Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Азақстандағы кіші ГЭС-ның орталықтар бойынша орналасу көрсеткіші




Аймақтар ГЭС саны Қуаты, МВт Электр энергиясын өндіру, млн.кВт/сағ.
Шығыс Қазақстан облысы
Алматы облысы
Оңтүстік Қазақстан
Жамбыл облысы

 

Қазақстанда бұрын шамамен 90 мыңнан астам шағын ГЭС салынғанымен, жергілікті жерде тексеру кезінде орташа 357 млн.кВт/сағ. өндіретін жиынтық қуаты 78 МВт 21 шағын ГЭС жұмыс істеп тұрғаны анықталды (қалғандары істен шыққан). Статистикалық мәліметтер бойынша көрсететін болсақ, 1966 жылы гидроресурстары энергияның 6%-ын, 1980 жылы 5%-ын берсе, 2000 жылы 2-2,5%-ын ғана берген. Гидростанциялар құрылысы табиғи ортаға зиянды әсерін тигізеді, маңындағы экожүйенің рельефі мен климатын өзгертеді. Осыған байланысты энергияның жаңа көздері мен оны өндірудің жаңа әдістері қарастырылуда.

Болашақта 2020 жылға дейін Қазақстан облыстарында жаңа шағын ГЭС салу және істен шыққандарын қайта қалпына келтіру арқылы шағын ГЭС электр энергия балансына тарту жоспарланып отыр. Бүгінгі күні мынадай жобалар:

ü Шарын өзенінде Мойнақ ГЭС құрылысы, қуаты шамамен 300 МВт;

ü Іле өзенінде қуаты 50 МВт Кербұлақ ГЭС құрылысы;

ü Тау өзендерінде жалпы қуаты 100-120 МВт шағын ГЭС құрылысы

іске асырылуда. Қазақстанның ша­ғын тау өзен­дерінің энергетикалық потенциялы жылына 38,7 млрд кВт сағ., оның 16,9 млрд кВт сағ. жүзеге асырудың технологиялық мүм­кіндігі бар.

Жел энергетикасы. Жел – энергия көздерінің өте ертеден қолданылып

келе жатқан түрлерінің бірі. Ол әр түрлі жерлердегі температуралар айырмасының нәтижесінде түзілетін ауа массасының қозғалысы. Желдің күші биікке қарай арта түседі. Жел станциялары жақсы жұмыс істеу үшін желдің жылдамдығы 10-14 м/с болуы қажет. Соңғы уақытта әлем назары технологиясы қарапайым, салыстырмалы жағдайда қымбат емес жел энергиясына түсіп отыр. АҚШ жел энергиясын пайда­ланудан бірінші орын алады, 1700 МВт қуаттың 1500 МВт. Қазақ­станда желдің энергетикалық қуа­ты 3 млрд кВт сағ. бағаланады. Ол қазіргі тұ­тынылатын электр энергиясынан бірнеше есе артық. Қалдықтарды биогаз технологиясымен өңдеу 18 млрд м3 алуға мүм­кіндік береді, ол 14–15 млн т шартты отынға барабар. Қалпына келетін, дәстүрлі емес энергия көздерін пайда­лану 2010 жылы 3395 мың т шартты отын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Алматы облысының «Жоңғар қақпасы» және «Шелек дәлізі» аймақтарында жел әлеуеті айырықша байқалады. Аталған аймақтарда желдің жылдамдығы жылына шамамен 7-ден 9 м/с және 5-тен 9 м/с құрайды. Жел энергиясы пайдаланылатын әлемдегі қолданыстағы жел алаңдарымен салыстырғанда аталған аймақтың жел энергиясын пайдалану мүмкіндігі өте жақсы.

Оңтүстік Қазақстан облысында NEPC Group Үнді компаниясымен бірігіп әрқайсысы 250 кВ екі жел энергетика қондырғысының құрылыс жобасы іске асырылуда. Болашақта 2024 жылы қуаты 2000 МВт және 1000 МВт шағын жел электр станцияларын салу жоспарланып отыр. Осыған байланысты 2024 жылы электр энергия өндіру мөлшерінің энергияның балама түрлерінің үлесі шамамен 5%-ды құрайды.

Күн энергиясы. Күн – Жер бетіндегі тіршіліктің негізі. Ол жарық, жылу беріп, табиғи ресурстардың түзілуіне жағдай жасайды. Әрбір секунд сайын Күн Жер бетіне 16,8х1013 кДж энергия береді. Жердің сіңіретін энергиясының мөлшері, бүкіл адамзат қоғамының бір жылда пайдаланатын энергиясынан 35000 есе көп.

Күн (гелио) энергетикасы планетамыздың күн сәулелі аймақ­тарында электр энергиясын және коммуналдық жылу өн­діруге пайда­ланылады. Әлемде отыздан астам күн электростан­циялары жұмыс істейді. Қазақстанда күн энергиясын пайдалану зор мүмкіндіктерге ие, шамамен 1 трлн кВт-сағ. Гелиоэлектро­стан­циялардың мүмкін жиынтық қуатымен 2,5 млрд кВт сағ. электр энергиясын өндіруге болады. Қазақстан территориясында күн радиациясының деңгейі жылына 1300-1800 кВт сағ./м2 құрайды. Күннің түсу ұзақтығы жылына – 2200-3000 сағат, кейбір аймақтарда – 3600 сағатқа дейін барады. Күн қондырғылары жылумен қамтамасыз ету үшін орнатылады. Қазақстандық мамандардың есептеуі бойынша, жылумен қамтамасыз ету үшін суды жылытуға жылына 13 млн. Гкал күн энергиясы пайдаланылады, бұл шамамен 1,4 млн. т шартты отын үнемдейді.

Қазақстан экономикасында энергияның балама түрлерін пайдалану мынадай міндеттерді шешеді:

o экологиялық ахуалды жақсартады;

o орталықтандырылған электрмен қамтамасыз етілмеген, әсіресе

ауылдық жерлер мен алыс аудандардағы халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруы;

o органикалық отынды алмастырады немесе үнемдейді.

Қазақстанның энергетика кешеніне озық технологиялық жетістіктерді қолдану және энергетикалық саясатты дұрыс іске асыру арқылы зиянды газдардың (СО2) шығарылымы 2016 жылы 15-30 млн. тонна, 2024 жылға қарай 40-50 млн. тоннаға азаюы мүмкін.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Энергетикалық ресурс көздері дегеніміз не?

2. Қалпына келетін (балама) энергия көздеріне нелер жатады?

3. Парниктік әсер деген не, оның пайда болу себептері

4. Геотермаль энергия ресурстарына не мысал болады?

5. Күн энергиясы, жел энергиясына сипаттама беру

6. Қазақстанда гидроэнергияның әлеуеті қандай?

7. Энергияның балама түрлерін қолданудыңрөлі қандай?

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 153; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты