Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Орман экожүйесінің биосферадағы рөлі.




Орман деп ағаш пен бұта өсімдіктерінің және жанды табиғаттың басқа да компоненттерінің жиынтығы негізінде белгілі бір аумақта қалыптасқан, қоршаған ортамен өзара байланыстағы және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәні бар табиғи кешенді атаймыз. Жер шарында орман қоры 37,0 млн км2, ал жер шарының ауданы 149 млн.га, оның 7,7 Ресей мемлекетінің үлесіне, Канадаға – 4,2, Бразилияға – 3,3, АҚШ – 2,9 млн км2 үлесіне тиеді.

Дүние жүзілік орман қорындағы сүректі ағаштардың қоры орташа есеппен 370 млрд м3 деп есептеледі. Ең жоғарғы ресурсты потенциал Еуразия құрлығына тиесілі, ондағы сүректі ағаштардың үлесі – 42% көрсетеді. Ал Ресейде ол көрсеткіш – 22%. Канадада – 6%, АҚШ – 6%, Европа елдерінде тек – 5%.

ХХ ғасырдың басында дүние жүзілік орман қоры - 27-28 % дейін күрт төмендеп, табиғи және жасанды жолмен күрделі өзгерістерге ұшырады. Солтүстік Америкада ол көрсеткіш 30%, Азия елдерінде – 30%, ең төмен көрсеткіш Австралияда шамамен 10%. Орталық Европада шыршалы ормандар емен ағашты ормандардың орнына жасанды орман өсіріледі. Солтүстік Америкада, Жапонияда жылдам өсетін ағаштарды отырғызып, жасанды ормандарды көбейтуде. Ал Ресейдің тайгалы ормандарында қылқан жапырақты ормандар көп алқапты алып жатыр.

Нарықтық қатынастарға байланысты адамзат баласының орман ресурстарына деген сұранысы жылдан жылға артып отыр. Сондықтан да орманды пайдалану көрсеткіші де жоғары болуда.

Орман табиғи кешен ретінде көпсалалы қызмет атқарады:

ü орман табиғаттағы оттегі мен көміртегі айналы­мында маңыз­ды рөл атқарады;

ü орман ауаға шығарылған зиянды заттарды сіңіріп, ауаны, қоршаған ортаны тазартады, сондай-ақ дыбыстық ластау­ды бәсеңдетеді;

ü орман микроклиматтық әсер етеді және ғалам­дық деңгейде климат реттеуші қызмет атқарады;

ü орман экологиялық жүйелерде ылғалдылық сақтауға, судың айналы­мы­на қатысады;

ü орман топырақ эрозиясын болдырмай, ланд­шафты, то­пы­рақтың құнарлығын реттейді;

ü орман рекреациялық және рухани-эстетикалық қызмет­тер атқарады;

орман белгілі дәрежеде жердегі экологиялық қауіп­сіздікті қамтамасыз етуші фактор;

ü орман экономиканың көптеген салаларының шикізат көзі және шаруашылық іс-әрекеттерде кең қолда­нылады;

ü орман көптеген өсімдіктер мен жануарлардың өсу, өмір сүру ортасы, яғни жердегі биологиялық алуан түрлі­ліктің сақталуы­ның табиғи ортасы.

Алайда, соңғы жылдары адамдардың шаруашылық әрекеттерінен орман қоры бұзылды. Тоқырауға ұшырады. Соң­ғы 10 мың жылда жердегі орманның 1/3 жойылған, қазіргі күннің өзінде жыл сайын тропикалық ормандар 17 млн-ға азайып отыр ХХ ғасырдың 60-шы жылдарымен салыстырғанда жыл сайынғы орман ағаштарын кесу 50%-ға артқан. Жыл сайын кесілетін 3,4 млрд куб метр ағаштың жартысына жуығы отынға жағылады. Орманда ағаш кесу олардың түрін азайтады, топырақтың бүлінуіне, су қорының азаюына және орманда тіршілік ететін жан-жануарлардың жоғалып кетуіне әкеп соғады.

Бақылау сұрақтары:

1.Орман мониторингі қалай жүргізіледі?

2. Орманның экологиялық функцияларын сипаттаңдар

3. Орман ресурстарын қорғау шаралары қандай?


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 206; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты