Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Дәріс. Өндірістік мониторинг. Энергияның балама көздеріне сипаттама, оның түрлері.




Дәрістің мақсаты –энергияның балама көздеріне сипаттама беріп, олардың экологиялық және экономикалық басымдылықтарын сипаттау.

Негізгі сұрақтар:

1.Энергияның балама түрлері, оларға сипаттама

2. Өндірістік мониторинг жүргізу жолдары

Энергетика өнеркәсіптің барлық салаларының - транспорттың, коммуналды және ауыл шаруашылығының еңбек өнімділігін арттыратын, халықтың әл-ауқатын көтеріп, дамуына ықпал ететін негізгі қозғаушы күш. Энергетиканың қоршаған ортаны отынның органикалық түрлерінің өнімдерімен, ондағы зиянды қоспалардың болуымен, жылу қалдықтарымен ластауда да үлесі көп. Бүкіл пайдаланатын энергетикалық ресурстардың 25% электр энергиясының үлесіне тиеді. Қалған білігі (75%) өндірістік, тұрмыстық жылуға, транспорт, металлургия, химиялық процестер үлесіне тиеді. Жыл сайын дүние жүзінде 25 млрд тоннадан аса пайдаланылады. Энергетиканың қоршаған ортаға әсері ондағы отынның түріне байланысты.

Қазіргі кездегі ең негізгі энергетикалық ресурстар – көмір, мұнай, газ болып отыр. Көмірдің қоры мұнайдан 20-30 есе көп болса, табиғи газдан 30-50 есе жоғары. Мамандардың есептеулері бойынша, жыл сайын 7 млрд тонна отын ресурсы өндіріліп, әрбір 20 жылда оның өндіру қарқыны екі есеге артып отыратын болса, 2050 жылға қарай барлық отын ресурстарының қоры сарқылуы мүмкін. Соның ішінде мұнай мен газ, себебі, қазірдің өзінде кейбір елдерде мұнай ресурстарының тапшылығы айқын байқалуда.

Эколо­гиялық тұр­ғыдан алып қарағанда энергияның балама көздерін пайда­лану осы мәселенің оң­тайлы шешімі болып табылады. Сондықтан да бүгінгі күннің талабы - энергияның жаңа балама көздері мен оларды өндірудің жаңа әдістерін іздестіру қажет.

Қалпына келетін (балама) энергия көздері. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі №384 «Электр энергетикасын дамытудың 2030 жылға дейін бағдарламасына» сәйкес республика энергобалансына балама энергия көздерін тарту қарастырылған. «2024 жылға дейін тұрақты даму мақсатында Қазақстан Республикасының энергиясы мен балама қорларды тиімді пайдалану» Мемлекеттік Бағдарламасы Тұжырымдамасы бекітілді. БҰҰ ДБ/ҒЭҚ «Қазақстан: жел энергетикасы нарығын дамыту бастамасы» атты жобасы іске асырылуда. Қазақстанда қалпына келетін (балама) энергия көздерін пайдалану көлемі жағынан біраз артта қалып отыр. Қазіргі уақытта шағын ГЭС, БЭК (30 кВт/сағ агрегатты), күн коллекторлары 370 млн. кВт/сағ., шағын ГЭС – 360 млн. кВт/сағ. дейін өндіріледі.

Ел басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын іске асыру туралы ұлттық жоспарына сәйкес, ҚР Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі 2009 жылғы бекіткен «Энергияның балама көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасында өнеркәсіпті ұйымдастыру, энергияның балама көздерін пайдаланып өндірілген электр энергияны беру және іске асыру кезіндегі қоғамдық қатынастарды және қоршаған ортаның ластану деңгейін реттеуге бағытталған іс-шаралар толығымен қамтылған. Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес «2024 жылға дейін Қазақстанның энергиясы мен жаңартылған қорларды тиімді пайдалану Стратегиясы» негізінде энергияны үнемдеу және қоршаған ортаның сапасын жақсарту факторы ретінде энергияның балама қөздерін кең ауқымда және тиімді пайдалануға жағдай жасау жұмыстары жүргізіліп келеді.

Гидроэнергия. Қазақстанның су әлеуеті едәуір. Алайда Қазақстан аумағында су және су энергетика қорлары біркелкі таралмаған. Бұл қорлардың көп бөлігі Қазақстанның шығыс, оңтүстік-шығыс және оңтүстік аймақтарында орналасқан.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 215; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты