Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Мазмұны




Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

 

Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасы

 

5В071900 «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығында білім алып жатқан

студенттерге қорытындылау мемелекеттік аттестациясын өткізу

және дайындық жасауы бойынша

ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

 

Астана 2011


 

 

Авторлары: А.Б.Мирманов, А.Б.Алтайбаева,

К.Ж.Наурыз, С.Ю. Рябцунов;

 

 

Әдістемелік нұсқауда студенттерге мемлекеттік емтихан тапсыру үшін қажетті ұсыныстар мен бірегей талаптар келтірілген.

Әдістемелік нұсқау 5В071900 «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білім алып жатқан студенттерге бакалавр академиялық дәрежесіне ие болуы үшін қажетті аттестациялық сынақтар келтірілген.

 

Пікір жазушы:

И.И.Тазабеков, т.ғ.д., профессор – С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының профессоры.

 

 

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының отырысында (хаттама № 422.11. 2011 ж.) қаралды.

 

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің энергетикалық факультетінің әдістемелік комиссия отырысында хаттама (№ 4 «_25_»_11_2011 ж.) қаралды.

 

 

© С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, 2012 ж.

Мазмұны

1 Қолдану аясы................................................................................................4

2 Нормативті сілетемлер ………………………………………............……4

3 Жалпы ережелер ....…………………………………………………...…...4

4 Бітірушінің теориялық және практикалық білімдерінің мазмұны....…..4

4.1 Жалпы талаптар ….,.……………………………………………...5

4.1.1 Бітіруші келесі түрдегі кәсіптік аясын орындауға

дайын болуы қажет…………………………………………….……………..4

4.1.2 Бітіруші келесі түрдегі мәселелерді шешуге дайын

болуы қажет …………………………………………………………………6

4.1.3 Бітіруші білуі қажет:……………………………………….

4.2 Пәнаралық мемелекеттік емтихан сұрақтарының тізімі………

4.2.1 «Электроника және аналогты құрылғылар схемотехникасы»…

4.2.2 «Цифрлы құрылғылар мен микропроцессорлар»………………

4.2.3 «Сымсыз байланыс технологиясы»………….

4.2.4 «Цифрлы байланыс технологиясы»………………

4.3 Бағалау парағының элементтері…………………………………..

5 Мемлекеттік емтихандағы жауапты бағалаудың критерийлері………….

6 Мемлекеттік емтиханға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқау............

Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................

 

1 Қолдану аясы

 

Әдістемелік нұсқау 5В071900 «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білім алып жатқан студенттерге бакалавр академиялық дәрежесіне ие болуы үшін қажетті мемлекеттік емтихан өткізу және оған дайындалудың жалпы талаптарын орнатады.

 

 

2 Нормативті сілетемлер

 

Аталған құжатта келесі стандарттар қолданылған:

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылдың 23 желтоқсанында № 779 бұйрығымен бекітілген 3.08.345-2006 ҚР МЖБС Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыміндетті білім стандарттары;

- Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашасында бекітілген № 603 – ІІ ҚРЗ «Техникалық реттеулер жайындағы» заңы;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылдың 2 наурызында № 195санымен бекітілген жоғары кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің Типтік ережелері.

 

 

3 Жалпы ережелер

 

3.1 Берілген білім беру бағдарламасының қорытынды мемлекеттік аттестациясы деп бакалавр немесе маманның бағыты бойынша мемелекеттік емтиханын тапсыруын және бітірушінің дипломдық жұмысын жазып қорғауын түсінеміз.

3.2 Әдістемелік нұсқаудың мақсаты бағыттың (маманның) Мемлекеттік жалпыміндетті білім стандарттарында қарастырылған білім деңгейіне жетісу үшін пәнаралық мемлекеттік емтихандарына студенттердің өз бетінше дайындалуын басқару мен ұйымдастыру болып саналады.

3.3 Әдістемелік нұсқаудың басты мәселесі бітірушінің теориялық және практикалық маңызын сипатау; пәнаралық мемлекеттік емтихандарында қарастырылатын сұрақтар тізімі; бітірушінің емтихандағы кәсіптік қызметі деңгейіндегі дайындығын анықтау үшін берілетін жауаптарының талаптары.

 

4 Бітірушінің теориялық және практикалық білімдерінің мазмұны

 

4.1 Жалпы талаптар

 

4.1.1 Бітіруші келесі түрдегі кәсіптік аясын орындауға дайын болуы қажет

 

- өндірістік-технологиялық,

- жобалау,

- ғылыми-зерттеулік,

- ұйымдастырушылық-басқарушылық.

Қызмет аясының нақты түрлері жоғары оқу орындарында жасалған білім беру бағдарламаларымен анықталады.

 

 

4.1.2 Бітіруші келесі түрдегі мәселелерді шешуге дайын болуы қажет

 

а) өндірістік-технологиялыққызмет аясы:

- коммутация жүйелері мен байланыс желілерінің жұмыс жасауының сапасын, оптикалық байланыстың құралдарын, радиобайланыс пен теледидар және радиомен хабар тарату өндіріс орындарын, жылжымалы радиобайланыс жүйелерін бақылауды тиімді жүргізу және ұйымдастыру;

- коммутация жүйелері мен байланыс желілерінің құрылғыларына, электр байланысының көп арналы жүйелері мен бағыттаушы жүйелеріне, радиобайланыс пен теледидар және радиомен хабар тарату өндіріс орындарын, жылжымалы радиобайланыс жүйелеріне техникалық қызмет көрсету;

- байланыс желілерінің, жобалау кезіндегі өндірістік үрдістерді ұйымдастыру үшін есптеуіш техникалары құралдарының, электр байланысының көп арналы жүйелері мен бағыттаушы жүйелерінің, радиобайланыс пен теледидар және радиомен хабар тарату өндіріс орындарының, жылжымалы радиобайланыс жүйелерінің қорларын тиімді пайдалану;

- электр байланысы желілерін, радиобайланыс пен теледидар және радиомен хабар тарату өндіріс орындарын, жылжымалы радиобайланыс жүйелерін автоматты түрде басқару;

- байланыс құралдарының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту, жаңғырту, жетілдіру және электр байланысының көп арналы жүйелері мен бағыттаушы жүйелерін монтаждау мен құру;

- коммутация жүйелері, байланыс желілерінің және оларды құраушы элементеріне, электр байланысының көп арналы жүйелері мен бағыттаушы жүйелеріне, радиобайланыс пен теледидар және радиомен хабар тарату өндіріс орындарының, жылжымалы радиобайланыс жүйелерін мен оларды құраушы элементеріне стандартты және сертификатталған сынақтар жүргізу;

- байланыс жүйелері мен желілерінің, электр байланысының көп арналы жүйелері мен бағыттаушы жүйелерінің, радиобайланыс пен теледидар және радиомен хабар тарату өндіріс орындарының, жылжымалы радиобайланыс жүйелерінің параметрлерін өлшеудегі негізгі құралдарын метрологиялық тексеруді орындау;

- өндіріс орнының өнімділік қызметі үрдісіндегі қоршаған ортаны қорғау мен тіршілік қауіпсіздігін, еңбекті қорғау бойынша шаралар ұйымдастыру;

 

б) жобалылық қызмет аясы:

- электр байланысының коммутациялық стансалары, тораптары мен жүйелерін, телекоммуникациялық желілердің түрлі бөлімдеріндегі оптикалық байланыс жолдарын, электр байланысының бағыттаушы жүйелерін ескергендегі көп арналы жүйелерін, радиобайланыс пен радиомен хабар тарату өндіріс орындарының стационарлы жүйелері мен құрылғыларын, жылжымалы радиобайланыстың жүйелері мен құрылғыларын жобалауды жасау;

- байланыс жүйелерінің блоктары мен жеке құрылғыларын жаңғырту мен жобалау, телекоммуникациялық жүйелеріндегі ақпараттарды қорғаудың бағдарламалық – математикалық және арнайы техникалық құрылғыларды ендіру және жобалау;

- жоба мақсатын, критерийлері мен мақсатының жетістктері көрсеткіштерін, мақсатты декомпозициялауды, басымды мақсаттарды анықтауды айқындау;

- мәселелерді шешудің жалпыланған варианттарын жасау, осы варианттарды бастапқы мәліметтерінің анық еместілігін және көп критерийлілігін ескере отырып талдау, оның салдарын болжау, мәселенің көп варианттылық жағдайында ымыралы шешімдерін табу;

- жаңа телекоммуникациялық технологиялық жобаларды ендіруді есепке ала отырып амалға асыруды жоспарлау;

- байланыс құралдарының практикалық қолданылуы мен оларды құрудың түрлі варианттарын салыстырмалы техникалық-экономикалық талдау;

- электр байланыс жүйелерінде қолданылатын техникалық сипаттамалардың, стандарттардың, техникалық жағдайларының жобаларын жасау.

- байланыс құралдарының жобалаумен байланысты болған техникалық ұсыныстарын, техникалық тапсырмаларын және басқа да құжаттарын экспертті бағалау жүргізу.

в) ғылыми-зерттеулік қызмет аясы:

- телекоммуникациялық желілердің, электр байланысының көп арналы жүйелері мен бағыттаушы жүйелерінің, оптикалық байланыс жүйелерінің, радиобайланыс пен теледидар және радиомен хабар тарату өндіріс орындарының, жылжымалы радиобайланыс жүйелері мен оларды құрайтын элементтердің құрылымдарын оптимизациялау, синтездеу және талдау әдістерін қолдану;

- байланыстың толық жүйелері мен жекеленген элементтерінің параметрлерін оптимизацялау мен зерттеу үрдісі уақытында физикалық және математикалық модельдеу әдістерін қолдану және жасау;

- телекоммуникациялық желілері мен оларды құраушы элементтердің, электр байланысының көп арналы жүйелері мен бағыттаушы жүйелерінің, есептеуіш техникасы құралдарын кең көлемде қолданылған стационарлы және мобильді радиобайланыс пен теледидары жүйелерінің параметрлерін өлшеу әдістерін жүргізуін, бағдарламасын және жоспаларын жасау;

- электр байланыс желілерінің басқа параметрлері мен жұмыс жасауы сапасының көрсеткіштерін, трафигін талдау және болжалдау;

- электр байланысының көп арналы жүйелері мен бағыттаушы жүйелерінің, стационарлы және мобильді радиобайланыс пен теледидарды хабарламалар жүйелерінің бір қатар басқа да параметрлерінің жұмыс жасауы сапасының көрсеткіштерін, дамуын талдау және болжалдау, телекоммуникациялық жүйелердегі ақпараттарды қорғау бойынша практикалық шешеімдердің ең тиімдісін таңдау мен табу мақсатында зерттеулер жүргізу;

- байланыстың перспективалы құралдарын құруда және зерттеулер барысында НИОКР-ларды жүргізуде қажетті құжаттарды жасау, телекоммуникация аймағындағы библиографиялық ізденулер мен патентті зерттеулер жүргізу және ұйымдастыру.

 

г) ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет аясы:

- орындаушылар ұжымының жұмысын ұйымдастыру, түрлі ой-пікірлерде ескергендегі ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдер қабылдау;

- телекоммуникациялық желілердің, электр байланысының көп арналы жүйелері мен бағыттаушы жүйелерінің, радиобайланыс пен теледидар және радиомен хабар тарату өндіріс орындарының жұмысының сапасын басқару және техникалық бақылауын орындау;

- телекоммуникациялық желілердің, электр байланысының көп арналы жүйелері мен бағыттаушы жүйелерінің, радиобайланыс пен теледидар және радиомен хабар тарату өндіріс орындарының дамуының қысқа уақытты, сондай-ақ ұзақ мерзімді жобалауындағы (сапасы, сенімділігі, құны, ақпараттық қорғалғандығын, орындалу мерзімін) көп критерийлі шешімдерді қабылдау;

- телекоммуникациялық жүйелердегі ақпараттарды қорғау бойынша шаралардың инженерлі-техникалық және ұйымдастыру- шылығын қамтамасыз ету;

- телекоммуникациялық желілердің, электр байланысының көп арналы жүйелері мен бағыттаушы жүйелерінің, радиобайланыс пен теледидар және радиомен хабар тарату өндіріс орындарының жұмыс жасауын жобалаудағы өндірістік және өндірістік болмаған шығындарды бағалау; байланыстың жүйелері мен желілерінің дамуын жоспарлаудағы негізделшген техникалық-экономикалық шешімдер қабылдау;

- телекоммуникациялық қызметтер нарығында байланыс өндіріс орындарының қызметтік аясының рентабелділігін қамтамасыз ететін шараларды өткізу;

- телекоммуникация кадрларын дайындау мен қайта дайындау (тағылымдамадан өткізу), лайықты қызметтерге тағайындау, таңдау бойынша қажетті шаралар жүргізу;

Жоғарыда аталып өткен кәсіби мәселелерді шешу үшін инженер:

- жобалау; ақпараттық қызмет көрсету; өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару; метрологиялық қамтамасыз ету; техникалық бақылау бойынша ғылыми-техникалық қызмет аясы аймағында жұмыстарды орындайды;

- табиғи ресурстарды, энергиялар мен материалдарды пайдалы қоладануға мүмкіндік туғызу;

- әдістемелік және нормативті материалдарды, техникалық құжаттарды, сондай-ақ жасалынған жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар мен іс-шараларды жасап, жетілдіреді;

- техникалық-экономикалық талдау жүргізеді, қабылданушы және жүзеге асырылатын шешімдірді кешенді негіздейді, орындалатын жұмыстың циклін қысқарту мүмкіндіктерін анықтайды, оларды орындау үдірісін дайындауға көмектеседі, қажет болған техникалық мәліметтерімен, материалдарымен және құрылғыларымен қамтамасыз етеді;

- зерттеулерді жүзеге асыру бойынша жұмыстарға, жобалар мен бағдарламаларды жасауға, құрылғыларды сынау және оларды өндірісте қолданысқа жіберу үшін өткізілетін іс-шараларға, сонымен қатар техникалық құралдарды, жүйелер мен үрдістерді, материалдар мен құрылғыларды станрдартизациялау бойынша жұмыстар орындауға, түрлі техникалық құжатарды қарап шығуда және қажетті шолулар, пікірле, қорытындылар дайындауға қатысады;

- қажетті ақпаратарды, техникалық мәліметтерді, көрсеткіштері мен жұмыс нәтижелерін талдайды және үйренеді, оларды жалпыландырып бір жүйеге келтіреді, қазіргі заманға сай техникалық құралдарды қолдана отырып қажетті есептеулер жүргізеді;

- жұмыс кестесін, тапсырыстарды, сұранымдарды, нұсқауларды, түссініктеме жазбахаттарын, схемаларды және басқа да техникалық құжаттарды жасайды, сонымен қатар белгіленген формалар мен белгіленген мерзімде белгіленген есептерді тапсырады;

- жобалар мен бағдарламаларды, жоспарлар мен келісім шарттарды жасауда және жүзеге асыруда әдістемелік және практикалық көмек көрсетуі керек;

- техникалық құжаттардың сараптамасын жасайды, құрылғыларды пайдалану бойынша жіне оның жағдайына бақылау жүргізеді, қорларды анықтайды, жұмыстағы жетіспеушіліктер мен олқылықтар пайда болғанда олардың себеін анықтайды, осыларды жою бойынша және қолданудың тиімділігін артыру үшін шаралар қолданылады;

- бекітілген талаптарды, қазіргі кездегі нормалар, ережелер мен стандарттардың сақталуын қадағалау;

- жұмыскерлердің ғылыми-техникалық білімін арттыру бойынша жұмыстарын ұйымдастыру;

- шығармашылық бастамаларды дамытуда, рационализациялауда, өнер тапқыштықта, отандық және шет елдік ғылымдардың, техниканың жетістіктерін ендіруде мүмкіншілік беру; кәсіпорынның, ұйымның, өндіріс орнынығ тиімді жұмысын қамтамасыз ететін алдыңғы сапты тәжірибелерді қолдану.

 

4.1.3 Бітіруші білуі қажет:

 

- қолдаылатын және жасалынатын техникалық құралдың, материалдардың және олардың қасиетінің конструктивті ерекшелігін, техникалық сипаттамасын, жұмыс үрдісін;

- орындалатын жұмыстың зерттеу әдісін, ережесі мен шартын;

- техникалық есептеулерді жүргізу әдістерін және зерттеулер мен жасаулардың экономикалық тиімділігін анықтауды;

- техникалық құжаттарға, материалдарға, бұйымдарға қойылатын негізгі талаптарды;

- орындалатын жұмысқа қатысты болған қаулылар, өкімдер, жоғарғы буын және басқа да ұйымдардың бұйрықтары, әдістемелік, нормативті және жетекші материалдарды;

- ғылым мен техниканың жетістіктерін, білім аймағында орындалатын жұмысқа сәйкес алдыңғы қатарлы және шет елдік тәжіибелерін;

- мекеме, ұйым, өндіріс орындары қызметтерінің ерекшелігі мен техникалық дамуының перспективаларын;

- экономика негіздері, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастыру;

- еңбек заңдылығының негіздерін, еңбекті қорғаудың ережелері мен нормаларын, өндірістік санитария мен өрттен қорғаушылықтың техникалық қауіпсіздігін.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-05; просмотров: 99; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты