Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Бөлім. Макроэкономикалық реттеу




271. Аталғандардың ішіндегі қайсысы өндіріс шығындарының өсуімен байланысты инфляцияға еш қатысы жоқ?

А) пайыздық мөлшерлеменің өсуі

Б) бір өнімге шаққандағы шығын құнының өсуі

В) жалақының қарқынды өсуі

+Г) жұмысбастылық пен өндірістің өсуі

Д) өндіріс шығынының өсуі

272.Филипс қисығы инфляция мен ... арасындағы байланысты білдіреді:

А) нақты пайыз мөлшері

Б)ақша ұсынысы

В)пайыз деңгейі

Г) экономикалық цикл

+Д) жұмыссыздық пен жұмысбастылық деңгейі

273. Жай ағымдық инфляция:

+А) нарықтың негізгі агенттері мен сегменттері бейімделетін инфляция қарқынын көрсетеді

Б) ұсыныс тарапынан болатын инфляция түрлеріне жатқызуға болады

В) әдетте жиынтық сұраныстың ықпалымен дамиды

Г) елеулі түрде ауытқуы мүмкін күтпеген деңгеймен сипатталады

Д) әдетте жиынтық ұсыныс ықпалымен дамиды

274. М1 ақша агрегаты неден тұрады?

А) металл және қағаз түріндегі қолма-қол ақша, жедел

салымдардан

+Б) металл және қағаз түріндегі қолма-қол ақша, чектік

салымдардан

В) металл және қағаз түріндегі қолма-қол ақша, барлық банктік депозиттерден

Г) барлық ақшалардан

Д) барлық банктік депозиттерден

275. М2 ақша агрегаты неден тұрады?

+А) металл және қағаз түріндегі қолма-қол ақша, жедел

салымдардан

Б) металл және қағаз түріндегі қолма-қол ақша, чектік

салымдардан

В) металл және қағаз түріндегі қолма-қол ақша, барлық банктік депозиттерден

Г) барлық ақшалардан

Д) барлық банктік депозиттерден

276. Мерзімді ірі салымдар ненің құрамына кіреді?

+А) М3 ақша агрегатының

Б) М2

В) М1

Г) М2+М3

Д) М1+М2

277. Мұндағы қаржылық институттарға қатысты қай анықтама дұрыс емес?

А) қаржы институттары пайда табу мақсатында өз қызметтерін ұсынады

+Б) банк салымдарды тек қана сақтау үшін және қолма-қол

ақшамен қабылдайды

В) Банктік қарыз ақша ұсынысының қосымша құралы

болып табылады

Г) несие беру – барлық қаржы институттарының негізгі қызметі болып табылады

Д) орталық банк ақша-несие саясатын жүргізеді

278. Айналыстағы ақша көлемінің өсуіне тікелей әсер етеді:

А) ақша айналымының жылдамдығының өсуі

Б) қолма-қол ақшасыз есептің өсуі

+В) шығарылатын өнім бағасының өсуі

Г) шығарылатын өнім санының азаюы

Д) ақша айналымының жылдамдығының төмендеуі

279. Жылжымайтын мүлікті кепілдікке алатын ұзақ мерзімді ақшалы несие:

+А) ипотекалық несие

Б) тұтынушылық несие

В) коммерциялық несие

Г) банктік несие

Д) мемлекеттік несие

 

280. Банктің белсенді операцияларына жатады:

А) салымдарды тарту

Б) несиелерді басқа банктер арқылы алу

В) түрлі облигацияларды эмиссиялау

+Г) несие беру

Д) алтын валюталы қорды сақтау

281. Талап етуге дейінгі есеп шот ашу мен қарыз беруді қандай банк атқарады?

А) орталық банк

+Б) коммерциялық банк

В) ипотекалық банк

Г) ұлттық банк

Д) жинақ банкі

282. Қор биржасы – бұл:

А) тауарлар көтерме бағамен сатылатын және сатылып алынатын нарық

Б) несие бойынша келісім шарттар жасалатын нарық

В) жұмыс күшін жалдау нарығы

+Г) бағалы қағаздар сатылатын және сатып алынатын нарық

Д) ғылыми-техникалық зерттемелер нарығы

283. Ақша-несие саясаты жүргізіледі:

А) елдің үкіметімен

Б) елдің барлық қаржы несие мекемелерімен

+В) елдегі орталық банкпен

Г) қаржы министрлігімен

Д) тек коммерциялық банктермен

284. Банк пайдасы – бұл:

А) несие мен депозиттің пайыздық мөлшерлемелерінің арасындағы айырмашылық

+Б) банктің барлық шығыстары мен табыстары арасындағы айырмашылық

В) банктік несие бойынша пайыздар

Г) банктік депозит бойынша пайыздар

Д) капитал бойынша пайыз

285. Пайыз мөлшерлемесі төмендегендей:

А) ақша массасына деген сұраныс азаяды

+ Б) ақша массасына деге сұраныс жоғарылайды

В) өтімділігі жоғары құралдар алғысы келетіндер саны азаяды

Г) ақша массасына деген сұраныс өзгермейді

Д) пайыздық мөлшерлеме ақша массасына ешқандай әсер етпейді

286. Несие берудің негізгі қағидасы:

А) мерзімділігі

Б) қайтарымдылығы

+В) материалдық жағынан қамтамасыз етілуі

Г) ақылылығы

Д) мақсатқа арналуы

287. Төлем мерзімін ұзарту арқылы тауарды сату қай несиемен байланысты?

+А) коммерциялық несие

Б) банктік несие

В) мемлекеттік несие

Г) лизинг

Д) факторинг

288. Материалдық құралдарды жалға беру және біртіндеп құнын төлеуге негізделген несиенің ақшасыз түрі қандай?

А) коммерциялық несие

Б) мемлекеттік несие

+В) лизинг-несие

Г) факторинг

Д) ипотекалық несие

289. Нарықтық экономика жағдайындағы банктік несиенің маңызды мақсаты:

А) тұтынуды дамыту

Б) айырбасты ұлғайту

+В) несие пайызын алу

Г) капиталдың сақтау

Д) кәсіпкерге қайырымдылық көмек беру

290. Мемлекеттің негізгі қаржылық органы болып табылады:

А) мемлекеттік банк

+Б) мемлекеттік бюджет

В) салық жүйесі

Г) қор биржасы

Д) ұлттық және коммерциялық банктер

291. Мемлекеттің барлық ақша ресурстары мен оларды бөлуді көрсететін мемлекеттің қаржылық жоспары:

А) мемлекет қаржысы

Б) қаржы жүйесі

+В) мемлекеттік республикалық бюджет

Г) несие жүйесі

Д) фискалды саясат

292. Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы қандай салық?

А) кемімелі

+Б) үдемелі және біркелкі емес

В) пропорционалды

Г) әділетсіз

Д) жанама

293. Тікелей салық – бұл:

А) тауар сатуға салынатын салық

Б) тауарды алып-сатуға салынатын салық

В) мүлікке салынатын салық

+Г) табыстың барлық түріне салынатын салық

Д) қосылған құнға салық

294. Кемімелі салық мөлшерлемесі:

А) табыстың өсуімен байланысты ұлғаяды

Б) табыс өскенде өзгермейді

+В) табыс өскенде қысқарады

Г) табыс төмендегенде өзгермейді

Д) табыс мөлшері азайғанда төмендейді

295. Пропорционалды салық мөлшерлемесі:

А) табыс өскенде өзгермейді

Б) табыс азайғанда өзгермейді

+В) табыс қанша өзгерсе де өзгермейді

Г) табыс өзгерісіне сәйкес өзгермейді

Д) табыстың өзгеруіне пропорционалды өзгереді

296. Мемлекеттік бюджетте тапшылық болады, егер:

А) Мемлекеттік шығыстар қысқарса

+Б) Мемлекеттік шығыстары кірістен жоғары болса

В) Салық қысқарса

Г) Салық көбейсе

Д) Мемлекеттік шығыстар өссе

297. Экономиканы тұрақтандыру үшін қолданылатын фискалды саясаттың құралы болып табылады:

А) Резерв нормаларын жоғарлату

Б) Ашық нарықтағы операциялар

В) Есептік мөлшерлемені өзгерту

+Г) Мемлекеттік шығыстарды көбейту және азайту

Д) Құнды қағаздармен операция жасау

298. Халықаралық еңбек бөлінісіне анықтама беріңіз:

+а) елдің белгілі бір тауарлар мен қызметтер өндірісіне мамандануы

б) әлемдік шаруашылықта шектеулі ресурстарды бөлу

в) білікті жұмысшы күшінің әлемдік нарықтағы қозғалысы

г) ұлттық және әлемдік жұмыс күшінің пропорциясын белгілеу

д) елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы

299. Капиталды сыртқа шығару ұғымын түсіндіріңіз:

а) өндірісті тиімді ұйымдастыру

+б) капиталды тиімді орналастыру және пайдалану мақсатында басқа елдерге экспорттау

в) басқа елдерге көмек көрсету

г) халықаралық несилеуді ұлайту

д) басқа елдерге қарызды жабу

300. Протекционизм саясатын алғаш ұсынған кімдер?

а) физиократтар

б) ерте меркантилистер

в) максималистер

+г) кейінгі меркантилистер

д) неоклассиктер

301. Протекционизм өкілдерінің пікірі бойынша сауда кедергілерін енгізудегі мақсат:

а) ұлттық экономика салаларындағы жұмысбастылықты азайту

+б) ұлттық экономика салаларын қорғау

в) ішкі монополияларды қалыптастыру

г) елдің қорғаныс қабілетін әлсірету

д) әлемдік нарықтың бәсекеге қабілетін әлсірету

302. Абсолютті артықшылықтар қағидасын ең алғаш енгізген кім?

а) К. Маркс

б) Дж.М.Кейнс

в) Д. Рикардо

+г) А. Смит

д) А. Маршалл

303. Салыстырмалы артықшылықтар қағидасына негізделген халықаралық сауда мен мамандану:

а) елдің ішкі тұтынуының қысқаруы

б) елдің ішкі тұтынуының артуы

+в) өндіріс тауарларының артуы, елдің тұтыну деңгейінің оның өндірістік мүмкіншіліктерінен жоғары болуы

г) жалпы тұтынудың артуы

д) жалпы тұтынудың қысқаруы

304. Бреттон Вуд валюта жүйесі:


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-05; просмотров: 61; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты