошақтары, бөртпелер, тамырлы жұлдызшалар, ангиома, тыртықтар, қасыну орындары, қышыну жоқ. Түктері ер адам типтес.

Көзге көрінетін шырышты қабаттары алқызыл түстес, таза, ылғалды.

Тері асты шел май қабаты қалыпты дамыған, біркелкі таралған, қалыңдығы 1см.

Перифериялық лимфа түйіндері (шүйделік, құлақмаңы, жақасты, иекасты, мойындық, бұғанаүсті, бұғанаасты, қолтықасты, шынтақ, шап, тізеарты) пальпацияланбайды.

Ісінулер жоқ.

Бұлшықет жүйесі: бұлшықет дамуы қалыпты, тонусы сақталған. Бел омыртқа омыртқа бұлшық еттерінің қатылығы бар, басқанда ауырады. Белдік лордоз тегістелген. Қалған бұлшықет топтары пальпацияда ауырсынусыз, күші қалыпты, тырысулар жоқ, тығызданулар анықталмайды.

Сүйек-буын жүйесі: бас сүйегінің, омыртқа жотасының, аяқ-қол сүйектерінің формасы дұрыс. Сүйек деформациясы мен қисаюлары жоқ. Буын маңы тіндерінің температурасы қалыпты. Флюктуация, ісіну, қозғалыс кезінде дыбыстар естілмейді.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-04; просмотров: 314; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты