Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


дәріс. Жоғарғы нерв әрекеті.




Жоғары дәрежелі жүйке қызметі – жануарлар мен адамның орталық жүйке жүйесінің үлкен ми сыңарлары қыртысының әрекеті. Организмнің органдарының өзара қызметін реттейтін орталық жүйке жүйесіне қарағанда, жоғары дәрежелі жүйке қызметі организмнің сыртқы ортамен күрделі қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. «Жоғары дәрежелі нерв қызметі» терминің ғылымға И.П.Павлов енгізген және ол бұны «психикалық әрекет» деген ұғымға тең деп санаған. Павловтың пікірінше, психикалық әрекеттің барлық түрі, оның ішінде адамның ақыл-ойы мен санасы да жоғары дәрежелі жүйке қызметіның жеке бір түрі. Павловтан бұрын жоғары дәрежелі жүйке қызметі жөнінде И.М.Сеченов «Ми рефлекстері» деген еңбегінде психикалық әрекеттерді материалистік тұрғыдан түсіндірді.[1]

Жоғары дәрежелі жүйке қызметі шартсыз және шартты рефлекстердің әсерінен жануарлар дүниесінің тарихи даму жолында өзгеріп отырған. Омыртқасыздар мен төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлардың мінез-қылығында туа пайда болған жүйке әрекеттері жүре келе пайда болған жүйке әрекеттерінен басым болады. Жануарлар эволюциясы процесінде жүре келе пайда болған жүйке әрекеттері үдеп жоғары дәрежелі жүйке қызметінің басым түріне айналады. Бұлардың көптеген түрі едәуір өзгереді, шартты рефлекстер үздіксіз күрделенеді және жетіледі, олардың құрамы толығады, шартты рефлекторлық әрекеті жетіле түсіп, организмнің тіршілік ортасына беімделу процесінде негізгі реттеуішке айналып, организмнің өзгерген жағдайға дер кезінде, нақты бейімделе алу қабілетін қамтамасыз етуде үлкен биологиялық маңызы бар.

И.П.Павлов   Павловтың пікірінше, тіпті жоғары сатыдағы жануарлардың (мысалы, ит, маймыл) жоғары дәрежелі жүйке қызметі – адамға да, жануарларға да тән бірінші сигнал жүйесі шартты рефлекстерінің жиынтығы. Бірақ ол адамда оның өсу, даму, еңбекке үйрену, біртіндеп тіл шығып сөйлеуіне байланысты. Сөз тікелей тітіркендіргіштер тәрізді әсер етеді. Павловтың айтуынша, осы «бірінші сигналдардың сигналы» екінші сигналдық жүйе (сөз сөйлеу, ойлау, жазу) түрінде қалыптасты. Екінші сигналдық жүйе біріншінің негізінде пайда болған және онымен қызметі жағынан тығыз байланысты бола отырып, адамның саналы тіршілігінде негізгі шешуші, реттеуші факторға айналады. Ол арқылы түрлі құбылыстар жинақталады, заңдылықтар ашылады, адам табиғатқа үстемдік жүргізе алады.  

 

 

Павловтың пікірінше, жоғары сатыдағы жануарлардың жоғары дәрежелі жүйке қызметінің негізі – орталық жүйке жүйесінде түзілетін шартты рефлекстер (жоғары сатыдағы омыртқалылар мен адамда үлкен ми қыртысында), сондай-ақ күрделі шартсыз рефлекстер (соқыр сезім, эмоция және т.б.). Павлов жоғары дәрежелі жүйке қызметінің мынадай негізгі заңдылықтарын немесе ережелерін дәйектеген:

  1. Шартты рефлекстердің түзілуі;
  2. Шартты рефлекстердің тітіркендіру күшіне байланыстылығы;
  3. Шартты тітіркендіргіштер әсері;
  4. Ми қабығында шартты рефлекстің бекімегендігінен, шартты тітіркендіргіштің күшеюінен немесе үйреншікті емес тітіркендіргіш әсерінен тежелу пайда болуы;
  5. Үлкен ми қыртысында жүйке процестерінің таралуы мен топтануынан оның бөлімдерінде қарым-қатынас пайда болу;
  6. Нерв процестерінің өзара индукциясы пайда болуы.

Сөйтіп жоғары дәрежелі жүйке қызметі организмге әсер еткен әр түрлі тітіркендіргіштер түбегейлі талдап, синтездеп организмнің сыртқы ортаға жете бейімделуін қамтамасыз етеді.

И.П.Павловтың түсіндіруінше, шартты рефлекстердің түзілуі үшін ми қыртысындағы белгілі бір қозу ошақтары арасындағы бұрын болмаған шартты байланыс деп саналатын (немесе уақытша байланыс деп те аталады) байланыс болуы қажет. Бұның сыртқы көрінісі жануар бұрын өзі үшін бөтен болып келген тітіркендіргіш әсеріне (шамның жағылуы, қоңырау соғылу және т.б.) шартсыз тітіркендіргішпен (тамақ беру, электр әсері) бекітпей-ақ тиісті рефлекторлық реакциямен (сілекей бөлу, аяғын қозғалту және т.б.) жауап береді. Шартты рефлекстердің түзілуі барысындағы тәжірибелер ми қыртысындағы түрлі пункттердің үнемі бір-бірімен өзара әрекеттесуде пайда болатындығын көрсетті. Мұның нәтижесінде ми қыртысы бөлшектеп қарауға болмайтын тұтас функционалдық жүйе екендігі туралы ұғым қалыптасты; жоғары дәрежелі жүйке қызметінің түрін талдай келе, бұларды қалыптастыруда орта әсерінің, тәрбиенің үлкен маңызы бар екені дәлелденді.

Адамда жоғары дәрежелі жүйке қызметінің дамуы тілдің шығуымен тікелей байланысты. Бала туғаннан кейінгі алғашқы шартты рефлекстер бағдарлау-реттеу түрінде байқалады. Сондай-ақ баланың жоғары дәрежелі жүйке қызметінің жетіліунде еліктеу рефлекстерінің де үлкен маңызы бар. Алғашқыда сөз арқылы тікелей тітікендігіштер қабарланады, кейін ол күрделі шарты тітікендіргіштердің түрлі құбылыстардың сигналына айналады. Павловтың КСРО-дегі және шетелдегі шәкірттері мен жолын қуушылар оның жоғары дәрежелі жүйке қызметі жөніндегі ілімін дамытуда. жоғары дәрежелі жүйке қызметінің негізгі шартты рефлекстер жер жүзілік нейрофизиология және эксперименттік психологиянвң түбегейлі де кен зерттеуі болып отыр. жоғары дәрежелі жүйке қызметі Павлов қолдаңған тамаша әдістерімен қатар жаңа макро және микроэлектрофизиол, цитохим, әдістер арқылы да зерттелуде. Бұл мидың беткі және терең қабатарының структурасын жеке жүйке клеикалары қызметін олардың әрекетінің молекулдіқ негізін ашуға мүмкіндік берді. Қазақстанның және шетелдегі ғалымдардың көптеген еңбектері Павлов пен оның шәкірттері ашқан жоғары дәрежелі жүйке қызметіінің негізгі дәйектері мен заңдылықтары дұрыс екенін дәлелдеді. Бұнымен қатар жоғары дәрежелі жүйке қызметіінің мидағы негізгі процестерінің механизмі ашылды. Мысалы электрофизиологиялық және нейрохимиялық зерттеулер нәтижесіндек ми стволы мен аралық мидың торлы қабатының ми қабығының дұрыс қызмет атқаруына маңызы бар екені анықталды. Бұл ми қыртысы асты бөліктерінің шартсыз рефлекторлық әрекетімен белгілі бір дәрежеде болуына әсер ететін энергия көзі деп болжаған Павловтың пікірін дәлелдеді. Шарты рефлектсердің түзілуін электрофизиологиялық әдістері мен зерттеу нәтижелері индифференті қоздырғыштың шартсыз қоздырғыш пен байланысында бұл қоздырғыштарының кортикалық бөліктерінің әсіресе қоздырғыштардың қозуы едәуір үдейді және бұның шартты рефлекс түзілуіне үлкен маңызы бар екені байқалған.

Бұнымен қатар шартты рефлектердің жаңа түрлері (интроцептивті, бинарлық тағы басқа) олардың түзілуінің жаңа фазасы (бастапқы шоқтану фазасы) және кортиқалдық тежелуі (превентивті тежелу фазасы) ішкі тежелудің пайда болуы және оның бір жерге шоқтану механизмі дәлелденген. Жоғары дәрежелі жүйке қызметіінің филогенетикалық және онтогенетикалық эволюциясы экологиялық сигналдардың маңызы тағы басқалар анықталған. Жоғары дәрежелі жүйке қызметі туралы ілімінің теориялық және практикалық маңызы зор. Ол - диалектикалық материализмнің табиғи-ғылыми негізін кеңейтіп, Лениннің бейнелеу теориясының дұрыс екеннін дәлелдейді, идеализмге қарсы күресте идеологиялық қару. Жоғары дәрежелі жүйке қызметі туралы ілім осы кездегі табиғат тану ғылымының ең үлкен жетістіктері, ол физиологоияның жаңа дәуірі дамуының бастамасы болды. Бұл ілімнің орталық жүйке жүйесінің кейбір ауруларын емдеуде, психология, педагогика, кибернетика ғылымдарына еңбекті ғылыми ұйымдастыруда маңызы зор.

Анализаторлар туралы жалпы түсінік.Сыртқы және ішкі орталардың әсерлерін қабылдап, талдап, талқылайтын, олардың жағдайлары туралы сезім тудыратын мүшелер жүйесін анализаторлар немесе анализаторлар дейді.

Организмде жеті түрлі анализаторлар бар: көру, есту, иіс, тері, қозғалыс, дәм және висцеральды (лат. висцералис - ішкі мүшелерге қатысты), яғни ішкі мүшелерге байланысты жүйе.

Барлық анализаторлар 3 бөлімнен тұрады : 1) сезгіш немесе перифериялық бөлім, шеткі немесе рецепторлық бөлім деп те атайды; 2) өткізгіш бөлім, сезгіш нерв деп те аталады; 3) орталық, немесе қыртыс бөлімі, яғни ми қыртысындағы сезім орталықтары, сезім аймақтары деп те аталады.

Рецепторлық бөлім сезім және ішкі мүшелерде орналасқан сезгіш рецепторлардан тұрады . Олар тітіркендіргіштің әсерін қабылдап, қозуға айналдырады (рефлекторлы доғаның сезгіш немесе перифериялық бөлімін есіңізге түсіріңіз).

Ө т к і з г і ш бөлім рецепторларда пайда болған қозуды сезім мүшелерінен шығып, ми қыртыстарына таситын сезгіш жүйкелерден тұрады.

Анализаторлардың қ ы р т ы с бөлімін ми сыңарларының қыртысында орналасқан сезім орталықтары құрайды. Анализаторлардың рецепторлық бөлімінде ең алғашқы талдау — алғашқы саны мен сапалық қарапайым талдау жүргізіледі.

Тітіркендіргіштің әсерінен рецепторларда қозу толқындары (қозу импульстері) пайда болады. Олардың жиілігі тітіркендіргіштің күшіне байланысты келеді.

Өткізгіш бөлімде шетте пайда болған қозуды өткізіп қана қоймай, аралық нервтерде алғашқы қарапайым талқылау жасалады. Айталық, көру төмпешігінің ассоциативтік ядроларында талқылағаннан кейін рецепторлардан келген біраз қозу импульстері қосылады.

Анализаторлардың орталық немесе қыртыс бөлімінде тітіркендіргіштердің саны мен сапасына ғана қарап талдау жасалып қоймай, жоғары дәрежелі биологиялық маңызына қарай талдау мен талқылау жасалады. Бұл үшін жеке басының өмірден алған тәжірибесі қажет. Былайша айтқанда, шартты рефлекторлы талдау мен талқылауды қажет етеді.

Анализаторлардың ортақ қасиеттері.Анализаторлардың әрқайсысының жеке-жеке қасиеттері мен қызметтері болады. Сонымен қатар, олардың ортақ, бәріне бірдей қасиеттері де бар:

1. Анализаторлардың рецепторлары өзіне ғана тән тітіркендіргіштердің әсерін қабылдайды. Ондай тітіркендіргіштерді адекватты (лат. адекватус - теңгерілген, лайықты, сай келетін) тітіркендіргіш деп атайды. Анализаторлардың рецепторлары адекватты тітіркендіргіштерге өте сезімтал болады.

2. Анализаторлардың рецепторлары тітіркендіргіштердің күші өзгергенде тітіркендіргіштің жаңа күшіне тез бейімделеді.

3. Анализаторлар бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. Сондықтан бірінің қызметі күшейгенде, екіншісінің қызметі төмендейді және, керісінше, біреуінің қызметі нашарлаған кезде екіншісінің қызметі күшейеді.

4. Бір анализатортың қызметі бұзылғанда қалғандары оның қызметін жартылай болса да өзіне алады. Мұндай жағдайда ауру анализатор пен сау анализаторлардың ми қыртысындағы нерв орталықтарының арасында тұрақты нервтік байланыстар (шартты рефлекстердің байланысы іспетті) пайда болады.

5. Анализаторлардың рецепторларының сезімталдығын жаттықтыру арқылы не күшейтіп, не төмендетуге болады.

Анализаторлар әр түрлі қашықтықта орналасқан заттардың бейнесін қабылдауына байланысты оларды екі топқа бөледі: дистантты (лат. дистанция - қашықтық), яғни сезім мүшесінсн белгілі бір қашықтықта орналасқан заттардың оссрін сезу және контактты (лат. Контактус- түйіскен, жанасқан), яғни сезім мүшесіне жанасқан затты сезетін анализаторлар.

Тітіркенудің алғашқы коды әуелі қабылдағыш деңгейінде жүзеге асырылады. Оларға тән физикалық және химиялық энергиялар түрлі жүйке серпінісіне айналады. Түрлендірілген хабарлар анализаторлар жүйесінің келесі деңгейіне жетіп, коды одан әрі өзгереді. Бұл бір ерекшелік, ал екінші ерекшелік — ол код түрлерінің жапсарластығы. Тағы бір ерекшелік — ол көптеген сезгіштік жүйелердің ақпаратына шудың көп араласуы, яғни мәлімет тасушы серпіністерге бедерсіз серпіністердің қосылуы.

Әр анализаторға тән ұқсас сезімділіктің жиынтығын модальды жиынтық дейміз. Біррайлықтың өзінің ішінде бірнеше сапалық қасиеттер болады. Бұл қасиетті сапалар мыналар: арнайылық, ықпалдылық, мерзімділік және ұзақ тылық. Мысалы, дыбыс ақырын, қатты, сарт етіп, у-шу, жағымды, жағымсыз, алыс-жақын т. б. болады.

 

Көру анализаторы

Көру анализаторының құрылысы .Көру анализаторының сезгіш бөлімі көз алмасында орналасқан. Оларға торлы қабықтағы таяқша және сауытша пішінді фоторецепторлар жатады. Өткізгіш бөліміне к ө р у жүйкесі жатады. Ол көз алмасынан шығып, сопақша миға барып бағытын өзгертеді, содан соң оң көзден шыққан нерв сол жақ ми қыртысының желке тұсындағы көру аймағына, ал сол көзден шыққан көру нерві оң жақ ми қыртысындағы көру аймағына қозуды тасиды. Көру анализаторының қыртыс бөліміне ми қыртысының желке тұсында орналасқан оң және сол жақ көру орталықтары жатады.

Көз өте сезімтал, нәзік және маңызды сезім мүшесі. Оның дүние тануда, оқуда, сыртқы ортамен байланыс жасауда маңызы зор.

Құрылысы бойынша көру анализаторының сезгіш бөлімін 3 топтағы мүшелерге бөлуге болады: көздің қосымша құрылымдары, жарық өткізгіш және жарық сындырғыш құрылымдары, жарық қабылдағыш құрылымдар.

Қ о с ы м ш а құрылымдарға қас, кірпік, кірпік еттері, көз жасының безі мен оның қапшығы, көз еттері жатады. Бұлардың әрқайсысы белгілі бір қызмет атқарады. Қас, кірпік, кірпік еттері нәзік көз алмасын сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен (соққы, түрлі химиялық заттар, су, шаң-тозаң т.б.) қорғайды. Көз жасының безі мөлдір сұйық – көз жасын түзейді. Ол көз алмасын суландыру арқылы, көз алмасының қозғалысына байланысты туатын үйкелістен көзді тозудан сақтайды. Оны жуып-шайып, тазартып отырады және сыртқы ауадан келген микроорганизмдерді өлтіріп, олардың жағымсыз әсерінен қорғап қалады, яғни дезинфекциялық (фран. дез- — құрту, жою + инфекция — лат. жүқтыру) қызмет атқарады. Көз жасының артық мөлшері жас қапшығында қорда сақталып, қажет мезгілінде пайдаланылады. Тік және қиғаш орналасқан көз еттері көзалмасын қозғауға қатысады, солар арқылы көз бірнеше бағытта қозғала алады: жоғарыдан төмен және төменнен жоғары, жоғарыдан төмен ішіне қарай, жоғарыдан төмен сыртына қарай, алдынан артына қарай (өте аз шамада).

Көру анализаторының қалған екі топ құрылымдары көз алмасында орналасқан. Көз алмасы — күрделі құрылысты мүше. Ол бас сауытының көз шарасында орналасқан, пішіні шар тәрізді, тек алдыңғы жағы сәл дөңестеу келеді (1 -сурет).

    1-сурет.Көз алмасының Құрылысы . 1 — қасаң қабаты, 2 — алдыңғы сұйық камерасы, 3 — нұрлы қабық, 4 — артқы сұйық камерасы, 5 — цинн тарамыстары, 6 — кірпікті дене, 7 — көз бұршағы, 8 — тамырлы қабық, 9 — торлы қабық, 10 — сары дақ, 11 — көру нерві, 12 — шыны тәрізді дене.  

 

Көздің сыртын тығыз а қ қ а б ы қ қоршаған. Ол көз алмасының алдыңғы жағында мөлдір, дөңестеу қ а с а ң қабыққа айналады. Ақ қабықтан соң көз алмасын қанмен қамтамасыз етіп тұратын т а м ы р л ы қабат бар. Ол қан тамырларының торынан тұрады десек те болады. Тамырлы қабаттың ішкі бетінде жұқа бояу зат — пигмент болады. Көз алмасының алдыңғы жағында тамырлы қабат нұрлы қабыққа айналады. Нұрлы қабықтың алдыңғы дәл ортасында тесік болады. Оны көздің қ а р а ш ы ғ ы деп атайды. Қасаң қабықтың артқы жағында көздің сұйық екі камерасы және көз бұршағы орналасқан. Көз алмасының ішіндегі қалған кеңістік қоймалжың, іркілдеген мөлдір шыны тәрізді денеге толы болады. Көздің ақ қабығының артқы жағынан көзге көру нерві кіреді. Көздің нұрлы қабығының түсі ондағы бояуға байланысты болады. Оның түсі көгілдір түстен қою қара түске дейін болуы мүмкін. Соған байланысты қара, көк, қоңыр т.б. көздерді кездестіруге болады. Кей адамдардың пигменті мүлде болмайды. Ондай адамның (альбиностың) көзі қызыл болады.

Көздің сұйық камералары мөлдір сұйыққа толы болады. Бұл арнайы сұйық көз бұршағын қоректендіруге (көз бұршағының қан тамырлары болмайды), шыны тәрізді денені толықтыруға пайдаланылады. Көз бұршағы екі жақты дөңес келген мөлдір қапшықтың ішіндегі өте мөлдір қоймалжың зат. Көз бұршағының орта тұсы шетіне қарағанда тығыздау. Оның қапшығы тарамыс арқылы жоғары және төменгі жағынан бекітілген. Ол тарамыстарды Цинн тарамыстары дейді. Цинн тарамыстары көз бұршағының дөңестелуін реттейді.

Ішкі торлы қабығының құрылысы өте күрделі. Негізінен алғанда, ол жарық сәулелеріне сезімтал фоторецептор деп аталатын таяқша және сауытша тәрізді клеткалардан тұрады . Фоторецепторлар торлы қабықтың бойында орналасқан. Саны 137 миллион, оның 130 миллионы таяқша, ал 7 миллионы — сауытша клеткалар. Торлы қабықтың дәл ортасында сары да. Онда тек сауытша тәрізді фоторецепторлар болады. Сары дақ пен о қ барның дәл ортасында терең орналасқан сауытша клеткалары түсті жарық сәулелеріне сезімтал келеді. Торлы қабықтың шетінде таяқша тәрізді рецепторлар көп болады. Сауытша клеткалар күндіз мол жарықта түсті сәулелерді сезеді де, таяқша клеткалар ымыртта жарық аз кезінде түссіз жарық толқындарын қабылдайды. Осыған байланысты сауытша тәрізді клеткаларды күндіз көру, таяқша тәрізді клеткаларды түнгі көру рецепторлары деп санайды. Жарық сәулелерінің әсерінен фоторецепторларда түрлі физикалық және химиялық өзгерістер туады.

 

  2- сурет. Көздің торлы қабығы: 1 — пигмент клеткалар, 2 — таяқшалар, 3 — сауытшалар, 4 — сыртқы жарғақ, 5 — таяқшалардың денесі, 6 — аксонды нейрондар, 7 — биполярлы нейрондар, 8 — ганглий, 9 — эфференттік талшықтар, 10 — ганглий талшықтары.  

 

Көзді қорғаушы құрылымдары мен оптикалық жүйе.Қабақ пен кірпіктер қорғаныс қызметін атқарады. Көзге қауіп төнгенде рефлекторлы түрде көз жұмылып, қабақ пен кірпік нәзік көз алмасын сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғайды. Көз жұмылғанда көз жасы көз алмасын суландырады да оны құрғап, кеуіп қалудан сақтайды. Көз жасы өте мөлдір арнайы сұйық. Ол көз жасы безінде түзіледі. Оның 97,8 % су, 4,4% органикалық заттар, 0,8% түрлі түздар. Бұл сұйық көздің қасаң қабығын ылғалдандырып, оның мөлдірлігін сақтайды, зақымдайтын заттарды шайып тастап отырады. Бұған қоса, оның құрамындағы дезинфекциялық заттар микробтарды өлтіріп, оларды жояды.

Көздің қасаң қабығы, бұршағы және шыны тәрізді денесі-негізгі жарық сындырушы оптикалық жүйе. Олар жарық сәулелерін жинақтап, жарық толқындарын сындыру қызметтерін атқарады. Жарық сындыру қабілеті диоптрия деп аталатын сәулелердің ауытқу мөлшерін анықтайтын өлшеммен есептеледі. 1 диоптрия фокустық нүктесі 1 м қашықтықта орналасқан линзаның жарық сәулелерін сындыру күшіне тең. Жарық сындыру күші артқан сайын фокустық қашықтық азаяды.

Әрбір жарық сындырғыш аппараттың қабілеті, құрылысы әртүрлі екенін ескерсек, бұл жүйенің күрделілігін түсінуге болады. Көздің қарашығы арқылы жарық сәулелері көздің қасаң қабығы, бұршағы, шыны тәрізді денесі арқылы өтіп фокустық нүктеде жинақталып заттың нақтылы, бірақ кішірейген бейнесін торлы қабыққа түсіреді.

Әртүрлі қашықтықта орналасқан заттың бейнесін торлы қабыққа түсіру үшін көз бұршағы аккомодациял ы қ қызмет атқарады. Аккомодация деп көзден әртүрлі қашықтықта орналасқан заттардың бейнесін қабылдау қабілетін айтады. Алыста немесе жақында орналасқан заттарды қарағанда көз бұршағының әлпеті өзгеріп, жарық сәулелерін торлы қабыққа фокустық нүктеде жинап, заттың бейнесін дұрыс корсетеді. Жақындағы затты қарағанда көз бұршағы дөңестеледі, ал алыста орналасқан затты қарағанда-жақындатады. Бұл көз бұршағының Цинн тарамыстарының аккомодациялық еттерін босатып немесе тартуы арқылы жүзеге асады.

Көздің шыны тәрізді денесі жарық сындырғыш құрылымдарының ішіндегі ең күштісі. Мұнда жеткен жарық сәулелері сынып, торлы қабықтың үстінде фокустық нүктеде жиналады. Егер шыны тәрізді дененің жарық сындыру қабілеті тым күшейсе, сәулелер торлы қабыққа жетпей фокусталып, ал нашарласа — одан асып жиналады. Мұндай жағдайларда заттың бейнесі бұлдырланып, анық көрінбейді. Шыны тәрізді дене кебе бастаса да, көру қабілеті төмендейді. Оның 1/3 бөлігі жойылса, көздің көру қабілеті жойылады, ал одан аз мөлшері кемісе, көздің камераларының сұйығы арқылы толтырылады. Шыны тәрізді денеде сәулелердің сынуына байланысты заттың бейнесі аударылып көрінеді. Сондықтан да кішкентай бөбектер май шамның отына қызығып, қолын созып ұстағанда ол отты емес, май шамның өзін ұстайды.

Көздің торлы қабығындағы таяқша және сауытша тәрізді клеткаларда фокустық нүктелерде жинақталған сәулелердің әсерінен олардың ішіндегі ерекше арнайы заттар фотохимиялық реакцияларға түсіп, ыдырай бастайды. Таяқша клеткаларда родопсин, сауытша клеткаларда иодопсин деп аталатын заттар болады.

Кейбір адамдар заттың түсін мүлде анықтай алмайды. Мұндай кемшілікті осы аурумен ауырған ағылшын ғалымы химик Дальтонның атымен дальтонизм деп атайды. Дальтониктер барлық түсті заттарды сұр немесе қоңыр түсте қабылдайды. Бұл кемшілік әрбір 100 азаматтардың 4-5 ер адамында байқалады. Әйелдерде бұл кемшілік өте аз кездеседі, не бары 0,5 % ғана.

Дыбыс анализаторы

Дыбыс анализаторының құрылысы мен қызметі.Дыбыс анализаторының шеткі бөліміне — ішкі құлақ та орналасқан К о р т и м үш е с і, өткізгіш бөліміне — д ы б ы с н е р в і, қыртыс бөліміне — самай тұсында орналасқан дыбыс естуорт а л ы ғ ы жатады. Дыбыс анализаторының ең шеткі бөлімі -құлақ үшке бөлінеді: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ болып.

Дыбыс нервтері сопақша мида бір-бірімен түйісіп, бағытын ауыстырады: оң жақ құлақ тан келген дыбыс жүйкесі сол жақ самайға, ал сол жақ құлақ тан келген нерв қозуды оң жақ самайға өткізеді. Дыбыс анализаторының қыртыс бөлімі ми қыртысының самай тұсында жатқан сенсорлық (41 аймақ) және ассоциативтік (22, 42 аймақтар) зоналардан тұрады . Сенсорлық зона бұзылғанда толық керең, ал ассоциативтік зонаның 22-аймағы бұзылғанда музыкалық керең, 42-аймақ бұзылғанда сөз керендігі пайда болады.

Құлақ күрделі құрылысты мүше. С ы р тқ ы қ ұ л а қ құлақ қалқаны мен сыртқы құлақ түтігінен тұрады . Құлақ қалқаны дыбыс толқындарын жинап, сыртқы дыбыс түтігі арқылы дабыл жарғағына жібереді. Дыбыс толқындары екі құлақ қа әртүрлі мерзімде жетуіне байланысты құлақ қалқандары дыбыстың бағытын, шыққан орынын анықтайды.

Дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақ тан бөліп тұрады . Ол ішіне қарай ойыңқы құрылыс. Оның қалыңдығы ересек адамда 0,1 мм, кеңістікте 45 градусқа көлбеу орналасқан.

Ортаңғы құлақ самай сүйегінің қуысында орналасқан дабыл қуысынан тұрады . Сол қуыста 3 дыбыс сүйектері бар: балғаша, төсше, үзеңгіше. Ортаңғы құлақ тың қуысын мұрын-жұтқыншақ қуысымен байланыстыратын Эвстахи түтігі бар. Бұл түтік ауыз-мұрын қуысынан келген ауаны ортаңгы құлақ қуысына өткізіп, дабыл жарғағының екі жағындағы ауаның қысымын теңестіріп тұрады. Балғашаның сабы дабыл жарғағымен ұштасқан. Балғаша тосшемен, ол үзеңгімен буындасқан. Үзеңгішенің табаны ішкі құлақ тың сопақша тесігін жауып тұрады . Сопақша тесіктің беті жұқа жарғақпен жабылған.

Ішкі құлақта екі анализатортың шеткі бөлімдері орналасқан: біріншісі, вестибулярлық аппарат бір-біріне перпендикуляр орналасқан жартылай айналмалы 3 каналдар мен олардың табалдырығынан тұрады; екіншісі, ұлу сүйегі — есту мүшесі. Ұлу сүйегі тәрізді қүрылым екі жарым есе айналым жасайтын спиральды сүйек түтігі. Оның ішінде екі жарғақ бар: вестибулярлық және негізгі. Бұл жарғақтар ұлу сүйегінің каналын үшке бөледі: жоғарғы, ортаңғы және төменгі. Жоғарғы және төменгі қуыстар перилимфа сұйықтығына толы болып, ұлу сүйегінің үстіңгі жағында кішкентай тесік арқылы бір-бірімен жалғасады. Сол тесік арқылы перилимфа араласып тұрады . Үзеңгіше сопақша тесіктің жарғағын итергенде жоғарғы қуыстағы перилимфа төменгі қуысқа құйылып, ішкі құлақ тың дөңгелек тесігінің мембранасы ортаңғы құлаққа қарай ығысады. Негізгі мембрана бір-біріне көлденең орналасқан, әлсіз байланысқан 24 мың дәнекер талшықтардан тұрады . Ұлу сүйегінің түп жағындағы талшықтар қысқа, ұзындығы 0,4 мм, ал жоғарғы жағында ұзындау — 0,5 мм болады. Негізгі мембранада корти мүшесі орналасқан. Ол — дыбыс қабылдаушы негізгі мүше.

Корти мүшесі түкті клеткалардан тұрады. Әрбір түкті клетканың жоғарғы жағында ұзындығы 4 микрон 60-70 түктері болады. Негізгі мембрана шайқалғанда оның түктері жабық мембранаға тиіп, тітіркенеді. Рецепторлық клеткалармен жалғасқан дыбыс нерві арқылы қозу қыртыс бөліміндегі дыбыс орталығына барады.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-05; просмотров: 264; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты