Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Болжамы. Протеинурия көрініс берген ҚД-1-мен сырқаттанған науқастардың 50%-да




Протеинурия көрініс берген ҚД-1-мен сырқаттанған науқастардың 50%-да, ҚД-2-мен сырқаттанған науқастардың 10%-да 10 жыл ішінде СБЖ дамиды. ҚД-1-мен ауырған жасы 50-ден жас науқастардың өлім көрсеткішінің 15%-ы ДНФ әсерінен дамыған созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінен болады.

 

7.8.4. Диабеттік нейропатия

Диабеттік нейропатия (ДНЕ) дегеніміз жүйке жүйесінің зақымдануы нәтижесінде дамитын синдромдардың ұштасуы. ДНЕ жүйке жүйесінің бөлімдерінің зақымдануына (сенсомоторлы, автономды) мен таралуына және ауырлық дәрежесіне қарай жіктеледі (7.20 кесте).

 

I. Сенсомоторлы нейропатия:

— симметриялық;

— фокальды (мононейропатия) немесе полифокальді (краниальді, проксимальды моторлы, кеуде және аяқ-қол мононейропатиясы).

II. Автономды (вегетативті) нейропатия:

— кардиоваскулярлы (ортостатикалық гипотензия, жүрек денервациясы синдромы);

— гастроинтестинальды (асқазан атониясы, өт жолдарының дискинезиясы, диабеттік энтеропатия);

— урогенитальды (бүйрек және жыныс жүйесі қызметтерінің бұзылуы);

— науқаста гипогликемияны түсініп білу қабілетінің бұзылуы;

— көз қарашығы қызметінің бұзылуы;

— тер бездері қызметінің бұзылуы (дистальды ангидроз, тағам қабылдау барысында дамитын гипергидроз).

 

7.20 кесте. Диабеттік нейропатия

Этиологиясы мен патогенезі Глюкоза метаболизмінің полиолды жолының белсенуі, жүйке жүйесі жасушаларының мембраналық және цитоплазмалық ақуыздарының гликолизденуі; микроангиопатия vasa nervorum
Эпидемиологиясы ҚД-нің екі түрінде де таралу жиілігі шамамен 30% .
Басты клиникалық көріністері Сенсомоторлы нейропатия: парестезия, сезімталдылықтың төмендеуі, аяқтың ауруы, «мазасыз аяқ синдромы». Вегетативті нейропатия: тыныштық тахикардиясы, ортостатикалық гипотония, гастропарез, нейрогенді қуық, эректильды дисфункция
Диагностикасы Сезімталдықтың әр түрлерін бағалау (ең алдымен, табанның), вегетативті нейропатияның диагностикалау мақсатында функциональды сынақтар (ортостатикалық, Вальсальва)
Салыстырмалы диагностикасы Басқа генезді нейропатия. Автономды нейропатияның басқа генезді органды патологиямен салыстырмалы диагностикалау қажет
Емі Қант деңгейін төмендететін терапияны оңтайландыру, аяқ күтімі, нейротропты дәрілер, симптоматикалық терапия
Болжамы Ерте сатысында тұрақты ҚД-тің эугликемиялық компенсациясы сақталғанда үрдіс қайтымды

 

Этиологиясы мен патогенезі

Диабеттік нейропатия (ДНЕ) басты себебі- гипергликемия. Оның патогенезінің бірнеше механизмдерін қарастыруға болады:

• глюкоза метаболизмінің полиолдық жол арқылы белсенуі нәтижесінде жүйке жасушаларында сорбитол, фруктоза жиналып, миоинозитол мен глутатион мөлшері төмендейді. Бұл өз кезегінде, бос радикалдар үрдісін белсендіріп, азот тотығы деңгейін азайтады;

• жүйке жүйесінің мембраналық және цитоплазмалық ақуыздарының энзимдік емес гликолизденуі;

• микроангиопатия vasa nеrvorum капиллярлы қанайналымның төмендеуіне және жүйке гипоксиясына әкеледі.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-05; просмотров: 74; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты